Source / pinned edition

Қазақ тілінің анықтағышы: емле, тыныс белгілері, сөз сазы

Source of package kz.grammar.erin_undestigi · Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.

work
urn:kz:grammar:clir:erin-undestigi#ANYQTAGYSH_SYZDYQ
number
Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.
kind
urn:kz:grammar:clir:erin-undestigi#treatise

«ОРФОЭПИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР. СӨЗ САЗЫН КЕЛТІРУ ҚАҒИДАЛАРЫ»: § 1 — § 36 (scope пакета — § 10)

edition
urn:kz:grammar:clir:erin-undestigi#ANYQ_SOZ_SAZY
language
kk
officiality
unofficial
materialisation
PINNED_UNOFFICIAL_COPY
life cycle
adopted: 2000-01-01

Publications

URITypedocumentHashRetrieved
https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdftext/plain; charset=utf-8sha256:9a5c6abb0dd3e608f36b432129b7f556e5dae67a91b7d11130dd4746da4248f32026-08-30T12:00:00Z

Fragments — 1

article/10 · paragraph · referenced by: 7

kk-KZ · official · sha256:03ac2a4ec7386fa46afe5482348fd354898c096139e4ae348830c5e3b58211a3KK-KZ

§10. Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ұ, ү, о, ө дыбыстары және екі дауыстының ортасында келген у дыбысы (тауық, бауыр сияқты сөздерде) келесі буындағы ы, і дыбыстарын өзгертіп, ұ, үлерге жуықтатып естіртеді (ашық буын дегеніміз кұ-, кү-, қо-, бұ, бү- сияқты дауысты дыбысқа бітетін буындар). Мысалы, құ-лын, бү-гін, о-рын, кү-ліп, өмір деген сөздер кұлұн, бүгүн, орұн, күлүп, өмүр болып айтылады. Еріндік дыбыстардың ықпалы үшінші, төртінші буындарда біртіндеп әлсірей береді. Мысалы, күмістің деген сөздің екінші буыны ү-ге ұқсап, соған жуық айтылса, үшінші буында і-ге жуықтау айтылады: күмүстің. Сол сияқты сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ө, ү дыбыстары келесі буындағы е дыбысын өзіне жуықтатыңқырап естіртеді, бұл әсердің де күші үшінші, төртінші буындарда әлсірей түседі. Мысалы: өнер, кө-ре-ді, ө-сер, кө-бе-лек, жү-рек, кү-рек деген сөздер өнөр, көрөді, көбөлек, жүрөк, күрөк болып айтылады. Қазіргі кезде бұл сияқты ерін үндестігі байқалатын сөздерді жазылуынша оқу орын алып барады, әсіресе екінші буындағы е дыбысын э етіп, өнэр, үлэс, өрэн түрінде айтушылық байқалады, бұл, әрине, қате. Осы ережеге сай етіп, мына шумақтарды дұрыс айтып көрелік: Жігітке / өлеңдөнөр / өнөрдөнөр // Шынжүйрүк / өргөшапса / өршөлөнер // (Халық Өлеңі) Қазақтың / өзгөжұрттан / сөзү / ұзұн / Бірінің / бірішапшаң / Ұқпассезүн // Көздүңжасы / жүрөктің / қаныменен / Ерітуге / болмайды / ішкімұзұн // (Абай) Бірінші буын бітеу не тұйық болса (бітеу буын дауысты мен дауыссыздан тұрады: өр, ұр, ұл, үс, өс деген сияқты, ал тұйық буынның алды-арты бірдей дауыссызға бітеді: қол, көр, көз, түн дегендей) келесі буындағы ы, і, е дыбыстарының ұ, ү, ө-ге қарай бейімделуі сәл бәсеңдеу болады, дегенмен таза өздерінің дыбысталуын да сақтамайды. Мысалы, қолтық, қойдыр, құлдық, көркем, көзде, бөрте сияқты сөздердің екінші буындарындағы ы, і, е дыбыстарының езулік болып айтылуы сәл солғындау (күмүс, өнөр дегендерге қарағанда). Осы ережелерге және бұдан басқа көрсетілгендеріне орай етіп, мына үзінділерді дұрыс оқып және жазып көріңдер. Соңғы ережеге сай дыбыстары үндесіп айтылатын сөздердің астын сызыңдар не атаңдар. ...Өсер...өсер...не өсер? Тек зұлымдық өсер нөсер болып сенен! Сор өсер, ар өшер!... Өскенде тек зар өсер сенің лағынет табаның астында! (М. Әуезов). Қ а р а б а й. Құтылдым ба, құтылмадым ба? Көзім көрмес, қолым жетпес жерге кеттің бе, кетпедің бе?! Қараң батып болды ма, болмады ма? Уа, қайда әлгі қатын-баласы? Жық үйді, арт жүкті! Айдат жылқыны! (Ғ. Мүсірепов). Бүгін сүйсем, сені алсам - ертең жалқып, Суып қайтар көнілім желше шалқып, Қуантып, қайғыменен суалтамын Біреудің қызыл гүлін тұрған балқып, Құдайдың толып жатыр күні бүгін, Жігіттің тани алмай кемшілігін. Бір алып қадірлемей, тастап кеткен Тартып жүр қиянатшыл ер күйігін. (Абай)

Referencing norms: BitewBuyndaBeyimdeluBasengdeidi, BitewBuyndaTazaDybystaluSaqtalmaidy, EkiDauystyOrtasyndagyUZhuyqtatady, ErindikEZhuyqtatady, ErindikYIZhuyqtatady, YqpalAlsireidi, ZhazyluynshaOquQate

The hash beside the text is the sha256 of its exact bytes. It is the check that the text shown matches the one pinned in the package: a divergence fails the oracle’s static analysis.