Source / pinned edition
Қазақ тілінің анықтағышы: емле, тыныс белгілері, сөз сазы
Source of package kz.grammar.birge_bolek · Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.
- work
- urn:kz:grammar:clir:birge-bolek#ANYQTAGYSH_SYZDYQ
- number
- Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.
- kind
- urn:kz:grammar:clir:birge-bolek#treatise
І Тарау «ОРФОГРАФИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІ»: § 1 — § 129 (scope пакета — §§ 49—65, 67, 69—78)
- edition
- urn:kz:grammar:clir:birge-bolek#ANYQ_EMLE
- language
- kk
- officiality
- unofficial
- materialisation
- PINNED_UNOFFICIAL_COPY
- life cycle
- adopted: 2000-01-01
Publications
| URI | Type | documentHash | Retrieved |
|---|---|---|---|
| https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdf | text/plain; charset=utf-8 | sha256:79042dc1b49fea1561c824d787861d0f3193bf3a19ba3f65f4facd20982f3753 | 2026-08-30T12:00:00Z |
Fragments — 28
article/49 · paragraph · referenced by: 4
kk-KZ · official · sha256:17e3400a65872274c1f1b1bb5456b74ba6a2f4f8713ab094a3edaef0a16df31fKK-KZ
§ 49. Малды (көбінесе жылқыны) сипаттау үшін сын есіммен қатар
айтылатын төбел, қасқа, шолақ сияқты сөздер де бөлек жазылады: торы
төбел (ат), құла қасқа (бие), шолақ торы (жабағы), ақ бақай (ат).
Referencing norms: BirynggaiAnyqtauyshUtirArqyly, MalSypattauTirkesiBolekZhazyldy, MaldyngMenshiktiAtyBirigipBasArippen, QosSozDefisArqyly
article/50 · paragraph · referenced by: 2
kk-KZ · official · sha256:53747616438da2bb354b06b576d4ca50ba2cdf425d229b27754f957710ee9e79KK-KZ
§ 50. Жеке тұрып сол тіркестегі беретін мағынасында
қолданылмайтын қақ (тіркестегі мағынасы “екі” және “дәл”), қара
(тіркестердегі мағыналары “үлкен”, “жай, күрделі емес, қарапайым” т.б.),
қас (тіркестегі мағынасы “нағыз”), қыр (“артқы, соң”), сар(ы) (тіркес
құрамындағы мағынасы “үлкен”, “ұзақ”) сияқты сөздермен келген
тіркестердің әрбір компоненті белек жазылады: қақ айрылу,қақ алды, қақ
басы, қақ бастан (салып қалды), қақ бөлу, қақ жару, қақ маңдай, қақ шеке,
қақ төсі, қақ тілу, қара жаяу, қара жол, қара жел, қара өлең, қара сөз,
қара халық, қара нәпір, қас батыр, қас маңғаз, қас сұлу (қаса сұлу), қыр
желке, қыр соңынан, сар желу, сар(ы) қарын, сар дала, сары буын, сары
жілік, сары уайым, сары балақ, (бұлардың да жазылуын емле сөздіктері
реттеп көрсетеді).
Е с к е р т у. Бұл қатарға қыркүйек, қақбас (“баласыз” және “жексұрын”), қаскүнем,
қаскөй, қасқалдақ, саратан (ай), сарауру, саршұнақ (тышқан), сарсу (ауру), сарыбас (жылан)
тәрізді бірге жазылатын сөздер жатпайды. Бұлар аң-кұс, жан- жануар, жәндік, ауру-індет т.б.
атаулары болғандықтан, бір сөз ретінде танылады.
Referencing norms: AngQusAuruAtauyBirge, ZhekeQoldanylmaityngSozdiyngTirkesiBolek
article/51 · paragraph · referenced by: 1
kk-KZ · official · sha256:0b5ef5317cd808f8cc18335cbae6828ff926b5198c82cc81bdd63f55e3415d96KK-KZ
§ 51. К ү р д е л і е т і с т і к т е р д і ң әрбір сөзі бөлек жазылады.
Күрделі етістіктер екі, үш, кейде төрт, бес сөзден де құралуы мүмкін:
келе жатыр, оқып отыр, алып бер, келе қал, бара алмады, жүріп келе жатыр,
алып беріп жібер, бара алмай қалды, жүріп келе жатыр еді, оқып отыра
бергісі келді, кетіп қала жаздап барып қалды.
Referencing norms: KurdeliEtistikBolek
article/52 · paragraph · referenced by: 1
kk-KZ · official · sha256:384754da792244092895e44ec3c9fd5b4eeb6139d8264d872a4853b1ba1ec6b2KK-KZ
§ 52. Екі етістіктен бірігіп, ықшамдалып, қалыптасып кеткен әпер
(алып бер), әкел (алып кел), әкет (алып кет), түрегел (тұра кел), мойынсұн
(мойын ұсын), өсіт (осылай ет), бүйт (бұлай ет), неғып (не қылып), неткен
(не еткен), қайткен (қалай еткен) сияқты сөздер сол қалыптасқан ықшам
тұлғасында да, күрделі түрінде де қолданылады. Соңғы жағдайда екі етістік
бөлек-бөлек жазылады. Мысалы: Кітапханадан көп кітап әкелдім Кітапханадан көп кітап алып келдім. Ол түрегелді де, гимнастика жасай
бастады - Ол тұра келді де, гимнастика жасай бастады. - Әкет әрі - Алып
кет әрі!
Е с к е р т у. Мойынсұну, неткен, сөйтіп, өйтіп, өйткені, неғып сияқты сөздердің толық
(күрделі) түрде тұлғалануынан (жұмсалуынан) гөрі осы ықшамдалған тұлғасында қолданылуы
басымырақ.
Referencing norms: EkiEtistiktiyngKurdeliTuriBolek
article/53 · paragraph · referenced by: 3
kk-KZ · official · sha256:1cd9bc5f955dba83e79d97625519c42c457c48d38a93658192006e7d63779063KK-KZ
§ 53. Есімдер мен етістіктерден араласып құралған, бір мағына
беретін тіркестердің әрбір сөзі бөлек жазылады: жұмыс істеу, қызмет ету,
жәрдем беру, қол шапалақтау, ат қою, егін ору, жер қазу, жер өлшеу, іс
жүргізу.
Мұндай тіркестердің соңғы компонентіне жұрнақтар жалғанып,
туынды сөз жасалған күнде де әр сөз бөлек-бөлек жазылады: қызмет етуші,
жәрдем бергіш, ат қоюшы, егін орушы, жер қазушы (адам), сөз жасаушы
(жұрнақ), іс жүргізуші (делопроизводитель). Есім мен етістіктерден
жасалған тіркестер -у, -мақ жұрнақтарымен келіп, заттық ұғымды (демек,
бір ғана заттың, құбылыстың, ұғымның атауын) білдірген күнде де олар
күрделі сөз ретінде бөлек-бөлек жазылады. Мысалы: ду қол шапалақтау,
астық жинау басталды (мұндағы астық жинау заттық мағынада жұмсалып
жүр).
Referencing norms: EsimEtistikTirkesiBolek, ZattyqUgymdyBildirgenTirkesBolek, ZhurnaqZhalganganTuyndyBolek
article/54 · paragraph · referenced by: 3
kk-KZ · official · sha256:1c6004610a99f52bd43634936b016f6dfc2bd3d30bcf39e30c1294e3755fe739KK-KZ
§ 54. Идиомалық, фразалық тұрақты тіркестердің әрбір сөзі бөлек
жазылады. Әдетте мұндай тіркестер бір ғана ұғымды білдіреді, сондықтан
олардың екі сөзден тұратындары біріккен сөздерге ұқсап, жазуда көп
қиындық келтіреді. Терминдік мәнге ие болып, біріккен сөз дәрежесіне
көтерілген бірқатар тұлғалардың о баста идиома не фраза болғандығы да
(мысалы: келіссөз, көзқарас, ақсақал, атқамінер т.с.) бұл қиындықты
күшейте түседі. Дегенмен идиома мен фразалық тіркес компоненттерінің
бөлек жазылатындығын негізгі қағида деп ұғыну қажет. Бұлар есім
мағыналы да, етістік мағыналы да болып келеді. Мысалы, есімдер: көк езу,
сөз бұйда, өгіз аяң, арам ой, арам ойлы, ақ көңіл, ақ көңілді, қара ниет, қара
ниетті, қара ниеттілік, асқар тау, шалқар көл, бие сауым (уақыт) ет асым
(уақыт), қозы көш (жер), тіс қаққан (бала). Етістік мәнді фразеологизмдер:
тіл қату, тіл алу, тілге келу, тілін тарту, тіл өту, тіл ширату, бас ию, бас
көтеру, бас салу, бас сауғалау, бас тарту, бас қатыру, бас қорғау, бас қосу,
бас құрау, бел байлау, бой бермеу, бой тасалау, бой ұру, жан ұшыру, жан қию,
жаны ашу, қол жету, қол кою, қол байлау, қол үзу, ат қою (“шабуылға шығу”
мағынасында), ат салысу, жек көру т.б.
Етістік мәнді фразалық тіркестерден жұрнақтар жалғанып
жасалған туынды сөз-тіркестердің де әр компоненті бөлек жазылады: тіл
алу - тіл алғыш (бала), бас көтеру - бір үйдің бас көтерген үлкені, бас
қатыру- бас қатырушылық, бой ұру - бой ұрғыш, жан қию - жан қиярлық (іс),
жаны ашу - жаны ашығыш, қол жету - қол жеткен (табыстар), қол байлау,
қол үзбеу - қол үзбей (көмектесу), жек көру- жек көрінішті, жек көрушілік,
жүз таныс - жүз таныстық, салқын қанды - салқын қандылық, бір сөзді - бір
сөзділік.
Е с к е р т у. Етістік тұлғалы сөз тіркесінен жасалып, терминге айналған сөздер
біріктіріліп жазылады. Мысалы: басқосулар (саяси-әлеуметтік термин, яғни белгілі бір адамдар
тобының белгілі бір саяси, қоғамдық, тәрбиелік т.б. мақсатпен бас қосқан жиындарының ресми
атауы), жанкүйер (спорт термині), мұзжарғыш (кеме), қаржыртқыш (машина атауы),
қойтоғытпа (ауыл шаруашылык саласының термині, яғни қойға қотыр түсірмеу және қотырдан
емдеу үшін қолданылатын арнаулы шараның атауы), мұзойнақ (спорт термині), өнертапқыш,
өнертапқыштық, пікірталас, атқамінер, алыпсатар, ізашар, еттартқыш, шаңсорғыш (құрал
атаулары). Бұлар жөнінде 58-64 параграфтарды қараңыз.
Referencing norms: FrazadanZhasalganTuyndyBolek, IdiomaFrazaBolek, TermindgeAinalganSozBiriktirilip
article/55 · paragraph · referenced by: 1
kk-KZ · official · sha256:3c9130e3382ecd43d3c3a6a4d5bf1edea3ed1d8472dfdbea818f9887f6b8307eKK-KZ
§ 55. Қыз, ер, сал, сері, батыр, балуан, сұлу, би, қожа тәрізді тұрақты
эпитеттер өздеріне қатысты жалқы есімдерден бөлек жазылады. Олар жалқы
есімдердің алдынан да, соңынан да келе береді. Алдынан келгенде,
эпитеттер бас әріппен; ал соңынан келгенде кіші әріппен жазылады. Қыз
Жібек, Ер Тарғын, Балуан Шолақ, Алдар Көсе, Ер Төлеген, Батыр Мәлік,
Тентек Ояз, Кішкене Молда (соңғы екеуі Мұхтар Әуезовтің“Абай”
романынан), Жаяу Мұса, Біржан сал, Акан сері, Қамбар батыр, Баян сұлу,
Жиренше шешен, Аяз би, Игілік би, Күреңкөз қожа (соңғы екеуі
Ғ.Мүсіреповтің “Оянған өлке” романынан).
Referencing norms: TuraqtyEpitetZhalqyEsimnenBolek
article/56 · paragraph · referenced by: 1
kk-KZ · official · sha256:132145713ff1721f553630b60be4c63d94feaea448d1102623d8816ff20a3bc0KK-KZ
§ 56. Ұқсас жер аттарын бір-бірінен ажырату үшін, сол атаулардың
алдынан келетін тұрақты анықтауыштар бас әріптен басталып, бөлек
жазылады: Кіші Жамантау, Үлкен Жамантау, Күнгей Алатау, Ақ Қойтас,
Қара Қойтас, Орта Азия, Орталық Азия, Кіші Азия.
Referencing norms: ZherAtynAzhyratatynAnyqtauyshBasAripBolek
article/57 · paragraph · referenced by: 3
kk-KZ · official · sha256:31f03b6ddc4220e94173e11b5912988a12ff6c1c72aa8047042a6a29363da1d5KK-KZ
§ 57. Ғылымның әр алуан саласына жататын күрделі терминдердің
компоненттері бөлек жазылады. Ол күрделі атаулар бірнеше тәсілмен
жасалады:
1. тәуелдік жалғаулы сөзбен келеді: көмір қышқылы, тіл білімі, оқу
орны, мал шаруашылығы (животноводство);
2. етістікті тіркес болып келеді. Мысалы: дауыс беру, жер аудару,
шағым беру заң термині), тыйым салу;
3. анықтауышты тіркес болып келеді: өзара әсер (философия
термині), жеке адам (личность), жәрдем ақша (пособие).
Referencing norms: AnyqtauyshtyTirkesTerminBolek, EtistiktiTirkesTerminBolek, TaueldikZhalgaulyTerminBolek
article/58 · paragraph · referenced by: 2
kk-KZ · official · sha256:41265c9a2870bdbf3293222106f1acfdd5820a148cd105a2cadababbf61e940cKK-KZ
§ 58. Біріккен сөздерді жасап тұрған компоненттер, негізінен,
түбір тұлғалары сақталып, бірігіп жазылады: асқазан, алабұға, алақоржын
(өсімдік), баспасөз, балабакша, біркатар, бірыцғай, бозбала, бозқырау,
демалыс, денсаулық, еңбеккүн, жарқабақ, кәсіподақ, кәсіпорын, қолбасшы,
қолжазба, қолөнер, қолтаңба, оңтүстік, орынбасар, өнеркәсіп, өнертану,
өнертапқыш, сегізкөз, солтүстік, шаштараз, суықторғай, түйетауық,
уқорғасын.
Referencing norms: BirikkenSozKomponentiBirigip, BirikkenSozKomponentiTubirSaqtap
article/59 · paragraph · referenced by: 2
kk-KZ · official · sha256:49094567c79607afc0e88a413845d3c206d9468a2cc520afc3554faf86f8d0b9KK-KZ
§ 59. Бірсыпыра біріккен сөздер өзгерген қалпында, айтылуынша
жазылады: бүгін, биыл, жаздыгүні, қыстыгүні, бүрсігүні, күздігүні, белбеу,
қолғап, қолғанат, қолғабыс, қарағаш, апару, әкелу, түрегелу, мойынсұну.
Біріккен сөз болатындар:
Referencing norms: OzgergenBirikkenSozAityluynsha, OzgergenSozTubirSaqtauTuzhyrymynZhengedi
article/60 · paragraph · referenced by: 3
kk-KZ · official · sha256:d511668f292abb16e2e2560a6a0ea222b52c14b740d07c070190bfe7b52ba1ffKK-KZ
§ 60. Топонимикалық атаулар, яғни жер-су аттары. Бұлар, негізінен,
түбір тұлғалары сақталып жазылады: Актөбе, Ақжар, Алатау, Жезқазған,
Талдықорған, Қызылорда, Сарыөзек, Сырдария, Баянауыл, Ұлытау, Қаратау,
Жаманшұбар, Еңбекшіқазақ. Кейбір жер аттары үш сөзден жасалады да,
үшеуі де бірігіп жазылады: Екібастұз, Қызылжарқұдық, Ақдаласор,
Актүйесай, Алқакөлқұм, Ақбасатан. Тіпті кейде төрт түбірден құралып
жасалған жер-су аттары да кездеседі: Аймысықкөккөз (тау, шоқы аты,
Қарағанды облысының Шет ауданында), Ақсортопырақсай (сайдың аты,
Ақадыр ауданында).
Referencing norms: ToponimBirikkenSoz, ToponimTubirSaqtap, UshSozdenZhasalganZherAtyBirigip
article/61 · paragraph · referenced by: 4
kk-KZ · official · sha256:1e3b489da14545822c616552be1825544dff9df96fb1e19e823ce48296caaee8KK-KZ
§ 61. Қазақша кісі аттары мен ру-тайпа және бірен-саран халық
аттары. Бұлардың да көпшілігі, негізінен, түбір тұлғалары сақталып, бірге
жазылады: Ақбөпе, Ақмарал, Гүлжәмила, Ғалиябану, Жақыпбек, Жанбота,
қаракерей, жетіру, қарақалпақ, қарақыпшақ.
Бірқатар кісі аттары дыбысталуы жағынан өзгерген күйінде
жазылады: Амангелді, Жангелді, Нүргелді, Қарагөз, Ботагөз, Айғыз, Әйгерім,
Жанғозы, Телғожа, Дәметкен, Ұлбосын, Айғаным.
Адамның фамилиясын немесе әкесінің атын білдіру үшін
қолданылатын ұлы, қызы деген сөздер жалқы есімге қосылып жазылады:
Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов, Бауыржан
Момышұлы, Сара Сәтбайқызы Есова.
Referencing norms: KisiRuTaipaAtyBirge, OzgergenKisiAtyAityluynsha, OzgergenKisiAtyTubirSaqtauTuzhyrymynZhengedi, UlyQyzyQosylyp
article/62 · paragraph · referenced by: 2
kk-KZ · official · sha256:34a8ee79828404f6cae9b76d15f56dc243f1b7183924d2d6e5a843aa6681ea43KK-KZ
§ 62. Ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы терминдік мәнге
ие болған атаулар бастапқы түбір тұлғаларын сақтап, бірігіп жазылады.
Оның ішінде:
Саяси-әлеуметтік
терминдер
мен
тарих,
э к о н о м и к а ғылымдарына жататын сөздер: өнеркәсіп, кәсіподақ,
бесжылдық, көзқарас, баспасөз, арақатынас, еңбеккүн, еңбекақы, жалақы,
қаламақы, шикізат, қолбасы, келіссөз, қонақасы, өнертабыс, алауыздықтар
(мемлекеттер, одақтастар, пікірлестер т.б. аралығындағы келіспеушіліктер),
көзбояушылық, сөзбұйда (волокита деген терминнің баламасы), қосмәнділік
принципі (философия термині).
Б и о л о г и я ғылымына жататын терминдер, яғни аң-құс, жанжануар, өсімдік, ағаш, құрт-құмырсқа атаулары және осы салаға қатысты
өзге де терминдік сөздер: алабота, кәріқыз, алақоржын (өсімдік аттары),
қырықаяқ, бұзаубас, қарақұрт (жәндіктер), ақиық, бізтұмсық, бірқазан,
өгізшағала
(құс
аттары),
гүлтабан,
бұршаққын,
тозаңқап
(ботаникатерминдері).
Бірінші сыңары түсті білдіретін сын есімдер (ақ, сары, қызыл, қара
т.б.), немесе мал, аң-құстардың жалпы атаулары (қой, сиыр, түйе, қозы,
бөрі, аю, қоян, қаз т.б.), я болмаса тау, шөл, құм, дала, су, тас, у деген
сияқты сөздер болып, екінші сыңары нақты өсімдік немесе аң-кұстардың
аты болса, бұлармен жасалған сөздер биологиялық терминдер ретінде
қосылып жазылады (қазақ тілінің емле ережелері мен 1988 жылғы
Орфографиялық сөздікте алдыңғы сөз анықтауыш ретінде бөлек
жазылады деп көрсетілген ереже түзетілуге тиіс): құмбетеге, субетеге,
қоянжоңышқа, сиыржоңышқа, түйежоңышқа, қойжусан, қызылжусан,
қаражусан, қойқарақат, бөріқарақат, аюқарақат, қызыл- қарақат,
қарақарақат, түйекекіре, укекіре, атбұршақ, түйебұршақ, бөрібұршақ,
майқаңбақ, балқаңбақ, сорқаңбақ, аққайың, қотырқайың, үлпекқайың,
қызылқайың, итжуа, итбүлдірген, итбадам, итқонақ, итқұмық, итошаған,
итсигек, итбүлдірген, таутеке, субүркіт, сужылан, убалдырған, убидайық
Е с к е р т у. Ақ, қара, қызыл, қоңыр деген сын есімдер аң-құс,
өсімдіктердің түсін айыру үшін қолданылған болса, бөлек жазылады: ақ аю,
қоңыр аю, қара бұрыш, Кызыл бұрыш, қара жүзім, қара өрік, қоңыр қаз. Кер
сөзі де түсті білдіріп тұрса, бөлек жазылады: кер ат, кер ала, кер бесті, кер
жағал, кер төбел, кер марал, ал кері жәнс керілген сөздерінің ықшамдалып
барып тіркескен түрімен келген күрделі сөздер бірігіп жазылады: керауыз,
керзаман, кермиық, кертақыс, кертартпа.
Ф и з и к а - м а т е м а т и к а ғылымдары мен өндіріс-техника
саласына жататын терминдердің бірсыпырасы біріккен сөздер болып келеді.
Мысалы: сегізжақ, үшжақ, көпмүше, бірмүше, көпбұрыш, темірбетон,
қазаншұңқыр (котлован), майбалшық (раствор), жанармай, жағармай.
Медицина,
ветеринария
салаларына
қатысты
терминдердің бірқатары екі түбірден жасалып, бірігіп жазылады: шорбуын
(артрит), соқырішек, сарысу (илену), сарауру, көкжөтел, құрқұлақ, өкпеқұрт,
қоянжел.
Мәдени-ағарту, өнер, әдебиеттану,тіл б і л і м і
салаларына жататын терминдердің ішінде екі түбірден бірігіп жасалғандары
едәуір: күйтабақ, қылқалам, қолтаңба, сөзжұмбақ, жолжазба, сегізаяк,
сөзжасам, сөзтізбе (реестр).
Спорт саласына жататын терминдер екі түбірден жасалса, біріккен
сөз болады: бессайыс, онсайыс, мұзайдын, ойынсерік (партнёр), жанкүйер.
Спорт терминдері сияқты қазақша ұ л т т ы қ о й ы н а т т а р ы да
екі түбірден жасалса, көбінесе, біріккен сөз ретінде қосылып жазылады.
Бұлардың ішінде сын есім, сан есімдер мен зат есімдердің тіркесуімен
жасалғандары көбірек кездеседі: аққала, ақсүйек, түйебас, қосқұлақ,
әуетаяқ, салматаяқ, алакүшік, алтынқабақ, бурақотан, қарабие, қарақұлақ,
алтыбақан, бесқақбай, үштабан, шықетер, төртасық, бесасық, бестас,
соқыртеке, тоғызқұмалақ.
Сондай-ақ кейбір ойын аттары есімдер мен етістіктердің тіркесінен
жасалады, олардың көпшілігі біріккен сөз болады: балтамтап, қолсоқпақ,
ханатпақ, ханталау, тисінқабак, ал бірқатары күрделі соөз ретінде белек
жазылады: қыз қуу, орамал тастау. Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш
мүшелері бар, сөйлем іспетті құрылымдардан жасалған ойын аттары
тырнақшаға алынып, кейде тырнақшасыз әр сөзі бөлек жазылады: “ханды
қара басты ”, “хан жақсы ма?”, “кім түртті?”. Бір сөздің қайталауынан
жасалған немесе қарсы мәндес қос сөздерден жасалған ойын аттары
дефиспен жазылады, олар да көбінесе тырнақшаға алынады: “мыршыммыршым " “ұжмақ-тозақ ”, “хан-уәзір ”.
Әр түрлі ырым, ритуал аттары да екі түбірден тұрса, бір сөз
ретінде танылады: ақсарыбас, жолаяқ, беташар, есікашар, тұсаукесер,
атұстатар, қолұстатар, батаоқыр.
Х и м и я, г е о л о г и я , м е т а л л у р г и я салаларына қатысты
терминдердің бірқатары біріктіріліп жазылады: оттек (оттегі), сутек
(сутегі), қостотық, теміртас (железняк), таскөмір.
А г т р о н о м и я саласына қатысты терминдік сөздер екі түбірден
жасалса, біріктіріліп жазылады: көкжиек (горизонт), кемпірқосақ, оңтүстік,
солтүстік, шоқжұлдыз. Бұл топқа жұлдыздардың, шоқжұлдыздардың
аттары да жатады: Темірқазық, Жетіқарақшы, Ақбозат, Есекқырған,
Үшарқар, Құсжолы.
Біріккен сөз болатын терминдерге келгенде мынадай жайттарға көңіл
аудару қажет болады. Флора (өсімдік) пен фауна (жан-жануарлар)
дүниесінің терминдік атаулары болып келетін біріккен сөздердің жасалу
жолдары көбінесе мыналар:
1) Флора мен фауна атаулары түсті білдіретін ақ, қара, көк, сары,
қызыл, ала, боз деген сөздер мен жеке тұрғандағы лексикалық мағынасынан
айырылған сөздердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы, (алақоржын
(тышқан), ақиық (құс), қарақанат (өсімдік) дегендердегі қоржын, иық,
қанат сөздері осы атауларда өздерінің жеке лексикалық мағынасында
қолданылып тұрған жоқ, алдыңғы сөздермен бірігіп барып, нақты аңның,
құстың, өсімдіктің атауы болып тұр.
Бұл топтағы өсімдік атауларына мысалдар: ақбүйрек, ақбілек,
ақшелек, ақсырғақ, ақтамақ, бозбұғы, бозкілем, қарабас, қарақұлақ, қарашора,
қарашұнақ, қызылбас, қызылқұйрық, сарыбуын, сарысадақ, көкқасқа,
көкнайза, көксұлтан, көкшолақ.
Осы топтың жан-жануарлар атауларына мысалдар: ақиық, қарабай
(құстар), ақкөз, аққайран, ақсерке, алабұға, қаракөз (балықтар), алақоржын
(тышқан), қарақұйрық(аң).
2) Бірінші сыңары түсті білдіретін сын есімдер, екінші сыңары аңқұс, өсімдіктердің жалпы атауы болып саналатын құс, ағаш, балық, құрт,
шөп, гүл, торғай, жидек, жеміс сияқты сөздер болып келген атаулар
біріккен сөз болады: қарақұс, қараторғай, қарағаш, қарақұрт, сарағаш,
сарыгүл, сарышөп, қаражидек, қызылжидек. Мұнда да өсімдіктің нақты
атауы ағаш, гүл, жидек деген сөздер емес, сол сияқты құс, торғай дегендер
де нақты бір құстың аты емес, жалпы атаулар.
3) Бірінші сыңары әр алуан есім создер болып, екінші сыңары шөп,
от(ы), гүл, құс, торғай, балық, тауық, құрт сияқты жалпы атау болса, олар
да біріккен термин сөз болады. Мысалы: айгүл, айланшөп, бояушөп,
барқытшөп, қоңыраушөп, сәлемшөп, әтіргүл, безекгүл, тарақбалық,
теңгебалық,
қылышбалық,
күркетауық,
түйетауық,
тентекқұс,
жыланқұрт, суықторғай.
Соңғы компоненті жапырақ, тікен, тікенек, тамыр сияқты сөздер
болып келгендер де осы қатарға жатады: бабажапырақ, алтайтамыр,
сужапырақ, сүтжапырақ, теңкежапырақ, әректікен.
4) Екі сыңары да жеке тұрғандағы лексикалық мағынасынап айрылған
есім сөздер болса, ол атаулар да ботаникалық немесе зоологиялық терминдер
бола алады: егеуқұйрық, бізтұмсық, қаптесер, айқабақ, асқабақ, бестамақ,
балмұрын, томардәрі.
5) А. Бірінші сыңары мал атаулары (қой, сиыр, айғыр, түйе, бота,
бие, қозы, ат) аң атаулары (аю, киік, бөрі) немесе балық, бақа, құс деген
сөздер болып, екінші сыңары өзінің лексикалық мағынасынан айырылған
сөздерден жасалған биологиялық терминдер біріккен сөз болады: аюқұлақ,
аютабан, атқұлақ, атшоңқай, бақабас, балықкөз, бөрікөз, бөріқұлақ, бөрігүл,
ботатабан, қозыжаурын, қозықұйрық, қозықұлақ, құсаяқ, құсқонбас,
құстарақ, түйеқарын, түйеқұйрық, түйесүйек, түйежапырақ, биебау,
биеемшек, биеқарын, қоянсүйек, қоянтамақ, қоянтобық.
Ә. Бірінші сыңары кейбір малдар мен аңдардың жалпы атаулары
(қой, қоян, түйе, киік, балық т.б.) екінші сыңары шөп, от(ы), жапырақ, тікен,
жеміс, тамыр, ағаш, қат сияқты сөздер болса, бұлардың бірігуі арқылы да
ботаникалық терминдер жасалады: балықот(ы), қояноты, бақоты,
қойоты, қояншөп, қандағаш, қарағаш, қызылағаш, түйежапырақ, түйетікен,
киікоты, қазоты, бөріжеміс.
Е с к е р т у. Белгілі бір өсімдіктің түрін (сортын) айырып атау үшін жасалған, бірінші
сыңарлары мал мен аң-кұстардың жалпы атаулары (бөрі, аю, қоян, киік, қаз т.б.) екінші
сыңарлары жеке өсімдіктің өз атаулары болып келетін тіркестер де біріккен сөз болады (бұлар
жөнінде § 62-ты қараңыз).
Б. Өсімдік, аң-құс, жан-жануарлардың белгілі бір түрінің
(тұқымының, сортының) атауы алдынан олардың мекеніне, түсіне немесе
басқа да бір қасиет-белгілеріне қарай айтылып қалыптасқан тұрақты
анықтауыштары болады. Олар анықтайтын сөзінен бөлек жазылады.
Мысалы: мес бие, қулық бие, лақса бие, сарқарын бие; жөнек нар, үлкен нар,
оқпақ нар. Сонымен қатар мұндай терминдік анықтауыштар екі (кейде үш)
сөзден тұруы да мүмкін. Ол күнде бұл екі сөз өзара бірігіп жазылады да,
анықтайтын сөзінен бөлек тұрады. Мысалы: ақбас жонышқа, ақбас сиыр,
ақбас капуста дегендердегі ақ сөзі жоңышқаның, сиырдың, капустаның
бастарының ақтығын жай ғана суреттеп тұрған жоқ, ол бас сөзімен бірігіп,
сол өсімдіктің сортын немесе малдың тұқымын айырып атап тұр. Мұндай
терминдік мәндегі күрделі анықтауыштар негізінен ғылыми әдебиетте
(оқулықтарда, ғылыми зерттеулерде, энциклопедия мен сөздіктерде)
кездеседі және көбінесе калька жолымен жасалған аударма болып келеді:
ақтұмсық қарға, алақанат бозторғай, итбас жарғанат, алаяқ мәлін, ақтөс
сусар, аққабақ шымшық, бізқұйрық үйрек, сүйелтұмсық кептер,
қызғылтжирен саршұнақ, қызылерін ақмарқа.
Е с к е р т у. Екі-үш сөзден тұратын күрделі анықтауыштар ғылымдық термин болмай,
яғни түрді, тұқымды, сортты білдірмей, жай суреттеме атау үшін қолданылған болса, олардың
әрбір сөзі бөлек-бөлек жазылады: Мысалы: ақ шандыр бие, ит арқа ат, бас асау жылқы, иір
өркеш түйе, қара қайыс түйе, сары аяқ марқа, ақ ала мойын кептер, ұзын сирақ әтеш.
Биология саласының біріккен сөзден жасалған терминдері тек жанжануар, аң-құс, жәндік, өсімдіктердің аттары ғана емес, олардың
құрылысына, организміне, өсіп-өну процесіне т.б. қатысты атаулар болып та
келеді. Мысалы: гүлтабан, гүлшұнақ, тозаңқап, бұршаққын, сүткоректілер,
оңқанаттылар.
Referencing norms: GylymTehnikaTerminBirigip, GylymTehnikaTerminTubirSaqtap
article/63 · paragraph · referenced by: 2
kk-KZ · official · sha256:0a3386837be27676c3a4f6eba372a35f565189b8af7ae83391a09a3febdc8f70KK-KZ
§
63.
Әр алуан қ ұ р а л - ж а б д ы қ ,
қару-жарақ,
м а ш и н а , а п п а р а т , б ұ й ы м , ү й м ү л к і атаулары екі түбірден
жасалса, біріккен сөз болады. Бұлардың ішінде бұрын пайда болған
ежелгілері де, жаңалары да бар. Мысалы, көне мылтық атаулары: алтатар,
бесатар, күлдірмамай, жекауыз, бірауыз, қандауыз, жездауыз; әр түрлі үй
мүлкі мен бұйым атаулары: жұқаяқ, қазанқап, жастағаш, қолғап, қуысқұлақ,
музыкалық аспап атаулары: месқобыз, сазсырнай, асатаяқ, найсыбызғы,
қоссаз, желғабыз;өзге де құрал-жабдық аттары: атауыз, жерағаш (соқы),
тісағаш, шотаяқ сияқтылар ертеден келе жатса, мұзжарғыш, еттартқыш,
қаржыртқыш, астықтиегіш, шаңжұтқыш тәрізді жаңа машина, аппарат,
құрал-жабдық атаулары - кейіннен жасалған біріккен сөздер. Соңғы топтағы
нақты атау болып саналатын зат есімдерді осылармен тұлғалас келетін
кәдімгі анықтауыштармен шатастырмау керек, күрделі анықтауыштардың
әрбір сөзі бөлек жазылады: су тартқыш колонка (қандай колонка? - су
тартқыш), жүк көтергіш машина (қандай машина? - жүк көтергіш).
Referencing norms: QuralMashinaBuiymBirikkenSoz, TulgalasKurdeliAnyqtauyshBolek
article/64 · paragraph · referenced by: 3
kk-KZ · official · sha256:e2436b13f8598c4b88c29d9f30c565472e55e4e33994e4bd07cdfd47754c36f6KK-KZ
§ 6 4 . Әр алуан м а м а н д ы қ , к ә с і п и е л е р і н і ң аттары және
белгілі бір іске (әрекетке, жұмысқа т.б. ) бейім адамдардың атаулары да екі
сөз арқылы білдірілсе, біріккен сөз болады: алыпсатар, атқамінер,
теміржолшы, жолсерік (проводник), өнертапқыш, қызылізш.
Екі компоненті де етістік тұлғалы болып келетін сипаттама тіркестер
қосылып жазылады: көріпкел (адам), шығарыпсалма (сөз), суырыпсалма
(ақындық), алыпқашпа (сөз); бұл қатарға екінші компоненті ашық райдағы
етістік болып келетін тіркестер де жатады: ерғашты (болу), жүрекжарды
(хабар), қағазбасты(қызметкер), жолсоқты (болу), пышақкесті (тыйылу).
Етістік араласып жасалған әпербақан, ойбауырымдау (жоқтау), өлдемаған,
әлімжеттік (қылу), немкетті (қарау) немкеттілік, немқұрайды (қарау),
немқұрайдылық, қағазбастылық сияқты сөздердін осылайша жазылуы сөздік
бойынша реттеледі (яғни сөздіктен қарап жазу керек).
Referencing norms: AshyqRaidagyEkinshiKomponentQosylyp, EkiEtistikTulgalySipattamaQosylyp, MamandyqAtauyBirikkenSoz
article/65 · paragraph · referenced by: 2
kk-KZ · official · sha256:c3b1fda7bbbaa125f386d263493c613be205fcc697619155a3ed81a694ec7a6bKK-KZ
§ 65. Екінші сыңары аралық, тану, сымақ, құмар, жай, хана, ақы,
нама, хат, тас, бас деген сияқты сөздер болып келген тіркестер бір ғана
заттың атын білдіріп (көбінесе термин болып) тұрса, біріктіріліп жазылады:
халықаралық, ауданаралық, ведомоствоаралық; қоғамтану, шығыстану,
абайтану; шешенсымақ; асхана, құсхана, төлхана, перзентхана;
сапарнама, өмірнама, ғарышнама; шайқұмар, әнқұмар; жалақы, қаламақы,
еңбекақы, жамбасақы, көзақы (көргеннен көзақы алған), жолақы, кіреақы
(термин ретінде емес, образды фразеологизм құрамында келген ақы сөзі
бөлек жазылады: табан ақы, маңдай тері); сенімхат, түсінікхат,
келісімхат, мағлұмхат, сәлемхат (хат сөзі жалпы “жазылған дүние”
мағынасында келіп, алдыңғы сөз сол жазылғанның сипатын білдіріп тұрса,
бөлек жазылады: ашық. хат, жасырын хат, жабық хат, тапсырыс хат);
қоражай, саяжай, тұрақжай, қонақжай, жағажай (пляж), егінжай;
ұлутас, теміртас, сутас, тақтатас, зертас, сынтас, құлпытас, обатас,
этнографиялық бұйымдардың атаулары; тұмартас, есектас, құрал атауы:
шаңтас (бидай бастыратын), табиғаттағы құмтас, қойтас, жартас,
шағылтас (тас сөзі өзінің тура мағынасында келіп, алдыңғы сөз оның түрлі
сын-сипатын білдірсе, бөлек жазылады: малта тас, дөңбек тас, жақпар
тас, қайрақ тас, қабыршақ тас, шақпақ тас, серек тас, үңгір тас, тектұр
тас, лағыл тас, ақық тас, меруерт тас) қалжыңбас, қылжақбас, маубас,
жүдеубас, жындыбас, қаңғыбас, қақбас (бұларды алдыңғы компонент!
анықтауыштық қызметте келген қауға бас, дода бас, қазан бас, қасқа бас,
қалтақ бас деген жай тіркестермен шатастырмау керек); қолбасы, онбасы,
мыңбасы, жүзбасы, рубасы, түменбасы, көшбасы, әскербасы, дуанбасы;
қолбасшы, жолбасшы, көшбасшы (соңғыларды термин емес, жай мынадай
сөз тіркестерімен шатастырмау керек: сөз басы, түлік басы, төл басы, мал
басы - мал басын көбейту, жан басы - жан басына шаққанда) т.т.
Referencing norms: AtalganEkinshiSyngarBiriktirilip, TuraMagynadagyEkinshiSyngarBolek
article/67 · paragraph · referenced by: 3
kk-KZ · official · sha256:32227fd2513aaaec75b294f6c1386cbdacbec4a1c83abe4170a73e427bd4d919KK-KZ
§ 67. Бірінші компоненті фото, радио, электр(о), авто, аэро, кино,
гидро, агро, теле, стерео, мото, метео, био, микро, макро, квази, транс пегом
тұлғалар, екінші компоненті тәуелдік жалғаусыз сөз болса, әрі бұлар
қосылып, бір заттың, бір құбылыстың атын білдіріп тұрса, бірігіп
жазылады. Мұндайда екінші компонент қазақ сөзі де, кірме сөз де бола
береді: автомашина, автобаза, автоқалам, автосуарғыш, автотіркес,
авиапочта, авиабайланыс, авиамектеп, фотоаппарат, фотосурет,
электровоз,
электромагнетизм,
электроөткізгіш,
телемеханика,
телеқабылдағыш, теледидар, телестудия, телехабар, агрокомплекс,
агрошаралар, биосүзгі, макромолекула, микробиология, микросинтез,
трансевропалық, транссібірлік, инфрақызыл, ультракүлгін, изосызық,
гипержазықтық.
Е с к е р т у. Электр сөзімен келген тіркестер кейде о дөнекерінсіз
келеді де, осы сөзбен келген тіркес күрделі сөз ретінде танылып, электр
сөзі бөлек жазылады: электр агрегат, электр барабан. Ал тәуелдік
жалғаулы сөзбен тіркескенде, электр сөзінің бөлек жазылатыны өзінен-өзі
белгілі: электр қуаты, электр станциясы.
Орыс тілінен біріккен сөз болып танылатын кірме сөздер сол
қалпында (яғни орысша жазылуынша) таңбаланады: паровоз, бронепоезд,
бортмеханик, бензорез, метрдотель, амперметр, бормашина, самосвал,
газовоз, газогенератор.
Referencing norms: AtalganBirinshiKomponentBirigip, ElektrODonekerinsizBolek, OrysBirikkenKirmeOryshaTangbalanady
article/69 · paragraph · referenced by: 2
kk-KZ · official · sha256:06db15cf804839da930ad6d9b54304e599c37af893fff0332b93b6dbf0b7746bKK-KZ
§ 69. Плеоназмдардың (қосақтап қолданылған мағыналары бірдей
немесе жуық сөздердің) көпшілігі дефис арқылы жазылады: ел-жұрт, даужанжал, күш-қайрат, ұшы-қиыры, ар-намыс, аз-кем, ен-таңба, шам-шырақ,
айып-шам, шет-жағасы, хал-ахуал, мүкі-тақы (мүкі “аздап”, тақы - арабша
“аздап”).
Е с к е р т у. Қатарласа қолданылған мағыналас сөздердің бірқатары дефисссіз бөлек
жазылады: ежелгі ескі (досы), құр босқа, құр текке (мұндағы құр сөзі бекер, босқа, текке деген
сөздермен синонимдес), ақыр аяғында (ақыр - арабша "соң, ақыр” деген мағынада), сәске түс
(сәске - парсыша “түс”), әуел бастан (әуел парсыша “бас”), шынайы таза (бұлардың жазылуын
орфографиялық сөздік реттеп көрсетеді).
Referencing norms: PleonazmDefisArqyly, QatarlasaMagynalasSozBolek
article/70 · paragraph · referenced by: 4
kk-KZ · official · sha256:d6981a99201361dfebda0e8a2ec665caa1980f5c76f1e43571a389d608e88945KK-KZ
§ 70. Екі компоненті бір-бірімен мағыналас ала-бөле, желе- жортып,
баса-көктеп, жуып-шайып, өсіп-өну, қырып-жою, кекеп-мінеу, жылап-еңіреу
сияқты етістіктер де плеонастық қатарлар түзіп, дефис арқылы жазылады.
Бұлардың екінші сыңары әр түрлі тұлғада өзгеріп отыруы мүмкін. Ондай
жағдайда да дефиспен жазыла береді: жуып-шайып, жуып-шайды, жуыпшайғалы отыр, өсіп-өнді, өсіп- өне бермек, өсіп-өндік.
Ал тұлғасы жағынан осыларға ұқсас, бірақ біреуі негізгі, екіншісі
көмекші етістік болып келетін (яғни тең мағыналас емес) айта сала, келе
сала, көре сала, ести сала, көре тұра, біле тұра, ести тұра, сөйте тұра, кіре
бере, түсе бере, ала бере сияқты етістіктер бір-бірінен бөлек жазылады.
Е с к е р т у. Қос сөз немесе плеоназм типтес құрылымдардың әр компоненті бірнеше
сөзден тұрса, олар үтір арқылы немесе ешқандай тыныс белгісі қойылмай жазылады (соңғы
жағдай араларында мен жалғаулығы бар жерде болады): үн жоқ, түн жоқ (ал үнсіз-түнсіз), әй
дер ажа, қой дер қожа жоқ; бір сырлы, сегіз қырлы; апы кіріп, күпі шығып; алты аласы, бес
бересі; үлде мен бүлдеге (оранған); күн демей, түн демей, (ал күні-түні, күн-түн демей), аз
болсын, көп болсын (ал азды-көпті), ерте болсын, кеш болсын (ал ертелі-кеш); о жақ, бұ жағы, о
шеті мен бұ шеті.
Referencing norms: KomekshiEtistikBolek, KopSozdiKomponentUtirArqyly, MagynalasEtistikDefisArqyly, MenZhalgaulygyBarTynysBelgisiz
article/71 · paragraph · referenced by: 1
kk-KZ · official · sha256:fb43ae59bb78af42e9f78c8583da5064766e20580ca83a4b0f28456f2a580e69KK-KZ
§ 71. Тең мағыналы немесе қарама-қарсы мағыналы екі сөзден
жасалған термин мәнді күрделі анықтауыштар дефис арқылы жазылады:
оқу-ағарту жүмысы, әкімшілік-басқару жұмыстары, халықазаттық
қозғалысы, салыстырмалы-тарихи әдіс, ғылыми-көпшілік әдебиет, үгітнасихат жұмысы, орысша-қазақша сөздік, есеп беру-сайлау жиналысы.
Referencing norms: TengQaramaQarsyAnyqtauyshDefis
article/72 · paragraph · referenced by: 1
kk-KZ · official · sha256:6f7a085727258c9e29e724a3c450b33c8584eaeaf0e5c64e4371a6a8ad132383KK-KZ
§ 72. Екі сөзден тұратын ғылыми дәреже, атақтардың және қызмет
дәрежесін немесе мамандықты көрсететін атаулардың арасына дефис
қойылады: премьер-министр, вице-президент, тілші-фонетист, редакторматематик, инженер-байытушы, әнші-композитор.
Referencing norms: GylymiDarezeAtaqDefisQoiylady
article/73 · paragraph · referenced by: 1
kk-KZ · official · sha256:3139042e66d476a96e841ac25301fe7d29a24e6663ea23fb23d4cbcaa564c99aKK-KZ
§ 73. Машиналар мен олардың бөліктерінің және өзге де техникалық
жүйелердің күрделі атаулары дефис арқылы жазылады. Олардың басым
көпшілігі орыс тілінен енген сөздер болып келді: дизель- мотор, стоп-кран,
вакуум-аппарат, телефон-автомат.
Referencing norms: MashinaAtauyDefisArqyly
article/74 · paragraph · referenced by: 2
kk-KZ · official · sha256:b89ad4fbbc33eb51d2b9e6752c1b9eb45fff331731fcd4019391e7ad15e0b475KK-KZ
§ 74. Күрделі өлшем атаулары дефис арқылы жазылады: тоннакилометр, адам-күн, киловатт-сағат, вольт-ампер (бірақ: вольтметр),
ватт-сағат (бірақ: ваттметр).Бұл ережеден еңбеккүн сияқты бірер сөз тыс
тұрады. Орыс тілінен енген немесе орыс тілі үлгісімен жасалған статускво, х-сәуле, альфа-сәуле, м-1, 0СВN 9965-06-023-1-2 сияқты атаулар дефиспен жазылады.
Referencing norms: OlshemAtauyDefisArqyly, OrysUlgisindegiAtauDefispen
article/75 · paragraph · referenced by: 2
kk-KZ · official · sha256:80d5741f6a2e8c352190c40283eced3c75fbd5c2f261efc0749c07cf7e2f94c3KK-KZ
§ 75. Орыс тілі орфографиясы бойынша қолданылатын жер-су және
кейбір халық аттары дефиспен келсе, дефис қазақша жазуда да сақталады:
Орехово-Зуево, Соль-Илецк, Могилев-Подольск, Ныо-Йорк, Рио-де-Жанейро,
Лос-Анжелос, коми-зырян, угро-фин. Орыс тілінде дефиспен жазылатын
Қазақстан, Орта Азия жеріндегі топонимдер қазақша түрінде дефиссіз
(кейде бөлек) жазылады: Алматы (орысша бұрынғы жазылуы Алма-Ата),
Ыстықкөл (орысша - Иссык- Куль), Қызылорда (орысша Кзыл-Орда).
Referencing norms: OrysDefisiSaqtalady, QazaqstanToponimiDefissiz
article/76 · paragraph · referenced by: 1
kk-KZ · official · sha256:3cb8cda187ff7ca20ede160c8b7a81200c138fba5f27be5408d1f90db9e503f8KK-KZ
§ 76. Екінші сыңары біріншісін айқындайтын қосалқы мүшелі
күрделі атаулар дефис арқылы таңбаланады: зауыт-институт (әрі институт
ретінде қызмет ететін зауыт), зауыт-филиал (филиал болып саналатын
зауыт), кафе-бар (бар типтес қызмет ететін кафе), вагон-ресторан
(ресторанға арналған вагон), гараж-тұрақ, диван-кереует.
Referencing norms: QosalqyMusheliAtauDefis
article/77 · paragraph · referenced by: 8
kk-KZ · official · sha256:02983d8cd2229e4e6c371da0f617cfd7fa942ec5d8d72dce902b239b46e0a8c9KK-KZ
§ 77. Орыс тілінде дефиспен жазылатын кісі аттары (көбінесе
фамилиялары) қазақша жазуда да дефис арқылы таңбаланады. Бұлар,
негізінен, орыс халқы және Европа, Америка т.б. халықтары өкілдерінің
аты-жөндері болып келеді: Немирович-Данченко, Новиков-Прибой, КнипперЧехова, Жолио-Кюри, Дон-Жуан, Дон-Кихот. Соңғы екі есімнен жасалған
донжуандық, донкихоттық деген жалпы есімдер қосылып, кіші әріппен
жазылады.
Араб халықтары есімдерімен келетін әл, аш, ар, аз, әд, бен сияқты
элементтерден соң дефис қойылады, олардың өздері кіші әріппен алдыңғы
сөзден бөлек жазылады: Абд ар-Рахнан әл-Халиси, Ибрагим әл-Муфти,
Авадх бен-Солех бен-Галеб, аз-Закир Рукн ад-Дин Бейбарс, әл-Фараби, әлКинди.
Е с к е р т у. Араб халыктары аты-жөндерімен келетін ибн сезі кіші әріппен бөлек
жазылады: Әмір ибн Кулсум, ибн Халдун, ибн Сина, Тарафа ибн әл-Абд.
Араб атауларында келетін демеуліктер де алдыңғы сөзден бөлек, ал
өзінен кейінгі сөзден дефис арқылы жазылады: жами’ат-тауа- рих, әлМаджмағу л-илмий (“Ғылым академиясы” деген мәндегі тіркес), Китаб әлХамаса (Батырлар туралы кітап).
Түркі, парсы т.б. халықтар есімдерінің соңында келетін паша, бей,
бек, заде, оглы сияқты тұлғалар да дефис арқылы кіші әріппен жазылады:
Турсун-заде, Нахас-паша, Измаил-бей, Абдулла-бек.
Түркі, монғол хандары есімдерінің соңында келетін хан сөзі дефиссіз
бөлек жазылады (ал орыс жазуында бұл дефис арқылы таңбаланады):
Шыңғыс хан (орысша - Чингиз-хан), Тәуке хан(орысша - Тауке-хан), Жәңгір
хан (орысша - Джангир-хан).
Referencing norms: ArabDemeuligiDefisArqyly, ArabElementiKishiAripBolek, ArabElementinenSongDefis, AtalganEsimnenZhasalganZhalpyEsimQosylyp, HanSoziDefissizBolek, IbnSoziKishiAripBolek, OrysDefistiKisiAtyDefis, PashaBeiBekZadeOglyDefisKishiArip
article/78 · paragraph · referenced by: 3
kk-KZ · official · sha256:9a179c7ae4b9e77d8bb6623c5d5742cc6320ae1bc5aa3e6c5f3e5b0c3e4246bdKK-KZ
§ 78. Реттік сан есімдер цифрмен жазылса, өзіне қатысты сөзбен
араларына дефис қойылады: 7-сынып (жетінші сынып), 15-үй (он бесінші
үй), 50-километр (елуінші километр). Кейде реттік сан есім жасайтын, ншы, -нші, -ыншы, -інші жұрнақтары көрсетіліп жазылуы мүмкін, ол күнде
де дефис сақталады: 7-нші сынып, 15-інші үй, 50- інші километр. Айды,
жылды көрсететін цифр мен ай атын білдіретін сөз және жылы деген
сөздердің арасына дефис қойылмайды: 8 наурыз, 1 казан, 1987жыл.
Referencing norms: AiZhylCifryDefisQoiylmaidy, CifrmenRettikSanEsimDefisQoiylady, ZhurnaqKorsetilgendeDefisSaqtalady
The hash beside the text is the sha256 of its exact bytes. It is the check that the text shown matches the one pinned in the package: a divergence fails the oracle’s static analysis.