Source / pinned edition

Қазақ тілінің анықтағышы: емле, тыныс белгілері, сөз сазы

Source of package kz.grammar.tynys_belgileri · Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.

work
urn:kz:grammar:clir:tynys-belgileri#ANYQTAGYSH_SYZDYQ
number
Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.
kind
urn:kz:grammar:clir:tynys-belgileri#treatise

ІІІ Тарау «ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ»: § 1 — § 87 (scope пакета — 36 бірлік)

edition
urn:kz:grammar:clir:tynys-belgileri#ANYQ_TYNYS
language
kk
officiality
unofficial
materialisation
PINNED_UNOFFICIAL_COPY
life cycle
adopted: 2000-01-01

Publications

URITypedocumentHashRetrieved
https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdftext/plain; charset=utf-8sha256:e2362c9ed7d0494ff6128d524a3915de5fd1e7dd133a1d06eecbfc8755957f3a2026-08-30T12:00:00Z

Fragments — 36

article/10 · paragraph · referenced by: 2

kk-KZ · official · sha256:ef0912dd2cfb79e593d56739d254796b746563a1ca5df2b7e025d6ad8f7dffacKK-KZ

§ 10. Санамалы нөмірді (ол нөмірдің алдынан кей жағдайларда § белгісі тұруы да мүмкін) белгілейтін айшықсыз (жарты жақшасыз) қолданылған цифр не әріптен кейін нүкте қойылады. Ш.Уәлиханов өзінің “Қарқаралы округы болысының қыстаулары” атты мақаласында кісі аттарынан қойылған микротопонимдерінің әрбір руға тәндігін айтқан. 1. Надан Тобықтының қыстаулары: Қошқар, Қазанқап сайы, Көрпетай т.б. 2. Төлеңгіттер қыстауы: Төлебике сайы... 3. Тарақты руының қыстаулары: Матайадыр, Жотан, Текебай... (Т.Жанұзақов). Цифрдан немесе оның орнына алынған әріптен кейін жарты жақша (айшық) қойылса, одан кейін нүкте қойылмайды: Теңеу сөзге белгілі бір жұрнақтар қосылу немесе кейбір сөздердің тіркесуі арқылы жасалынады. а) сөзге -дай, -дей... жұрнақтары жалғануы арқылы... ә) сөзге -ша, -ше жұрнағы жалғануы арқылы... б) секілді, сықылды, тәрізді... сөздерінің тіркесуі арқылы...(Қазақ тілі оқулығы.)

Referencing norms: AishyqsyzNomirdenKeyinNukte, ZhartyZhaqshadanKeyinNukteZhoq

article/11 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:23c9cd308eaa030c57a136e005c406611fbb5dd66807497a88e0ed0b55d5ff1fKK-KZ

§ 11. Кітаптағы тақырыптардың атынан кейін нүкте қойылуы да мүмкін. 2. СҰРАУ БЕЛГІСІ

Referencing norms: TaqyryptanKeyinNukteMumkin

article/14 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:b80c6cbad96318c5f6ba525d3bc5120b3ea9a533b3731ca57ba71cdc57abdd1cKK-KZ

§ 14. Автор мәселенің талас я күдікті екендігін көрсетіп, оқушының назарын аударғысы келгенде, немесе бір пікірге келісе алмайтындығын білдіргенде, дәйексөздің ішінде белгілі бір сөзден не сөйлемнен кейін жақша ішіне алып не сұрау белгісін, не леп белгісін, не екеуін қатар қояды, кейде бір белгінің өзін екі-үш қайталап қояды. бұл, көбінесе, сынбиблиографиялық шығармаларда кездеседі: Осы сөйлемді аудармашы былай аударады: “Гүлді орамал жауып, төрт таған столға қойылған суретке (?) телмеңдей қараған бадана көзінде еміне тіленген жалыныш, үміт болғандықтан, Левин соған қарауға да шошиын деді”. Мұнда аудармашы сөзге сөз тауып, сан жағын ғана сақтаған: ломберный стол - төрт таған стол (?), солфетка - орамал, образ сурет (?), выражение - болғандықтан, устремленных - телмеңдей, в больших - бадана, страстная - еміне. Ә.Нұрпейісов “Анна Каренинаның” аудармасы). IІоэмадағы кейбір олақ құрылған сөз тізбектері мен әсерсіз шумақтарды да айтпай кетуге болмайды: Еңбек - кеме, матрос - мен кемеде, Оны сүймек сыбаға пешенеме (?!) (Қ.Шаңғытбаев, “Ақын және өмір шындығы” ) 3. ЛЕП БЕЛГІСІ

Referencing norms: AvtordyngKudikBelgisi

article/19 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:1f93d95d2c57db5ecaae864224f80c34efefff8a154e7ecbdefe3a7d4f073c20KK-KZ

§ 19. Ерекше мән бере көтеріңкі айтылған атаулы сөйлем сияқты сөздерден кейін де леп белгісі қойылуы мүмкін: “Иегі ителгінің тамағындай” деп қызықтырған, асықтырған қалыңдық! Ділда!Мұның жары!(М.Әуезов.)

Referencing norms: KoteringkiAtaaulyLepBelgisi

article/21 · paragraph · referenced by: 2

kk-KZ · official · sha256:d6b08ef5ce8f403f592ffb0be96f7d3ac737422167891beea080c6464faf4eeaKK-KZ

§ 21. Сөйлеуші белгілі бір себептермен (қатты асып-сасу, ентігу, тұтығу, әлсіреу т.б.) сөздерін, ойын бөліп-бөліп айтқанда, бір сөздің ішіндегі әріптердің арасына немесе сөйлем ішіндегі сөздердің арасына, ал ойы бітпей қалғанда, сөйлемнің соңына көп нүкте қойылады: Құдайберді есікке көзімен нұсқап: - Адам бола ма?!. Болар ма!..Інілерің міне... Кім боларын... Не көрерін қайдан... білейін, - деді. (М.Әуезов.) Ж-ж-жоқ... мен... өзім барам... - А... с...с...қар, - деді Ботакөз талықсыған дауыспен.(С.Мұқанов).

Referencing norms: OiyBitpegendeSongynaKopNukte, SozIshineKopNukte

article/23 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:28df0ca5aaf7fb15dddae1f82ef4d069ef1072386ba7e85d8a7a7a762df72432KK-KZ

§ 23. Жазушы айтып келе жатқан оқиғаның жалғасын созбай, әрі қарай тоқтатады да, көп нүкте қояды. Абайдың ілгері созып келе жаткан оң қолы жібек шымылдыққа тиген кезде, алдынан қарсы қозғалып келе жатқан Тоғжанның ыстық саусақтары мұның бетіне тиіп еді. Дірілдеген демдері қосылып, ыстық еріндері енді айрылмастай табысқанды...(М.Әуезов).

Referencing norms: ZhazushyToqtatqandaKopNukte

article/24 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:20f61ef1077d642dc750e91b3f94dcae76a627cb8619eaaa57c0031dae273b16KK-KZ

§ 24. Айтылып келе жатқан ойға кенет, тосын, күтпеген немесе өте алшақ жатқан нәрсе (оқиға, зат, қимыл т. т.) қосылып кетсе, оның алдынан көп нүкте қойылады: XIX ғасырда қазақтың жалпы халықтық тілін негіз еткен үлгілерге Абай, Ыбырайдан бастап, қазак әдебиеті уәкілдерінің мұралары, ауыз әдебиеті нұскалары, шығыс классик әдебиетінің қазақша жырланған үлгілері, баспасөз, оқулықтар, сөздіктер, медицина, ветеринария тақырыптарына жазылған көпшілік кітапшалар және... христиан дінін уағыздайтын миссионерлік әдебиет жатады (Р.Сыздыкова). Мұнда және сөзінен кейін тұрған христиан дінін уағыздайтын әдебиет алдыңғы санамаланып айтылып келе жатқан әдебиеттерден мүлде алшақ әрі күтпеген әдебиет түрі, өйткені дінді уағыздайтын тіл (мысалы, ислам дінін) қазақтың жалпы халықтық тілін негіз етпейді, сондықтан христиан дінін уағыздайтын әдебиет те тілдік өзге бір нормаларға сүйенген болу керек деп отырғанда, бұл әдебиеттің де жоғарыда аталып келе жатқан топқа қосылғаны тосын, кенет нәрсе болып табылады. 5. ҮТІР

Referencing norms: KenetQosylganAldynanKopNukte

article/3 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:c7205a838363926068d83c8ab52902b870dbf5a2ff487e30324400917a9671d1KK-KZ

§ 3. Қыстырма сөйлемді алу үшін ашылған жақшаның алдындағы сөйлем аяқталып, оған тиісті тыныс белгілерінің бірі қойылған болса, қыстырма сөйлемнен кейін жақшаның ішінен нүкте қойылады. Мысалы: Ендеше, егер рұқсат етсе, сонда түсейік. Бүгін ас ішетін жеріміз де жоқ. Жататын куысы болса болады. (Итбайдың бұлай деуіне себеп - қызын көрейін дегендік еді.) (С.Мұқанов).

Referencing norms: QystyrmaSoilemdenKeyinNukte

article/4 · paragraph · referenced by: 3

kk-KZ · official · sha256:abd40cf60b7319ad40ab6526e7806e848487429a21bc38301b15a42a861d0d4cKK-KZ

§ 4. Драмалық шығармаларда әр сөйлеуші кейіпкердің атынан кейін нүкте қойылады. Мысалы: П е т р . Бұл неменеі А м а н г е л д і . Біле алмадым... Сақал мен мұртқа бір кезек келген сияқты (Ғ.Мүсірепов). Кейіпкердің атынан кейін ремарка (автордың түсіндірме сөздері) келсе, ол кіші әріппен жақша ішіне алынады да, нүкте жабылған жақшадан кейін қойылады: Амангелді (атып тұрып). Кешігіп қалыпсыз, мырза! (Ғ.Мүсірепов). С ә у л е (аз уақыт үнсіз). Перизат, сен байқайсың ба? (Ә.Әбішев). Пьесадағы кейіпкердің сөзінің ішінде келген ремаркаға байланысты тыныс белгісі былайша қойылады: а) Ремарка екі сөйлемнің арасында тұрып, өзінен кейін айтылған сөйлемге (не сөйлемдерге) байланысты болса, кейіпкер сөзінің ремаркаға дейінгі сөйлемінен кейін (яғни ашылатын жақшаның алдынан) сол сөйлемге тиісті тыныс белгісі қойылады. Ремарка жақшаға алынады да, бас әріптен басталып жазылады, жабылған жақшаның ішінен нүкте қойылады, жақшаның сыртынан ешқандай тыныс белгісі қойылмайды, кейіпкер сөзінің екінші бөлігі бас әріптен басталып жазылады: П е т р . Ендеше, жөніңді біл, шығарма үніңді. (Амангелдіге.) Сен бара түр, мерген, бір айналып соғарсың.(Ғ.Мүсірепов). Т е м і р. Еһ, тентек қарындасым! (Қол алысып.) Ризамын, жаным, бэрін де естідім.(Ә.Әбішев). ә) Ремарка кейіпкер сөзінің ішіндегі бір сөйлемнің арасында болса және мағына жағынан соған тікелей қатысты болса, жақшаға алынып, кіші әріптен басталып жазылады, жақшаның алды-артына және ішіне ешқандай тыныс белгісі қойылмайды. Кейіпкер сөзінің ремаркадан кейінгі жалғасы кіші әріптен басталып жазылады: А м а н г е л д і . Жок, қарағым, ескі еншіден қүтылғалы келдік де. Бірак(әйелге жақындап) жаңа еншіні тізе бүгіп, жалынып сүрап аламыз ба? (Ғ.Мүсірепов).

Referencing norms: AtynanKeyingiRemarkaZhaqshada, AtynanKeyingiRemarkadanSongNukte, KeiipkerAtynanKeyinNukte

article/48 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:2108d2f83221ca730620db6ea27865c4c01a95a73ba86693449501e8fdccf313KK-KZ

§ 48. Бірыңғай сұраулы мүшелерді немесе сұраулы сөйлемдерді жинақтап тұратын әйтеуір деген сөз түсіп қалған жерге сызықша қойылады: Ісінгендіктен бе, таяқтан әлсірегендіктен бе - денесі зілдей ауыр екен. (С.Мұқанов).

Referencing norms: AiteuirTusipQalgandaSyzyqsha

article/5 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:b88d89642e2ff8b467660c19c757f690cabbe36dc75607c7a8147b3215e423b7KK-KZ

§ 5. Кейіпкердің айтқан сөзіне тікелей қатысы жоқ, автордың түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін, көбінесе, жақша ішіне нүкте қойылады: М ы р қ а л. Інісі бар болсын! Менде Абзалдан баска іні бар ма? (Телефон шырылдайды.) (Ә.Әбішев). Қ о з ы. Кіре бер шатырға. Күткенін естіртуім. керек. (Баян шатырға кіреді. Қозы Қодарға келеді.) Амандык ағадан емес пе еді, Қодар мырза!(Ғ.М үсірепов). Е с к е р т у. Мұндайда нүкте жақшаның сыртына қойылуы да мүмкін.

Referencing norms: QatysyZhoqRemarkadanKeyinNukte

article/51 · paragraph · referenced by: 2

kk-KZ · official · sha256:1c2bd4009495f6219d23899a495e6c571b4a10d020b1b028706352d31cdea43eKK-KZ

§ 51. Мекен, уақыт, сан шендестігін білдіретін сөздердің арасына сызықща қойылады (ол -дан жалғауы мен шейін шылауының мағынасын білдіреді): Мойынты - Шу темір жолы. Институтта күніне 6-8 сағат лекция болады. Машина сағатына 30-45 километрден жүріп отырып, жолдың жартысына келіп қалды. Бұларды белгісіздік-жалпылық және болжалдық мағынасындағы қос сөз сан есімдермен шатастырмау керек. Олар дефис арқылы жазылады: 1) Кермеге төрт-бес ат қатар байланыпты (мұндағы төрт-бес болжалды сан есім). Екі-үш күннен бері жаңбыр жауып тұр (мұнда да екі-үш- болжалды сан есім). 8. ТЫРНАҚША

Referencing norms: BolzhaldyqQosSanEsimDefis, ShendestikArasynaSyzyqsha

article/55 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:bd39f9c08e984b09059ea10c0d9ffeefdd8801c473e01f36671da34409235e58KK-KZ

§ 55. Объект етіп алынған жеке сөйлемдер, сөздер не сөз тізбектері, сондай-ақ әріптер, буындар тырнақшаға алынады: Енді “шұбар” деген сөзге “жаман” қосылып, “Жаман шұбар” аталу тарихынан (С.Мұқанов) “Жаз шықты” деген сөйлемнің бастауышы “жаз”. Дауысты “а” дыбысы - жуан дыбыс. “Ат” - көп мағыналы сөз. “Тарақ” деген сөздегі “та” буыны - ашық буын. Е с к е р т у. Арнаулы кітаптарда, оқулықтарда (грамматикаларда), әдістемелік құралдарда т.б. Бұлар тырнақшаға алынбай, басқа әріп түріндегі шрифтімен (курсив, қара шрифт т.б.) терілуі мүмкін.

Referencing norms: ObiektEtipAlynganTyrnaqshaga

article/59 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:c66c62fe39c9a6ad3897a7e7cc1b43e1d999b7043894cc924c5c6222d3b02bcfKK-KZ

§ 59. Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшамен жазылады: Ырғызбайдың осындай көпшілігі бас қосқан кеңесінде Зере сөйледі. -...Бірі дарақы мақтаншақ, бірі ұрда-жық, даңғой атанғанда, осындай көп жиын үстінде масайып, оспадарлық қылам деп, сондай атақ алатын!деді. Соңғы айтқан “мылжың”, “мақтаншақ”, “даңғой” дегендері осы арада шынымен төрт көзі түгел отыр еді (М.Әуезов).

Referencing norms: BirewdinZhekeSoziTyrnaqshamen

article/6 · paragraph · referenced by: 3

kk-KZ · official · sha256:d0e1ec831ac024d3d0d853855b6ced615db51865ab4290ad91530e59e321a990KK-KZ

§ 6. Дәйексөздің, келтірілген мысалдың қайдан екенін, иесін көрсететін сөздер жақшаға алынады. Егер ашылған жақшаның алдында ешқандай тыныс белгісі болмаса, жақша жабылған жерге нүкте қойылады: Қансонарда бүркітші шығады аңға (Абай). Егер ашылған жақшаның алдында нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі не көп нүкте тұрса, нүкте жақшаның ішіне қойылуы мүмкін: Егер жау берілмесе, оны құртар болар! (М.Горький.) Бұлақты таудан арна ақса, Теңіз болар аяғы.(Жамбыл). ___________________ “Анықтағыштағы” пунктуация ережелері синтаксистік құрылысқа қарай (мысалы, сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілері, оңашаланған айқындауыштың тыныс белгілері т.б.) баяндалды. Мына “Қосымшада” әрбір тыныс белгісінің жалпы қай орындарда қолданылатындығы туралы ережелер жинақтап берілді. Жазып отырған адам белгілі бір тыныс белгісінің өзі күдіктенген жеріне қойылатын-қойылмайтындығын осы “Қосымшаға” қарап тауып ала алады. Ал оны дәлірек білгісі келсе, “Пунктуация ережелері” деген тараудан қай бапты (параграфты) қарау керек екендігі көрсетілді. Сонымен қатар “Қосымшада” пунктуация тарауында айтылмаған кейбір ережелер берілді. Мысалы, драмалық шығармалардағы тыныс белгілері, тырнақшаның қолданылуы т.б.

Referencing norms: DeiieksozIesiZhaqshaga, ZhaqshaAldyndaBelgiBarBolsaNukteIshten, ZhaqshaAldyndaBelgiZhoqBolsaNukteSyrttan

article/60 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:febb900e70396b7c9b782fb257a910a6db6d23ad2a15b19ad2d23c394aa899d5KK-KZ

§ 60. Кекету, ажуалау және кері мағынада қолдану үшін айтылған сөз (не сөздер) тырнақшаға алынады. Ақ көңіл Ақаң “баланың” сырғытпасын сезген жоқ (Ғ. Мұстафин.) Қоян “батыр” қорыққаннан зыта жөнелді (Ертегіден). Распутиннің “тәрбиесіне” түскеннен кейін, бақыттың “кілті” кімнің қолында екенін Алексей көрді (С.Мұқанов).

Referencing norms: KeketuKeriMaginaTyrnaqshaga

article/61 · paragraph · referenced by: 2

kk-KZ · official · sha256:6624eec1f3b4f78b297ba65c4c4ac38c9cceb4521e6d8984e7fb414062c145e1KK-KZ

§ 61. Зауыт, фабрика, комбинат, трест, шаруашылық, ұйым, машина маркасы, ұшақ т.б. қойылған аттар тырнақшаға алынады. Ал олардың жалпы ресми атаулары тырнақшаға алынбайды: “Азовсталь” зауыты, ал Алматыдағы ауыр машина жасайтын чиуыт; “Актюбрентген” зауыты, “Красный Октябрь” фабрикасы, ал Алматыдағы кондитер фабрикасы; “Карагандауголь” тресі, “Растовуголь” комбинаты, “Донбасс” көмір комбайны, “Уралец” экскаваторы,“Ертіс” пароходы, “У-2” ұшағы, “Волга” машинасы, “Қазақ тілі” қоғамы.

Referencing norms: ZauytqaQoiylganAtTyrnaqshaga, ZhalpyResmiAtaauTyrnaqshasyz

article/62 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:64a75f684d594d29eb0e5f10d035f27e4c3d2a97b029e4963a54b31595f186daKK-KZ

§ 62. Газет, журнал, кітап, шығарма, қаулы, кино, т.б. аттары тырнақшаға алынады: “Ана тілі” газеті, “Парасат” журналы, “Жалын” альманахы, “Абай” романы, “Шаттық” симфониясы, Абайдың “Жарқ етпес қара көңлім не қылса да” деген өлеңі, “Дала қызы” суреті, “Топайкөк” әні, “Көзімнің қарасы” (ән және өлең), “Қозы Көрпеш - Баян сұлу” пьесасы, “Аққу көлі” балеті.

Referencing norms: GazetKitapAtyTyrnaqshaga

article/63 · paragraph · referenced by: 2

kk-KZ · official · sha256:cf647ba63c04cb2ee6e508fd43492e3f6df182b5d1d39e226acd61b321aea275KK-KZ

§ 63. Кейбір ойын, әдет-салт аттары тырнақшаға алынады: “Қол ұстату”, “шаш сипату” деген атақты ырымдар осы. Үлкендер зор меженің бірі деп білетін өмір белі “ұрын бару” болса, Абай содан асты. (М.Әуезов). Ұзақты сары күнін балапан қуу, асық ойнаумен өткізген балалардың түнгі ермегі - “ақсүйек”, “соқыртеке”, “бурақотан” сияқты ойындар (С.Мұқанов). Е с к е р т у л е р . 1. Атындағы деген сөзбен келген атақ тырнақшаға алынбайды: Әл-Фараби атындағы университет, Ғ.Мүсірепов атындағы мектеп, Абай атындағы бірлестік (ал “Абай” бірлестігі.) 2. Мекеме, ұйым т.б. ресми атаулары (толық немесе қысқартылған) тырнақшаға алынбайды: Тұтынушылар одағының қызметкері. Мемлекеттік банкінің бөлімшесі. 3. Телеграф агенттіктерінің аттары тырнақшаға алынбайды: Ассошиэтед Пресс агенттігі, МЕН агенттігі. 4. Кітаптың аттары библиографиялық тізімдерде, сілтемелерде, пікірлерде автордың атыжөнінен кейін жазылғанда тырнақшаға алынбайды: Ғ.Мұстафин. Өмір белестері. Алматы. 1984. 9. ЖАҚША

Referencing norms: AtyndagyDegenAtaqTyrnaqshasyz, OiynAdetSaltAtyTyrnaqshaga

article/65 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:658fd2919f6a0c21d18683bbffdec02a371f6c3a67d763d7b6d8df3579ca171aKK-KZ

§ 65. Белгілі бір сөздерді түсіндіру үшін оның аудармасы, синонимі т.б. беріледі де, жақшаға алынып жазылады: 1900 жылдың желтоқсанында шетелге “Искра ” (“Ұшқын”) газетінің бірінші нөмірі шықты. Газеттің атынан соң “Ұшқыннан жалын лаулайды” деген нақыл сөз (эпиграф) жазылды.

Referencing norms: AudarmaSinonimZhaqshaga

article/66 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:7416cc30402c403c56b68df225ef047d42f74e9c49c42d4cab442dd552b2345cKK-KZ

§ 66. Алынған сөйлем, дәйексөздің және мысал қайдан, кімдікі екенін корсету үшін, оның соңынан жазылған кітаптың аты, авторы т.б. жақшаға алынады: “Абайға сүтпен кіріп, сүйегіне сіңген әдебиет үлгісінің бірі - халық әдебиеті деп едік... Бірақ ол мұның да қызығын ерте тояттап, ескірген ел даналығын көп ұзамай-ақ өзіне мұра санаудан қалған сияқты” (Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы. “Ғылым” баспасы, 1966, 296бет).

Referencing norms: DeiieksozQaidanEkeniZhaqshaga

article/67 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:696276f6c1cd9da3da1bbcc5deaa9cfa10a5f696e6f96e424b1f8695189a2096KK-KZ

§ 67. Драмалық шығармалардағы ремаркалар (автордың түсіндірмелері) жақшаға алынады: А м а н г е л д і . Миша! (Жайнаққа.) Әкет мыналарыңды! (Жайнақ Жапарларды айдап кетеді.) Миша, аман қайттың ба? (Амандасады.) (Ғ.Мүсірепов.)

Referencing norms: DramaRemarkasyZhaqshaga

article/68 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:ac0da4acdf6a37bed2de081791741c34d2a524d648c3b9d5c853c0ee07602c1dKK-KZ

§ 68. Мәселенің талас я күдікті екендігін көрсетіп, оқушының назарын аудару үшін, біреуден келтірілген дәйексөздің ішіндегі жеке сөздерге не сөйлемге қойылатын леп, сұрау белгілері жақшаға алынады (қосымшаның § 14-ін қараңыз).

Referencing norms: KudikBelgisiZhaqshaga

article/69 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:75a77f8d2876a0eaa766557e6dc2ed4218bbb4acfe490a512533409abe45459dKK-KZ

§ 69. Келтірілген мысал не дәйексөздің ішіндегі белгілі бір сөздерді не сөйлемдерді санамалап көрсету үшін, жол-жөнекей қойылатын цифрлар (не әріптер) екі жағынан жақшаға алынады: (1) Жасыл желегін бүркенген қарағайдың арасымен жүріп отырып, (2) Асқар көлдің қабағына шықса, (3) мұз бетінде бірсыпыра кісі сырғанақ теуіп жүр екен. Мұнда үш сөйлем бар... (“Қазақ тілі грамматикасы ”). 10. ҚОС НҮКТЕ

Referencing norms: ZholZhonekeyCifrEkiZhaqshaga

article/7 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:dde87aa1ac5bb22ba1a8e7d91b0c06c3aaebda99327ef97e0807985eae37b887KK-KZ

§ 7. Бас әріптерінен немесе басқы буынынан шартты түрде қысқартылып алынған адам, кітап, газет, журнал, шығарма т.б. аттарының сол қысқартылған әрпінен не буынынан сон нүкте қойылады: Н.ВN 9965-06-023-1.Гоголь, Конс.Симонов, С.Мұқанов, А.Құнанбаев, Шығ., I том.

Referencing norms: ShartyQysqartudanKeyinNukte

article/76 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:c692dae0905e2a9c9fea9fc7a8a5249ab5d566f9788a9db42dce16829dc5a4d5KK-KZ

§ 76. Сызықша нүктемен, үтірмен, сұрау және леп белгілерімен, көп нүктемен қабаттаса келгенде, сол тыныс белгілерінен кейін қойылады: - Ендісен не істемекшісің? - деді ана баласының сөзін бөліп. (М.Горький). - Мен...- деп, Асқар азғана кідіріп бірдемені қиял еткендей бөгеліп тұрды да, - көлді жағалап қайтамын, - деді (С.Мұқанов). - Рас! - деп, Тоғжан қызара түсіп көзін төмендетті. - Сізді мен бір көрдім (М.Әуезов).

Referencing norms: SyzyqshaSolBelgidenKeyin

article/78 · paragraph · referenced by: 3

kk-KZ · official · sha256:12988200f60d6d56b7f4dd344b80483d723bc6ee2a2929f04045e253c2a7d182KK-KZ

§ 78. Тырнақша мен нүкте, үтір, сұрау, леп белгілері және көп нүкте қабаттаса келгенде, олар былайша орналасады: а) егер леп, сұрау белгілері және көп нүкте тырнақшаға алынған сөйлемге ғана қатысты болса, олар тырнақшадан бұрын қойылады, ал үтір мен нүкте тырнақшадан соң қойылады: “Өзім алып шығайын”, - деп ойлады Бүркітбай (С.Мұқанов). “Өзім алып шықсам қайтеді?” - деп ойлады Бүркітбай. “Ешкім де емес, өзім алып шығам!”- деді Бүркітбай. “Өзім алып шығайын”. (“Өзім алып шығайын.” деп жазған дұрыс емес.) Бұлармен қабаттаса сызықша жүрсе, ол тырнақшадан соң қойылады (жоғарыдағы мысалдарды қараңыз). ә) Тырнақшаға алынуға тиісті құрылым тұтас сөйлем емес, оның ішіндегі жеке сөздер не сөз тізбектері болса, сөйлем соңына қойылатын леп, сұрау белгілері мен көп нүкте қатар келген тырнақшаның сыртынан қойылады. - Әй, қайтып келесің бе “бала”? - деп қалжыңдай айғайлайды ол жолдасына. О, шіркін, осы ән ғой “құлақтан кіріп, бойды алар ”! б) Сөйлем тырнақша жабылған жерден бітіп тұрса, леп, сұрау белгілері мен көп нүкте тырнақшаның іш жағынан қойылғанда, тырнақшаның сыртына басқа тыныс белгісі (сызықшадан бөтен) қойылмайды: “Олай болса, - деп ойлады Асқар, - мынау көш не?” 1914 жылдан бергі нөмірлерін Асқар тез-тез жүгіртіп қарап шықты: “Екі жылда Франция қырық миллиард шығын ұстаған...” (С.Мұқанов).

Referencing norms: SoilemgeQatystyBelgiTyrnaqshadanBurun, SyzyqshaTyrnaqshadanSon, UtirMenNukteTyrnaqshadanSon

article/79 · paragraph · referenced by: 2

kk-KZ · official · sha256:6f6ca82f647b5c07bd0ea8c54dc195aaa7858a9528a07288531768ebc8a48473KK-KZ

§ 79. Нүкте, леп, сұрау белгілері және көп нүкте жақша ішінде алынған текске қатысты болса, жақшаның ішінен қойылады. Жақшаның сыртына жалпы сөйлемге тиісті тыныс белгісі қойылады: Байқауымша, әңгіме былай: Біріншіден (рас қой мұным ?), Орыс үйі көрмей тыным, Қонақ күткен, сөз қылып ұдай... (А.С.Пушкин)

Referencing norms: ZhalpySoilemgeQatystyBelgiSyrttan, ZhaqshadagyTekstkeQatystyBelgiIshten

article/8 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:781e982585e21c1c6323773727957da044746a782a6753d5c97fdcda45a431feKK-KZ

§ 8. Тағысын тағы, тағы сондайлар, тағы басқа деген сөздер қысқартылып қолданылғанда, олардан кейін нүкте қойылады: т.б., т.с., т.т. Бұлардан басқа қысқартылып нүкте қойылатын сөздер: ж.- жыл; ғ.- ғасыр; сек.- секунд; мин.- минут; сағ. - сағат.

Referencing norms: TagysynTagydanKeyinNukte

article/80 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:6b4d5309527d4369045d455269153beaeaaae0df271adc347972d939d24527eaKK-KZ

§ 80. Баяндаманың, сөйленген сөздердің ішіндегі жақшаға алынған ремаркалар сөйлем соңында келгенде, тыныс белгісі мен жақша былай қабаттасады: ремарканың алдындағы сөйлем соңына қойылатын нүкте жақшаның алдынан қойылмай, соңынан (ремаркадан кейін) бір-ақ қойылуы мүмкін: Біздер, жазушылар, көркем сөзімізбен халықты ізгілікке тәрбиелеуге дайынбыз (Қол шапалақтау). Немесе ремарканың алдынан бір нүкте, жақша ішіне я болмаса сыртына тағы нүкте қойылып жазылуы да мүмкін: Біздер, жазушылар, көркем сөзімізбен халықты ізгілікке тәрбиелеуге дайынбыз. (Қол шапалақтау.) Былай қоюға да болады: Біздер, жазушылар, көркем сөзімізбен халықты ізгілікке тәрбиелеуге дайынбыз.(Қол шапалақтау). Келтірілген дәйексөздің қайдан және кімдікі екенін көрсету үшін жақша ішіне алынып жазылған сөздердің тыныс белгілерінің орналасуы да осындай. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы (Абай). Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы. (Абай.) Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы. (Абай). Көбінесе мұның 1- және 2-түрлері жиі қолданылады.

Referencing norms: SoilemSonyndagyRemarkadanKeyinBirNukte

article/81 · paragraph · referenced by: 3

kk-KZ · official · sha256:48c60605824699c0f69440bdf1ad85bdedd5511c4d57dd5ad8fc6d1352a0464dKK-KZ

§ 81. Драмалық шығармалардағы жақшаға алынатын ремаркалардың тыныс белгілерінің орналасу тәртібі мынадай: а) ремарка кейіпкердің атынан кейін қатар келгенде, нүкте жақшаның сыртына қойылады. Кейіпкердің атынан кейін нүкте қойылмайды. Б а я н (аз ойланып). Үш түрлі шарт қойсам, орындармысың? (I .Мүсірепов). ә) Ремарка кейіпкердің сөзінің ішінде екі сөйлемнің арасында немесе кейіпкер сөздің аяғында келсе, нүкте жақшаның ішіне қойылады; жақшаның алдынан сөйлемге тиісті тыныс белгісі қойылады: А м а н г е л д і . Миша! (Жайнаққа.) Әкет мыналарыңды! (Жайнақ Жапарларды айдап кетеді.)

Referencing norms: AttanKeyinNukteQoiylmaidy, AttanKeyingiRemarkadaNukteSyrttan, SozIshindegiRemarkadaNukteIshten

article/82 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:d7d8502c3c0fed6f92cdccbeb0fc76db529ee04bebe6f04f740b31b02b01dfa9KK-KZ

§ 82. Тырнақшаға алынған дәйексөздің немесе басқаларының өзі тырнақшаға алынған сөздерден, сөйлемнен басталса, немесе аяқталса, екі тырнақша қатар қойылмай, біреуі-ақ қойылады, яғни ол жалпы дәйексөздің ішіндегі тырнақшаға алынған сөздерге де тиісті болады.

Referencing norms: EkiTyrnaqshanyngOrnyna_Birew

article/83 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:92530c666209806668448a0acc800614a83288e324c68fd8b791b3080cb9041dKK-KZ

§ 83. Жақша ішіне алынған сөздердің тұрған жеріне қойылатын тыныс белгісі жақшадан соң қойылады. Аңдағұл атынан рудың он шақты аулы айнала қонып жайлайтын Алуа атты шалқар көл бар (оған кейін ораламыз), көлдің әр тұсынан су ағар жыралар қосылады (С.Мұқанов). Егер жақша ішіндегі қыстырма жоқ болса, мұндағы үтір шалқар көл бар деп аяқталатын жай сөйлемнен кейін қойылуы тиіс еді.

Referencing norms: TurganZherineQatystyBelgiZhaqshadanSon

article/86 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:a401db5326f1e320d4b08b589509eb9ec2a963b64b50ebd016c33a58d678e99fKK-KZ

§ 86. Бірыңғай мүшелердің не құрмаластағы жай сөйлемдердің арасында көп нүкте тұрса, үтір қойылмайды: Сатылып кеткен бурыл биенің құлындарын кісінікі деуге қимаймын... іштей өзімсінем... көргім келеді де тұрады және көре де берем! (С.Мұқанов.)

Referencing norms: BirynggaiArasyndaKopNukteUtirsiz

article/87 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:4399b4192dfb1ddde853151ae885aaa9deac8f1915e371f82e77c6edde9e2997KK-KZ

§ 87. Қаратпа, одағай сөздерден және сөйлем басында келген иә, жоқ деген сөздерден кейін көп нүкте тұрса, үтір қойылмайды: - Жаным! Асылым... барым бір әзің! (М.Әуезов). О... білем, білем! - Ақмола ма ? - Жоқ... Омбы, Қызылжардың бірі (Ғ.Мүсірепов).

Referencing norms: QaratpadanKeyinKopNukteUtirsiz

article/9 · paragraph · referenced by: 2

kk-KZ · official · sha256:e238b48bd7aff32d1a50745d16104eaa16b69644b36e76c6bada5c81fd5305bdKK-KZ

§ 9. Мынадай қысқартуларға нүкте қойылмайды: а) Бас әріптерден және буындардан қысқарған сөздердің әріптерінің немесе буындарының арасына нүкте қойылмайды: КазМУ, ауатком. ә) Ұзындық, көлем өлшемдерінің және басқаларының қысқартылып қолданылатын шартты белгілерінен кейін нүкте қойылмайды: км, м, см, га, л, v (вольт), а (ампер), С (Цельсий).

Referencing norms: AriptenQysqarganSozdeNukteZhoq, OlshemBelgisindenKeyinNukteZhoq

The hash beside the text is the sha256 of its exact bytes. It is the check that the text shown matches the one pinned in the package: a divergence fails the oracle’s static analysis.