Source / pinned edition

Қазақ тілінің анықтағышы: емле, тыныс белгілері, сөз сазы

Source of package kz.grammar.aituda_tolyq · Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.

work
urn:kz:grammar:clir:aituda-tolyq#ANYQTAGYSH_SYZDYQ
number
Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.
kind
urn:kz:grammar:clir:aituda-tolyq#treatise

«ОРФОЭПИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР. СӨЗ САЗЫН КЕЛТІРУ ҚАҒИДАЛАРЫ»: § 1 — § 36 (scope пакета — §§ 27—28)

edition
urn:kz:grammar:clir:aituda-tolyq#ANYQ_SOZ_SAZY
language
kk
officiality
unofficial
materialisation
PINNED_UNOFFICIAL_COPY
life cycle
adopted: 2000-01-01

Publications

URITypedocumentHashRetrieved
https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdftext/plain; charset=utf-8sha256:9a5c6abb0dd3e608f36b432129b7f556e5dae67a91b7d11130dd4746da4248f32026-08-30T12:00:00Z

Fragments — 2

article/27 · paragraph · referenced by: 2

kk-KZ · official · sha256:5e276d7d47401bf044702c2aa3076a9f5be9943865f3cd1c4bdf7028a3a097acKK-KZ

§27. Кейбір өлшем атаулары жазылуда шартты түрде қысқартылып беріледі. Ал қысқартулар не әріптерден, не арнайы алынған өзгеше белгілерден тұрады. Мысалы: 10 см, 5 га, 3 мм, 10°, 40м, 100%, 220v, 70w. Бұларды ауызша айтқанда қысқартылып берілген әріптерді емес, сол әріптер білдіріп тұрған сөзді толық айту керек: он сантиметр, бес гектар, үш миллиметр, он градус жылы, қырық метр, жүз пайыз, екі жүз жиырма вольт, жетпіс ватт. Бұларға жалғанып тұрған қосымшаларды (олар дефис арқылы жазылып беріледі) оқығанда, белгілерге тіркеп емес, тұтас сөзге тіркеп айту керек. Мысалы: көйлегімнің етегін 5 эсэмге немссе сымыға ұзарттым деп емес, бес сантиметрге ұзарттым деп айту керек. Сол сияқты: машина сағатына бОкм-ден жүріп отырды деп жазылғанды алпыс километрден (алпыс каэмнен немесе алпыс км-нен емес) жүріп отырды, комбайыншы 400 гектардай (га-дай смсс) жердің егінін орды деп айту керек.

Referencing norms: QosymshaTutasSozge, QysqartuTolyqAitylady

article/28 · paragraph · referenced by: 3

kk-KZ · official · sha256:e5089c0bb8f47bdba576c1ca7874a855e9203a1f9f8b12345afdfa439816ccf1KK-KZ

§28. Жекеше II жақтағы жіктік жалғауы тек қана -сың, -сің түрінде (яғни соңғы дыбысы ң болып) айтылады және солай жазылады. Мысалы: есімдерге жалғанған жіктік жалғаулары (жекеше түрі): І жақ мен мұғаліммін, диктормын ІІ жақ сен мұғалімсің, дикторсың ІІІ жақ ол мұғалім, диктор. Етістікке жалғанған жіктік жалғаулары (жекеше түрі): І жақ мен білемін, айтамын, барғанмын, барармын ІІ жақ сен білесің, айтасың, барғансың, барасың, ІІІ жақ ол біледі, айтады, барған, барар. Кейде ауызекі сөйлеу тілінде бұл жалғау -сын, -сін түрінде (сен мұғалімсін, дикторсын) де келеді және солай жазылып та кетуі мүмкін. Бірақ әдеби нормада сөйлегенде, тек -сың, -сің түрінде дыбыстау керек. Ал -сын, -сін қосымшасы етістіктің III жақтағы - бұйрық қалау рай деген түрін білдіреді. Мысалы: І жақ мен барайын, біз барайық ІІ жақ сен бар, сендер барыңдар ІІІ жақ ол барсын, олар барсын. Сондықтан әр түрлі қызмет атқаратын қосымшалардың тұлғаларын да шатастырмай, бірін -сың түрінде, екіншісін - сын түрінде айту керек. Бұл екеуін айыру қиын емес: егер жіктік жалғаулы сөз сен деген есімдікпен айтылуға тиіс болса, -сың түрі, ол деген есімдікпен айтылуға тиіс болса, сын түрі жалғанады: сен барасың, ол барсын. Мына шумақтардағы үш нүкте қойылған сөздерге мағынасына қарай -сың немесе -сын қосымшасының қайсысы жалғанып айтылатынын көрсетіңдер: Адамзат - бүгін адам, ертең топырақ, Бүгінгі өмір жарқылдап, алдар бірақ. Ертең өзің қайда..., білемі..., Өлмек үшін туған..., ойла, шырақ. (Абай) Досты қайдан табар... Кеңесерге адам жоқ. Әрлі-берлі шабар... Жалғыздықтан жаман жоқ. (Абай) Өзгеге, көңілім, тояр... Өлеңді қайтіп қояр... Оны айтқанда толғанып, Іштегі дертті жояр... Сайра да зарла, қызыл тіл, Қара көңілім оян... Жыла..., көзден жас ақ... Омырауым боял... Тыңдамаса еш адам Өз жүрегім толған... Әр сөзіне қара... Іштегі дертім қозғал... (Абай) Баса... аяғыңды ырғаң-ырғаң, Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң. Жай жүріп шаттана... әсерленіп, Әсем... жүйрік аттай мойның бұрып. (Халық өлеңі)

Referencing norms: EkinshiZhaqSyngSing, OlEsimdigiSynTurin, SenEsimdigiSyngTurin

The hash beside the text is the sha256 of its exact bytes. It is the check that the text shown matches the one pinned in the package: a divergence fails the oracle’s static analysis.