Source / pinned edition

Қазақ тілінің анықтағышы: емле, тыныс белгілері, сөз сазы

Source of package kz.grammar.i_u_dybystaluy · Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.

work
urn:kz:grammar:clir:i-u-dybystaluy#ANYQTAGYSH_SYZDYQ
number
Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.
kind
urn:kz:grammar:clir:i-u-dybystaluy#treatise

«ОРФОЭПИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР. СӨЗ САЗЫН КЕЛТІРУ ҚАҒИДАЛАРЫ»: § 1 — § 36 (scope пакета — §§ 16—17)

edition
urn:kz:grammar:clir:i-u-dybystaluy#ANYQ_SOZ_SAZY
language
kk
officiality
unofficial
materialisation
PINNED_UNOFFICIAL_COPY
life cycle
adopted: 2000-01-01

Publications

URITypedocumentHashRetrieved
https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdftext/plain; charset=utf-8sha256:9a5c6abb0dd3e608f36b432129b7f556e5dae67a91b7d11130dd4746da4248f32026-08-30T12:00:00Z

Fragments — 2

article/16 · paragraph · referenced by: 9

kk-KZ · official · sha256:19d47ae197fb1dcde788f836422c0050bb35840c610f124b8c7b2c6a98902394KK-KZ

§16. Қазақ тілінің қазіргі емле ережелері бойынша қосар ый, ій әріптерінің орнына бір ғана и әрпі жазылады. Мысалы: ки (дұрысында кій болу керек), қи (қый болу керек), сол сияқты: би (бій), биыл (быйыл), жиі (жійі), жиналыс (жыйналыс), ти (тій), тиын (ақша, тыйын), тиін (аң, тійін) т. т. Ал и әрпі - жіңішке дыбыстың таңбасы, бірақ жазуда жуан ый дыбысын да таңбалайтын болғандықтан, оны жіңішке де, жуан да етіп айтуға тура келеді. Ішінде а, ы, ұ, о сияқты жуан дауысты дыбыстары бар сөздерде и таңбасын ый деп жуан айту керек. Мысалы: жыйналыс (жазылуы: жиналыс), қыйыңғыстау (қиын-қыстау), быйыл (биыл), сый - сыйапат (сый-сияпат). Сөз ішіндегі и дыбысының жуан не жіңішке екенін ондағы өзге дауыстыларға қарап айыруға болады. Мысалы, дидар, миғұла, мизам, бидай, мирас, миық, мия, қыдию, қалқию деген сөздерде и - жуан, өйткені бұлардағы өзге дауыстылар жуан, сондықтан айтылуда бұлар дыйдар, мыйғұла, мыйзам, быйдай, мыйрас, мыйық, мыйа, қыдыйу, қалқыйу болуы керек. Ал ми, жи, қи үш-төрт сөздің жуан айтылуға (мый, жый, қый) тиіс екенін есте ұстау кажет, өйткені бұл сөздерге жалғау- жұрнақтар жуан вариантта жалғанады: миы ашыды (мийі емес), мисыз (мисіз емес), жина (жине емес), қиды (қиді емес). Есте оңай сақтауға болатын ереже, ол - қ, ғ дыбыстары бар сөздердегі и дыбысының әрдайым ый болып жуан айтылатындығы: Жазылуы Айтылуы қырғи қабақ қилы-қилы қалқиған қыли (көз) шиқ етті шиқан жан қиярлық қағида қырғыйғабақ қыйлығыйлы қалқыйған қылый (гөз) шыйқетті шыйқан жаңғыйарлық қағыйда Мұндай сөздердің ішінде сый, тыйдеген екі сөз түбір күйінде де, әр алуан қосымшалар жалғанған тұлғасында да жалаң и әрпімен емес, қосар ый-мен естілуінше жазылып жүр. Оның себебі осы буындардың жіңішке варианттарында айтылатын сөздермен (ти, си) мағынасын шатастырмауға байланысты. Алдыңғыларын айтқанда, үнемі жуан ый етіп айту керек: тый, сый. Бұлардың туынды, қосымшалы түрлері де әрдайым жуан айтылады: сыйлау, сыйлық, сыйды, сыймады, сый-құрмет, сыйымсыз, сыйысу, тыйғызу, тыйылу, тыйымсыз. Бұл сөздер осы тұлғада ый арқылы жазылады. С мен т-дан басталатын және осылардан кейінгі дыбысы и болып келетін сөздердің қалғаңдарында жалаң и жазылады, бірақ сөз жуан болса, и әрпін жуан ый етіп айту керек. Мысалы: сияқты (айтылуы: сыйақты), сидаң қағу (айтылуы: сыйдаңғағу), сидиды (айтылуы: сыйдыйды), сиқыр (айтылуы: сыйқыр), сипақтау (айтылуы: сыйпақтау), сипаң-сипаң (айтылуы: сыйпаңсыйпаң), сипат (айтылуы: сыйпат), бұл сөздің сыпат түрі де айтылады, әйтеуір сійпат деп бірінші буыннан жіңішке айтпау керек, сипау (айтылуы: сыйпау), сирақ (айтылуы: сыйрақ), сиыр (айтылуы: сыйыр), сия (айтылуы: сыйа), сиыну (айтылуы: сыйыну), типыл (айтылуы: тыйпыл), тиын (айтылуы: тыйын), тиянақ (айтылуы: тыйанақ). И дыбысының жуан не жіңішке айтылуы өзінің алдындағы дауыссыз дыбыстың айтылуына үлкен әсер етеді. Мысалы, ти және тый деген сөздерді айтып көріңдер: алғашқысында т дыбысын айтқанда, тілдің ұшы тіске тиіп, едәуір ілгері созылады да, соңғы жуан сөзде т дыбысын айтқанда, тіл сәл артқа қарай тартыңқы болады. Өзге дауыссыздар да осындай азын-аулақ өзгеріспен айтылады. Ол үшін жиі және жиын, би және быйыл, тиінжэне тыйын, шикі және шыйқыл деген сөздерді айтып көріңіздер де, басқы дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктерді аңғарыңыздар. Қазіргі кездегі орфоэпиялық қателіктердің көзге түсетін тұстарының бірі - жуан сөздердегі и дыбысын жазылуынша жіңішке айту (оқу). Мысалы, жиналыс, ми, дидар сөздерін жійналыс, мій, дійдар түрінде жіңішке айтушылық кездеседі. Бұл - дұрыс емес. Кейбір үш-төрт буынды создерде и дыбысынан басқа әрі жуан, әрі жіңішке дауыстылар аралас келеді. Ол сөздер көбінесе араб, парсы, орыс және интернационалдық сөздер болып келеді. Мысалы: қасиет, қиямет (қыйамет), Сәлима, антитеза, архипелаг, дебитор, артезиан. Мұндайда араб, парсы сөздеріндегі и дыбысы іле-шала қ дауыссызынан кейін тұрса, ый болып айтылады: қыйамет, қыйсап (есеп-қисап), ал қалған жағдайда жіңішке айтылады: Сәліймә, қасійет. Осы ережені сақтап және өзге қағидаларды да ескеріп мына үзіңділерді дұрыс айтып көріңдер, ол үшін транскрипциялап жазып көріңдер, яғни естілуінше (айтылуынша) жазыңдар. 1) Зым-зия, зымиян, тиянақ, жария, биялай, тиесілі, қияқ, Сұлуқия, қиқар, киім-кешек, қоқиланды, қомпиды, қария, зиянкес, Зікірия, Рәшида, Рахила, Рахима, Бәлия, Қапия, Халима, Кәрима, Бәтима, Фәтима, Қали, Ғали, Уәли. 2) Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын. Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кетпесе, енді өз ырқың. (Абай) 3) Біз бұлбұл қызыл гүлге тартқан сада, Нәркес көз, қалам қасты лағыл бала. Иранның Құсни-зия тотысындай, Гәухардан шыққан нәсіл тудың зада. Топ көрсе, қырындайтын біз бір тұлпар, Бұлбұл құс қызыл гүлге болып іңкәр. Сіздерді неге ұмытсын көрген сұңқар. (Ақан сері) 4) Сүйе алмадық, қия алмадық, қимадық, Неге біздер от құшаққа сыймадық? Екеуміз де екі айрылған өзендей, Махаббатты басқа жанға сыйладық. (Т. Молдағалиев)

Referencing norms: BirGanaIArpiZhazylady, IZhingishkeOzgeDauystylarBoiynsha, IZhuanOzgeDauystylarBoiynsha, MiZhiQiQosymshalary, MiZhiQiZhuanAitylady, QGBarSozdeIArdayymZhuan, SyiTyiArdayymZhuan, SyiTyiQosarYiArqyly, SyiTyiZhalangIZhengedi

article/17 · paragraph · referenced by: 4

kk-KZ · official · sha256:962894c10516b948ae98bc3b1e8098a19895e3c19d4e4b56ee0d53a4920e189dKK-KZ

§17. Қазіргі емле ережелеріміз бойынша қосар ұу, үу әріптерінің орнына жалаң у әрпі жазылады. Бұл дыбыстың да айтылуының жуанжіңішке екендігін (ұу немесе үу екендігін) сөз ішіндегі өзге дауыстыларға қарап айыру керек. Екі, үш не одан да көп буынды сөздерде өзге дауыстылар жуан (а, о, ы) болса, ұ әрпімен келген тұс ұу болып, ал жіңішке (е, ә, ө, ү, і) болса, үу болып айтылады. Ал бір буынды сөздерді (олар сан жағынан өте аз) сөйлемнің мағынасына қарай қай сөз екенін ажыратып, жуан не жіңішке айтуға тура келеді. Мысалы, Үйдің төбесінде ту желбірейді деген сөйлемде ту сөзі жуан тұу болып айтылады. Ту дегенде түкірігі жерге түспейді деген сөйлемде ту сөзі жіңішке болғандықтан, түу деп айту керек. Сол сияқты: Шу, жануар, шу деді дегенде шу сөзін жіңішке шүу деп айту керек те, Көшеде айғай-шу естілді дегенде шу сөзінің жуан екенін, сондықтан шұу деп жуан айту керек екенін контекстен, яғни сөйлемнің мазмұнына қарап ажырату керек. Тәжірибеде у дыбысын жуан не жіңішке айтуда қиындық байқалмайды, сондықтан орфоэпиялық қателіктер де бұл ретте онша сезілмейді, дегенмен ту және түу, шу және шүу, гүугууледі (жазылуы: гугуледі) және гудок, су және сүурет (жазылуы: сурет) сияқты бес-он сөздің жуан-жіңішке айтылуынан жаңылыспаған абзал. Осы айтылғандарға сәйкес Абайдың мына жолдарын дұрыс оқып көріңдер. И дыбысы жуан және жіңішке айтылатын сөздерді ый, ій арқылы жазып көрсетіңдер. Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей, Сыртын танып, іс бітпес, сырын көрмей. Шу дегенде құлағың тосаңсиды, Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей. (Абай) Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу, Көбелек пен құстар да сайда ду-ду. Гүл мен ағаш майысып қарағанда, Сыбдыр қағып бұраңдап ағады су. (Абай)

Referencing norms: BirBuyndydaMagynaBoiynsha, BirGanaUArpiZhazylady, UZhingishkeKopBuyndyda, UZhuanKopBuyndyda

The hash beside the text is the sha256 of its exact bytes. It is the check that the text shown matches the one pinned in the package: a divergence fails the oracle’s static analysis.