Source / pinned edition
Қазақ тілінің анықтағышы: емле, тыныс белгілері, сөз сазы
Source of package kz.grammar.punktuacia_ongashalangan_aiqyndauysh · Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.
- work
- urn:kz:grammar:clir:punktuacia-ongashalangan-aiqyndauysh#ANYQTAGYSH_SYZDYQ
- number
- Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.
- kind
- urn:kz:grammar:clir:punktuacia-ongashalangan-aiqyndauysh#treatise
«КІРІСПЕ», 3. Кейбір пунктуациялық ережелер жайында
- edition
- urn:kz:grammar:clir:punktuacia-ongashalangan-aiqyndauysh#ANYQ_KIRISPE
- language
- kk
- officiality
- unofficial
- materialisation
- PINNED_UNOFFICIAL_COPY
- life cycle
- adopted: 2000-01-01
Publications
| URI | Type | documentHash | Retrieved |
|---|---|---|---|
| https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdf | text/plain; charset=utf-8 | sha256:4f86533eb6b3a05c19ba724abae75fc4e59ddf2482fb626dca678cd4c72b64c5 | 2026-08-30T12:00:00Z |
Fragments — 3
section/3/paragraph/3 · paragraph · referenced by: 1
kk-KZ · official · sha256:eb926882f969165939b99073c781ccebfda57162609f816551aa3b0da14dafedKK-KZ
Оңашаланған айқындауыш мүшелердің үшінші бір белгісі - олардың
бірқатары яғни, әсіресе, мысалы, яки, немесе, болмаса, басқаша айтқанда,
көбінесе, оның ішінде, атап айтқанда деген сөздермен қоса айтылады.
Әдетте түсінбеушіліктен осы сөздердің жеке өздерін екі жағынан бірдей
үтірмен бөліп тастаушылық кездеседі. Ол дұрыс емес. Екі жағынан үтірге
осы сөздермен қоса жасалған оңашаланған тізбек алынады: Әңгімемізді
өнердің бір түрі, мысалы музыка, туралы бастайық. Жастар, әсіресе
мектеп балалары, спортқа үйір келеді.
Referencing norms: AtalganSozbenQosalganOngashalanganTizbekEkiZhagynanUtirgeAlynady
section/3/paragraphs/1-2 · paragraph · referenced by: 1
kk-KZ · official · sha256:45ec3b9fb92e1f37e4c08e74763358ab3ccc18e457bc4abe42e9e4ce419ef536KK-KZ
Оңашаланған айқындауыш мүше қазақ тілінде өзіне қатысты сөзден
кейін келеді. Ол өзінен бұрынғы сөздің мәнін айқындаңқырай,
дәлелдеңкірей түсу үшін қолданылады. Оңашаланған мүше, көбінесе, атап
айтқанда деген сөзді қосуды тілеп тұрады. Оңашаланған мүшені айтқан
кезде, ол сөйлемдегі басқа сөздерден дауыстың аздап кідірісімен бөлініп
тұрады: Ол Құнанбай аулына, Қорыққа, осы Ералыдан барған болар
(М.Әуезов). Мұндағы Қорыққа деген сөз Құнанбай аулы деп тұрғаны Қорық
екендігін айқындай түседі: Ол Құнанбай аулына, атап айтқанда Қорыққа,
осы Ералыдан барған болар.
Оңашаланған айқындауыш мүшенің тағы бір белгісі - ол өзі
айқындап тұрған сөзбен септік жалғаулары жағынан тұлғалас келеді.
Мысалы: Тобықты ішінде ең алғаш келген арба осы Зеренің, Құнанбайдың
кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады (М.Әуезов). Мұнда айқындалып
тұрған Зеренің деген сөз бен оңашаланып тұрған ...шешесінің деген сөз екеуі
де ілік жалғауда. Ал осылардың біреуі жалғаусыз айтылса, ол оңашаланған
айқындауыш мүше емес, қосалқы айқындауыш мүше болып кетеді:
Тобықты ішіне ең алғаш келген арба Құнанбайдың кәрі шешесі Зеренің көк
арбасы десе де болады. Қосалқы айқындауыш пен айқындалушының
арасына ешқандай тыныс белгісі қойылмайды.
Referencing norms: QosalqyAiqyndauyshArasyndaTynysBelgisiQoiylmaidy
section/3/paragraph/4 · paragraph · referenced by: 1
kk-KZ · official · sha256:075aa01a0e010b6c262065c6c84ae07fe60963e0d6e79edabc37fa464aed9ef7KK-KZ
Тағы бір көңіл қоятын мәселе - сияқты, ретінде, қатар, емес, түгіл
деген сөздермен және -дай жұрнақты сөзбен келген тізбектердің де сөйлем
ішінде оқшауланып тұратындығы. Сондықтан мұндай құрылымдар да,
оңашаланған мүше тәрізді, екі жағынан бірдей үтірге алынып жазылады.
Referencing norms: SiyaqtyZhaneDaiBarOqshaulanganTizbekEkiZhagynanUtirgeAlynady
ІІ Тарау «ПУНКТУАЦИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІ»: § 1 — § 126 (scope пакета — §§ 69—74)
- edition
- urn:kz:grammar:clir:punktuacia-ongashalangan-aiqyndauysh#ANYQ_PUNKTUACIA
- language
- kk
- officiality
- unofficial
- materialisation
- PINNED_UNOFFICIAL_COPY
- life cycle
- adopted: 2000-01-01
Publications
| URI | Type | documentHash | Retrieved |
|---|---|---|---|
| https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdf | text/plain; charset=utf-8 | sha256:ca06082fcbda87e8feed9a6f49af145224aa1f5e399ec3961c450e5b982ca1db | 2026-08-30T12:00:00Z |
Fragments — 6
article/69 · paragraph · referenced by: 3
kk-KZ · official · sha256:151bfcf16c87b2f02a95b639275b5feb72353ea46f6e4c599e5398a017508d77KK-KZ
§ 69. Оңашаланған айқындауыш мүшелер сөйлемнің басқа
мүшелерінен көбінесе үтірмен бөлінеді. Мысалы: Абай былтыр боқырауда,
күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде, дәл осы қоныстан, Есенбайдан,
кеткен болатын. Ұлжан енесіне бағана, Абай ұйықтап жатқанда, бар жайды
айтқан (М.Әуезов).
Өз ішінде үтірлері бар жайылма оңашаланған айқындауыш мүшелер
екі жағынан сызықша алынып жазылады. Оңашаланған мүше үтірмен
бөлінгенде, бірыңғай мүшеге ұқсап кететін жерде де сызықша қоюға
болады:
Біз - Мұстафаның екі кіші баласы Ғаббас пен Шәкен, мен үшеуміз үйден шықтық (С.Мұқанов). Біраз жүрген соң Асан - күндіз көп жүріп,
шаршаған бала - ұйықтап қалды (Ы.Алтынсарин). Ұлы орыс халқының бай
мәдени мұрасының бір саласы - оның тамаша мақалдары, мәтелдері - қазақ
халқына аудармалар арқылы таныс болып, халық игілігіне айналып келеді
(“Қазақ әдебиеті”).
Referencing norms: BirynggaigaUqsasaSyzyqshaBolady, IshindeUtirBarSyzyqshaga, OngashalanganMusheUtirmenBolinedi
article/70 · paragraph · referenced by: 2
kk-KZ · official · sha256:ef377d26c96bb5c8654b0110c6c2e0147b8e1df5797b80847af46569b4cc2490KK-KZ
§ 70. Оңашаланған айқындауыш мүше болатындар:
а) Өзінен бұрынғы сөздің мәнін айқындап, дәлдеп беретін және
сонымен септік жалғаулары жағынан тұлғалас келетін бір сөз не сөз тіркесі:
Осы үйдің ер жетіп калған екі баласын, Нұржан мен Нұрланды,
жұрт көп мақтайды. Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің,
Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады (М.Әуезов).
ә) Яғни, әсіресе, мысалы, яки, немесе, болмаса, басқаша айтқанда,
“әсіресе" деген мағынадағы көбінесе, оның ішінде, тіпті деген сөздермен
басталатын тіркестер өзінің алдындағы сөздің мағынасын дәлдеп тұрса
оңашаланған мүше болады. Жоғарыдағы сөздердің өздері жеке үтірмен
бөлінбейді. Үтір тұтас тіркестің екі жағынан қойылады:
Ылғалды жерлерде көбінесе өзен бойларында, шөп қалың өседі.
Реакцияға түскен заттардың салмағы реакция нәтижесінде шығатын
заттардың салмағына әрдайым тең болады; бұл занды заттар сақталу
заңы, немесе Ломоносов заңы, деп атайды. Әңгімемізді шығармашылықтың
бір түрі, мысалы музыка, туралы бастайық.
Е с к е р т у л е р . 1. Мысалы деген сөз оңашаланған мүшенің кұрамында болмай,
жеке кыстырма сөз ретінде келгенде, үтірмен жалғыз өзі ғана белінеді: Мысалы, таза мыс
электр тогын жақсы әткізеді. Әркайсымыз өз шаруамызбен болдық. Мен, мысалы, кітап оқып
отырмын.
Мысалы деген сөзден кейін қос нүкте қойылуы туралы § 95-ты
қараңыз.
2. Әсіресе, көбінесе, тіпті, оның ішінде деген сөздер оңашаланған
мүше болатын сөз тіркестеріне емес, жалпы сөйлемге қатысты болып келуі
мүмкін. Ондайда бұл сөздер ешқандай тыныс белгісімен бөлінбейді:
Ырғызбай ішінен әсіресе осы Қарашоқыға қызығушылар көп болатын
(М.Әуезов). Алматылықтар жазда көбінесе тауға шығады. Олардың ішінде
үй іштерімен шығатындар да көп.
б) Есімдіктен кейін келген айқындауыштар оңашаланады:
Олар, жас жігіттер мен жас қыздар, қиын жұмыстардан бас
тартпады. Мен, Олег Кошевой, Жас гвардия мүшелерінің қатарына
кірерде... ант етем (А.Фадеев). Айтып тұрған мына мен, Бақбергенмін
(М.Әуезов).
Кейде керісінше құрылған түрлері де болады, яғни есімдік
оңашаланады, бірақ бұл сирек қолданылады. Мысалы:
Балалары, біз, тірі тұрғанда, апам кедейшілікті ойлайтын кісі емес
еді (С.Мұқанов).
в) Жалпы мезгілді, мекенді білдіретін пысықтауыштардан кейін, сол
мезгілдің дәл қай кезі, сол мекеннің дәл қай жері екенін ашып көрсететін
анықтауыштар оңашаланады. Мысалы:
Түнде ,сағат 12-де, поезд келді (түннің басқа кезі емес, дәл сағат 12-де
деп айқындап тұр). Қазақстан Республикасында, Астанада, білім ордасына
арналып зәулім үй салынады (білім ордасына арналған зәулім үйдің
Қазақстан Республикасының басқа жерінде емес, Астана қаласында
салынғанын дәлдеп тұр).
Referencing norms: AtalganSozbenQosalganOngashalanganTizbekEkiZhagynanUtirgeAlynady, TulgalasSozOngashalanganMushe
article/71 · paragraph · referenced by: 2
kk-KZ · official · sha256:d82078117b05a3732b86b50842dae96e151997d148b7e8c1f7aff63b61d0250dKK-KZ
§ 71. Сияқты, ретінде, қатар, емес (емей), түгіл деген сөздермен
келген және -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақты сөздермен келген тіркестер де,
оңашаланған мүше сияқты, сөйлем ішінде үтірмен бөлінеді:
Жамбыл 70-80 жылдарда, ұсақ өлеңдермен қатар, көлемді жырлар
да шығарады. Мен Әлти ғана емес, Сәдуақасқа да іштей қайран қап
отырмын (С.Мұқанов). Үйге кіргізу түгіл, жақындасуға рұқсат жоқ
(Ғ.Мүсірепов).
Е с к е р т у. Бұл сөздердің белгілі бір сөйлем мүшесінін құрамында тұрғандағысымен
шатастырмау керек. Ондайда бұлар үтірмен ажыратылмайды: Музгарко сияқты жан
жолдасынан шал дәл қазір үмітін үзе бастаған еді (Мамин- Сибиряк) (Қандай жан жолдасынан?
- Музгарко сияқты - анықтауыш). М.Әуезов сияқты талант бүкіл дүние жүзіне ортақ (қандай
талант? - М.Әуезов сияқты -анықтауыш). Екеуі қатар отыр. (Қалай отыр? - қатар пысықтауыш).
Referencing norms: QuramyndaTursaUtirmenAzhyratylmaidy, SiyaqtyZhaneDaiBarOqshaulanganTizbekEkiZhagynanUtirgeAlynady
article/72 · paragraph · referenced by: 1
kk-KZ · official · sha256:3f122b7bf113b513a791f3903c213be3483ab2df87be29f6707f719b9fed203fKK-KZ
§ 72. Қарамастан, қоспағанда, есептемегенде деген сөздерге
аяқталатын тіркестер де үтірмен бөлінеді:
Аяғының ауырғанына қарамастан, ол шапшаң жүріп отырды.
Кешігіп қалған екеуді қоспағанда, жорыкка аттанатын шаңғышылар саны
он алты. Жорыққа аттанатын шаңғышылар саны, кешігіп қалған екеуді
қоспағанда, он алты.
Referencing norms: QarastyruQospagandaUtirmen
article/73 · paragraph · referenced by: 1
kk-KZ · official · sha256:89a98096173e28155ed7c1c6e5a97739a20ade35bd150e7d67829cab3e5b2bdaKK-KZ
§ 73. Оңашаланған мүше инверсияланып (әдеттегі орны ауысып)
келуі мүмкін, ол күнде де сөйлем ішінде үтірмен ажыратылады: Мұқанның
баласы ғой, менің былтыр өлген ағамның (С.Мұқанов). Бұл сөйлемнің
әдеттегі орын тәртібі: Мұқанның, менің былтыр олген ағамның, баласы ғой
болу керек.
Referencing norms: InversiyadaDaUtirmen
article/74 · paragraph · referenced by: 4
kk-KZ · official · sha256:59a295ada6fa60b40ddaf8fb79caaedf55bd670e04faffa86bc707821274d5c0KK-KZ
§ 74. Оңашаланған айқындауыш мүше өзінің алдындағы
айқындайтын сөзімен септік, тәуелдік жалғаулары жағынан қиыспай тұрса,
яғни айқындалушы сөз атау тұлғада келсе, араларына сызықша қойылады
да, айқындауыштан кейін ешқандай тыныс белгісі қойылмайды:
Күлкінің иесі - қызды біз енді жақсылап көрдік (С.Ерубаев). Осы
сөйлемдегі айқындауыш пен айқындалушы сөздер бірдей тұлғада (екеуі де
табыс септікте) берілсе, тыныс белгісі басқаша қойылады: Күлкінің иесін,
қызды, біз енді жақсылап көрдік.
Ал айқындалатын сөзімен морфологиялық тұлға жағынан қиыспай
(бірдей болмай) тұрса, не екеуі де атау тұлғада келсе, жалқы есімнен болған
айқындауыш ешқандай тыныс белгісімен ажыратылмайды:
Менің інім Марат биыл мектеп бітіреді. Оның бұл тұрған қалпын
ағасы Балтабектің әйелі Айбаладан басқа ешкім көрген жоқ (С.Мұқанов).
Шойын кеуделі, аю жоталы...қара кісі Игілік би паң да, тәкаппар да емес
(Ғ.Мүсірепов). Бұл сөйлемдердегі Марат, Балтабай, Игілік би, Айбала деген
жалқы есімдер өздерінен бұрынғы інім, ағасы, қара кісі, әйелі деген сөздерді
дәлдеп атап айтып айқындап тұр.
7. БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕР МЕН ЖАЛПЫЛАУЫШ
СӨЗДЕРДІҢ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ
Тыныс белгілерін қоюға келгенде, бірыңғай мүшелерді үш топқа
беліп қарауға болады: а) араларында жалғаулық жоқ бірыңғай мүшелер,
араларында жалғаулық бар бірыңғай мүшелер және б) жалпылауыш сөзбен
қатар келетін бірыңғай мүшелер.
Referencing norms: AtauTulgadaZhalqyEsimBelgisiz, QiyspasaKeyinBelgiZhoq, QiyspasaSyzyqsha, QosalqyAiqyndauyshArasyndaTynysBelgisiQoiylmaidy
ІІІ Тарау «ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ»: § 1 — § 87 (scope пакета — §31, §32, §33, §47, §49)
- edition
- urn:kz:grammar:clir:punktuacia-ongashalangan-aiqyndauysh#ANYQ_TYNYS
- language
- kk
- officiality
- unofficial
- materialisation
- PINNED_UNOFFICIAL_COPY
- life cycle
- adopted: 2000-01-01
Publications
| URI | Type | documentHash | Retrieved |
|---|---|---|---|
| https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdf | text/plain; charset=utf-8 | sha256:e2362c9ed7d0494ff6128d524a3915de5fd1e7dd133a1d06eecbfc8755957f3a | 2026-08-30T12:00:00Z |
Fragments — 5
article/31 · paragraph · referenced by: 1
kk-KZ · official · sha256:0c0ece56b0be26e78f0bb1aaff34b852923b851fc9f308ecb21b07c0bdaf6a58KK-KZ
§ 31. Сөйлемдегі оңашаланған айқындауыш мүшелер үтірмен
бөлінеді (II тарау, § 69, 70, 73, 74-тарды қараңыз).
Referencing norms: OngashalanganMusheUtirmenBolinedi
article/32 · paragraph · referenced by: 1
kk-KZ · official · sha256:da73065956aa07045896cdafb3a91f66ab1c2fabbc3f3471232335e0bb98b9fcKK-KZ
§ 32. Сияқты, ретінде, қатар, емес, түгіл деген сөздермен келген
және -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары қосылған тізбектер де үтірге
алынады (II тарау, § 71-ты қараңыз).
Referencing norms: SiyaqtyZhaneDaiBarOqshaulanganTizbekEkiZhagynanUtirgeAlynady
article/33 · paragraph · referenced by: 1
kk-KZ · official · sha256:5d8490941f51b5c41f96327a82dda480ae1d5e466cb99a66bcf956dfa7202fc7KK-KZ
§ 33. Қарамастан, қоспағанда, есептегенде деген сөздерге
аяқталатын сөз тізбектері үтірмен ажыратылады (II тарау, § 72-ты қараңыз).
Referencing norms: QarastyruQospagandaUtirmen
article/47 · paragraph · referenced by: 1
kk-KZ · official · sha256:476f46342b099349e77ebf2f3f914856954f39e9154d6b339354a1b5e0cc3ab1KK-KZ
§ 47. Оңашаланған айқындауыш мүшелердің екі жағынан сызықша
қойылады (§ 69-ты қараңыз).
Referencing norms: IshindeUtirBarSyzyqshaga
article/49 · paragraph · referenced by: 1
kk-KZ · official · sha256:43389b4a593a010252b60474db676d65e8790be23e6c08cf9b949eb694b35fc7KK-KZ
§ 49. Оңашаланған айқындауыштың алдынан сызықша қойылады (II
тарау, § 74-ты қараңыз).
Referencing norms: QiyspasaSyzyqsha
The hash beside the text is the sha256 of its exact bytes. It is the check that the text shown matches the one pinned in the package: a divergence fails the oracle’s static analysis.