Source / pinned edition

Қазақ тілінің анықтағышы: емле, тыныс белгілері, сөз сазы

Source of package kz.grammar.punktuacia_tol_soz · Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.

work
urn:kz:grammar:clir:punktuacia-tol-soz#ANYQTAGYSH_SYZDYQ
number
Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.
kind
urn:kz:grammar:clir:punktuacia-tol-soz#treatise

ІІ Тарау «ПУНКТУАЦИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІ»: § 1 — § 126 (scope пакета — §§ 113—126)

edition
urn:kz:grammar:clir:punktuacia-tol-soz#ANYQ_PUNKTUACIA
language
kk
officiality
unofficial
materialisation
PINNED_UNOFFICIAL_COPY
life cycle
adopted: 2000-01-01

Publications

URITypedocumentHashRetrieved
https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdftext/plain; charset=utf-8sha256:ca06082fcbda87e8feed9a6f49af145224aa1f5e399ec3961c450e5b982ca1db2026-08-30T12:00:00Z

Fragments — 14

article/113 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:e2574aac7bf34cce452e2cd34ff066c977d95e4fb81929ea3c84aafd43af9b66KK-KZ

§ 113. Төл сөз екі түрлі қолданылады: бірі - төл сөзді мәтін ішінен бөлмей, абзацсыз (жаңа жолсыз) қолдану, екіншісі - төл сөзді абзацпен бөліп тастау. Бірінші жағдайда төл сөз тырнақшаға алынады, екіншіде сызықша арқылы жазылады: Әкей оқта-текте иығын қозғап қалып, күбірлеп сөйлеп те қояды: “Генерал-поручик!.. Ол менің ротамда сержант қана еді! Содан бері көпақ өткені ме?..” (А.С.Пушкин). - Асан үйінде екен, - деді біреу жүгіріп кеп. - Қалима ше? О да үйінде (С.Мұқанов).

Referencing norms: TyrnaqshagaAlynady

article/114 · paragraph · referenced by: 10

kk-KZ · official · sha256:a89d573ac74f43b15740101f5577232a429c1113c76bbf02a675f472ec9d83d1KK-KZ

§ 114. Төл сөз бен автор сөзінің орналасу тәртібіне қарай тыныс белгілері былайша қойылады: 1. Әуелі төл сөз, одан кейін автор сөзі келгенде, төл сөз екі жағынан тырнақшаға алынады да автор сөзінен бұрын, төл сөз болып тұрған сөйлем хабарлы болса, үтір мен сызықша; лепті болса, леп белгісі мен сызықша; сұраулы болса, сұрау белгісі мен сызықша қойылады. Сондай-ақ көп нүкте мен сызықшада қойылады. Мұндайда үтір тырнақшаның сыртына қойылады, ал сұрау, леп белгілері және көп нүкте тырнақшаның ішіне қойылады: “Мұны мен бұрын бір жерден көрдім”, - деп ойлады ұста. “Мұның кім екенін қайтсем де білуім керек!” - деп өзіне серт берді ұста. “Бұл кім болды екен, әлде... ” - деп ойлай бастады ұста. Сызықшаға алынып жазылуға тиісті төл сөздердің тыныс белгілері де дәл осындай. Тек олар екі жағынан тырнақшаға алынбайды. Оның орнына төл сөздің алдына сызықша қойылады да, жаңа жолдан басталып жазылады: Кісілер тарап кеткеннен кейін, ол Павелға қарап - Павлуша, сен социалиспісің? - деп сұрады (М.Горький). 2. Сөйлем тырнақшаға алынған төл сөзбен аяқталып тұрса, нүкте тырнақшаның сыртынан, ал леп, сұрау белгілері мен көп нүкте тырнақшаның ішінен қойылады: Ұстаның ойлағаны: “Мен мұны бір жерде көрдім ”. Ұстаның ойлағаны: “Мен мұны қайдан көрдім ?”. 3. Автор сөзі төл сөздің ортасында келгенде, тыныс белгілері төрт түрлі қойылады: а) Автор сөзі төл сөз болып тұрған тұтас сөйлемді екіге бөліп тұрса, автор сөзінің алды-артынан үтір мен сызықша қойылады. Төл сөздің екінші жартысы кіші әріптен басталып жазылады. Мысалы: - Мені, - деді Амантай далаға шыққан Асқарға, - губернатор шақырған екен. Еріп жүрші, шырағым. (С.Мұқанов). “ Я , - деп ойлады, шелегін босағаға қойып ...далаға шыққан Айбала, - қуанатын жөні бар”. ә) Екіге бөлінген төл сөздің бірінші жартысы өз алдына хабарлы сөйлем болса, автор сөзінен бұрын үтір мен сызықша автор сөзінен кейін нүкте мен сызықша қойылады. Төл сөздің екінші жартысы бас әріптен басталып жазылады. Мысалы: - Трест жанып жатыр, - деді Валя келтесінен, даусын көтере сөйлеп. - Мама, мен барып ұйықтаймын (А.Фадеев). - Жоғары шық, - деді үйге кірген Асқарға Балтабек. - Ағаңның қолына су құй, қалқам Ботагөз. - Амантай да бірге келді, - деді Асқар қалтасынан сәби Амантайдың суретін Ботагөзге ұсынып. - Жолда көрдім, аман! (С.Мұканов), б) Екіге бөлінген төл сөздің бірінші жартысы лепті не сұраулы сөйлем болса, немесе леп белгісі қойылуға тиісті қаратпа, одағай сөздер болса, автор сөзінің алдынан тиісті леп белгісі не сұрау белгісімен сызықша қойылады да, соңынан нүкте мен сызықша қойылады. Төл сөздің екінші жартысы бас әріптен басталып жазылады, ал автордың сөзі кіші әріптен басталып жазылады. Мысалы: - Бұл не жұмбақ? - десті екеуі қосынан. - Көл ортасында бұл жалау қайдан пайда болды? (С.Мұқанов). - Жолдастар! - деді Павел. - Өмір бойы алға ұмтылайық! (М.Горький). в) Төл сөздің бірінші жартысынан кейін көп нүкте қойылуға тиісті болса, автор сөзінің алдынан көп нүкте мен сызықша, автор сөзінен кейін алдыңғы бөлікке қарай не үтір мен сызықша (егер төл сөздің бірінші жартысы өз алдына сөйлем болмаса), не нүкте мен сызықша (егер төл сөздің бірінші жартысы өз алдына сөйлем болса) қойылады. Мысалы: - Жаңа... - деді шал сасқалақтап,- Итбайдың төре баласы Сарыбас... солдатпен кеп шешеңді атып өлтіріп кетті... Саған кетті... Жасырын! (С.Мұқанов). Енді айналмай-ақ қоярмыз... - деп сыбырлады. - Былайырақ шығайық та, ауладан аттап түсейік... (А.Фадеев). 4. Кейде автор сөзі төл сөздің ортасында бір, соңында бір келеді. Ондайда автор сөзінің алдыңғысына тыныс белгілері төл сөздің екіге бөлініп қолданылғанындай қойылады. Соңғысының алдынан әдеттегідей тыныс белгілері қойылады. Мысалы: Алдыңғы күні барлаудан қайтып келіп, Семён маған: - Санитар машинасымен бара жатқан бір қазақ қызын көрдім. Құдай біледі, сол сенің Ақботаң, - деді. - Мұндай ұқсамас, - деп бастады да, артығьірақ кетіп бара жатқанын өзі де аңдап, тоқтай қалды (Ғ.Мүсірепов). - Әрине, түсінем ғой. Бізге қай жерде жасалған танкіні жіберсе де бәрібір ғой. Тек танк болсын. Бірақ әлдене үшін Сталинград танкілерін көргім келеді, - деп жымиды да, - туысқаным келердей күтемін, - деп аяқтады (Ғ.Мүсірепов).

Referencing norms: BirinshiHabarlyBasArip, BirinshiHabarlyNukteSyzyqsha, HabarlyUtirSyzyqsha, LeptiLepSyzyqsha, NukteTyrnaqshaSyrtynan, OrtadaEkigeBolseKishiArip, OrtadaEkigeBolseUtirSyzyqsha, SurauLepTyrnaqshaIshine, SuraulySurauSyzyqsha, UtirTyrnaqshaSyrtyna

article/115 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:c251409e5d1856e8323fc47eb447daf4761bae528d5da28d21978b41f6071bb8KK-KZ

§ 115. Төл сөзді екіге бөліп тұрған автор сөзінің алғашқы жартысы мағына жағынан төл сөздің алдыңғы бөлігіне, соңғы жартысы төл сөздің екінші бөлігіне қатысты болса, автор сөзінің соңына қос нүкте мен сызықша қойылады: Жұмыскерлер мал ұстаймын дей ме, құс асырағылары келе ме, сондайларын да сұрап жүру күнә емес шығар? - деп, Сикорскийге қыжырта қарады да, Ушаков бұйрығын бітірді: - Дұрыстап көшіріп жаз да, мына жерге іліп қой (Ғ.Мүсірепов).

Referencing norms: ZhartylarQatystyQosNukte

article/116 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:b93a269ca62136191d60f488bb894adb14f51f7924c7dc0a26ea0f49d5d174beKK-KZ

§ 116. Кейде төл сөз бен автор сөзінің арасы де етістігінің көмегінсіз, тек іргелесіп тұру арқылы байланысады. Ондайда тыныс (белгісі де дәнекері тұрғандағыдай қойылады: - Мен енді сенімен тілмен емес, мынаумен сөйлесемін, - Кулаков қамшысын көрсетті, -одан да айт шыныңды (С.Мұқанов). (Мен енді сенімен тілмен емес, мынаумен сөйлесемін, - деп, Кулаков қамшысын көрсетті, одан да айт шыныңды). - Мен барақ жайын айтам, - деді Ушаков. - Үш күнде даяр етем. - Үш күнде? - Ушаков жақтырмаған қабақ көрсетті (Ғ.Мүсірепов). - Жо... Өлеңді ақындар жазады ғой. Ал мен... - Өзі балуан денесін жеңіл серпіп түрегелді (С.Шаймерденов).

Referencing norms: DesizIrgelesteDeSondai

article/117 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:72eece577f982db3e8afcbf5dbec5bd59c29ca70d01c4088c2bcbb91f890fa33KK-KZ

§ 117. Тырнақшаға алынатын төл сөздер: 1. “Айтылмаған” сөздер, яғни біреудің ойлағаны, айтуға оқталып, бірақ әлі айтпағаны: “Еркем, неғып тұрсың?”- деп қала жаздаған Айбала... аузына келіп қалған сөзді ернімен бөгей қойды. “Ә, - деп ойлады Асқар, - жас қызды бұл еркем дейді екен ғой. Аты сол ма екен, әлде еркелетіп қойған аты ма екен?” (С.Мұқанов). “Осы өнерді қайтсем де меңгерермін!” - деп, ішімнен өзіме-өзім ант еттім. 2. Көркем шығармада жалпы әңгіме желісінен ауытқып келтірілген диалог (яғни әңгіме түсінікті болу үшін, бұрын болып өткен уақиғаны суреттеу ішінде келтірілген диалог) тырнақшаға алынады. Мысалы: “Сандықтың аузын аша бер, әке!” - деген еді Итбай Байсақалға, Қотыркөлге аттанарда. “Неге, шырағым?” “Ақша түседі...” “Неден, шырағым?” “Жұрттан”. (С.Мұқанов). 3. Сызықшамен жазылған төл сөздің ішінде келген төл сөз тырнақшаға алынады. Мысалы: - Қорықтың ба, шырағым ? - деді шал. - Қорықсаң да, айтайын, жаңа Итбайдың Сарыбасы кеп:“Шахтаға жан жолатпа, ешкімді шығарма да, кіргізбе де!”- деп кетті (С.Мұқанов). 4. Өлең ішіндегі төл сөздер көбінесе тырнақшаға алынады: Сарқылмас сөзі таудың бұлағындай, Сиқыр сөз көлдің сұлу құрағындай. Жорытады желмаядай шал кеңеске: “Осылай болған екен, шырағым-ай” (С.Мұқанов). Өлең ішіндегі төл сөз сызықшаға алынуы да мүмкін: Қоя бердім өлеңімді Жыршыларға қаратып: - Ей, жыршылар, жыршылар! Жыр айта ма осылай?! (Жамбыл). 5 Көркем шығармалардың ішінде келтірілген үлкенді-кішілі хаттар тырнақшаға алынады: Екі қыз бұл хабарға өте куанышты жүргенде, қысқаша жазылған хатта келіп қалды: “Бұл хатты партиялық билетімді қалтама салып алып жазып отырмын, - деп жазыпты ол,- жеке ісіме жазылатын қатты сөгісім бар, оны ісіммен алдыруға сенем...” (Мұқанов). 6. Дәйексөз (цитат) тырнақшаға алынады. Мысалы: Бұл жөнінде М.Горькийдің әр заманда, әр ортада ескі ертегінің жаңғырып, өскелеңдеп, өзгеріп отыратыны турасында айтқан пікірін еске аламыз: “Ой мәдениеті мен халық шығармасын өсіруде көне ертегілерді әр жыныстың, ұлттың, әр таптың өзгертіп, қосымша жасап қолдануының рөлі өзгеше болғанына күдіктенуге болар ма екен” (М.Әуезов).

Referencing norms: AitylmaganSozTyrnaqshaga

article/118 · paragraph · referenced by: 2

kk-KZ · official · sha256:ce4bd8ebf33459282d02e23ed1d50b0c33f5051d22b42db6ebc5a1e99613c23fKK-KZ

§ 118. Мақалдар да тырнақшаға алынады, бірақ оның алдыартынан төл сөзге тиісті тыныс белгілері қойылмайды. Мысалы: “Салыстырудың қай-қайсысы да кемшіліксіз болмайды” дейді неміс мақалы. “Қалауын тапса, қар жанады” деген мақал - үлкен философия (Ғ.Мұстафин). “Ит маржанды неғылсын” деген сөз бар, Сәулесі бар жігіттер бір ойланар (Абай). “Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан” деп еді, бұл ырыс әкелген күйеу болды ғой! - деп куанысты жұрт (С.Мұқанов).

Referencing norms: MaqalTolSozBelgisiz, MaqalTyrnaqshaga

article/119 · paragraph · referenced by: 2

kk-KZ · official · sha256:de594080f48141ddcd480794fcee73066ddb6e3f202c944c6d9d2deef4b77445KK-KZ

§ 119. Біреудің сөзі мағына жағынан сөйлемге жанастырыла алынады. Олар да тырнақша арқылы жазылады, бірақ алды-артынан төл сөзге тән тыныс белгілері қойылмайды және кіші әріптен басталып жазылады: Қазірде де кейбір талантты жазушылар қаламынан шыққан, мақалмәтелдерге ұқсас, әрі нәрлі, әрі көркем, “тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерліктей” сөз түйдектерін кездестіруге болады (К.Аханов). Бұл сөйлемдегі тырнақшаға алынған сөздер Абайдікі. Шілденің жиырма бірі күні Балтық Лепірді әлденеге тасып, шалқып. “Арыстанның жалындай бұйра толқын Айдаһардай толғанды” сүңгіп, қалқып. С.Мұқанов Мұнда да тырнақшаға алынған сөздер Абай өлеңінен алынған.

Referencing norms: ZhanastyrylganKishiArip, ZhanastyrylganSozBelgisiz

article/120 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:71dea5a973a6e3ebec912665f217eafc99360ea94c6512c1ded95abd32f3e4daKK-KZ

§ 120. Де (деп, деген, деді, дейтін, дейді т.б.) етістігі келген сөйлемдердің бәрінде де төл сөз бола бермейді; олар мыналар: а) Деп, дегеніміз деген сөздер бастауыш пен баяндауыштың арасында дәнекер болып келеді. Мысалы: Сауатты болу дегеніміз - дұрыс жазып, дұрыс сөйлей білу. Синекдоха деп газ мағынасының бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкенніц орнына кішіні қолданудың және керісінше қолданудың негізінде ауысуын айтамыз. ә) Дейміз, деп аталады, деп атаймыз деген сөздер күрделі баяндауыштың құрамында келеді. Мысалы: Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздерді омонимдер дейміз. Ғылыми жорамалдар гипотеза деп аталады. Қышқылдардың және сілтілердің әрекетінен түсі өзгеретін заттарды индикаторлар деп атайды (“Химия” оқулығынан). б) Деген деген сөз өзінің аддындағы сөзбен қосақталып, күрделі мүшенің құрамында тұрады, ондайда деген тұлғасы “деп аталатын, (біреуге не бірдемеге) арналған” деген сөздердің мағынасын береді. Мысалы: Сен дегенде ойым таза (саған арналған ойым таза). Оспан деген әдепті бала (Оспан атты бала - әдепті бала). в) Кейбір сұрау және белгісіздік есімдіктері де сөзінің тұлғаларымен тіркескенде, сұрау интонациясымен ерекше бөлінбесе, тел сөз болмайды. Мысалы: Сен не дедің? Ол ештеңе деді ме? Мен оған былай дедім. Де етістігі бірқатар есімдіктермен тіркескенде, оны айтты деген етістікпен алмастыруға болатын болса, төл сөзді сөйлем болмайды: Сен не дедің? - Сен не айттьң? Ол ештеңе демеді – ол ештеңе айтпады. г) Де етістігінің тұлғалары тұрақты сөз тіркесінің құрамында келгенде, төл сөз белгісі болмайды: күн демей, түн демей, ай десе аузы, күн десе көзі; ә дегенде; әудем жер; әй дер ажа, қой дер қожа жоқ; әрең дегенде; керек десең т.б. ғ) Баяндауышы деетістігінің қатысуы арқылы жасалған бағы- ныңқы сойлемдер тол соз болмайды: Сен келе ме деп, мен күн ұзын үйде отырдым, Айбала сүйікті көретін қайың сіңлісінің қуанышты сезімін бұзбайын дегендей, аузына келіп қалған сөзді ернімен бөгей қойды: Сабақ қыркүйектің басында басталады дегенге, ауылдан Ботагөз ерте шығып, қалаға келгеніне айға жақындап қалған (С.Мұқанов). Бүгін тіпті Байжан келмей қалмайды деп, үй ішін де жинастырып, күтініп отыр еді (Ғ.Мүсірепов). д) Сөйлем ішінде белгілі бір сөзге (әсіресе қаратпа сөздерге) баса көңіл аудару үшін деймін деген сөз тіркесе айтылғанда, ол төл сөзді құрылым болмайды: Әй, Баянды деймін, осы дүниені Қызылжарға апаратын менмін ғой (Ғ.Мүсірепов). Түсімде деймін үлкен дарияның жағасында тұрмын. Тоқта деймін, тоқташы.

Referencing norms: DepQyzmettikTolSozEmes

article/121 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:58afd456dd1d736257a6996d0880878c58891f4f691843eb7d8d2291c9617221KK-KZ

§ 121. Төл сөз де етістігінсіз айтылып, заттық мәнге ие болады да, сөйлем мүшесі болып тұрады. Мұндай төл сөзге зат есімге тән септік, тәуелдік т.б. жалғаулар жалғана береді. Бұлар тырнақшаға алынып, бас әріптен басталып жазылады, оның өзі сұраулы сөйлем болса, тырнақшаның ішіне сұрау белгісі, лепті сөйлем не лепті сөз болса, леп белгісі қойылады; ал хабарлы сөйлем не жеке сөздер болса, ешқандай тыныс белгісі қойылмайды. Мұндай құрылымдардың алды-артынан төл сөзге тиісті тыныс белгілері де (қос нүкте, сызықша) қойылмайды. Жалғанған қосымшалар тырнақшаның сыртына дефис арқылы жазылады. Мысалы: Жабайы кісі болса, “Молчать!” - дер еді пристав, Итбайдың Кривоноспен жақындығы барын білетін ол олай жекіре алмады. Бірақ Молчать”-ты көз қарасымен ұқтырам дегендей, адырая қарады. Мен оңай таптым, - деді Ботагөз. - Қала ғұрпында сүйгенін айтқызады, сүйгеніңіз кім ? (Асқар) жан-жағынан қуғын қамап, қайда барарын білмей жалпақтап қашқан қояндай, “Сүйгенім сен”-ді ай- тып кала жаздады (С.Мұқанов). Есжан алғашкыдай емес, кыры сынып калыпты. Жомарт есепте- ріне жаксы түсінбесе де, Жомарт сөзі бұлтартпады. Бірак күп деуге батылы бармай отыр.“Болса жақсы, болмаса”-ға тіреле береді. - Қанша берер екен ? - Берсе, бір бестен кем бермес. - “Берсе”-ңіз не?! “Бес”-іңіз бір айдың ғана жалакысы (Ғ.Мұстафин). “Боламын”-мен жүргенде, болат қайтып, Жалын сөніп, жас жүзін басады әжім(Абай). “Ел жатса да, енекем жатпайды” біз ғой (М.Әуезов). - Сонымен бізбен бірге елге жүресің ғой, Ботагөз? - Қайдан білейін. - “Қайдан білейін”-ді қой (С.Мұқанов).

Referencing norms: ZattyqManTolSozEmes

article/122 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:d17e9b0a44046116b412bc515a19294937d0ffa1bc0051899004211787333940KK-KZ

§ 122. Де етістігінің қатысуы арқылы жасалған нақты бастауышы жоқ жақсыз сөйлемдер де төл сөз болмайды (олар орыс тіліндегі “говорят, что...” деген құрылымда жасалатын сөйлемдерге ұқсас келеді). Мысалы: Қытайғы қардың көптігіне қарағанда, биыл егін бітік болар дейді. Осы күні сол ара Жайнаған қызыл гүл дейді. Дейді түні жап-жарық, Қыста да гүлі гүлдейді (Н. Байғанин).

Referencing norms: ZhaqsyzTolSozEmes

article/123 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:055ebe2ca50d025c6218b32ac4cedea35cf38873cf4c45575821e7eb952e7e6eKK-KZ

§ 123. -Айын, -ейін жұрнақты етістік пен де етістігі тіркесіп келіп, қалау, тілек мәнді сөйлемдер жасалады, олар да төл сөзді құрылым болып саналмайды: Киноға барайын деп едім. Бөлтірік қашайын деп еді, күзен ытқып келіп, желкесін қырқып алды.

Referencing norms: TilekTolSozEmes

article/124 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:bf0fab8efd7e5d9a7740f3f9ad3ad0a5b934afcf39fcd1ed6ca59dba7de2a9d6KK-KZ

§ 124. Төл сөз бен автор сөзін байланыстырып тұрған деп етістігінен кейін төл сөзге қатысты етістік келсе (деп сұрады, деп ойлады, деп үн қатты, деп айғайлады, деп сыбырлады т.б.), деп-тен кейін үтір қойылмайды. Мысалы: Абай Асылбайдан: - Қалада не хабар бар? - деп сұрады (М.Әуезов). “Егер Амантай аман болса, кескіні маған ұқсайдьі, мен інісі едім дейін ”, - деп ойлады ол (С.Мұқанов). Егер деп-тен кейінгі етістік төл сөздің айтылуынан соң болатын істі білдірсе, деп-тен кейін үтір қойылады: - Тұр! - деп, біреу қаттырақ дауыспен оятты (С.Мұқанов). - ...Бірақ ондай-ондай сән табылар, ән табылмайды ғой! - деп, шімірікпей күлді де, жастарға қарай бұрылды (М.Әуезов). - Бір сағаттан кейін сыртқа шығарсың, Сикорскийдің конторына кел, деп, кейін қарай бет алды (Ғ.Мүсірепов).

Referencing norms: DeptenKeyinUtirsiz

article/125 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:627e0101727b9a75a5a2bde7fd496282adee2c11dc0eb0d5cfa62feb8d664a5cKK-KZ

§ 125. Төл сөзден кейін де етістігінің десе, дегенмен, дегенде, деген соң, дегенше, дегеннен кейін, деді де тұлғалары тұрса, бұлардан соң үтір қойылады. Бұлардан кейінгі сөздер автор сөзі болмай, төл сөз болса, қос нүкте қойылады. Мысалы: Бозторғайды аяған жұрт: “Бұ бишара неге төмен қарай ұмтылмайды, неге жоғарылай береді?” - десе, біреу: “Төмендесе-ақ қағып түспей ме тұрымтай, соны біліп жоғарылап барады”, - дейді. Балалар: - Айдағанға көне ме ол, ата? - десе: - Неге көнбейді? - дейді Ораз (С.Мұқанов). Әшірбек сонда да азсынып: - Неге ақырын? - дегенде: - Қатты көмір, - деді Әкім (Ғ.Мұстафин).

Referencing norms: DeseDegendeUtir

article/126 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:900b3271194d48720831f3084ec7e018c8626f34c418aa9ff3f51c26e2dcbe70KK-KZ

§ 126. Төл сөзден кейінгі де етістігі деді, деп еді, дейді, деген еді сияқты тиянақты тұлғаларда тұрса, одан кейінгі автор сөзі өз алдына тиянақты не бағыныңқы сөйлемдер болса, араларына үтір қойылады: Менің есебімді бер! - деді ол, Кенжетай ұсталып кеткесін (С.Мұқанов). - А... Мен өзім де солай шығар деп ойлап ем... - деді де, Быков өз жөніне кетті (Т.Мүсірепов). - Алма, сен жақсы салдың еске! - деді Жанат, есіне жаңа түскендей Ғ.Мұстафин).

Referencing norms: TiyanaqtyTulgadaUtir

ІІІ Тарау «ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ»: § 1 — § 87 (scope пакета — §35, §45, §52, §53, §54, §56, §57, §58, §72, §77)

edition
urn:kz:grammar:clir:punktuacia-tol-soz#ANYQ_TYNYS
language
kk
officiality
unofficial
materialisation
PINNED_UNOFFICIAL_COPY
life cycle
adopted: 2000-01-01

Publications

URITypedocumentHashRetrieved
https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdftext/plain; charset=utf-8sha256:e2362c9ed7d0494ff6128d524a3915de5fd1e7dd133a1d06eecbfc8755957f3a2026-08-30T12:00:00Z

Fragments — 10

article/35 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:64441c940c394fe2f884fd60a5217492a3fab76e9bdf7846edd350aa48a48d2aKK-KZ

§ 35. Екіге бөлінген төл сөздің алғашқы бөлігі хабарлы сөйлем немесе сөйлемнің бір бөлігі болса, одан кейін үтір (және сызықша) қойылады (II тарау, § 114-ты қараңыз). Екіге бөлінген төл сөздің алғашқы бөлігі өз алдына сөйлем болмай, оған үтір қойылған болса, екінші бөлігінің алдынан да үтір қойылады (II тарау § 114- ты қараңыз).

Referencing norms: BirinshiHabarlyNukteSyzyqsha

article/45 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:4a3db49254a79d193c9065ae3e48f74eb64581b7e3c2aa39bf5fecd0a7b8ee6eKK-KZ

§ 45. Диалог төл сөздің алды-артынан (егер төл сөзден кейін автор сөзі тұрса), тырнақшаға алынған төл сөздің артынан сызықша қойылады (II тараудағы § 114, 115-тарды қараңыз).

Referencing norms: HabarlyUtirSyzyqsha

article/52 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:87edcde15da242c46e3cbb4a46198b65272bca0785d938de25f6a127adc23c97KK-KZ

§ 52. Дәйексөз тырнақшаға алынады (II тарау, § 117-ты қараңыз). Алынған дәйексөз бірнеше азатжолдан құралған болса, әр азат жол бөлек-бөлек тырнақшаға алынбайды. Тырнақша дәйексөздің басталған жерінен ашылып, біткен жерінен бір-ақ жабылады.

Referencing norms: AitylmaganSozTyrnaqshaga

article/53 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:92e305b409cb141be39aa82391952f5eeace7c2021b9ab66645777d46b43cef5KK-KZ

§ 53. Шығарманың ішінде келтірілген үлкенді-кішілі хаттар тырнақшаға алынады (II тарау, § 117-ты қараңыз). Кейде тырнақша хаттың әрбір азатжол сайын ашылып отырады да, ең соңынан барып бір-ақ жабылады. Бұл - өте сирек қолданылатын ереже. Мысалы, С.Мұқановтың “Ботагөз” романындағы Асқардың, Кенжетайдың хаттары: «Ботагөз!.. Амантайі.. Екеуіңнің аттарыңды қағазға түсіргеннен кейін, аяғына не сөз қосарымды білмей, бірнеше минут дағдарып отырмын»... “Сен берген аманатты Сағит қолыма тапсырды...(осылай кете береді де, тырнақша ең соңғы Омбы 1919 жыл 6 каңтар дегеннен кейін жабылады.)

Referencing norms: AitylmaganSozTyrnaqshaga

article/54 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:04a27454d66720dbb45dae08c66164e8b4244ab9c31699cf3b5d1021c4bbcbfeKK-KZ

§ 54. Диалог емес төл сөз тырнақшаға алынады (II тарау, § 117-ты қараңыз).

Referencing norms: AitylmaganSozTyrnaqshaga

article/56 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:8c7e6fc095812b066d92c38c97905a0e84214857cd72950ecf30ff75139f73fbKK-KZ

§ 56. Мақал, мәтелдер, афоризмдер сөйлем ішінде келтірілгенде тырнақшаға алынады (II тарау, § 118-ты қараңыз).

Referencing norms: MaqalTyrnaqshaga

article/57 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:7287c0724b1177caa6ca41ec49669e964539c9712a778633564c80511d0f95d5KK-KZ

§ 57. Дәйексөз ретінде келтірілмей, сөйлемге оның ажыратылмайтын мүшесі ретінде берілген біреудің сөзі тырнақшаға алынады (II тарау, § 119ты қараңыз).

Referencing norms: ZhanastyrylganSozBelgisiz

article/58 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:8216775d8f8fe4f4354109973a67a6273055d0184958c36d28b6c66dfe088aedKK-KZ

§ 58. Де дәнекерінсіз айтылып, заттанып кеткен төл сөздер тырнақшаға алынады (II тарау, § 121-ты қараңыз).

Referencing norms: ZattyqManTolSozEmes

article/72 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:9078372769489863f8c5bb9feaef784697848535e72a24c4c849a48d1dbd467bKK-KZ

§ 72. Төл сөздің алдынан келген автордың сөзінен кейін қос нүкте қойылады (II тарау, § 114-ты қараңыз).

Referencing norms: UtirTyrnaqshaSyrtyna

article/77 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:17d2873ffc1e20bf90f20984ded9c6e7276541b4566a52d72c5dea1ac95e2a99KK-KZ

§ 77. Нүкте мен сызықша қатар қойылатын орындарды II тараудағы § 114-тан қараңыз.

Referencing norms: HabarlyUtirSyzyqsha

The hash beside the text is the sha256 of its exact bytes. It is the check that the text shown matches the one pinned in the package: a divergence fails the oracle’s static analysis.