Source / pinned edition

Қазақ тілінің анықтағышы: емле, тыныс белгілері, сөз сазы

Source of package kz.grammar.defis · Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.

work
urn:kz:grammar:clir:defis#ANYQTAGYSH_SYZDYQ
number
Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.
kind
urn:kz:grammar:clir:defis#treatise

І Тарау «ОРФОГРАФИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІ»: § 1 — § 129 (scope пакета — § 34 — § 38)

edition
urn:kz:grammar:clir:defis#ANYQ_EMLE
language
kk
officiality
unofficial
materialisation
PINNED_UNOFFICIAL_COPY
life cycle
adopted: 2000-01-01

Publications

URITypedocumentHashRetrieved
https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdftext/plain; charset=utf-8sha256:79042dc1b49fea1561c824d787861d0f3193bf3a19ba3f65f4facd20982f37532026-08-30T12:00:00Z

Fragments — 5

article/34 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:35f168c53b8f45ce45485d1b32ea4b5bbb01b7520d359604dbd0347f237c5922KK-KZ

§ 34. Әріптерден қысқарған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары соңғы әріптің немесе соңғы цифрдың айтылу әуеніне қарай, ал олардың ішінде дауысты дыбыс болса, сол дыбыстың айтылу әуеніне қарай жуан не жіңішке жалғанады да, дефис арқылы жазылады: АҚШ-қа, БАМ-ға, ЮНЕСКО-ның, МТЗ-82-ге (сексен екіге).

Referencing norms: AriptikQysqartugaQosymshaDefispen

article/35 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:10b837848585042ce4e29f8cbb5aea7135d94930f4ee2e3ce80297656a506454KK-KZ

§ 35. Цифрмен жазылған есептік, бөлшек сан есімдерге дефис арқылы жалғанатын қосымшалардың жуан-жіңішкелігі цифрмен белгіленген санның айтылуына қарай болады: 10-ды 2-ге көбейт (онды екіге). Оқушылардың 20-сы экскурсияға кетті (жиырмасы). Жолдың 1/5-іне келіп қалдық (бестен біріне).

Referencing norms: CifrlySangaQosymshaDefispen

article/36 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:adf2219c62ef08a46c4215be7e1793396e573859e11937d5de7bb5af78cdacd0KK-KZ

§ 36. Процентті (%), градусты (°) белгілейтін таңбалары бар сөздерге қосымша пайыз (процент), градус деген сөздердің соңғы буынының әуенімен (процент сөзіне жіңішке, пайыз, градус сөздеріне жуан) жалғанады: жұмыстың 90%-ы (тоқсан пайызы) немесе 90%-ті істелді (тоқсан проценті). Суықтық 20° -қа дейін барды (жиырма градусқа).

Referencing norms: PayyzNeGradusTanbasynaQosymshaDefispen

article/37 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:b2b8f3153f8daa91490e1120e0cc4ab783a5ad89dc59f6e30fafc7ce3add72f3KK-KZ

§ 37. см, мм, км, га сияқты қысқарған белгілерге жалғанатын қосымшалар да дефис арқылы жазылып, осы белгілер таңбалайтын сөздердің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады: Ұзындығы 10 см-ге (он сантиметрге) жуық сызық сызыңдар. 20 кмден (жиырма километрден) астам жер жүрдік. 500га-ға жуық жер жыртылды (500 гектарға).

Referencing norms: QysqarganBelgigeQosymshaDefispen

article/38 · paragraph · referenced by: 1

kk-KZ · official · sha256:0400e8e6e930e088ba13fb932cc17c68e3f8c6ca6266dba2ed085d766bedcb9aKK-KZ

§ 38. Жеке әріптер, жеке сөздер объект болып, оларға қосымшалар жалғанғанда, сол объектілердің айтылу әуеніне қарай жуан не жіңішке болып, дефис арқылы жазылады: а-ның артикуляциясы ә- ге қарағанда өзгеше. “Жаз шықты ” және “хат жаз ” дегендердегі жаз-дың мағыналары бір емес. Жомарт Жақыптың “дұрыс”-ын осымен екірет естіді (Ғ.Мұсатфин). Е с к е р т у: см, мм, км, га сияқты кысқарған таңбалар өзге шрифтімен (қурсивпен) терілуі мүмкін. Бірақ барлық жағдайда да қосымша дефис арқылы жазылады. Сондай-ақ объект болып тұрған жеке әріптер, буындар, сөздер тырнақшаға алынып жазылуы да мүмкін, бірақ ол күнде де қосымшамен екі араға дефис қойылады: “а”-ның артикуляциясы “ә”-ге қарағанда өзгеше.

Referencing norms: ObiektAripNeSozgeQosymshaDefispen

The hash beside the text is the sha256 of its exact bytes. It is the check that the text shown matches the one pinned in the package: a divergence fails the oracle’s static analysis.