Source / pinned edition

Қазақ тілінің анықтағышы: емле, тыныс белгілері, сөз сазы

Source of package kz.grammar.assimilation_progressive · Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.

work
urn:kz:grammar:clir:assimilation-progressive#ANYQTAGYSH_SYZDYQ
number
Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.
kind
urn:kz:grammar:clir:assimilation-progressive#treatise

«ОРФОЭПИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР. СӨЗ САЗЫН КЕЛТІРУ ҚАҒИДАЛАРЫ»: § 1 — § 36

edition
urn:kz:grammar:clir:assimilation-progressive#ANYQ_SOZ_SAZY
language
kk
officiality
unofficial
materialisation
PINNED_UNOFFICIAL_COPY
life cycle
adopted: 2000-01-01

Publications

URITypedocumentHashRetrieved
https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdftext/plain; charset=utf-8sha256:9a5c6abb0dd3e608f36b432129b7f556e5dae67a91b7d11130dd4746da4248f32026-08-30T12:00:00Z

Fragments — 1

article/6 · paragraph · referenced by: 2

kk-KZ · official · sha256:dfa6c295f3d6bb1e6339de5481b04410fd1a9146a08980081271465072607815KK-KZ

§ 6. Бір ырғақпен айтылатын сөздердің алдыңғы сыңары н дыбысына аяқталса, келесі сыңары қ, к, ғ, г дыбыстарының бірінен басталса, н өзгеріп, ң болып айтылады. Мысалы: Аман+келді, айтылуы Амаңгелді (бұл жерде ілгерінді-кейінді ықпал болып тұр: ілгергі н дыбысы кейінгі к дыбысын г дыбысына айналдырса, г дыбысы н дыбысын ң-ға айналдырып тұр). Осы сияқты бөкен қабақ, жан қалқа, Айманкүл, Боранғали деген сөздердің айтылуы: бөкеңғабақ, жаңғалқа, Аймаңгүл (бұл Аймаңкүл болып та айтылады), Бораңғали. Бұл ереже түбір мен қосымшаның арасындағы дыбыстар өзгерісіне де жатады. Мысалы: қашанғы (қашан+ғы), түнгі (түн+гі), зиянкес (зиян+кес), құйынға (құйын+ға) сияқты қосымшалы сөздер қашаңғы, түңгі, зыйаңкес, құйұңға болып айтылады. Мына мәтінді дұрыс оқып көрелік: Жазылуы Ішім өлген, сыртым сау, Көрінгенге деймін-ау. Бүгінгі дос - ертең жау, Мен не қылдым, япырмау?! Жан қысылса, жайтаңдап, Жанды еріткен жайдары-ау. Жан жай тапса, сен неге Жат мінезсің, жабырқау. Айтылуы Ішімөлген / сыртымсау / Көрүңгеңге / деймінау // Бүгүңгүдос / ертеңжау // Меннеғылдым / йапырмау // Жаңғысылса / жайтаңдап / Жандеріткен / жайдарау // Жанжайтапса сеннеге // Жатмінессің / жабырқау // (Абай) Бірінші сөз н дыбысына аяқталып, келесі сөз қ, к, ғ, г дыбыстарынан басталып тұрған сәттің кез келгенінде мүндай өзгеріс бола бермейді, яғни олар бір топқа енбей, екі белек топта тұрса, бір- біріне әсер етпейді. Мысалы, “Қарақыпшақ Қобыланды” пьесасынан Қобыландының мына бір сөзінің дұрыс айтылуын көрелік: Жазылуы Ұлын құл ғып, қызын күң, \ Қақсатып болған қызылбас. Айтылуы Ұлын / құлғып / қызын / күң/ Қақсатыпполған / қызылбас// Мұнда н - қ, н - к дыбыстары қатар келгенмен, бір-біріне әсер етпейді, өйткені қатар тұрған сөздер екі бөлек ырғақта тұр, сондықтан бұл жерде қ дыбысы ғ-ға, н дыбысы ң-ға айналмайды. Осы ережеге сай етіп, әрі алдыңғы қағидаларды ескеріп, мына мәтіндерді дұрыс айтып көріңдер. Ол үшін топтарға бөліп алыңдар. Анталаған жауың көп Қас қамауда біз қалсақ, Жан көке, кімге тапсырдың? Тоғай толған жылқың бар, Қора толған қойың бар, Жан көке, кімге тапсырдың? (М. Әуезов) Жаңа жыл мың тоғыз жүз қырық бесінші, Құйшы, дос! Қыран көңіл, бір желпінші! Қан қырғын, қызыл соқта толастар ма? Жаңа жыл, айт та маған, ал сүйінші! (Қ. Аманжолов)

Referencing norms: IlgerindiNKKomissiyaG, IlgerindiNKKomissiyaK

The hash beside the text is the sha256 of its exact bytes. It is the check that the text shown matches the one pinned in the package: a divergence fails the oracle’s static analysis.