Source / pinned edition
Қазақ тілінің анықтағышы: емле, тыныс белгілері, сөз сазы
Source of package kz.corpus.emle · Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.
- work
- urn:kz:corpus:clir:emle#ANYQTAGYSH_SYZDYQ
- number
- Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.
- kind
- urn:kz:corpus:clir:emle#treatise
І Тарау «ОРФОГРАФИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІ»: § 1 — § 129
- edition
- urn:kz:corpus:clir:emle#ANYQ_EMLE
- language
- kk
- officiality
- unofficial
- materialisation
- PINNED_UNOFFICIAL_COPY
- life cycle
- adopted: 2000-01-01
Publications
| URI | Type | documentHash | Retrieved |
|---|---|---|---|
| https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdf | text/plain; charset=utf-8 | sha256:79042dc1b49fea1561c824d787861d0f3193bf3a19ba3f65f4facd20982f3753 | 2026-08-30T12:00:00Z |
Fragments — 129
article/1 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:0a691c33bd40647d59c0d6c87cf85c37567d57b10517146cbe978ce3965bf1deKK-KZ
§ 1. А, е әріптері сөздің барлық буындарында жазылады: ал, ала,
алақан, аспан, мақала, сарымсақ; ер, ереже, ерік, елгезек, имек.
Сөз басындағы ж, ш дыбыстары мен й дыбысының ортасында келген
жуан дауысты а дыбысы көбінесе ә болып айтылады, бірақ а әрпі
жазылады: жай (барлық мағынада да: жай жүр, жай сөйлем, жай отыр,
жай түсу, дастарқанды жай, жайма шуақ т.б.) және осы түбірден өрбіген
сөздер (жайбарақат, жайғасу, жайғызу, жайдан-жай, жай-жағдай, жайжапсар, жай-күй, жайлы, жайсыз, жайлап т.б.); шай, шайы (көйлек).article/10 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:97f8f399e8dfc47bf70cb96e2711b0f74abae914bee3dde1a1bc066a6e6b7b9fKK-KZ
§ 10. Ы, і дыбыстарына біткен етістіктерге көсемшенің -й жұрнағы
жалғанғанда, қосар -ый, ій әріптерінің орнына дара и әрпі жазылады: жібій(ді) - жібиді, ері + й(ді) - ериді, йі + й(ді) - ииді, тасы + й(ды) - тасиды,
тоқы + й(ды) - тоқиды, оқы + й(ды) - оқиды.
И дыбысына біткен етістіктерге тұйық райдың -у жұрнағы -ю болып,
көсемшенің -а жұрнағы -я болып жалғанады: ки + у - кию, ти + у - тию, жи
+ у - жию, жи + а- жияды, қи+ у - қию, қи+ а(ды) - қияды.article/100 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:398d9525fdcb068866ebfaaeace704b6216ffcb182dc890dd5d158c43114bae8KK-KZ
§ 100. Кейбір мемлекет одақтарының, халықаралық ұйымдардың
аттарының әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Біріккен Ұлттар Ұйымының
Бас Ассамблеясы, Қауіпсіздік Кеңесі.article/101 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:df4d344dbeee043803635b139103e7b3a0b2b410ee8247137d55d687d83aaabeKK-KZ
§ 101. Жеке мемлекет ретіндегі республика аттарының әрбір сөзі бас
әріппен жазылады: Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы,
Қырғызстан Республикасы.
Е с к е р т у. Белгілі бір республиканын ресми атауы емес, жалпы атағанда, бұл сөздер
кіші әріппен жазылады. Мысалы: Әрбір тәуелсіз республиканың өнеркәсібі өркендетілуі керек.
Ал облыс, автономиялы облыс, өлке, аудан, ауылкеңесі аттарының
бірінші сөзі ғана бас әріппен жазылады: Алтай өлкесі, Ненец ұлт округі,
Қарағанды облысы, Кеген ауданы, Жарқамыс ауылкеңесі.article/102 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:456443abc003284489531347aee6ba53c0dff145d84f56321e9b19be4d8fbe3eKK-KZ
§ 102. Мемлекеттердің аттары бас әріппен жазылады: Қытай,
Жапония, Франция, Бразилия, Польша.
Кейбір мемлекеттердің күрделі атауларының әрбір сөзі бас әріппен
жазылады: Америка Құрама Штаттары.article/103 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:6669a56b68d6043fe652e4b1471dccbc75061aa35e4eec4d853526b7f6979daeKK-KZ
§ 103. Агенттіктердің, радио, телекомпаниялардың аттары бас
әріппен басталып жазылады: “Би-би-си (радиосы)”, “Азаттық (радиосы)”,
“Америка дауысы (радиосы)”, “Қазақ радиосы”.article/104 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:70aeb64f6ebaed9fb7ff15eeea37dcc8008b54e459c804a433eb23fc82cccfb9KK-KZ
§ 104. Көше, алаң, парк, шоссе, көпір, канал, жол, тарихи ғимарат
т.б. аттарының бірінші сөзі бас әріппен жазылады: Жібек жолы көшесі,
Қызыл алаң, Мәдениет паркі, Панфиловшылар паркі, Гүл алаңы, Бейбітшілік
бульвары, Эйфель мұнарасы, Милан соборы, Түрксіб темір жолы, Үлкен
Памир трактісі (соңғы атауда екінші сөздің бас әріппен жазылуы ол сөздің
өзінің жалқы есім болуынан).
Орыс және шетел қалалары көшелерінің, алаңдарының, парктерінің
т.б. аттары орыс тіліндегі түрінде, бірақ орыс тіліндегі сын есім
көрсеткішінсіз жазылады: Садово-Кудринск көшесі, Уолл-стрит, Гайд-парк.
Ал кейбір үлкен алаңдардың, кісі атына қойылған парктердің,
“демалыс және мәдениет” деген сияқты жалпы қойылатын аттардың
қазақша аударылып берілуі де мүмкін, бұл күнде ондай аттардың бірінші
сөзі бас әріппен жазылады. Мысалы: Қызыл алаң (Красная площадь дегеннің
қазақшаға аударылып берілген түрі).article/105 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:291da999f34ced8c9afb9c082646fc6fbf388c7e6ce17d14add63a6ee1368b43KK-KZ
§ 105. Кейбір мемлекеттік мекемелердің, жоғарғы ұйымдардың
күрделі атауларының әрбір сөзі бас әріппен жазылады (бұл әдетте емленің
дәстүрлік принципіне бағындырылған жазу болады): Жоғарғы Кеңес,
Министрлер Кабинеті.article/106 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:12fc63b244451d953bd4a63a6012df64a436e6b7c5095686970e6ccdcb51768fKK-KZ
§ 106. Мемлекеттік біркелкі мекемелердің, ұйымдардың,
академиялардың, институтгардың, музейлердің, арнаулы үйлердің күрделі
аттарының бірінші сөзі бас әріппен жазылады. Сондықтан олардың орысша
атауларындағы бірінші сөз бен (яғни бас әріппен таңбаланған сөз бен)
қазақшасындағы бас әріппен жазылатын бірінші сөз әрдайым бірдей (сай)
келмеуі мүмкін. Мысалы: Ғылым академиясы - Академия наук, Тіл білімі
институты - Институт языкознания, Шоқан Уәлиханов музейі - Музей
Чокана Валиханова, Халық шығармашылық үйі - Дом народного творчества.
Ал кей жағдайларда екі тілде де бас әріппен жазылатын бірінші сөз бірбіріне дәл келуі мүмкін: Мемлекеттік банк - Государственный банк, Үлкен
театр - Большой театр.
Осындай атаулардың алдында солардың қосалқы анықтауыштары
болуы ықтимал, бірақ оларды түсіріп айтқаннан атау өзгермейді. Ондайда
қосалқы анықтауыштардың бірінші сөзі де (ол жалқы болсын, жалпы
болсын) бас әріппен жазылады: Мемлекеттік академиялық Үлкен театр
(Үлкен театр); Мемлекеттік Тарихи музей (Тарихи музей); Ғылым
академиясының Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты (Тіл
білімі институты), Мемлекеттік Опера және балет театры (Опера және
балет театры).
Мекемелердің, ұйымдардың т.б. жеке бөлімдерінің, секторларының,
институт пен университет факультеттерінің аттары кіші әріппен жазылады:
Тіл білімі институтының тіл мәдениеті бөлімі, Қазақстан Республикасы
Білім
министрлігінің
мектептер
бөлімі,
Алматы
мемлекеттік
университетінің филология факультеті.
Институт, университет, зауыт, шаруашылық, театр т.б. атауларының
ішіндегі “мынадай адам” атындағы деген сөздер келсе, адам аты бас
әріппен, атындағы деген сөз кіші әріппен жазылады: Әл- Фараби атындағы
Қазақ мемлекеттік университету, Абай атындағы Опера және балет
театры,М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.article/107 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:2cb90af5431c4a31604c01a2df957a9e351f9c4b7bf66c12c7c26cd39dcff717KK-KZ
§ 107. Халықаралық және шетелдік орталық ұйымдардың
(кәсіподақтық, қоғамдық т.б.) атауларының бірінші сөзі бас әріппен
жазылады: Бүкіл дүниежүзілік кәсіподақ федерациясы; Әйелдердің
халықаралық демократиялық федерациясы; Демократиялық жастардың
бүкіл дүниежүзілік федерациясы.article/108 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:c30cfd75d2229a1a3148907cd2b111f0ce39a17146a759520b32565268d311f1KK-KZ
§ 108. Тырнақшаға алынып жазылған зауыт, фабрика, трест,
комбинат, спорт қоғамдары, кәсіпорын, шахта, кинотеатр т.б. аттары бас
әріппен жазылады. Егер олар күрделі атаулар болса (бірнеше сөзден тұрған
болса), бірінші сөзі ғана (және солардың ішіне кіретін жалқы есімдер) бас
әріппен жазылады: “Жеңіс” шағын кәсіпорны, “Қарағанды 3-бис”шахтасы,
“Запорожсталь”зауыты, “Жетісу”аяқ киім фирмасы, “Арман”кинотеатры,
“Еңбек”спорт коғамы.article/109 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:9ff3a575e490a8931f635ad1eff034079451d78d90e0c74303d35ab63c0953d6KK-KZ
§ 109. Кітап, газет, журнал аттары бас әріппен жазылады. Егер олар
бірнеше сөзден тұрған күрделі аттар болса, бірінші сөзі ғана (және ішіне
енген жалқы есім) бас әріппен жазылады. Кітап, газет, журнал, шығарма
т.б. аттары текст ішінде қолданылғанда тырнақшаға алынып жазылады:
‘Абай ”романы, “Оянған өлке” романы, “Асауға тұсау” пьесасы, “Ана
тілі”газеті,
“Жұлдыз”журналы,
“Қазақстан
мектебі”журналы,
“Атамекен” суреті.article/11 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:6d14ac44d5ca1c7a4c348a1eaa6a6b76e94bc26e90342bb7bb28b6186b167856KK-KZ
§ 11. Йы, йі дыбыстарына біткен етістіктерге көсемшенің -й
жұрнағы жалғанғанда, ый, ій әріптерінің орнына жалғыз и әрпі
жазылады. Мысалы: байы + й - байи (Біздің ауыл жылдан-жылға байи
бермек), байимын, байисың, байиды (және осылардың көпше түрлері),
байитын; кейі+й - кейи (Сен оған кейи берме), кейимін, кейисің, кейиді,
кейитін; ұйы + й(ды) - ұйиды (Сүт тез ұйиды), иі + й(ді) - ииді (Бұл сиыр тез
ииді).
2. КЕЙБІР ДАУЫССЫЗДАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫarticle/110 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:e36a67936271e6b6ea1e1b148b24f50752bf1a4d2dc6cd154d200f1f59102075KK-KZ
§ 110. Аса маңызды тарихи дәуірлердің, революциялардың;
уақиғалардың, мерекелердің аттары бас әріппен жазылады. Егер ол аттар
күрделі болса, бірінші сөзі және кейбір атаулардың алдынан айтылатын
ұлы деген сөз бас әріппен жазылады: Отан соғысы және Ұлы Отан соғысы,
Бірінші мамыр, Жаңа жыл, Халықаралық бейбітшілік жылы.
Е с к е р т у л е р . 1. Бірінші мамыр, Сегізінші наурыз дегендердің алғашқы сөзі
цифрмен таңбаланса, мамыр, наурыз деген сөздер бас әріппен жазылады: 1 Мамыр, 8 Наурыз.
2. Тарихи оқиғалардың, соғыстардың т.б. кез келгенінің аталуы бас әріппен жазыла
бермейді: француз буржуазиялық революциясы, орыс-жапон соғысы, крестілер жорығы.article/111 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:78a5d6a8a3cf6dcba04edcbce21447fe06a309d07699333ca7d7d5b4a0ea2430KK-KZ
§ 111. Кейбір аса маңызды құжаттардың (конституция, келіссөз т.б.)
аттары бас әріппен жазылады. Олар күрделі болса, бірінші сөзі,
қайсыбіреулерінде екіншісі де бас әріппен жазылады: Тіл комитетін құру
туралы жарлық, Қазақстан-Ресей келіссөзі, Хельсинки мәслихаты.article/112 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:1be02ea34fecb1baac1977adf67c280c89d79f362bfb954f341c210b073555a1KK-KZ
§ 112. Бұрынғы ордендердің аттары тырнақшаға алынбай, әрбір сөзі
бас әріппен жазылады (орден деген созден басқасы). Мысалы: Еңбек Қызыл
Ту ордені, Қызыл Жұлдыз ордені, Халықтар Достығы ордені. Кейбір ордендер
мен медаль аттары және құрметті атақтар тырнақшаға алынып жазылады,
мұндайда олардың бірінші сөзі ғана бас әріппен беріледі:“Еңбектегі ерлігі
үшін” медалі, “Ардақты ана” ордені. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары да осы тәртіппен
жазылады: Отан ордені, Данк ордені, Парасат ордені, Құрмет ордені, “Ерлігі
үшін” медалі, “Ерен еңбегі үшін”медалі, “Шапағат”медалі, “Алтын алқа”,
“Күміс алқа” (көп балалы аналарға берілетін наградалардың аттары),
Казақстанның халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және
техника қайраткері.article/113 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:a75f8e29be541d10041fde6c1e27f5706b85355722ea23cf56f935d67409d163KK-KZ
§ 113. Ресми құжаттардағы шартты атаулар бас әріппен жазылады.
Мысалы: Жоғарғы мәртебелі Президент мырза.article/114 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:8f6f299b723ec25e311c2bb6c05a3bf8c97addd715f11abcf01af0f65a858497KK-KZ
§ 114. Жалқы есім болып тұрған астрономиялық атаулар бас
әріппен жазылады: Сатурн, Шолпан, Марс, Ай, Жер (планета), Құсжолы,
Үркер, Жетіқарақшы.
Ай, жер, күн деген сөздер планеталардың аттары ретінде
қолданылмаса, кіші әріппен жазылады: Бүгін күннің көзі ашық. Көктемде
жер жыртылады. Қараңғы түнде жарық ай Сәулесі суда дірілдеп (Абай).article/115 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:80060b58de6bcbc2d5644a178b7c2b0dfcf2f11338ec91638564cb7db59814c5KK-KZ
§ 115. Жоғары дәрежелі қызмет аттары мен құрметті атақтардың
әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Кеңес Одағы Батыры, Халық Қаһарманы,
Қазақстан Республикасының Президенті.article/116 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:d4f355dab369064924244b3f6f5feb230b271736093e398bc3723e28770f5760KK-KZ
§ 116. Өлеңнің әрбір жолы, көбінесе, бас әріппен жазылады. Бұл
тілдік заңдылықтарға байланысты емес, тек дәстүр бойынша жазу болып
саналады:
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз (Абай).
Сонымен қатар көптеген жағдайларда өлеңінің бір жолында
аяқталмаған сөйлемнің жалғасы келесі жолдарда айтылғанда, ол жолдар
кіші әріптен басталып та жазыла береді. Мысалы:
Мен жалындап өтемін
қариялардың қимайтын жас шағы болып,
балапандардың талпынар асқары болып,
ару қыздардың аңсаған арманы болып,
асқақ жандардың алаулы таңдары болып,
жиырмада жесір қалғандардың аңсары болып,
сүйіскендерге көз ілер таң сәрі болып.
(Ф.Оңғарсынова)article/117 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:5ce68e25ee3e9213725928764a50363d5107686e54ee99238670ca221997b739KK-KZ
§ 117. Бас әріптерден қысқарған сөздер бас әріппен жазылады: АҚШ,
БҮҰ, ҒА, ЮНЕСКО, ЭВМ.
12. ТАСЫМАЛarticle/118 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:244dfb1ff784f67fd2b7ff5a50b9f246366490a62077dbf7f1865bab6a679f63KK-KZ
§ 118. Жазып келе жатқанда жолға сыймаған сөздер буын жігімен
тасымалданады: қа-лалық, қала-лық (қал-алық, қалал-ық, емес), Отанымыз, Отаны-мыз (Отан-ымыз, Отаным-ыз емес), баян-дауыш, ба-яндауыш (баяндау-ыш емес).
Е с к е р т у. Газет-журналдар бетінде жолға, әсіресе тар бағандардағы жолдарға
сыймай қалған не асып кететін сәттерде кейде сөздер буын жігін таңдамай тасымалданатын
болады. Бұл - ережеден себепті түрде ауытқу болғанмен, мұны әрдайым қолдана беруге
болмайды. Көпшілік қауым күнде оқитын баспасөздің жазуы мүмкіндігінше емле ережелеріне
сай болуға тиіс.article/119 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:d5434b15736d66f277fce08cefd719c5076ca82029c5b46ec5339a193857845aKK-KZ
§ 119. Сөз ішінде дауыстылардан кейін келген у, й дыбыстары сол
сөзді буындағанда, өзінен кейінгі дауыстымен бірігеді де, буынның бірінші
әрпі болады. Мысалы: та-уық (тау-ық. емес), қа-йық (қай-ық емес), баяндауыш (баяндау-ыш емес). Бұл сөздерді осы жікпен тасымалдағанда, у, й
әріптері келесі жолда ғана жазылады.article/12 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:7c7e3997fda01ff4d4904f6ab661a3c3e5d757321a88e4709da9b1014ba103bbKK-KZ
§ 12. Ф, х әріптері, көбінесе, орыс тілінен және орыс тілі арқылы
басқа тілдерден енген сөздер мен жалқы есімдерде, оның ішінде кісі
аттарында жазылады: фабрика, фонетика, шкаф, шеф, химия, хлор, техника,
цех, Фэтима, Фазыл, Фэрида, Хамит, Халел, Райхан, Мұхтар, Ахмет.
X әрпі араб-парсы тілдерінен енген бірқатар сөздерде де жазылады:
халық, хат, хал, хан, ханзада, хас (“тән” деген мағынада), хош (иісті), мұхит,
сахна, тарих, рухани, - хана (асхана).article/120 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:256ef8130f857f0b0f1c3796d8d0f09ad035239225c944b166621354f3024d61KK-KZ
§ 120. Екі (кейде үш) дауыссызға аяқталатын сөздерді оларға
қосымша
жалғанып
тұрған
жерден
тасымалдағанда,
түбірдегі
дауыссыздарды бөліп жіберуге болмайды: қарт-тар (қар-ттар емес),
театр-лар (теат-рлар емес), маркс-тік (мар-кстік емес).article/121 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:205dce0272527050c23b72077dd7ae564a9d20a758ceae1c51084775fbb70927KK-KZ
§ 121. Түбір сөзде үш дауыссыз қатар келгенде, алдыңғы екі
дауыссыз дыбыс алғашқы буын құрамына кіреді де, үшінші дауыссыз
келесі буынның басқы дыбысы болады: құ-мырс-қа (құмыр-сқа емес), жұмырт-қа (жұмыр-тқа емес). Екі дауыссызға аяқталатын сөздерге
дауыссыздан басталатын қосымша жалғанғанда да осы үлгімен
буындалады: абонент-тік (абонен-ттік емес), парк-ке (пар- кке емес).article/122 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:7df08530d80ade56918d7adf882f9a1709d2f1e31ffcdb5f4b6ebf11ab5ecc56KK-KZ
§ 122. Біріккен сөздер буын жігімен де, түбірлер жігімен де
тасымалдана береді: бі-рыңғай немесе бір-ыңғай, өза-ра немесе өз-ара, демалыс немесе дем-алыс.article/123 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:5bda5819bc9ac39b94de63b98a8cce74fa81badbb3657a1d965f80f88a923140KK-KZ
§ 123. Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілінің қосымшалары
жалғанғанда, олар буын жігіне қарай тасымалданады: ро-лінде (рол- інде
емес), съез-дің (съезд-ің емес).article/124 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:9af55e5c58977f4b2280ff20445c41d9b03e2296171c5ee7e262f874e977a43aKK-KZ
§ 124. Сөздің дара дыбыстан тұратын бір буынын жазып келе жатқан
жолда қалдыруға немесе келесі жолға шығаруға болмайды: а-лақан емес,
ала-қан, е-леуіш емес, еле-уіш, арми-я емес, ар-мия, оюлы емес, ою-лы.
Алғашқы буыны бір ғана дауыстыдан тұратын екі буынды сөздер
тасымалданбайды: атом, эмаль, ақыр, ақыл, отын, отыр.article/125 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:11cbd859969cc8256126bddd22a4b768a01d30b629e286aeb8b6da6b6901de50KK-KZ
§ 125. Ұу, ый, ій қосар әріптерінің орнына жазылған у, и әріптері
бар сөздер буындалғанда, келесі буын дауысты дыбыстан басталады және
солай тасымалданады: су-ық, ку-ақы, ту-ынды, бу-ын, қи-ын, ки- ім, қи-ық.article/126 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:8ef83561799715c8440eba0e2aa8c3c1ea24f221ba4764f6228537b8e1ba6df6KK-KZ
§ 126. Орыс тілінен енген сөздер де буын жігі бойынша
тасымалданады. Бұлардың ішінде екінші, үшінші буындардың дауысты
дыбыстардан басталатындары кездесе береді: про-ект, ро-яль, по-эма.
Екі, үш, кейде торт-бес дыбыстардан тұратын бір буынды (яғни
ішінде бір ғана дауысты дыбысы бар) сөздер тасымалданбайды: төрт (төрт емес), жалт (жа-лт емес), пункт (пун-кт емес), взвод (вз-вод емес).article/127 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:5a55c5d1d146f177573016ff216ad357a3e75f2f3a1e4c5830d31171648a7a0fKK-KZ
§ 127. Тыныс белгілері жазып келе жатқан жолда қалдырылады.article/128 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:104fcc18e92ee864b52daf32ec759e425630054c59eea9606bf2d0ccd099c8bbKK-KZ
§ 128. Сан есіммен келетін қысқарған шартты белгілерді цифрдан
бөліп тасымалдауға болмайды: 25 га, 15 см, 1987ж.article/129 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:adf5c76ab82a517a7eec00747955b042a3840f12a8b534e3e9d9cfce68dd295fKK-KZ
§ 129. Әріптерден қысқарған сөздерді өз ішінен бөліп тасымалдауға
болмайды: ЮНЕС-КО деп бөлуге болмайды.article/13 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:93749f29914e6df1a3d1da67ec13e7af26c34c39ddbc216c206a9d1bcf8b0e41KK-KZ
§ 13. В, ч, ц әріптері орыс тілінен енген және орыс тілі арқылы енген
сөздерде ғана жазылады: вагон, велосипед, вокзал, аквариум, цирк, чек, очерк,
диспетчер.
-Ов, -ев, -ова, -ева жұрнақтарымен жасалған қазақ фамилияларында в
әрпі жазылады: Асанов, Асанова, Бәйішев, Бәйішева.article/14 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:b8ead124e49cc518dbfd8776b8f8952266c1509e47bd1ed5524fe696e53b9785KK-KZ
§ 14. Щ әрпі орыс тілінен енген жалпы және жалқы есімдерде, қазақ
тілінің ащы, тұщы, кеще деген түбір сөздерінде ғана жазылады: училище,
Щорс, Щедрин.
Е с к е р т у л е р . 1. Түбір сөз ш дыбысына аяқталып, оған ш дыбысынан басталған
қосымша жалғанғанда, қос шш әрпі жазылады (щ әрпі жазылмайды): аш +шы - ашшы (Есікті
ашшы), іш+ші - ішші (Шай ішші).
Түбір сөз с, з дыбыстарына аяқталып, оған ш дыбысынан басталған қосымша
жалғанғанда, қос шш дыбысы естілгенімен (айтылғанымен), сөз бөлшектерінің түбірі сақталып
жазылады: сөз + шең – сөзшеңь (айтылуы - сөщең), бас + шы – басшы (айтылуы - бащы), қос +
шы - қосшы (Үлесіңді маған қосшы).article/15 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:b0b4fa260a426861578391dfa2967ce54ceb1dea5244cf7ece307b073c3c0af5KK-KZ
§ 15. Б, в, г, д дыбыстарына, негізінен, орыс тілінен енген және орыс
тілі арқылы енген сөздер аяқталады: клуб, штаб, автив, штатив, педагог,
монолог, округ, отряд, парад. Араб, жад деген бірен- саран кірме сөздер де б,
д дыбыстарына аяқталады.article/16 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:3dd6bdfc68b54ddd594d283e3b0f40a484f54aefc0d1030a384261a1ca9ac379KK-KZ
§ 16. ь, ъ белгілері орыс тілінен енген және орыс тілі арқылы енген
сөздерде ғана жазылады: асфальт, вольт, руль, премьер, батальон, съезд,
разъезд, объект, субъект.article/17 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:f99b7ede331ad3f082b565c29f451de0eecc819f6e619f370353a7200d4c5868KK-KZ
§ 17. һ әрпі естілген жерінде жазыла береді: каһар, каһарлы,
қаһарман, гауһар, жиһан, баһра, Жауһар, Маһида, Маһинұр, аһ, уһ, еһе, аһа,
аһлады, уһледі. Һ әрпі жазылатын сөздер қазақ тілінде аса көп емес, олар,
негізінен, араб, парсы тілдерінен енген сөздер мен одағайлардың ішінде
кездеседі.article/18 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:bafc3f1cb1ed2b0cf6e5b5bad90b1211586ac1644aa1e99e83dd40ae5c4f5505KK-KZ
§ 18. Ғ әрпі сөздің басында және ортасында ғана жазылады: ғылым,
ғана, ғалам, жаға, шағала, жаңғалақ, жалығу, жалығады, ғалаға, қазға.article/19 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:17b87d0cf2269afa16d5018ab91d4ba30472628909c8cb976c960828aae02f1cKK-KZ
§ 19. Й әрпі ы, і әріптерінен басқа (сый, тый деген сөздерді
қоспағанда) дауысты дыбыс әріптерінен кейін ғана қолданылады: (ай, ей,
мерей, ойпаң, үй, әйнек, ұйқас.Орыс тілінен енген сөздерде және өзге
жұрттың жер-су, ел-халық аттарында й әрпі сөз басында да жазылады: йод,
йот, йог, йемендіктер, Йошкар-Ола, Нью-Йорк. Й әрпі қазақ сөздерінде
толық и әрпінен кейін жазылмайды: ине (ийне емес), би (бий емес), киім
(кийім емес). Орыс тілінен енген сөздерде ий әріптер тіркесі жазыла береді:
калий, кальций, санаторий, планетарий, сценарий, Максим Горький, СергеевЦенский
.
3. ТҮБІР СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫarticle/2 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:da22b7f30a97a29409cdd0cecafc2fa09dccb22e3326490f6c052afc4b9b0ffbKK-KZ
§ 2. Ә әрпі көбінесе сөздің бірінші буынында және бір буынды
сөздерде жазылады: ә-сем, ә-леумет, ә-демі, тәр-тіп, кә-сіп, Сәу-ле, дәу-рен,
ән, әл, әр, жә (одағай).
Сөздің алғашқы буынындағы (не алғашқы буындарындағы) жіңішке
дауыстының әуенімен келесі буында жіңішке айтылатын (естілетін) ә
дыбысының орнына, негізінен, а әрпі жазылады: тәкаппар (айтылуы тәкәппар), ләззат (айтылуы - ләззәт), рәсуа (айтылуы - рәсуә), Жәмила
(айтылуы - Жәмилә), Сәбира (айтылуы - Сәбирә), Кәмила (айтылуы - Кәмилә)
және тағы осы сипаттас жалқы есімдер.
Е с к е р т у л е р . 1. Мына сөздердің екінші буындарында естілуінше ә өрпі
жазылады: сірә, куә, күнә, кінә, іңкәр, зәмзәм (суы), жүдә, күмән, мүсәпір, дүдәмал, шүбә, мәмпәси
(бұлардың жазылуын емле сөздіктерінен қарап білу керек).
2. Бірінші буыны жіңішке ү дыбысымен келген жалқы есімдердің (көбінесе кісі
атгарының) екінші буынында да естілуінше ә әрпі жазылады: Күлән, Күләнда, Күләш, Күләй,
Мүтән.
3. Біріккен сөздер мен қос сөздердің соңғы буындарында (яғни олардың екінші
сыңарының алғашкы буынында) ә әрпі жазыла береді: ендігәрі (ендігіден// әрі), әжептәуір
(әжеп//тә-уір), Гүлжәмила (Гүл//жә-мила), Бейсенәлі (Бейсен// ә-лі), әлсін-әлі (әлсін//ә-лі), кәпкәрі (кәп//кә-рі), әп-әсем (әп//ә-сем).article/20 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:ea11dea86ffbd2a6afb3738d8321986d5d50cdab720467740226a77c7f7b7e37KK-KZ
§ 20. Көп буынды тубір сөздер, көбінесе, бірыңғай жуан не жіңішке
болып келеді: бала, жылқы, табан, тұрмыс, өмір, терезе, тебен, қыдыр,
кідір(у). Мұндайда сөз бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке дауысты дыбыс
әріптерімен жазылады.
Көп буынды түбір сөздер аралас (жуан және жіңішке) буынды болып
та келеді, мұндайда бір сөз ішінде жуан-жіңішке дыбыс әріптері жазыла
береді: қызмет, мұғалім, кітап, қадір, тарих. Аралас буынды сөздер,
негізінен, араб-парсы тілдерінен енгендер.article/21 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:db87bb145773214ec4e77285873701e5a3240f10ee02076e48df49a2e0df1427KK-KZ
§ 21. Орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген және көбінесе
термин болып келетін сөздердің басым көпшілігі орыс орфографиясы
бойынша жазылады: алюминий, антоним, аудитория, бухгалтер, повесть,
гарнизон, гастроль, генерал, геофизика, коммутатор, конгресс, контейнер,
плацдарм, плацкарт, термометр, террор, фракция, фрегат, хром, хронограф,
цемент, цифр тт.article/22 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:ed7585d25654a82e1f01182f9aea8aed6110b18a17565e12c0887291644f93e3KK-KZ
§ 22. Орыс тілінен енген сөздердің ішінде дыбысталуы өзгеріп
қалыптасқан бірқатар сөздер сол өзгерген күйінде жазылады. Олардың дені
қазақ тіліне ертеректе ауызша сөйлеу тілі арқылы енген сөздер. Бұл сөздер,
негізінен, тұрмыстық зат, бұйым атаулары мен әкімшілік, сот, сауда,
шаруашылық салаларына қатысты атаулар болып келеді: әшмүңке
(восьмушка), барқыт, бәтеңке, бәтес, божы (вожжи), бөкебай (пуховый),
бөрене (бревно), бөшке, жәшік, кәзекей (казакин), көшір (кучер), калаш
(калач), шөген (чугун); ауылнай, болыс, поштабай, сот, кәтелешке
(каталашка), түрме, пәтерь (квартира), шіркеу (церковь), тауар, зауыт, кір
(гиря), келі (килә, кило емес, бірақ киловатт, киловольт, килограмм). Тұлғасы
өзгертіліп жазылатын орыс сөздерін емле сөздіктерінен қарап білуге
болады.
Орыс тілінен келген кірме сөздердің бірқатары соңғы дауысты а дыбысын
түсіріп қалыптасқандықтан, сол ықшамдалған түрінде жазылады: газет
(газета емес), минут (минута емес), пар (пара емес), секунд (секунда емес),
гранат (граната емес), координат (координата емес), цифр (цифра емес). Ал
негізінен, а-ға аяқталатын кірме создер, әсіресе терминдер соңғы дауысты
дыбысын сақтап қолданылады және солай жазылады: кассета (кассет емес),
кантата (кантат емес), тирада (тирад емес), капсула (капсул емес), оптика
(оптик емес) т.б. Бұлардың барлығының жазылуын сөздіктен қарап алу
керек.
Ескерту. Көркем әдебиетте белгілі бір заманды суреттегенде немесе ертеректегі ақынжыраулар мен жазушылардың шығармаларында осы күнгі орысша тұлғасы сақталып
жазылатын бірқатар сөздер өзгерген түрде берілуі мүмкін. Мысалы: майыр (майор), ояз
(уездный начальник), жандарал (генерал-губернатор), сияз (съезд), старшин (старшина), бексіл
(вексель) т.б.article/23 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:0b35af9e4e11da6095f4a18bb86b418271a9ec8d9d6298011f0ff5baf87eefeaKK-KZ
§ 23. Араб, парсы тілдерінен, соңдай-ақ туыстас татар, өзбек т.б.
тілдерден енген сөздер қазақша айтылуынша жазылады, яғни сол тілдердегі
тұлғасы сақталмайды: бұкара (фуқара), пікір (фикр), әкім (хаким), әзір
(хазир), пайда (файдә), наурыз (ноуруз), қате (хата), мақта (пақта), жүзім
(йүзүм) т.б.article/24 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:b868cc024b8e4a8bc6ee96659cc6b3cc770946c3b9efba4692c11adfda7c38ceKK-KZ
§ 24. Жазу тәжірибесінде кейбір түбір сөздер екі түрлі дыбысталуына
(айтылуына) қарай екі (кейде тіпті үш) нұсқада беріліп жүр. Бұларды бөліпбөліп тану қажет. Бірқатар түбір сөздердің екі, кейде үш вариантының да
жазылуы заңды түрде орын алады. Олардың бір тобының (сан жағынан өте
шағын тобының) екі нұсқасын қатар қолдана беруге болады: айғай - айқай,
бұндай - мұндай, балуан - палуан, ертегі - ертек, пәле - бәле, гауһар - жауһар,
заңғар - зеңгір, байымдау- пайымдау - бағамдау, айдаһар - аждаһа, сықыл- ды
- секілді, өзге - өңге, уәде - уағда, жәбір - зәбір, жаһан - жиһан, айуан - хайуан
т.б.
Сонымен қатар тек бір нұсқасын (вариантын) қабылдап, соның
жазылуын қалыптастыратын қатарлар да бар. Соңғылар көбінесе
фонетикалық дублеттер деп аталатын, яғни кейбір дыбыстары ғана өзгеше
келетін создер болады. Мұндайда орфографиялық норма болып
есептелетіндері сөздікке енеді де, озге нұсқалары жақша ішіне “емес” деп
көрсетіледі. Мысалы: қазір (кәзір, қазыр, хазір емес), міне (міні емес), ерегіс
(ерегес емес), жіті (жыты емес). Бұл күнде жазылуы едәуір орнығып
қалған кейбір сөздердің өзге қатарлары “емес” деген белгімен көрсетілмеуі
де мүмкін.
ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫarticle/25 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:b3472d9a1e7af21a39ecb3e39dca7663f2020d56092c34c81fcefbc898caffd5KK-KZ
§ 25. Қосымшалар, негізінен, сөздің соңғы буынындағы дауысты
дыбыстың әуеніне қарай буын үндестігі бойынша я жуан, я жіңішке
жалғанады да, естілуінше жазылады: ең-бек + ші + лер + іміз + дің, жұ-мыс
+ шы + лар + ымыз + дың, кі-тап + тың, мұға- лім + нің, га-зет + ке, ки-но +
ға, ко-нус + ты.
Соңғы буынында (бір буынды сөздің өзінде) у дыбысы бар орыс
тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары жуан жалғанады: ксурс-қа,
авто-бус +қа, инсти-тут +қа, кани-кул +ға, тай-фун + ның, шу-руп + ты.
Бұл ережеге г дыбысына аяқталатын сөздер мен жіңішкелік белгісіне
аяқталатын бір буынды сөздер және бль, ль дыбыстарына аяқталатын
сөздер бағынбайды, оларға қосымша жіңішке жалғанады: ок-руг-ке, руль-ге,
пат-руль +ге, ансамбль +ге, ансамблі.
Соңғы буынында (не бір буынды сөздің өзінде) и дыбысы бар орыс
тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары жіңішке жалғанады: кассир
+ ге, синтак-сис + тік, маг-нит + тік, каль-ций + дің, маг-ний +ге,
Горький+ге, Маяков-ский +ге.article/26 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:347327f2d316962883e1a3de92e02ab65c6a61489dea1cce7c6347d664f123f3KK-KZ
§ 26. Фамилия жасайтын -ев (-ева), -ов (-ова), -ин (-ина) қосымшалары
буын үндестігіне бағынбайды: ев (-ева) қосымшасы сөздің соңғы буынының
жуан-жіңішкелігіне қарамастан й және ш дыбысына аяқталған жалқы
есімдерге жалғанады. Бұл қосымша жалғанғанда, түбірдегі й әрпі түсіріліп
жазылады: Тәжібай +ев + Тәжібаев, Жабай+ев-Жабаев, Имашев, Рашев,
Мұқашев, Мұқашева, Жақашева. Дауысты дыбыстарға аяқталған кісі
аттарына да -ев (-ева) қосымшасы жалғануы мүмкін. Мұса+ев - Мұсаев,
Абдолла + ев, Бөке + ев - Бөкеев. Түбір сөздің соңғы дыбысы ы, і болса, -ев (ева) қосымшасы жалғанғанда, ол дыбыстардың орнына и әрпі жазылады:
Сары- +ев-Сариев, Жұмалі+ев-Жұмалиев, Аққозы+ев – Аққозиев. Й мен ш
дыбыстарынан басқа барлық дауыссыздардан кейін -ов (-ова) қосымшасы
жалғанады, мұнда да сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігі есепке
алынбайды: Мұ-рат+ов, Ме-дет+ов, Сұл-тан+ов, Жү-ніс+ов, Сейіт + ов.
Дауысты дыбысқа аяқталған кісі аттарынан, әдетте фамилия -ин (-ина)
қосымшасы арқылы жасалады, мұндайда соңғы дауыстылар түсіріліп,
түбірге -ин (-ина) қосымшасы тікелей жалғанады және сөздің соңғы
буынының жуан-жіңішкелігі есепке алынбайды: Нұралы+ин - Нұралин,
Алтынсары+ин - Алтынсарин, Дербіса- лы+ин - Дербісалин, Ғайса+ин Ғайсин. -ин (-ина) жұрнақтары жалғанғанда, кейде түбірдегі ұ, ү, о, о
дыбыстары у болып өзгеріп айтылуы және солай жазылуы мүмкін (ал -ов, ова жұрнақтарымен жасалғандарында түбір өзгермейді). Мысалы: Мұса+ин
- Мусин (ал Мұса+ев - Мұсаев), Жұма+ин - Жумин (ал Жұма+ев - Жұмаев),
(Абдолла+ин - Абдуллин) (ал Абдолла+ев), Бөке+ин - Бөкин (ал Бөке- +ев Бөкеев). Сонымен қатар Абдоллин деп түбірін сақтап жазу да орын ала
алады.
-ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша
бастапқы түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады:
Аймановка, Тәжібаевқа дегенде Ай-ман, Тәжі-бай түбірлерінің соңғы
буындары жуан болғандықтан, қосымша да жуан жалғанып тұр. Ал
Жүнісовке, Әйтиевке дегендерде түбірдің соңғы буындарында жіңішке
дауысты дыбыс болғандықтан (Жү-ніс, Әй- ти), қосымшаның да жіңішке
варианты жалғанып тұр.
Е с к е р т у л е р . 1. -мен (-бен, -пен), -паз, -қор, -қой, -нікі, -тікі, -гер, -кеш, -гөй,-хана,
-тал, -дар қосымшалары сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай, осы көрсетілген
түрлерінде ғана жазылады: кесемен, қасықпен, мақтампаз, өнерпаз, әсемпаз, жеңімпаз,
пайдақор, әзілқой, саудагер, жүлдегер, арбакеш, әзілкеш, ақылгөй, шайхана, шеберхана,
ұғымтал, сезімтал, өсімтал, хабардар, діндар, ауылдікі, мемлекеттікі.
2. Ә әрпіне аяқталған немесе сонғы буынында ә әрпі жазылған сөздерге қосымшалар
жуан жалғанады: кінә+лау (кінәлеу емес), күнә+сыз (күнәсіз емес), күнә+ға (күнәге емес),
күмән+дану (күмәндену емес), Күлән+ға (Күләнге емес).article/27 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:9ec77838f3aa62c37a1ce172592a297a2a8a940920d705378442d4d67878a1caKK-KZ
§ 27. Орыс тілінен енген к, г дыбыстарына аяқталған сөздерге қазақ
тілінің қосымшалары буын үндестігіне қарай, яғни сөздің соңғы
буынындағы дауысты дыбыстың әуеніне қарай жалғанады: фи-зик+тер,
лак+тың, га-мак+тың, по-ляк+тар, ма-як+қа, бам-бук- +тың.
Е с к е р т у. ог, уг дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішке жалғанады:
педагогке, педагогі, педагогтік, округке, округі, округтік.article/28 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:1f2b65caad38df109906f27b58199eafdc9c3c38e2065248301b4008588c28e6KK-KZ
§ 28. Орыс тілінен енген рк, рг, ск, кт, кс, нк, нг, лк, нкт деген
дыбыстар тізбегіне аяқталған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары
жіңішке жалғанады: паркке, парктер, Омскіге, Омскіден, киоскіге, киоскісі,
фактіге, фактісі, танкіге, танкілер, полкке, полктер, полкі, пунктке, пункті.article/29 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:c7b123b7a6fe6e566966d17b31aeecd7d9b98f73ab685ce82ac19a5d52287659KK-KZ
§ 29. Жіңішкелік белгісіне аяқталған көп буынды сөздерге қазақ тілі
қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады, яғни сөздің соңғы
буыны жуан болса, қосымша жуан, соңғы буында жіңішке дауысты дыбыс
болса, қосымша да жіңішке жалғанады: ла-герь+ге, ла-гер+і, банде-роль+ға,
фести-валь+ға.
Е с к е р т у. Жіңішке ль дыбысына аяқталатын сөздерге тәуелдік жалғаулары (яғни
дауыстыдан басталатын қосымшалар) сөздің соңғы буынының жуан- жіңішкелігіне қарамай,
тек қана жіңішке жалғанады: дизель+і - дизелі, дизеліміз, фестиваль+і - фестивалі (бірақ:
фестивальга, фестивальдан, фестивальдық), магистраль+і - магистралі (бірақ: магистральға,
магистральдық)
Соңғы екі дауыссыздың арасында жіңішкелік белгісі бар сөздерге де
қазақ тілі қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады. Мысалы:
вальс+ка, валвс+ты, вальс+ы, асфальт+қа, асфальт+ы ,рельс- +ке, рельс+і.
Кль, брь, бль тәрізді дауыссыз дыбыстар мен жіңішкелік белгісіне
аяқталған сөздерге және жіңішкелік белгісіне аяқталатын бір буынды
сөздерге қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанады: ансамбльге,
тюльді, тюлі, оське, осінің, ткань (биология термині), тканьге, ткані,
княздік, князі, верфьке.
Орыс тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі л әрпінен
кейін жазылатын сөздерге қазақ тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік
белгісі жазылмайды: материальный-материалдык, феодальный - феодалдық,
коммунальный - коммуналдық, патриархальный - патриархалдық.
Ал жұрнақтар жалғанбай-ақ түбірдің өзінде л-дан кейін жіңішкелік
белгісі келетін сөздерде бұл белгі сақталады: моральный - моральдық,
артельный - артельдік, акварельный - акварельді.article/3 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:d65f3b33c20f3c8f4d862057a23f69d407a5512a66b55085636087ba2bb5a304KK-KZ
§ 3. О, ө әріптері қазақтың көп буынды сөздерінің алғашқы
буынында және бір буынды сөздерде ғана жазылады: о-рамал, о- тын, торы, до-лана, ө-сімдік, ө-кімет, кө-леңке, ол, от, ор, оқ, он, өс, өр, өн, тор, төс,
төр, төрт.
Алғашқы буындағы еріндік ө дыбысының әсерімен екінші буындағы
езулік е дыбысы ө болып естіледі (айтылады), бірақ жазуда е әрпі
жазылады: бөрене (айтылуы - бөрөне), көбелек (айтылуы - көбөлек), жолжөнекей (айтылуы - жолжөнөкей).
Ескертулер. 1. Орыс тілінен енген сөздердің соңғы буындарында о әрпі жазыла
береді: кино, динамо, аккорд, паспорт, синоним.
2. Біріккен сөздер мен қос сөздердің соңғы буындарында (яғни олардың екінші
сыңарларының алғашқы буынында) о, ө әріптері жазыла береді: көркем- өнер (көркем//ө-нер),
кәсіпорын (кәсіп//о-рын), алабота (ала//бо-та), Айнамкөз (Айнам//көз), оқтын-оқтын (оқтын//оқтын), төсек-орын (тесек//о-рын).article/30 · paragraph · referenced by: 2
kk-KZ · official · sha256:1294f34b55947ee30b84de6ca165ee8eeaee16226a325ef6bf52666d9797fc93KK-KZ
§ 30. Соңғы буынында ю, ё, э дауысты дыбыстар келетін орыс
тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары жіңішке жалғанады:
полюс-ті, полюс-ке; шлюз-ді, шлюз-ге; дюйм-ге, дюйм-і, велюр-ге, велюр-ді,
парашют-ке, парашют-тер, парашют-і, актёр+лер, актёр-ге, дуэль-ге, дуэльі, дуэт-ке, дуэт-і.Referencing norms: QoldanylatynUndestikYuYoE, UndestikYuYoEZhengedi
article/31 · paragraph · referenced by: 4
kk-KZ · official · sha256:a65ee0be4a906a41cc097f4797eecd9ff11402bfd34ef1155f03d76023fd4df9KK-KZ
§ 31. Қосымшалар дыбыс үндестігі бойынша не қатаң, не ұяң, не үнді
дауыссыздан басталып жалғанады:
а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді (м, н, р, л, ң, у, й) я ұяң
(ж, з) дауыссыз дыбыс болса, қосымша үнді не ұяң дауыссыздан басталады:
терезе+ге, терезе+нің, терезе+ден, шам+ды, шам- +нан, шам+ға, шам+ның,
қаз+ды, қаз+ға, қаз+бен, мұқтаж+дық
.
Е с к е р т у. Бұл ережеге с, ш қатаң дыбыстарынан басталатын қосымшалар: -сыз, -сіз,
-са, -се, -сың, -сің, -шы, -ші, -шыл, -шіл, -ша, -ше, -шаң, -шец, -шық, -шік т.б. бағынбайды.
Мысалы: бала+сыз, бала+сың, көйлек+шең, сөз+шең, көп+шіл, ұран+ шыл.
ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыздардың және в, б, г, д ұяң
дауыссыздарының бірі болса; дауыссыздан басталатын қосымшаның
бірінші дыбысы қатаң болады: кітап+тар, кітап+қа, хат+ ты, клуб+қа,
педа-гог+тер, араб+тар.
б) Сөздің соңғы дыбысы с, з болып, оған с, ш дыбыстарынан
басталатын қосымша жалғанғанда, оның соңғы дыбысы өзгертілмей
жазылады: жұмыс+шы (айтылуы - жұмышшы), бас+шылық (айтылуы башшылық), ауыз+ша (айтылуы - ауұшша), жаз+саң (айтылуы жассаң),
сөз+сіз (атылуы-сөссүз), орыс+ша (айтылуы - орұш- ша).
в) Ш дыбысына бітетін сөздерге с дыбысынан басталатын қосымша
жалғанғанда, қосымшаның басқа дыбысы өзгеше айтылуына қарамастан,
өзгертілмей жазылады: іш+сең (айтылуы - ішшең), ұш+саң (айтылуы ұшшаң), күш+сіз (айтылуы - күшшүз), көш+сін (айтылуы - көшшін).
г) Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болса, жалғанатын қосымшалар
дауыстыдан басталғанда, қ, к дыбыстары ұяңдап, ғ, г дыбыстарына, ал п
дыбысы б, кейде у (қосымшада тағы бір п дыбысы болған күнде) дыбысына
айналады да, естілуінше жазылады: күрек+і - күрегі, тарақ+ы - тарағы,
тік+у - тігу, тап+у - табу, тап+ып - тауып, кеп+у - кебу, кеп+іп - кеуіп,
блок+ы - блогы, ток+ы - тогы, бак+ы - багы.
Е с к е р т у л е р . 1. П, х дыбыстарына аяқталатын орыс тілінен енген сөздерге
дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда, п, х дыбыстары ұяңдамайды: прин-ңип+і -
принңипі, тип+і - типі, окоп+ы - окопы, грипп+і - грипі (жұқты), телескоп+ы - телескопы, цех+ы
- цехы, алманах+ы - алманахы, шах+ы - шахы.
2. “Қатар” мағынасындағы сап сөзі мен тарап сөзі де тәуелдік жалғауын жалғағанда,
соңғы қатаң дыбысын сақтайды: сап+ында - сапында, сап+ымызға + сапымызға (тұрды,),
тарап+ында - тарапында, өз тарап+ымыздан - өз тарапымыздан.
3. Қазақ, қалмақ деген сөздерге сын есім жасайтын -ы жұрнағы жалғанғанда, сөз
соңындағы дыбыстар ұяңдамайды: қазақы ер, қалмақы ат. Ал бұл сөздерге тәуелдік жалғаулары
жалғанғанда, сөз соңындағы қатаң дыбыстар жалпы заңға бағынып, ұяндайды: Ол кісі - Сыр
бойының қазағы. Менің жолдасым - Еділ бойының қалмағы.
ғ) Сөздің соңғы дыбысы н болса, оған жалғанатын қосымшалар қ, ғ,
г, б дыбыстарынан басталғанда, н дыбысы өзгеріліп, ң, м болып айтылады.
Бірақ бұл өзгеріс еске алынбай, н әрпі жазылады: түн+гі – түнгі (айтылуы түңгү), бұрын+ғы – бұрынғы (айтылуы - бұрұнғы), сән+қой – сәнқой
(айтылуы - сәңқой), көн+беді - көнбеді (айтылуы - көмбеді), көрін+беді –
көрінбеді (айтылуы - көрүмбеді).Referencing norms: KoptikUndiKomissiyaSheshedi, QoldanylatynKlasNegizgi, QoldanylatynUndestikNegizgi, UndestikQaishylygyAnyqtalady
article/32 · paragraph · referenced by: 15
kk-KZ · official · sha256:b21d86f0926361fd8c39d109501678f1be12f78f7b3b2903f1affdfbef66a851KK-KZ
§ 32. Нд, нз, нк, нг, мп, мб, мт, кт, ск, вт, фт, пт дыбыстарына
аяқталатын орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары ы, і
дәнекер дыбыстары (әріптері) арқылы жалғанады: фонд+ы+сы,
фонд+ы+ны, ценз+і+ге, ценз+і+сі, штам+ы+ны, штамп+ы+лау, танк+і+ге, танк+і+лер, франк+і+сі, митинг+і+ге, митинг+і+сі, шланг+і+ге,
шланг+і+сі, ромб+ы+ға, ромб+ы+сы, объект+і+ге, объект+і+сі, киоск+і+ге,
киоск+і+сі, киоск+і+лер, Омск+і+ден, Омск+і+ге, лифт+і+мен, факт+і+сі,
факт+і+лер,
рецепт+і+нің,
рецепт+ті+ге,
мануск-рипт+і+ге,
почтамп+ы+ға, экспромт+ы+ны, фармацевт+і+ге, ямб+ы+ны.
Қатар келген дауыссыз дыбыстар тіркесінің қалған түрлеріне (нс, рс, рт, рш,
нт, рд, рм, фр т.б.) аяқталған кірме сөздерге қазақ тілі қосымшалары ы, і
дәнекерінсіз, буын үндестігі бойынша тікелей жалғанады: финанс+қа,
финанс+ы, аванс+ы (авансысы емес), цемент+ке, цемент+ті, фермент+тік,
цифр+ға, цифр+ы (цифрысы емес); хлороформ+ға, хлороформ+нан,
хлороформ+ы, фунт+қа, фунт+ы, формант+тар, формант+ы.Referencing norms: DanekerArqylyZhalganady, KlasDanekerZhengedi, QoldanylatynKlasDaneker, assert-h0e06752c040c6a0211a82be6e64abd5d7d5dee0610ca90ff26486d17ba9505a1, assert-h29d9bda19694bd4d43cf2b10c519e64f1b440429d480da1274095be13ee1cfbb, assert-h44657ba64d82aa588562ea9d6fd6ef61562cc993b9a35e9b5f8a0d2fb96785f5, assert-h44f1ea7198283c86a1e22b381ad7e1771bc71795911fa98e1da58267f69fcece, assert-h4760cf6d240e2c8019e96ae60c4ee6abfb9782ff0f93a7dc293e96380cf5badf, assert-h4bb0de9e21491869299af058c8d8068f6a8c899bcbccb7f23ea72c8be3931c2e, assert-h61e581f3e1818d9a95cd11511baa983b42e19344735f6d13ec35cee6de55ae0e, assert-h6c56af4c871dd688d2b70214f0f0a276b4a1992a8cb3a9c05bc008ba41c7cb74, assert-h7c661e6ca439303f5eb77961b72d1c33902b88dd0ab1414e497b5316ec7f7c84, assert-h97feef4afd8506a26d443fd0bb1f6bbeaf951232c8fc8fae37cf4b2531fc1318, assert-h9f636f4e0ce5598bdbae18436f0a2568fa1e32a439dba645a2420f247015cb4e, assert-hb4dd8c03db920c45c32d5a8f829227f8fd5f7266ecda435609fccd4483cdfbc3
article/33 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:9cb07c4f51a82dee06138a54965342cfab7258467035eeb9fe431b2d990e5000KK-KZ
§ 33. Сс, лл, тт, пп, ст, кст, сть, зд, кк дыбыстарына біткен орыс
тілінен енген жалпы есімдер атау күйінде өзгеріссіз жазылады да, оларға
қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда соңғы дауыссыз дыбысы түсіріліп
жазылады: кросс, кросқа, кросы, класс, класқа, кластар, класы, металл,
металды, металы, грамм, грамм +ға – грамға, грам- м+дық – грамдық, грамм
+ы – грамы, киловатт+қа – киловатта, грипп +і – грипі, съезд+ге – съезге,
съезд +і – съезі, ведомостъ+ка – ведомосқа.
Бірдей қос дыбыстарға аяқталған жалқы есімдерге қазақ тілі
қосымшалары жалғанғанда, қос әріп сақталып жазылады, тек
қосымшаның басқы дауыссыз дыбысы түбірдегі қос дыбыспен бірдей
болғанда ғана, үш біркелкі әріп жазылмай, екеуі жазылады: Гримм+ге Гриммге, Гримм+ді - Гриммді, Гримм+мен - Гриммен (Гримммен емес),
Покрасс+тың - Покрасстың, Покрасс+қа - Покрассқа, Кирилл+ге - Кириллге,
Филипп+тің, Филипп+пен - Филиппен (Филипппен емес), Кузбасс+тың Кузбасстың, Донбасс+қа - Донбассқа, Порккала-Удд+тан - Порккала-Уддан,
Лакснесс+ке - Лакснесске.article/34 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:3489818932122b830da57274ca4d6e17e4b7640a69d3115dbcb7a95031a82d6eKK-KZ
§ 34. Әріптерден қысқарған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары
соңғы әріптің немесе соңғы цифрдың айтылу әуеніне қарай, ал олардың
ішінде дауысты дыбыс болса, сол дыбыстың айтылу әуеніне қарай жуан не
жіңішке жалғанады да, дефис арқылы жазылады: АҚШ-қа, БАМ-ға,
ЮНЕСКО-ның, МТЗ-82-ге (сексен екіге).article/35 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:c5e5f297ceae6fe9bcba38663424699a1121d4845f26ddee2f1e6340f9afe5feKK-KZ
§ 35. Цифрмен жазылған есептік, бөлшек сан есімдерге дефис
арқылы
жалғанатын
қосымшалардың
жуан-жіңішкелігі
цифрмен
белгіленген санның айтылуына қарай болады: 10-ды 2-ге көбейт (онды
екіге). Оқушылардың 20-сы экскурсияға кетті (жиырмасы). Жолдың 1/5-іне
келіп қалдық (бестен біріне).article/36 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:9828c1756af2272f3dc4f0ef88cd5644d0495140776bdb19415716f9f334b7fdKK-KZ
§ 36. Процентті (%), градусты (°) белгілейтін таңбалары бар сөздерге
қосымша пайыз (процент), градус деген сөздердің соңғы буынының
әуенімен (процент сөзіне жіңішке, пайыз, градус сөздеріне жуан) жалғанады:
жұмыстың 90%-ы (тоқсан пайызы) немесе 90%-ті істелді (тоқсан
проценті). Суықтық 20° -қа дейін барды (жиырма градусқа).article/37 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:03eb11730a566c11fb98cf7d8ebdf46805ef271883725a22f03dcf134ca8cb2eKK-KZ
§ 37. см, мм, км, га сияқты қысқарған белгілерге жалғанатын
қосымшалар да дефис арқылы жазылып, осы белгілер таңбалайтын
сөздердің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады: Ұзындығы
10 см-ге (он сантиметрге) жуық сызық сызыңдар. 20 кмден (жиырма
километрден) астам жер жүрдік. 500га-ға жуық жер жыртылды (500
гектарға).article/38 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:c916de5017e67a58346e80dad25af3ae170eeba3ba445986714b809bf136bdc2KK-KZ
§ 38. Жеке әріптер, жеке сөздер объект болып, оларға қосымшалар
жалғанғанда, сол объектілердің айтылу әуеніне қарай жуан не жіңішке
болып, дефис арқылы жазылады: а-ның артикуляциясы ә- ге қарағанда
өзгеше. “Жаз шықты ” және “хат жаз ” дегендердегі жаз-дың мағыналары
бір емес. Жомарт Жақыптың “дұрыс”-ын осымен екірет естіді
(Ғ.Мұсатфин).
Е с к е р т у: см, мм, км, га сияқты кысқарған таңбалар өзге шрифтімен (қурсивпен)
терілуі мүмкін. Бірақ барлық жағдайда да қосымша дефис арқылы жазылады. Сондай-ақ объект
болып тұрған жеке әріптер, буындар, сөздер тырнақшаға алынып жазылуы да мүмкін, бірақ ол
күнде де қосымшамен екі араға дефис қойылады: “а”-ның артикуляциясы “ә”-ге қарағанда
өзгеше.article/39 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:1347bb6e159737da684b0ffb2b31e248ed7b6cf11da324ab797455c1c1032f23KK-KZ
§ 39. -ша, -ше жұрнақтарынан кейін -ла, -ле жұрнағы жалғанғанда,
алдыңғылары -шы, -ші түріне айналып айтылады және солай жазылады:
орыс+ша+ла
орысшылап
(айтқанда),
қазақ+ша+ла+ғанда
қазақшылағанда, өзім+ше+леп - өзімшілеп.article/4 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:55ed10cf02c9241332bc4f4e610729eacd65f6bc321f807a9b8e53e7a38c5527KK-KZ
§ 4. Ұ, ү әріптері, негізінен, сөздің бірінші буынында және бір
буынды сөздерде жазылады: ұ-лы, ұ-зын, ұлан, құ-лақ, жұ-дырық, құ- мыра,
үл-кен, тү-йініиек, түй-реуіш, ұн, ұл, үн, үш, құн, күн, күрт.
Алдыңғы буындағы еріндік ұ, ү, о, ө дыбыстарының әсерімен келесі
буында естілетін (айтылатын) ұ, ү дыбыстарының орнына ы, і әріптері
жазылады: құндыз (айтылуы – құндұз), құрық (айтылуы - құрұқ), бүгін
(айтылуы - бүгүн), күбір (айтылуы - күбүр), орын (айтылуы - орұн), өңір
(айтылуы - өңүр), домбығу (айтылуы - домбұғұу).
Е с к е р т у л е р . 1. Мына тәрізді түбір сөздердің екінші буындарында естілуінше ұ, ү
әріптері жазылады: бұлбұл, байғұс, мазмұн, мақұл, мағлұмат, дүлдүл, мәжбүр, дәстүр, марқұм,
нақұрыс, әңгүдік (бұлардың жазылуын орфографиялық сөздіктерден қарап білуге болады).
2. Біріккен сөздер мен қос сөздердің соңғы буындарында (яғни олардың екінші
сыңарында) ұ, ү әріптері жазыла береді: көкқұтан (көк//құ-тан), Аққұдық (Ақ//құ-дық),
қыстыгүні (қысты//гү-ні), мал-мүлік (мал//мү-лік), күп-күрең (күп// кү-рең).article/40 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:73ec266cf7e60dbefa0db387f8f4d4f67516991319bc8d1003620ae9a49f3ddeKK-KZ
§ 40. Әдетге шылау жалғаулардан кейін тұрады. Мұндайда олардың
көпшілігі бөлек, ал бірқатары дефис арқылы жазылады (83-88параграфтарды қараңыз): Біз әншіміз де, бишіміз де. Әнгімені келістіріп
айтасың +ақ. Бүгін киноға барасың ба?
Ауызекі сөйлеуде, кейде әдеби тілде де, кейбір шылаулар жалғау мен
түбірдің арасына түсіп кетеді. Бұл жағдайда:
а) II жақтық жіктік жалғауы мен түбірдің арасына түскен ма, ме, ба,
бе, па, пе сұраулық шылаулары мы, мі, бы, бі, пы, пі тұлғаларына айналып,
түбірге қосылып жазылады: барамысың (ба- расың ба), келемісің (келесің
бе), үлкенбісің (үлкенсің бе), жаспысың (жассың ба);
ә) басқа шылаулар тұлғалары өзгерілмей, түбірге қосылып
жазылады: Біз әншідеміз, бишідеміз. Әңгімені келістіріп айтады- ақсың.
Онда отырған біздер ебетейсізақпыз (С.Мұқанов). Күн болса, ондай антты
берерақпын (“Қозы Көрпеш - Баян сұлу”). Досыңақпын, тағдыр араз,
толғанамын, кайтемін. Ғашықақпын еш күмәнсыз (Абай).article/41 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:d70f6c390a43cc57dcd1381a603d7378a8daf8dc28d2fdf7dc4f1c80d1a18da2KK-KZ
§ 41. II жақ жіктік жалғау -сың, -сің түрінде (-сын, -сін емес)
жазылады: сен барасың (барасын емес), сен отырсың (отырсын емес). III
жақ бұйрық райдың жұрнағы -сын, -сін түрінде жалғанады: ол барсын, ол
келсін, балалар жиналсын, олар отырсын.article/42 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:eee083f1e2a2ef3bedefe547c677c7ce9696483319ece3d4a51a0225086aef55KK-KZ
§ 42. Сымак тұлғасы және -шы, -ші жұрнақтарымен мағыналас
қолданылатын -дағы, -тағы тұлғалары сөзге қосылып жазылады:
төресымақ, әкімсымақ, айттағы (Әңгімеңді қайталап айттағы - Әңгімеңді
қайталап айтшы), барайықтағы (“Орманға барайықтағы”, - деп өтінетін
едім. “ Орманға барайықшы”,-деп өтінетін едім).
Етістіктерге жалғанатын -дағы, -тағы жұрнағын есімдермен
қолданылатын дағы, тағы (да, де, та, те) шылауымен шатастырмау керек.
Дағы шылауы алдындағы сөзден бөлек жазылады:
1) Кәрі жырау мен дағы
Москваға өрлеген (Жамбыл).
Қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі
О дағы осал жау емес қыран паңға (Абай).
5. БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕРarticle/43 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:56e3213240b37152d2a899bc0570425035ac87a1077bfb6cc0aa547b7d3b6d45KK-KZ
§ 43. Екі (кейде одан да көп) сөз қатар айтылып, бір ғана ұғымды
білдіретін, яғни бір ғана затты, құбылысты, қимылды, түр-түсті, санды
атайтын к ү р д е л і с ө з д е р д і ң әрбір компоненті бөлек жазылады. Олар
мыналар:
Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты атап, алдыңғысы
соңғысының тегін (неден жасалғанын), неге арналғанын, немен жұмыс
істейтінін және өзгелерінен ажыратылатын белгілерін білдірсе, олар бірбірінен бөлек жазылады. Мысалы: ағаш шот (ағаштан жасалған шот), ат
қора (атқа арналған қора), жел диірмен (желмен жұмыс істейтін диірмен),
жол азық (жолда жеуге арналған азық), май шам (маймен жанатын шам),
шай қасық (шай ішкенде жұмсалатын қасық) т.б.
Бұлардың қатарына екінші компоненті бау, айыл, жіп, сап, киім,
қалта, май, қағаз, ағаш (“өсімдік” деген мағынада емес, зат, бұйым
жасайтын материал - “древесина” мағынасындағы) сияқты зат есімдер мен
олардың түрлерін (яғни сол сөз атап тұрған заттың түрлерін) айырып
атайтын сапалық не қатыстық сынды білдіретін есім сөздер жатады.
Мысалы, бау сөзімен келетін: аяқ бау, балақ бау, жел бау, қарғы бау, қармақ
бау, тамақ бау деген күрделі сөздердің барлығында да алдыңғы компонент
баудың түрлерін атайды (бұл қатарға шашбау, белбеу сөздері кірмейді, олар
кірігіп барып, бірігіп кеткен сөздер, яғни осылайша жазылуы дәстүрге
айналғандар). Сол сияқты: құр айыл, төс айыл, шап айыл; бас жіп, күзеу жіп,
мойын жіп, өрмек жіп дегендерде алдыңғы сөздер айыл мен жіптердің
түрлерін айырып атайтын анықтауыш сөздер, сондықтан бөлек жазылады.
Екінші компоненті қағаз сөзі болып келген күрделі атаулардың
бірқатары бір ұғымның (кейде бір кұжаттың) атын білдіреді: арыз қағаз,
жолдама қағаз, куәлік қағаз, қатынас қағаз, мақтау қағаз, рұқсат қағаз,
талақ қағаз, шақыру қағаз. Бұлардағы алдыңғы сөздер “қағаздың” (жазылған
дүниенің) неге байланысты, не үшін берілетін (жолданатын, жазылатын)
құжат екендігін білдіреді: рұқсат қағаз - бір нәрсеге (іс-әрекетке, затқа т.б.)
рұқсат ететін құжат, талақ қағаз - көне атау, әйелін талақ еткенін
куәландыратын қағаз т.т. Бұлардың көпшілігінің бірінші сөзі осы мағынада
қағаз компонентінсіз-ақ қолданыла береді: жолдама, куәлік, шақыру, арыз
т.т. Енді бірқатар тіркестерде алдыңғы компонент қағаздың сапалық не
қатыстық сынын білдіретін анықтауыштар болып келеді: ватман қағаз,
көшірме қағаз, қатырма қағаз. Бұл көрсетілген екі жағдайдың екеуінде де
қағаз сөзімен келген тіркестердің әрбір сөзі бөлек жазылады.
Е с к е р т у. Бұл ережеге қарақағаз сөзі бағынбайды. Ұлы Отан соғысы кезінде пайда
болған бұл атауда қара сөзі қағаздың түсін де, мақсатын да көрсетпейді, майданда қаза тапқан
адам туралы ресми хабардың атауы болып табылады.article/44 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:8cd848ee5e95a3162f72d99bdb0429294c439ce90636f7e42b96c3a99e75319fKK-KZ
§ 44. Адам, мал, айуан организмі мүшелерінің атауларын білдіретін
екі зат есімінен құралған күрделі сөздердің әрбір компоненті бөлек
жазылады. Олардың соңғы компоненті көбінесе жалпы атау (сүйек, жілік,
қол, тіс, көз, жақ, омыртқа, бет, ет, тамыр т.б.) болады да, алдыңғы
компоненті соларды анықтап, ажыратып тұрады: асық жілік, тоқпан
жілік, ортан жілік; бел омыртқа, мойын омыртқа; ортан қол, сұқ қол; тоқ
ішек, ащы ішек; күре тамыр, желке тамыр, қан тамыр; күрек тіс, ақыл тіс,
азу тіс, сүт тіс, ит тіс, бас сүйек, төс сүйек, жақ сүйек, төбе сүйек, бет
сүйек; көк желке, қыр желке, ой желке; сан ет, қол ет, қара ет, қызыл ет,
сұрпы ет т.т.article/45 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:704389b07565634f8f7e49bacd2cbf3344a59e241163b307f8f4888d2a352506KK-KZ
§ 45. Үш зат есім қатар келіп, алдынғы екеуі соңғы сөз білдіріп
тұрған заттың түрін саралау үшін айтылса, олар бөлек жазылады: үйрек бас
ер, қос етек көйлек, мысық мұрт жігіт, саба құрсақ байлар.article/46 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:7b103e432e00d74402ef52ccd71b59e5d154154f526b25741a561a610303a619KK-KZ
§ 46. Түбір күйінде компоненттері бір-бірінен бөлек жазылатын
анықтауышты тіркестер мен тұрақты тіркестерге етістік не есім тудыратын жұрнақтар жалғанғанда да, сөздердің бөлек жазылуы
сақталады, бұлар күрделі етістік немесе күрделі сын есім қатарына
жатады. Мысалы: ақ таңдақ (жер) - ақ таңдақтану (жер ақ тандақтанып жатыр), қара барқын - қара барқындану, іш құса (болу) - іш құсалық,
темір жол - темір жолдық (құрылыстар), ортан қол - ортан қолдай (жігіт),
көп бала - көп балалы (отбасы), жоғары сапа - жоғары сапалы, шала сауат шала сауатты, мал дәрігері - мал дәрігерлік, көп ұлт - көп ұлттық, көп жыл көп жылдық (еңбек), ұсақ буржуазия - ұсақ буржуазиялық.
Е с к е р т у л е р . Бұл ережені терминдік мәнге ие болған күрделі атаулардың
(көбінесе зат есімдердің) қосылып жазылатын заңдылығымен шатастырмау керек. Мысалы:
темір жолдық құрылыс, ал теміржолшы (соңғы сөз - мамандық иесін атайтын термин), көп
жылдық еңбек, ал көпжылдық шырмауық (соңғыда көпжылдық сөзі күрделі ботаникалық
терминнің компоненті болып тұр), бес жылдық оқу, ал бесжылдық (термин).
2. Бірге жазылуы дәстүрге айналған дүниежүзілік, бүкілодақтық сияқты қосылып
таңбаланатын бес-алты сөздің орфограммасын емле сөздіктеріне қарап біліп алуға болады.
3. Бөлек не дефис арқылы жазылатын екі компонентті жалқы есімдерден қазақ тілі
жұрнақтарымен жасалған туынды сөздер кіші әріппен қосылып жазылады: Коста-Рики костарикалықтар, Батыс Сібір - батыссібірлік.article/47 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:a908a3770d07b1d99115bff2f082c7d86fbd2122718f57d59979943eca172d52KK-KZ
§47. К ү р д е л і с а н е с і м д е р д і құрап тұрған сөздердің
әрқайсысы барлық тұлғада да бөлек-бөлек жазылады: он бір, он бірінші
(қабат), он бірге (Балам он бірге шықты), он бірлерде (Ол бала он бірлерде),
он екі, он екінші, он тоғыз, жиырма бір, бір мың, он мың.
Сан есімдермен жанастырыла қолданылатын жарым, есе, рет деген
сөздер бөлек жазылады: бір жарым, үш жарым, екі есе, екірет, бес есе, бес
жарым, бесрет.
Болжалды сан есім жасауға қатысатын шақты, шамалы, қаралы деген
шылаулар да бөлек жазылады: он шақты, отыз шақты, жүз шамалы, мың
қаралы(қой), жүз қаралы(атты).article/48 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:3c4f7390b266a68a71bddfe578047ebce4baa0e2a880b3ba74a65f0530faa77bKK-KZ
§ 48. Түсті білдіретін екі (кейде үш) сын есім қатар айтылып, үшінші
бір түстің атауы болып тұрса, олар бір-бірінен бөлек жазылады: қара күрең,
қара торы, қызыл ала, қызыл күрең, қара көк, сары ала, көк ала, ақ сары, ақ
сұр, шұбар ала.
Жеке тұрып, барлық заттардың түсін білдірмейтін ал, құба, кер,
құла, шабдар сияқты сөздермен қатар келген түс атаулары да бөлек
жазылады: ал күрең, ал қара, ал қара көк, ал қызыл, ал қоңыр, қара кер, ақ
құба, құла жирен, құла кер, ақ шабдар, шабдар ала.article/49 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:711faea099be693462c1df92c65e3eaaecfbf7cc4e48e3af0d0f0f41a9f3ca16KK-KZ
§ 49. Малды (көбінесе жылқыны) сипаттау үшін сын есіммен қатар
айтылатын төбел, қасқа, шолақ сияқты сөздер де бөлек жазылады: торы
төбел (ат), құла қасқа (бие), шолақ торы (жабағы), ақ бақай (ат).
Е с к е р т у л е р . 1. Екі сын есімнен жасалып, немесе басқа сөздермен аралас келіп,
малдың (көбінесе жылқының) меншікті аты - жалқы есім болып тұрған сөздер бірігіп, бас
әріппен жазылады: Ақан серінің Құлагері. Менің Торы- төбелім. Құлақасқа Жиренторыдан
озып келді.
2. Екі түсті білдіретін бірыңғай анықтауыштарды немесе қос сөздерді күрделі
анықтауыштармен шатастырмау керек. Бірыңғай анықтауыштар үтір арқылы, қос сөздер дефис
арқылы жазылады. Мысалы: Қызыл-жасыл (киім) киінген жастар тобы көрінді (Қызыл және
жасыл киім киінген немесе кызылды және жасылды болып киінген). Ақ, сары гүлдер алыстан
көз тартады (ақ және сары гүлдер).article/5 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:d8c8344b5ab8314c12b6dd516c8c7148c2c6da263464cc2b14ab45782881dfd0KK-KZ
§ 5. Ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады: ыс, ыстық,
ыдырау, қыдырыс, қыртыс, торы, іс, кіріс, ірі, кідіріс.
Ү ш буынды сөздердің ортасында дүдәмалдау естілетін қысаң ы, і
дыбыстардың әріптері көбінесе түсірілмей жазылады: абырой, адыраспан,
адыраю, ажырау, азына, айырым, ақымақ, аңызақ, аңырау, атырап, атырау,
әсіресе, бадырақ (көз), бадыраю, бытыра, дәрігер, едірею, ежірею, елегізу,
жадырау, жайылым, жапырақ, жауырын, жұдырық, көбінесе, көкірек,
қабілет, қағілез, қазына, қапырық, қасірет, қатынас, қоңырау, құбылыс,
құдірет, құжынау, құмыра, құрылыс, мағына, маңырау, мәжіліс, мәлімет,
мәміле, мейірім, меңіреу, мөңіреу, омырау, өкімет, саңырау, сүмірею,
тамызық, тебірену, тоқырау, топырақ, төңірек, ұмыту, ұмытылу (“естен
шығу” мағынасында), үзіліс, үкімет, шекірею, шұғыла, ыдырау, ықылас,
ысырап.
Е с к е р т у. Мына сияқты сөздердің ортасында ы, і әріптері жазылмайды: баурай,
баурау, лоблу, мәжнүн, малғұн, медресе, сахна, яғни (бұлардың жазылуы емле сөздігі бойынша
реттеледі).
Кейбір сөздердің соңғы буындарындағы ы, і дыбыстары сол сөздерге
белгілі бір қосымшалар жалғанғанда, айтылуы да, жазуда да сусып түсіп
қалады. Мысалы: орын + а - орна /ды/, ойын + а - (>ойна/ды/ (бірақ ойын +
ым - ойыным, ойын + ы - ойыны), бұйыр+ ық - бұйрық, жиын + а + лыс жиналыс, қорық+ ыт - қорқыту, қорық + а + атын - қорқатын, үрік +ек үркек, ауру + у (адам) (бірақ етістік ауыру), ерін + еу - ернеу, қырық + ыншы
- қырқыншы, айыр + ық + ша (айрықша.
Е с к е р т у л е р . 1. Айыр-, қайыр-, майыр-, шойыр-, үйір-, шүйір- сияқты етістік
түбірлеріне етіс жұрнақтары (-ыс, -ыл т.б.) жалғанғанда й-ден кейінгі ы, і әріптері түсірілмей
сақталып жазылады: айырылу, айырысу, қайырылу, қайырысу, үйірілу, шүйірілу.
2. Соңғы буынындағы ы, і әріптерін түсіріп не түсірмей жазу бірқатар сөздердің
мағынасын айыру үшін пайдаланылады. Мысалы: ауыру – етістік (көп ауыруға болмас) және
ауру - зат есім (Ауру адам жазылып келеді; Ауруды асқындырмау керек); ұмтылу - талпыну және
ұмытылу - естен шығу.
Соңғы буындарында ы, і дыбыстары бар сөздерді тәуелдегенде,
көбінесе соңғы буындарындағы ы, і әріптері сақталып жазылады: киіМ + і
- киімі, бауыр + ы- бауыры, бақыт + ы - бақыты, бұйым + ы бұйымы, дәуір +
і - дәуірі, пейіл + і - пейілі, рақым + ы - рақымы, уақыт + ы- уақыты, уыт +ы
- уыты, ырыс + ы - ырысы, иіс + і - иісі, ғылым + ы - ғылымы.
Е с к е р т у. Тәуелдегенде соңғы қатаң дауыссыз дыбысы ұяңдап кететін сөздерде ы, і
әріптері түсірілмейді: көрік + і - (ұстаның) көрігі, білік + і - (арбаның) білігі, Халық + ы (Мұсабайдың) Халығы. Бірақ бұған қарап кез келген сөзге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, соңғы
буынындағы ы, і дыбыстарын сақтап жаза (беруге болмайды. Мына сияқты сөздерді, яғни
соңғы буынындағы қысаң ы, і дыбыстары үнді (сонор) дыбыс пен қатаң дыбыстың ортасында
келген сөздерді тәуелдегенде, қысаң дыбыстар сусып түсіп қалады және түсіріліп жазылады:
бөрік +і - бөркі, көрік + і - көркі (“ажар, келбет” мағынасында), мойын + ы - мойны, мұрын + ы мұрны, халық + ы - халқы, ерік + і - еркі, әріп + і - әрпі т.т.
Ы, і дыбыстарына аяқталатын сөздерге дауысты дыбыстан басталған
қосымша жалғанғанда, ы, і әріптері түсіріліп жазылады. Мысалы: алты + ау
- алтау, жеті + еу - жетеу, екі + еу - екеу.
Ы, і дыбыстарына аяқталатын етістіктерге -у жұрнағы жалғанғанда,
ы, і әріптері түсіріліп жазылады: оқы + у- оку, тоқы + у - тоқу, кемі + у кему, жібі + у - жібу, иі + у - ию, кейі + у- кею.
Л, р дыбыстарынан басталып, одан кейін а, ә, е, у, ұ, и дыбыстары
келетін түбір сөздердің басында ы, і әріптері жазылмайды: лаж, лайық,
лас, лай, лайсаң, лақ, леген, рай, рас, лауазым, лашын, лашық, лақа (балық),
лақап, лезде, леп, лепіру, лоблу, рақат, рақым, рет, ренжу, рең, реңк, ру, рух,
рухани, рұқсат, риза, рия, ризық, рәсуа.
Л, р дыбыстарынан басталып, одан кейін қысаң ы, і дыбыстары келетін
сөздердің басында (л, р әріптерінен бұрын) ы, і әріптері жазылады: ырыс,
ырым, ырық, ырылдау, іріту, ілігу.
Сөз р немесе л дыбыстары мен қатаң дауыссызға аяқталып, шұғыл
айтылатын жағдайда бұлардың арасына ы, і әріптері жазылмайды. Мысалы:
ұлт, жұрт, кілт, бұлт, қарт, төрт, құрт, күрт, жалт- жұлт, тарс-тұрс,
бырт-бырт, жарқ-жұрқ, салт, қалт (етті).
Е с к е р т у. Шұғыл айтылмайтын соңғы сонор мен қатаң дауыссыздың арасына ы, і
қойылып жазылады: жарық (сәуле), қарыс (бір қарыс сақалы бар), қарыт (аязға бетін қарытып
алды), тұрыс (бұл тұрысың маған ұнамайды).article/50 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:396fab1cbaafd4c6f3c00e58869389242a638eb7959630830f1a0de5e31c35a3KK-KZ
§ 50. Жеке тұрып сол тіркестегі беретін мағынасында
қолданылмайтын қақ (тіркестегі мағынасы “екі” және “дәл”), қара
(тіркестердегі мағыналары “үлкен”, “жай, күрделі емес, қарапайым” т.б.),
қас (тіркестегі мағынасы “нағыз”), қыр (“артқы, соң”), сар(ы) (тіркес
құрамындағы мағынасы “үлкен”, “ұзақ”) сияқты сөздермен келген
тіркестердің әрбір компоненті белек жазылады: қақ айрылу,қақ алды, қақ
басы, қақ бастан (салып қалды), қақ бөлу, қақ жару, қақ маңдай, қақ шеке,
қақ төсі, қақ тілу, қара жаяу, қара жол, қара жел, қара өлең, қара сөз,
қара халық, қара нәпір, қас батыр, қас маңғаз, қас сұлу (қаса сұлу), қыр
желке, қыр соңынан, сар желу, сар(ы) қарын, сар дала, сары буын, сары
жілік, сары уайым, сары балақ, (бұлардың да жазылуын емле сөздіктері
реттеп көрсетеді).
Е с к е р т у. Бұл қатарға қыркүйек, қақбас (“баласыз” және “жексұрын”), қаскүнем,
қаскөй, қасқалдақ, саратан (ай), сарауру, саршұнақ (тышқан), сарсу (ауру), сарыбас (жылан)
тәрізді бірге жазылатын сөздер жатпайды. Бұлар аң-кұс, жан- жануар, жәндік, ауру-індет т.б.
атаулары болғандықтан, бір сөз ретінде танылады.article/51 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:9ea0ae46608a60a88a6ce27801072090d5fd66741b084f3b53cd116995709048KK-KZ
§ 51. К ү р д е л і е т і с т і к т е р д і ң әрбір сөзі бөлек жазылады.
Күрделі етістіктер екі, үш, кейде төрт, бес сөзден де құралуы мүмкін:
келе жатыр, оқып отыр, алып бер, келе қал, бара алмады, жүріп келе жатыр,
алып беріп жібер, бара алмай қалды, жүріп келе жатыр еді, оқып отыра
бергісі келді, кетіп қала жаздап барып қалды.article/52 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:70e000e26fbc23308f6ded31c7c425cef0b10e2066cbea766f151f6dd89b1efeKK-KZ
§ 52. Екі етістіктен бірігіп, ықшамдалып, қалыптасып кеткен әпер
(алып бер), әкел (алып кел), әкет (алып кет), түрегел (тұра кел), мойынсұн
(мойын ұсын), өсіт (осылай ет), бүйт (бұлай ет), неғып (не қылып), неткен
(не еткен), қайткен (қалай еткен) сияқты сөздер сол қалыптасқан ықшам
тұлғасында да, күрделі түрінде де қолданылады. Соңғы жағдайда екі етістік
бөлек-бөлек жазылады. Мысалы: Кітапханадан көп кітап әкелдім Кітапханадан көп кітап алып келдім. Ол түрегелді де, гимнастика жасай
бастады - Ол тұра келді де, гимнастика жасай бастады. - Әкет әрі - Алып
кет әрі!
Е с к е р т у. Мойынсұну, неткен, сөйтіп, өйтіп, өйткені, неғып сияқты сөздердің толық
(күрделі) түрде тұлғалануынан (жұмсалуынан) гөрі осы ықшамдалған тұлғасында қолданылуы
басымырақ.article/53 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:9ab242504fe8e48674264cfaa1fc30a56d3efd5217dd114213cebed2ba52508dKK-KZ
§ 53. Есімдер мен етістіктерден араласып құралған, бір мағына
беретін тіркестердің әрбір сөзі бөлек жазылады: жұмыс істеу, қызмет ету,
жәрдем беру, қол шапалақтау, ат қою, егін ору, жер қазу, жер өлшеу, іс
жүргізу.
Мұндай тіркестердің соңғы компонентіне жұрнақтар жалғанып,
туынды сөз жасалған күнде де әр сөз бөлек-бөлек жазылады: қызмет етуші,
жәрдем бергіш, ат қоюшы, егін орушы, жер қазушы (адам), сөз жасаушы
(жұрнақ), іс жүргізуші (делопроизводитель). Есім мен етістіктерден
жасалған тіркестер -у, -мақ жұрнақтарымен келіп, заттық ұғымды (демек,
бір ғана заттың, құбылыстың, ұғымның атауын) білдірген күнде де олар
күрделі сөз ретінде бөлек-бөлек жазылады. Мысалы: ду қол шапалақтау,
астық жинау басталды (мұндағы астық жинау заттық мағынада жұмсалып
жүр).article/54 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:f6258072fdb6924c29eca6d9adfce99e56ce7b0c88cded9b80afc0e99eb1352fKK-KZ
§ 54. Идиомалық, фразалық тұрақты тіркестердің әрбір сөзі бөлек
жазылады. Әдетте мұндай тіркестер бір ғана ұғымды білдіреді, сондықтан
олардың екі сөзден тұратындары біріккен сөздерге ұқсап, жазуда көп
қиындық келтіреді. Терминдік мәнге ие болып, біріккен сөз дәрежесіне
көтерілген бірқатар тұлғалардың о баста идиома не фраза болғандығы да
(мысалы: келіссөз, көзқарас, ақсақал, атқамінер т.с.) бұл қиындықты
күшейте түседі. Дегенмен идиома мен фразалық тіркес компоненттерінің
бөлек жазылатындығын негізгі қағида деп ұғыну қажет. Бұлар есім
мағыналы да, етістік мағыналы да болып келеді. Мысалы, есімдер: көк езу,
сөз бұйда, өгіз аяң, арам ой, арам ойлы, ақ көңіл, ақ көңілді, қара ниет, қара
ниетті, қара ниеттілік, асқар тау, шалқар көл, бие сауым (уақыт) ет асым
(уақыт), қозы көш (жер), тіс қаққан (бала). Етістік мәнді фразеологизмдер:
тіл қату, тіл алу, тілге келу, тілін тарту, тіл өту, тіл ширату, бас ию, бас
көтеру, бас салу, бас сауғалау, бас тарту, бас қатыру, бас қорғау, бас қосу,
бас құрау, бел байлау, бой бермеу, бой тасалау, бой ұру, жан ұшыру, жан қию,
жаны ашу, қол жету, қол кою, қол байлау, қол үзу, ат қою (“шабуылға шығу”
мағынасында), ат салысу, жек көру т.б.
Етістік мәнді фразалық тіркестерден жұрнақтар жалғанып
жасалған туынды сөз-тіркестердің де әр компоненті бөлек жазылады: тіл
алу - тіл алғыш (бала), бас көтеру - бір үйдің бас көтерген үлкені, бас
қатыру- бас қатырушылық, бой ұру - бой ұрғыш, жан қию - жан қиярлық (іс),
жаны ашу - жаны ашығыш, қол жету - қол жеткен (табыстар), қол байлау,
қол үзбеу - қол үзбей (көмектесу), жек көру- жек көрінішті, жек көрушілік,
жүз таныс - жүз таныстық, салқын қанды - салқын қандылық, бір сөзді - бір
сөзділік.
Е с к е р т у. Етістік тұлғалы сөз тіркесінен жасалып, терминге айналған сөздер
біріктіріліп жазылады. Мысалы: басқосулар (саяси-әлеуметтік термин, яғни белгілі бір адамдар
тобының белгілі бір саяси, қоғамдық, тәрбиелік т.б. мақсатпен бас қосқан жиындарының ресми
атауы), жанкүйер (спорт термині), мұзжарғыш (кеме), қаржыртқыш (машина атауы),
қойтоғытпа (ауыл шаруашылык саласының термині, яғни қойға қотыр түсірмеу және қотырдан
емдеу үшін қолданылатын арнаулы шараның атауы), мұзойнақ (спорт термині), өнертапқыш,
өнертапқыштық, пікірталас, атқамінер, алыпсатар, ізашар, еттартқыш, шаңсорғыш (құрал
атаулары). Бұлар жөнінде 58-64 параграфтарды қараңыз.article/55 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:6abcddf5efe493d02d64cf9c6c19bee35681fe9d93219d57d8f98da3a90c67aaKK-KZ
§ 55. Қыз, ер, сал, сері, батыр, балуан, сұлу, би, қожа тәрізді тұрақты
эпитеттер өздеріне қатысты жалқы есімдерден бөлек жазылады. Олар жалқы
есімдердің алдынан да, соңынан да келе береді. Алдынан келгенде,
эпитеттер бас әріппен; ал соңынан келгенде кіші әріппен жазылады. Қыз
Жібек, Ер Тарғын, Балуан Шолақ, Алдар Көсе, Ер Төлеген, Батыр Мәлік,
Тентек Ояз, Кішкене Молда (соңғы екеуі Мұхтар Әуезовтің“Абай”
романынан), Жаяу Мұса, Біржан сал, Акан сері, Қамбар батыр, Баян сұлу,
Жиренше шешен, Аяз би, Игілік би, Күреңкөз қожа (соңғы екеуі
Ғ.Мүсіреповтің “Оянған өлке” романынан).article/56 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:37514b6f79b6567ee9c560de86598b41f252b479d2ac8902062e4a008ce686e0KK-KZ
§ 56. Ұқсас жер аттарын бір-бірінен ажырату үшін, сол атаулардың
алдынан келетін тұрақты анықтауыштар бас әріптен басталып, бөлек
жазылады: Кіші Жамантау, Үлкен Жамантау, Күнгей Алатау, Ақ Қойтас,
Қара Қойтас, Орта Азия, Орталық Азия, Кіші Азия.article/57 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:69f1d36d12a2f28089854691c2ccf7c7e5005d18a9639b235891129a0888d7bbKK-KZ
§ 57. Ғылымның әр алуан саласына жататын күрделі терминдердің
компоненттері бөлек жазылады. Ол күрделі атаулар бірнеше тәсілмен
жасалады:
1. тәуелдік жалғаулы сөзбен келеді: көмір қышқылы, тіл білімі, оқу
орны, мал шаруашылығы (животноводство);
2. етістікті тіркес болып келеді. Мысалы: дауыс беру, жер аудару,
шағым беру заң термині), тыйым салу;
3. анықтауышты тіркес болып келеді: өзара әсер (философия
термині), жеке адам (личность), жәрдем ақша (пособие).
БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕРarticle/58 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:34433532569760cf2e32b01070d2d935db247bb1e5ca2c36263ef75edc535002KK-KZ
§ 58. Біріккен сөздерді жасап тұрған компоненттер, негізінен,
түбір тұлғалары сақталып, бірігіп жазылады: асқазан, алабұға, алақоржын
(өсімдік), баспасөз, балабакша, біркатар, бірыцғай, бозбала, бозқырау,
демалыс, денсаулық, еңбеккүн, жарқабақ, кәсіподақ, кәсіпорын, қолбасшы,
қолжазба, қолөнер, қолтаңба, оңтүстік, орынбасар, өнеркәсіп, өнертану,
өнертапқыш, сегізкөз, солтүстік, шаштараз, суықторғай, түйетауық,
уқорғасын.article/59 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:80a06daed45cc711ae5c42eae032080be23239e5ac650b754c6ba03b92e5442fKK-KZ
§ 59. Бірсыпыра біріккен сөздер өзгерген қалпында, айтылуынша
жазылады: бүгін, биыл, жаздыгүні, қыстыгүні, бүрсігүні, күздігүні, белбеу,
қолғап, қолғанат, қолғабыс, қарағаш, апару, әкелу, түрегелу, мойынсұну.
Біріккен сөз болатындар:article/6 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:ead2ace37708ce1154db1babc447ca95d3e305158c4fda84d262aa291aa3290dKK-KZ
§ 6. Л, э әріптері орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады:
пулемет, Петр, Семен, этажерка, эпос, поэма, эволюция, экономия.article/60 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:5ffa0c3fc050580d34a91b3d29e71bbf6b2d390fc3c67723febf72c84da4fec6KK-KZ
§ 60. Топонимикалық атаулар, яғни жер-су аттары. Бұлар, негізінен,
түбір тұлғалары сақталып жазылады: Актөбе, Ақжар, Алатау, Жезқазған,
Талдықорған, Қызылорда, Сарыөзек, Сырдария, Баянауыл, Ұлытау, Қаратау,
Жаманшұбар, Еңбекшіқазақ. Кейбір жер аттары үш сөзден жасалады да,
үшеуі де бірігіп жазылады: Екібастұз, Қызылжарқұдық, Ақдаласор,
Актүйесай, Алқакөлқұм, Ақбасатан. Тіпті кейде төрт түбірден құралып
жасалған жер-су аттары да кездеседі: Аймысықкөккөз (тау, шоқы аты,
Қарағанды облысының Шет ауданында), Ақсортопырақсай (сайдың аты,
Ақадыр ауданында).article/61 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:e70c03bd8ccc0f29ca6b17fd2c310aa9c0f78a83cd0533a612ed66dd5b34eb67KK-KZ
§ 61. Қазақша кісі аттары мен ру-тайпа және бірен-саран халық
аттары. Бұлардың да көпшілігі, негізінен, түбір тұлғалары сақталып, бірге
жазылады: Ақбөпе, Ақмарал, Гүлжәмила, Ғалиябану, Жақыпбек, Жанбота,
қаракерей, жетіру, қарақалпақ, қарақыпшақ.
Бірқатар кісі аттары дыбысталуы жағынан өзгерген күйінде
жазылады: Амангелді, Жангелді, Нүргелді, Қарагөз, Ботагөз, Айғыз, Әйгерім,
Жанғозы, Телғожа, Дәметкен, Ұлбосын, Айғаным.
Адамның фамилиясын немесе әкесінің атын білдіру үшін
қолданылатын ұлы, қызы деген сөздер жалқы есімге қосылып жазылады:
Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов, Бауыржан
Момышұлы, Сара Сәтбайқызы Есова.article/62 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:c43844414db72e47f33440180cb79a4a04d98d6ffe8bad044dbd83755f9f24c7KK-KZ
§ 62. Ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы терминдік мәнге
ие болған атаулар бастапқы түбір тұлғаларын сақтап, бірігіп жазылады.
Оның ішінде:
Саяси-әлеуметтік
терминдер
мен
тарих,
э к о н о м и к а ғылымдарына жататын сөздер: өнеркәсіп, кәсіподақ,
бесжылдық, көзқарас, баспасөз, арақатынас, еңбеккүн, еңбекақы, жалақы,
қаламақы, шикізат, қолбасы, келіссөз, қонақасы, өнертабыс, алауыздықтар
(мемлекеттер, одақтастар, пікірлестер т.б. аралығындағы келіспеушіліктер),
көзбояушылық, сөзбұйда (волокита деген терминнің баламасы), қосмәнділік
принципі (философия термині).
Б и о л о г и я ғылымына жататын терминдер, яғни аң-құс, жанжануар, өсімдік, ағаш, құрт-құмырсқа атаулары және осы салаға қатысты
өзге де терминдік сөздер: алабота, кәріқыз, алақоржын (өсімдік аттары),
қырықаяқ, бұзаубас, қарақұрт (жәндіктер), ақиық, бізтұмсық, бірқазан,
өгізшағала
(құс
аттары),
гүлтабан,
бұршаққын,
тозаңқап
(ботаникатерминдері).
Бірінші сыңары түсті білдіретін сын есімдер (ақ, сары, қызыл, қара
т.б.), немесе мал, аң-құстардың жалпы атаулары (қой, сиыр, түйе, қозы,
бөрі, аю, қоян, қаз т.б.), я болмаса тау, шөл, құм, дала, су, тас, у деген
сияқты сөздер болып, екінші сыңары нақты өсімдік немесе аң-кұстардың
аты болса, бұлармен жасалған сөздер биологиялық терминдер ретінде
қосылып жазылады (қазақ тілінің емле ережелері мен 1988 жылғы
Орфографиялық сөздікте алдыңғы сөз анықтауыш ретінде бөлек
жазылады деп көрсетілген ереже түзетілуге тиіс): құмбетеге, субетеге,
қоянжоңышқа, сиыржоңышқа, түйежоңышқа, қойжусан, қызылжусан,
қаражусан, қойқарақат, бөріқарақат, аюқарақат, қызыл- қарақат,
қарақарақат, түйекекіре, укекіре, атбұршақ, түйебұршақ, бөрібұршақ,
майқаңбақ, балқаңбақ, сорқаңбақ, аққайың, қотырқайың, үлпекқайың,
қызылқайың, итжуа, итбүлдірген, итбадам, итқонақ, итқұмық, итошаған,
итсигек, итбүлдірген, таутеке, субүркіт, сужылан, убалдырған, убидайық
Е с к е р т у. Ақ, қара, қызыл, қоңыр деген сын есімдер аң-құс,
өсімдіктердің түсін айыру үшін қолданылған болса, бөлек жазылады: ақ аю,
қоңыр аю, қара бұрыш, Кызыл бұрыш, қара жүзім, қара өрік, қоңыр қаз. Кер
сөзі де түсті білдіріп тұрса, бөлек жазылады: кер ат, кер ала, кер бесті, кер
жағал, кер төбел, кер марал, ал кері жәнс керілген сөздерінің ықшамдалып
барып тіркескен түрімен келген күрделі сөздер бірігіп жазылады: керауыз,
керзаман, кермиық, кертақыс, кертартпа.
Ф и з и к а - м а т е м а т и к а ғылымдары мен өндіріс-техника
саласына жататын терминдердің бірсыпырасы біріккен сөздер болып келеді.
Мысалы: сегізжақ, үшжақ, көпмүше, бірмүше, көпбұрыш, темірбетон,
қазаншұңқыр (котлован), майбалшық (раствор), жанармай, жағармай.
Медицина,
ветеринария
салаларына
қатысты
терминдердің бірқатары екі түбірден жасалып, бірігіп жазылады: шорбуын
(артрит), соқырішек, сарысу (илену), сарауру, көкжөтел, құрқұлақ, өкпеқұрт,
қоянжел.
Мәдени-ағарту, өнер, әдебиеттану,тіл б і л і м і
салаларына жататын терминдердің ішінде екі түбірден бірігіп жасалғандары
едәуір: күйтабақ, қылқалам, қолтаңба, сөзжұмбақ, жолжазба, сегізаяк,
сөзжасам, сөзтізбе (реестр).
Спорт саласына жататын терминдер екі түбірден жасалса, біріккен
сөз болады: бессайыс, онсайыс, мұзайдын, ойынсерік (партнёр), жанкүйер.
Спорт терминдері сияқты қазақша ұ л т т ы қ о й ы н а т т а р ы да
екі түбірден жасалса, көбінесе, біріккен сөз ретінде қосылып жазылады.
Бұлардың ішінде сын есім, сан есімдер мен зат есімдердің тіркесуімен
жасалғандары көбірек кездеседі: аққала, ақсүйек, түйебас, қосқұлақ,
әуетаяқ, салматаяқ, алакүшік, алтынқабақ, бурақотан, қарабие, қарақұлақ,
алтыбақан, бесқақбай, үштабан, шықетер, төртасық, бесасық, бестас,
соқыртеке, тоғызқұмалақ.
Сондай-ақ кейбір ойын аттары есімдер мен етістіктердің тіркесінен
жасалады, олардың көпшілігі біріккен сөз болады: балтамтап, қолсоқпақ,
ханатпақ, ханталау, тисінқабак, ал бірқатары күрделі соөз ретінде белек
жазылады: қыз қуу, орамал тастау. Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш
мүшелері бар, сөйлем іспетті құрылымдардан жасалған ойын аттары
тырнақшаға алынып, кейде тырнақшасыз әр сөзі бөлек жазылады: “ханды
қара басты ”, “хан жақсы ма?”, “кім түртті?”. Бір сөздің қайталауынан
жасалған немесе қарсы мәндес қос сөздерден жасалған ойын аттары
дефиспен жазылады, олар да көбінесе тырнақшаға алынады: “мыршыммыршым " “ұжмақ-тозақ ”, “хан-уәзір ”.
Әр түрлі ырым, ритуал аттары да екі түбірден тұрса, бір сөз
ретінде танылады: ақсарыбас, жолаяқ, беташар, есікашар, тұсаукесер,
атұстатар, қолұстатар, батаоқыр.
Х и м и я, г е о л о г и я , м е т а л л у р г и я салаларына қатысты
терминдердің бірқатары біріктіріліп жазылады: оттек (оттегі), сутек
(сутегі), қостотық, теміртас (железняк), таскөмір.
А г т р о н о м и я саласына қатысты терминдік сөздер екі түбірден
жасалса, біріктіріліп жазылады: көкжиек (горизонт), кемпірқосақ, оңтүстік,
солтүстік, шоқжұлдыз. Бұл топқа жұлдыздардың, шоқжұлдыздардың
аттары да жатады: Темірқазық, Жетіқарақшы, Ақбозат, Есекқырған,
Үшарқар, Құсжолы.
Біріккен сөз болатын терминдерге келгенде мынадай жайттарға көңіл
аудару қажет болады. Флора (өсімдік) пен фауна (жан-жануарлар)
дүниесінің терминдік атаулары болып келетін біріккен сөздердің жасалу
жолдары көбінесе мыналар:
1) Флора мен фауна атаулары түсті білдіретін ақ, қара, көк, сары,
қызыл, ала, боз деген сөздер мен жеке тұрғандағы лексикалық мағынасынан
айырылған сөздердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы, (алақоржын
(тышқан), ақиық (құс), қарақанат (өсімдік) дегендердегі қоржын, иық,
қанат сөздері осы атауларда өздерінің жеке лексикалық мағынасында
қолданылып тұрған жоқ, алдыңғы сөздермен бірігіп барып, нақты аңның,
құстың, өсімдіктің атауы болып тұр.
Бұл топтағы өсімдік атауларына мысалдар: ақбүйрек, ақбілек,
ақшелек, ақсырғақ, ақтамақ, бозбұғы, бозкілем, қарабас, қарақұлақ, қарашора,
қарашұнақ, қызылбас, қызылқұйрық, сарыбуын, сарысадақ, көкқасқа,
көкнайза, көксұлтан, көкшолақ.
Осы топтың жан-жануарлар атауларына мысалдар: ақиық, қарабай
(құстар), ақкөз, аққайран, ақсерке, алабұға, қаракөз (балықтар), алақоржын
(тышқан), қарақұйрық(аң).
2) Бірінші сыңары түсті білдіретін сын есімдер, екінші сыңары аңқұс, өсімдіктердің жалпы атауы болып саналатын құс, ағаш, балық, құрт,
шөп, гүл, торғай, жидек, жеміс сияқты сөздер болып келген атаулар
біріккен сөз болады: қарақұс, қараторғай, қарағаш, қарақұрт, сарағаш,
сарыгүл, сарышөп, қаражидек, қызылжидек. Мұнда да өсімдіктің нақты
атауы ағаш, гүл, жидек деген сөздер емес, сол сияқты құс, торғай дегендер
де нақты бір құстың аты емес, жалпы атаулар.
3) Бірінші сыңары әр алуан есім создер болып, екінші сыңары шөп,
от(ы), гүл, құс, торғай, балық, тауық, құрт сияқты жалпы атау болса, олар
да біріккен термин сөз болады. Мысалы: айгүл, айланшөп, бояушөп,
барқытшөп, қоңыраушөп, сәлемшөп, әтіргүл, безекгүл, тарақбалық,
теңгебалық,
қылышбалық,
күркетауық,
түйетауық,
тентекқұс,
жыланқұрт, суықторғай.
Соңғы компоненті жапырақ, тікен, тікенек, тамыр сияқты сөздер
болып келгендер де осы қатарға жатады: бабажапырақ, алтайтамыр,
сужапырақ, сүтжапырақ, теңкежапырақ, әректікен.
4) Екі сыңары да жеке тұрғандағы лексикалық мағынасынап айрылған
есім сөздер болса, ол атаулар да ботаникалық немесе зоологиялық терминдер
бола алады: егеуқұйрық, бізтұмсық, қаптесер, айқабақ, асқабақ, бестамақ,
балмұрын, томардәрі.
5) А. Бірінші сыңары мал атаулары (қой, сиыр, айғыр, түйе, бота,
бие, қозы, ат) аң атаулары (аю, киік, бөрі) немесе балық, бақа, құс деген
сөздер болып, екінші сыңары өзінің лексикалық мағынасынан айырылған
сөздерден жасалған биологиялық терминдер біріккен сөз болады: аюқұлақ,
аютабан, атқұлақ, атшоңқай, бақабас, балықкөз, бөрікөз, бөріқұлақ, бөрігүл,
ботатабан, қозыжаурын, қозықұйрық, қозықұлақ, құсаяқ, құсқонбас,
құстарақ, түйеқарын, түйеқұйрық, түйесүйек, түйежапырақ, биебау,
биеемшек, биеқарын, қоянсүйек, қоянтамақ, қоянтобық.
Ә. Бірінші сыңары кейбір малдар мен аңдардың жалпы атаулары
(қой, қоян, түйе, киік, балық т.б.) екінші сыңары шөп, от(ы), жапырақ, тікен,
жеміс, тамыр, ағаш, қат сияқты сөздер болса, бұлардың бірігуі арқылы да
ботаникалық терминдер жасалады: балықот(ы), қояноты, бақоты,
қойоты, қояншөп, қандағаш, қарағаш, қызылағаш, түйежапырақ, түйетікен,
киікоты, қазоты, бөріжеміс.
Е с к е р т у. Белгілі бір өсімдіктің түрін (сортын) айырып атау үшін жасалған, бірінші
сыңарлары мал мен аң-кұстардың жалпы атаулары (бөрі, аю, қоян, киік, қаз т.б.) екінші
сыңарлары жеке өсімдіктің өз атаулары болып келетін тіркестер де біріккен сөз болады (бұлар
жөнінде § 62-ты қараңыз).
Б. Өсімдік, аң-құс, жан-жануарлардың белгілі бір түрінің
(тұқымының, сортының) атауы алдынан олардың мекеніне, түсіне немесе
басқа да бір қасиет-белгілеріне қарай айтылып қалыптасқан тұрақты
анықтауыштары болады. Олар анықтайтын сөзінен бөлек жазылады.
Мысалы: мес бие, қулық бие, лақса бие, сарқарын бие; жөнек нар, үлкен нар,
оқпақ нар. Сонымен қатар мұндай терминдік анықтауыштар екі (кейде үш)
сөзден тұруы да мүмкін. Ол күнде бұл екі сөз өзара бірігіп жазылады да,
анықтайтын сөзінен бөлек тұрады. Мысалы: ақбас жонышқа, ақбас сиыр,
ақбас капуста дегендердегі ақ сөзі жоңышқаның, сиырдың, капустаның
бастарының ақтығын жай ғана суреттеп тұрған жоқ, ол бас сөзімен бірігіп,
сол өсімдіктің сортын немесе малдың тұқымын айырып атап тұр. Мұндай
терминдік мәндегі күрделі анықтауыштар негізінен ғылыми әдебиетте
(оқулықтарда, ғылыми зерттеулерде, энциклопедия мен сөздіктерде)
кездеседі және көбінесе калька жолымен жасалған аударма болып келеді:
ақтұмсық қарға, алақанат бозторғай, итбас жарғанат, алаяқ мәлін, ақтөс
сусар, аққабақ шымшық, бізқұйрық үйрек, сүйелтұмсық кептер,
қызғылтжирен саршұнақ, қызылерін ақмарқа.
Е с к е р т у. Екі-үш сөзден тұратын күрделі анықтауыштар ғылымдық термин болмай,
яғни түрді, тұқымды, сортты білдірмей, жай суреттеме атау үшін қолданылған болса, олардың
әрбір сөзі бөлек-бөлек жазылады: Мысалы: ақ шандыр бие, ит арқа ат, бас асау жылқы, иір
өркеш түйе, қара қайыс түйе, сары аяқ марқа, ақ ала мойын кептер, ұзын сирақ әтеш.
Биология саласының біріккен сөзден жасалған терминдері тек жанжануар, аң-құс, жәндік, өсімдіктердің аттары ғана емес, олардың
құрылысына, организміне, өсіп-өну процесіне т.б. қатысты атаулар болып та
келеді. Мысалы: гүлтабан, гүлшұнақ, тозаңқап, бұршаққын, сүткоректілер,
оңқанаттылар.article/63 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:7708f1af7a03cb5edb0877d7f5babb706842e9977cdc7416918506676d0ad24aKK-KZ
§
63.
Әр алуан қ ұ р а л - ж а б д ы қ ,
қару-жарақ,
м а ш и н а , а п п а р а т , б ұ й ы м , ү й м ү л к і атаулары екі түбірден
жасалса, біріккен сөз болады. Бұлардың ішінде бұрын пайда болған
ежелгілері де, жаңалары да бар. Мысалы, көне мылтық атаулары: алтатар,
бесатар, күлдірмамай, жекауыз, бірауыз, қандауыз, жездауыз; әр түрлі үй
мүлкі мен бұйым атаулары: жұқаяқ, қазанқап, жастағаш, қолғап, қуысқұлақ,
музыкалық аспап атаулары: месқобыз, сазсырнай, асатаяқ, найсыбызғы,
қоссаз, желғабыз;өзге де құрал-жабдық аттары: атауыз, жерағаш (соқы),
тісағаш, шотаяқ сияқтылар ертеден келе жатса, мұзжарғыш, еттартқыш,
қаржыртқыш, астықтиегіш, шаңжұтқыш тәрізді жаңа машина, аппарат,
құрал-жабдық атаулары - кейіннен жасалған біріккен сөздер. Соңғы топтағы
нақты атау болып саналатын зат есімдерді осылармен тұлғалас келетін
кәдімгі анықтауыштармен шатастырмау керек, күрделі анықтауыштардың
әрбір сөзі бөлек жазылады: су тартқыш колонка (қандай колонка? - су
тартқыш), жүк көтергіш машина (қандай машина? - жүк көтергіш).article/64 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:18271b04792dacde72ce02b32cd96661457e5077a28777fafda998e55742e77dKK-KZ
§ 6 4 . Әр алуан м а м а н д ы қ , к ә с і п и е л е р і н і ң аттары және
белгілі бір іске (әрекетке, жұмысқа т.б. ) бейім адамдардың атаулары да екі
сөз арқылы білдірілсе, біріккен сөз болады: алыпсатар, атқамінер,
теміржолшы, жолсерік (проводник), өнертапқыш, қызылізш.
Екі компоненті де етістік тұлғалы болып келетін сипаттама тіркестер
қосылып жазылады: көріпкел (адам), шығарыпсалма (сөз), суырыпсалма
(ақындық), алыпқашпа (сөз); бұл қатарға екінші компоненті ашық райдағы
етістік болып келетін тіркестер де жатады: ерғашты (болу), жүрекжарды
(хабар), қағазбасты(қызметкер), жолсоқты (болу), пышақкесті (тыйылу).
Етістік араласып жасалған әпербақан, ойбауырымдау (жоқтау), өлдемаған,
әлімжеттік (қылу), немкетті (қарау) немкеттілік, немқұрайды (қарау),
немқұрайдылық, қағазбастылық сияқты сөздердін осылайша жазылуы сөздік
бойынша реттеледі (яғни сөздіктен қарап жазу керек).article/65 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:2dfc6519b5af0d2b4ce8e818d6c764c333fd1b32d81ea80eb69482af12c8ed04KK-KZ
§ 65. Екінші сыңары аралық, тану, сымақ, құмар, жай, хана, ақы,
нама, хат, тас, бас деген сияқты сөздер болып келген тіркестер бір ғана
заттың атын білдіріп (көбінесе термин болып) тұрса, біріктіріліп жазылады:
халықаралық, ауданаралық, ведомоствоаралық; қоғамтану, шығыстану,
абайтану; шешенсымақ; асхана, құсхана, төлхана, перзентхана;
сапарнама, өмірнама, ғарышнама; шайқұмар, әнқұмар; жалақы, қаламақы,
еңбекақы, жамбасақы, көзақы (көргеннен көзақы алған), жолақы, кіреақы
(термин ретінде емес, образды фразеологизм құрамында келген ақы сөзі
бөлек жазылады: табан ақы, маңдай тері); сенімхат, түсінікхат,
келісімхат, мағлұмхат, сәлемхат (хат сөзі жалпы “жазылған дүние”
мағынасында келіп, алдыңғы сөз сол жазылғанның сипатын білдіріп тұрса,
бөлек жазылады: ашық. хат, жасырын хат, жабық хат, тапсырыс хат);
қоражай, саяжай, тұрақжай, қонақжай, жағажай (пляж), егінжай;
ұлутас, теміртас, сутас, тақтатас, зертас, сынтас, құлпытас, обатас,
этнографиялық бұйымдардың атаулары; тұмартас, есектас, құрал атауы:
шаңтас (бидай бастыратын), табиғаттағы құмтас, қойтас, жартас,
шағылтас (тас сөзі өзінің тура мағынасында келіп, алдыңғы сөз оның түрлі
сын-сипатын білдірсе, бөлек жазылады: малта тас, дөңбек тас, жақпар
тас, қайрақ тас, қабыршақ тас, шақпақ тас, серек тас, үңгір тас, тектұр
тас, лағыл тас, ақық тас, меруерт тас) қалжыңбас, қылжақбас, маубас,
жүдеубас, жындыбас, қаңғыбас, қақбас (бұларды алдыңғы компонент!
анықтауыштық қызметте келген қауға бас, дода бас, қазан бас, қасқа бас,
қалтақ бас деген жай тіркестермен шатастырмау керек); қолбасы, онбасы,
мыңбасы, жүзбасы, рубасы, түменбасы, көшбасы, әскербасы, дуанбасы;
қолбасшы, жолбасшы, көшбасшы (соңғыларды термин емес, жай мынадай
сөз тіркестерімен шатастырмау керек: сөз басы, түлік басы, төл басы, мал
басы - мал басын көбейту, жан басы - жан басына шаққанда) т.т.article/66 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:5d954b7fbee986f2b1e0170f9ec265ba5307753266e64635228dd4bf67c83dc5KK-KZ
§ 66. Еш, әр, кей, қай, әлде, бір деген сөздер есімдіктермен,
үстеулермен тіркесіп келгенде, бірігіп жазылады: әрбір, әркім, әрқайсы,
әрдайым, әрқашан, әрнеме, әркелкі, әрқайда, ешкім, ешбір, ешқайда, ешқашан,
ешқандай, ештеңе, ешқайсысьі, ешқалай, кейбір, кейбіреу, қайбір, бірдеңе,
бірнеше, біраз, бірсыпыра, біркелкі, әлдекім, әлдене, әлдеқашан, әлдеқайда,
әлдеқандай, әлдебір, әлдеқайдан т.т.
Еск ер т ул ер . 1. Еш, әр, кей, қай, қайсы, әлде, бір деген сөздер зат
есімдермен келгенде, бөлек жазылады: әр адам, әр жылы, әр уақытта, әр
жұмыс, әр нәрсе, әр күні, кей адам, кей жылы, кей уақытта, қай адам,
қайсы адам, қайсы жылдары, бір адам, бір күні, бір жылы, еш адам, еш
нәрсе, еш уақытта, еш жұмысым жоқ.
2. Бір деген белгісіздік есімдігі мына сияқты тіркестерде бөлек
жазылады: белгілі бір, бейне бір, екінші бір (екінші бір айтатын әңгіме),
неше бір (неше бір түсінбесең де), не бір (не бір әдемі гүлдер бар).article/67 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:5f85d19d2a468ff4d98c2649c0dbdee696c8036535ac612853d899571e28d53bKK-KZ
§ 67. Бірінші компоненті фото, радио, электр(о), авто, аэро, кино,
гидро, агро, теле, стерео, мото, метео, био, микро, макро, квази, транс пегом
тұлғалар, екінші компоненті тәуелдік жалғаусыз сөз болса, әрі бұлар
қосылып, бір заттың, бір құбылыстың атын білдіріп тұрса, бірігіп
жазылады. Мұндайда екінші компонент қазақ сөзі де, кірме сөз де бола
береді: автомашина, автобаза, автоқалам, автосуарғыш, автотіркес,
авиапочта, авиабайланыс, авиамектеп, фотоаппарат, фотосурет,
электровоз,
электромагнетизм,
электроөткізгіш,
телемеханика,
телеқабылдағыш, теледидар, телестудия, телехабар, агрокомплекс,
агрошаралар, биосүзгі, макромолекула, микробиология, микросинтез,
трансевропалық, транссібірлік, инфрақызыл, ультракүлгін, изосызық,
гипержазықтық.
Е с к е р т у. Электр сөзімен келген тіркестер кейде о дөнекерінсіз
келеді де, осы сөзбен келген тіркес күрделі сөз ретінде танылып, электр
сөзі бөлек жазылады: электр агрегат, электр барабан. Ал тәуелдік
жалғаулы сөзбен тіркескенде, электр сөзінің бөлек жазылатыны өзінен-өзі
белгілі: электр қуаты, электр станциясы.
Орыс тілінен біріккен сөз болып танылатын кірме сөздер сол
қалпында (яғни орысша жазылуынша) таңбаланады: паровоз, бронепоезд,
бортмеханик, бензорез, метрдотель, амперметр, бормашина, самосвал,
газовоз, газогенератор.
ДЕФИС АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕРarticle/68 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:81b6ed360b1f4b1474dfddab431b91dcf8fc4a7ed8dd95261616bd5e8e35ddf8KK-KZ
§ 68. Қос сөздер, негізінен, дефис арқылы жазылады: бара-бара,
жақсылы-жаманды, бірде-бір, жап-жақсы, апыр-топыр, сарт-сұрт.
Дефиспен жазылатын кос создердің түрлері мыналар:
а) Бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалған қос сөздер: биікбиік, лек-лек, лып-лып, тырс-тырс, көп-көп, алуан-алуан, жүре-жүре.
Мұндай қос сөздердің арасына -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе, -ды, - ді, -да,
-де, -шы, -ші дәнекерлері және шығыс септік жалғауы қосылып та
жасалады. Ондайда дәнекерлер қос сөздің бірінші сыңарына қосылады да,
олардан кейін дефис қойылады: көзбе-көз, қолма-қол, бетпе-бет, жылмажыл, жанба-жан, бірме-бір, көшші-көш, баршы-бар, қараптан-қарап,
жылдан-жылға, бостан-босқа, тектен-тек, турадан- тура.
Бір сөздің қайталануынан жасалған кейбір қос сөздердің екінші
сыңарына шығыс, көмектес, барыс жалғаулары немесе -ла+п, -ле+п
жұрнақтары да жалғанады: бір-бірден, шет-шетінен, өз-өзінен, басбасына, бет-бетімен, топ-тобымен, рет-ретімен, бір-бірлеп, мың-мыңдап,
бірте-біртелеп, ақырын-ақырындап, қыт-қыттап, аз-аздап.
Бір сөздің қайталануынан жасалған кейбір қос сөздердің екі
сыңарына да септік жалғаулары (шығыс және барыс) жалғанады: жылданжылға, қолдан-қолға, күннен-күнге, тектен-текке, сақтан- саққа.
Жалғау бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздердің кейде
бірінші сыңарына, кейде екінші сыңарына жалғанып айтылады. Екі
вариантында да араларына дефис қойылады: бір-бірімен - бірімен- бірі, бірбірінен - бірінен-бірі, бір-біріне - біріне-бірі, бір-бірін - бірін-бірі, өз-өзінен өзінен-өзі, өз-өзімен - өзімен-өзі, өз-өзін - өзін-өзі.
Алдыңғы сыңарына III жақ тәуелдік жалғауы жалғанып та бір сөздің
қайталануынан қос сөз жасалады: аттысы-атты, жаяуы-жаяу, бары-бар,
жоғы-жоқ, бірі-бір, екісі-екі.
Бір етістіктің болымды және болымсыз тұлғада тұрып қайталануы
арқылы да қос сөз жасалады: барар-бармастан, келер-келмесі, кіреркірместен, айтты-айтпады, барды-бармады.
ә) Қарсы мәнді сөздердің қатар келуі арқылы жасалған қос сөздер:
ертелі-кеш, жақсы-жаман, күн-түн, азды-көпті, кешелі-бүгінді.
б) Екі сыңары да мағыналы қос сөздер. Олар көбінесе жинақтау
мәнін білдіреді: ата-ана, мал-жан, құрт-құмырсқа, ыдыс-аяқ, ұрыс- қағыс,
ат-арба, жаздым-жаңылдым, тапқан-таянған, билеп-төстеп, сылап-сипап,
төрт-бес, он-он бес, отыз-қырық.
в) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз (бұл күнде
түсініксіз) қос сөздер. Бұлардың түсініксіз компоненттері басқа түркі,
монғол тілдерінде жеке қолданылатын немесе көнерген сөздер болады:
бала-шаға, жолдас-жора, киім-кешек, жол-жөнекей, жүн-жұрқа, келінкепшек, көрші-қолаң, кәрі-құртаң, телегей-теңіз, хабар-ошар, қиын- қыстау,
құда-анда, көл-көсір, тоқты-торым.
Көбінесе қомсыну, кеміту мәнінде айтылатын жігіт-мігіт, ат- мат,
жүрек-мүрек сияқты сөздердің бір сыңары мағынасыз тұлға болады.
Күшейткіш буын қосылып жасалатын қос сөздердің де бір сыңары
мән-мағынасыз болады: тәп-тәуір, жап-жақсы, тұп-тура, дұп- дұрыс, сүпсүйкімді, қып-қызыл, қап-қара, ап-алыс, мып-мықты.
Араларына да, де, та, те шылауын салып, етістіктің бұйрық рай
тұлғаларынан жасалған анықтама (сипаттама) тіркестер дефис арқылы
жазылады, шылау сөз бірінші компонентке қосылады: аста-төк (байлық),
ұрда-жық мінез, уда-шу (айғай), келде-кет (болып отыру).
Е с к е р т у. Ақ, көк деген сын есімдерге күшейткіш буын үстелгенде, олар аппақ,
көкпеңбек түрінде айтылады және осылай жазылады.
г) Екі сыңары да түсініксіз қос сөздер: алай-түлей, кәкір-шүкір, қиянкескі, үбірлі-шүбірлі, алда-жалда, апақ-сапақ, алқам-салқам, делсал, жапа-
тармағай, жым-жылас, жым-жырт. Қос сөзден жасалған одағайлар мен
еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің де сыңарлары жеке алғанда
мағынасыз сөз болады: жарқ-жұрқ, гу-гу, тарс-тұрс, сарт-сұрт, пай-пай,
аһ-уһ, шөре-шөре, әукім-әукім, быт-шыт, қалт-құлт.article/69 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:1529ee2cae91467f3be61abf37ed6b587db9efe0d7a5b2e84ea91ee5e6139293KK-KZ
§ 69. Плеоназмдардың (қосақтап қолданылған мағыналары бірдей
немесе жуық сөздердің) көпшілігі дефис арқылы жазылады: ел-жұрт, даужанжал, күш-қайрат, ұшы-қиыры, ар-намыс, аз-кем, ен-таңба, шам-шырақ,
айып-шам, шет-жағасы, хал-ахуал, мүкі-тақы (мүкі “аздап”, тақы - арабша
“аздап”).
Е с к е р т у. Қатарласа қолданылған мағыналас сөздердің бірқатары дефисссіз бөлек
жазылады: ежелгі ескі (досы), құр босқа, құр текке (мұндағы құр сөзі бекер, босқа, текке деген
сөздермен синонимдес), ақыр аяғында (ақыр - арабша "соң, ақыр” деген мағынада), сәске түс
(сәске - парсыша “түс”), әуел бастан (әуел парсыша “бас”), шынайы таза (бұлардың жазылуын
орфографиялық сөздік реттеп көрсетеді).article/7 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:a3dd78c78486d5e6e1ac0f259f4712c252d85d0073bf2207c04fb93e17262068KK-KZ
§ 7. Я, ю әріптері қазақ сөздерінде й + а, й + у қосар дыбыстарын
таңбалап, дауысты әріптен кейін ғана (я әрпі бірен-саран қазақ сөздерінің
басында да) жазылады: аю (айу), үю (үйу), қою (қойу), аян (айан), қоян
(қойан), баяндауыш (байандауыш), яғни, яки, япырмай.
Бұл әріптер орыс тілінен енген сөздерде қосар йа, йу дыбыстарының
да (каюта, маяк), жалаң а, у дыбыстарынын да таңбасы ретінде
қолданылады. Соңғы жағдайда дауыссыз дыбыстан кейін келеді де, оны
жіңішкертіп тұрады: октябрь- окт’абрь, поляр - пол- ’ар, бюджет- б’уджет,
бюллетень- б’уллетень, полюс - пол’ус.
И дыбысына біткен етістіктер мен сый, тый деген етістіктерге - у, -а
жұрнақтары жалғанғанда, олар ю, я болып жазылады (сый, тый деген
сөздерде й әрпі түсіп қалады): қи + у - қию, қи + а - қия, ки +у - кию, и + у ию, сый + у - сыю, сый + а + ды - сыяды, тый + у - тыю, тый + ады - тыяды.
Ю әрпіне аяқталатын сөздерге дауыстыдан басталған қосымша
жалғанғанда, ю таңбасы сақталады да, үш дауысты әріп қатар жазылады:
баю+ ы - баюы (Біз ауылдың баюын әнгімеледік); кею + і - кеюі (Ол кеюін
койды).
Е с к е р т у. Мына сөздерде қатар келген йу әріптерінің орнына ю әрпі жазылмайды,
сол таңбаларының өзі сақталады: айуан, хайуан, бейуақ, кейуана.article/70 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:ed121909e5f2ba576f086cfbf4dc7b9b793d674580e83bd5809d60e7bf61648fKK-KZ
§ 70. Екі компоненті бір-бірімен мағыналас ала-бөле, желе- жортып,
баса-көктеп, жуып-шайып, өсіп-өну, қырып-жою, кекеп-мінеу, жылап-еңіреу
сияқты етістіктер де плеонастық қатарлар түзіп, дефис арқылы жазылады.
Бұлардың екінші сыңары әр түрлі тұлғада өзгеріп отыруы мүмкін. Ондай
жағдайда да дефиспен жазыла береді: жуып-шайып, жуып-шайды, жуыпшайғалы отыр, өсіп-өнді, өсіп- өне бермек, өсіп-өндік.
Ал тұлғасы жағынан осыларға ұқсас, бірақ біреуі негізгі, екіншісі
көмекші етістік болып келетін (яғни тең мағыналас емес) айта сала, келе
сала, көре сала, ести сала, көре тұра, біле тұра, ести тұра, сөйте тұра, кіре
бере, түсе бере, ала бере сияқты етістіктер бір-бірінен бөлек жазылады.
Е с к е р т у. Қос сөз немесе плеоназм типтес құрылымдардың әр компоненті бірнеше
сөзден тұрса, олар үтір арқылы немесе ешқандай тыныс белгісі қойылмай жазылады (соңғы
жағдай араларында мен жалғаулығы бар жерде болады): үн жоқ, түн жоқ (ал үнсіз-түнсіз), әй
дер ажа, қой дер қожа жоқ; бір сырлы, сегіз қырлы; апы кіріп, күпі шығып; алты аласы, бес
бересі; үлде мен бүлдеге (оранған); күн демей, түн демей, (ал күні-түні, күн-түн демей), аз
болсын, көп болсын (ал азды-көпті), ерте болсын, кеш болсын (ал ертелі-кеш); о жақ, бұ жағы, о
шеті мен бұ шеті.article/71 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:776d383c81436d69773b4cedd7f443045f77607f68c7c939360bb29515c07596KK-KZ
§ 71. Тең мағыналы немесе қарама-қарсы мағыналы екі сөзден
жасалған термин мәнді күрделі анықтауыштар дефис арқылы жазылады:
оқу-ағарту жүмысы, әкімшілік-басқару жұмыстары, халықазаттық
қозғалысы, салыстырмалы-тарихи әдіс, ғылыми-көпшілік әдебиет, үгітнасихат жұмысы, орысша-қазақша сөздік, есеп беру-сайлау жиналысы.article/72 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:ca9056354d6c063679ec49b0e1564357efab62111badd186f0035ab981fafab8KK-KZ
§ 72. Екі сөзден тұратын ғылыми дәреже, атақтардың және қызмет
дәрежесін немесе мамандықты көрсететін атаулардың арасына дефис
қойылады: премьер-министр, вице-президент, тілші-фонетист, редакторматематик, инженер-байытушы, әнші-композитор.article/73 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:7260666bf9cc61a17d242b7eba2ed630a0c4dbc50bb77c7da0416fb1f96d019fKK-KZ
§ 73. Машиналар мен олардың бөліктерінің және өзге де техникалық
жүйелердің күрделі атаулары дефис арқылы жазылады. Олардың басым
көпшілігі орыс тілінен енген сөздер болып келді: дизель- мотор, стоп-кран,
вакуум-аппарат, телефон-автомат.article/74 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:d6427b6e35417931e1356c1a4aa47e1646097a9704fea80bb6d79fb4b0ca1726KK-KZ
§ 74. Күрделі өлшем атаулары дефис арқылы жазылады: тоннакилометр, адам-күн, киловатт-сағат, вольт-ампер (бірақ: вольтметр),
ватт-сағат (бірақ: ваттметр).Бұл ережеден еңбеккүн сияқты бірер сөз тыс
тұрады. Орыс тілінен енген немесе орыс тілі үлгісімен жасалған статускво, х-сәуле, альфа-сәуле, м-1, 0СВN 9965-06-023-1-2 сияқты атаулар дефиспен жазылады.article/75 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:efa2cef6b690dad1d752bf92fc2c251a162fc830f4925f6aaaca59a91c7733ddKK-KZ
§ 75. Орыс тілі орфографиясы бойынша қолданылатын жер-су және
кейбір халық аттары дефиспен келсе, дефис қазақша жазуда да сақталады:
Орехово-Зуево, Соль-Илецк, Могилев-Подольск, Ныо-Йорк, Рио-де-Жанейро,
Лос-Анжелос, коми-зырян, угро-фин. Орыс тілінде дефиспен жазылатын
Қазақстан, Орта Азия жеріндегі топонимдер қазақша түрінде дефиссіз
(кейде бөлек) жазылады: Алматы (орысша бұрынғы жазылуы Алма-Ата),
Ыстықкөл (орысша - Иссык- Куль), Қызылорда (орысша Кзыл-Орда).article/76 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:d72b48bb8a5464e5fed6b415c26d20c1896f7bb888c55ab7af44edc10323ba11KK-KZ
§ 76. Екінші сыңары біріншісін айқындайтын қосалқы мүшелі
күрделі атаулар дефис арқылы таңбаланады: зауыт-институт (әрі институт
ретінде қызмет ететін зауыт), зауыт-филиал (филиал болып саналатын
зауыт), кафе-бар (бар типтес қызмет ететін кафе), вагон-ресторан
(ресторанға арналған вагон), гараж-тұрақ, диван-кереует.article/77 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:2f516a81c8edb25800294ad5b83e5f22cea59fd4571066f97be757f7bd7ac73bKK-KZ
§ 77. Орыс тілінде дефиспен жазылатын кісі аттары (көбінесе
фамилиялары) қазақша жазуда да дефис арқылы таңбаланады. Бұлар,
негізінен, орыс халқы және Европа, Америка т.б. халықтары өкілдерінің
аты-жөндері болып келеді: Немирович-Данченко, Новиков-Прибой, КнипперЧехова, Жолио-Кюри, Дон-Жуан, Дон-Кихот. Соңғы екі есімнен жасалған
донжуандық, донкихоттық деген жалпы есімдер қосылып, кіші әріппен
жазылады.
Араб халықтары есімдерімен келетін әл, аш, ар, аз, әд, бен сияқты
элементтерден соң дефис қойылады, олардың өздері кіші әріппен алдыңғы
сөзден бөлек жазылады: Абд ар-Рахнан әл-Халиси, Ибрагим әл-Муфти,
Авадх бен-Солех бен-Галеб, аз-Закир Рукн ад-Дин Бейбарс, әл-Фараби, әлКинди.
Е с к е р т у. Араб халыктары аты-жөндерімен келетін ибн сезі кіші әріппен бөлек
жазылады: Әмір ибн Кулсум, ибн Халдун, ибн Сина, Тарафа ибн әл-Абд.
Араб атауларында келетін демеуліктер де алдыңғы сөзден бөлек, ал
өзінен кейінгі сөзден дефис арқылы жазылады: жами’ат-тауа- рих, әлМаджмағу л-илмий (“Ғылым академиясы” деген мәндегі тіркес), Китаб әлХамаса (Батырлар туралы кітап).
Түркі, парсы т.б. халықтар есімдерінің соңында келетін паша, бей,
бек, заде, оглы сияқты тұлғалар да дефис арқылы кіші әріппен жазылады:
Турсун-заде, Нахас-паша, Измаил-бей, Абдулла-бек.
Түркі, монғол хандары есімдерінің соңында келетін хан сөзі дефиссіз
бөлек жазылады (ал орыс жазуында бұл дефис арқылы таңбаланады):
Шыңғыс хан (орысша - Чингиз-хан), Тәуке хан(орысша - Тауке-хан), Жәңгір
хан (орысша - Джангир-хан).article/78 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:615d222a1e91d809c677836566c60bf498f6aa1e8723348a26bd3beecda2c83dKK-KZ
§ 78. Реттік сан есімдер цифрмен жазылса, өзіне қатысты сөзбен
араларына дефис қойылады: 7-сынып (жетінші сынып), 15-үй (он бесінші
үй), 50-километр (елуінші километр). Кейде реттік сан есім жасайтын, ншы, -нші, -ыншы, -інші жұрнақтары көрсетіліп жазылуы мүмкін, ол күнде
де дефис сақталады: 7-нші сынып, 15-інші үй, 50- інші километр. Айды,
жылды көрсететін цифр мен ай атын білдіретін сөз және жылы деген
сөздердің арасына дефис қойылмайды: 8 наурыз, 1 казан, 1987жыл.
8. ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫarticle/79 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:c106f8f45fcab549e89621615b6b8d07dd33b2944d0e57854b8f801137b391a0KK-KZ
§ 79. Жеке сөздердің басқы әріптерінен құралып қысқарған сөздер
бас әріптермен жазылады, ол әріптердің ара-арасына ешқандай тыныс
белгісі қойылмайды: БҰҰ Біріккен Ұлттар Ұйымы), АҚШ (Америка Құрама
Штаттары), ҒА (Ғылым академиясы).article/8 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:cc0473f9c05b88b0f8ee91a5e0399b1c9a76c30d12bdab3d94f99a0bef960901KK-KZ
§ 8. У әрпі үш түрлі қызмет атқарады: 1) жуан айтылатын ұу дауысты
дыбысын таңбалайды: су (сұу), суық (сұуық), туыс (тұу- ыс), бару(барұу),
жу (жұу), жуық (жұуық); 2) жіңішке айтылатын үу дауысты дыбысын
таңбалайды: гу (гүу), гуледі (гүуледі), келу (келүу), жүру (жүрүу); 3) сөз
басында дауысты дыбыстан бұрын тұрса (уақ, уыс, уақиға, уылдырық, уілдеу)
және сөз ішінде дауысты дыбыстан кейін не екі дауыстының арасында
тұрса, у әрпі үнді (сонор) дауыссыз дыбыстың таңбасы болады да, жеке бір
өзі буын жасай алмайды. Мысалы: уа+қыт, уыл-ды-рық, уыс (у-ыс емес),
тау (та-у емес), қашау (қа-ша-у емес), та-уық (та-у-ықемес), тыр-на- уыш
(тыр-на-у-ыш емес).
Е с к е р т у л е р . 1 . И, й-лерден кейін тұрған у дыбысы үнді (сонор) дауыссыз дыбыс
болады да, өз алдына буын құрай алмайды: ай -уан (ай- у-ан емес), бей -уақ (бей-у-ақ емес), кейуа-на (кей-у-а-на емес), ми-уа (ми-у-а емес).
2. Екі дауыстының ортасында келген у дыбысы сөзді буындағанда, соңындағы
дауыстымен бірігіп, келесі буынның басқы дыбысы болады: та-уық, (тау-ық емес), жа-уын
(жау-ын емес), та-ра-уы (тар-ау-ы емес), ба-ян-да-уыш (ба-ян- дау-ыш емес).
3. Түу алыста, түу баста деген тіркестердегі түу сөзі жөне түуһ одағайы, шүу дегенде,
айт-шүу, шүу-шүулеу тіркестеріндегі шүу сөзінде жіңішке у дыбысы үу арқылы таңбаланады. У
дыбысына аяқталатын етістіктерге -у жұрнағы жалғанғанда, екі уу әрпі қатар жазылады: (жүкті)
бу + у - буу, (қоянды) қуу, (сиырды) сауу. Бұларға дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда,
үш дауысты әріп қатар жазылады: Ол сиырды саууын (сау + у + ы + н) тоқтатты. Біз қоянды
қууын (қу + у + ы + н) қуып едік, - жете алмадык.article/80 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:13f3b2de2e8cc476307e7b41d35344965cb8365adbfe576b91d72f6ee48da4a0KK-KZ
§ 80. Алғашқы сөздің басқы буынынан, соңғы сөздердің бас
әріптерінен қысқарып жасалған сөздің алғашқы қысқарған буынының
бірінші әрпі бас әріппен, қалғандары кіші әріппен жазылып, кейінгі әріптер
бас әріппен жалғастырылып жазылады: КазТАГ(Қазақ Телеграф Агенттігі),
КазМУ (Қазақ мемлекеттік университеті).article/81 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:c21a50f33409b6a49cd1991a45bf06a147fe484ebf308e5f50683021e08cd90aKK-KZ
§ 81. Буындардан және буын мен тұтас сөз араласып қысқарған
сөздер кіші әріптермен бірігіп жазылады: ауатком, Түрксіб.article/82 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:438fd7929d94df4bbc38ec7e18e514f5520294f1d823f5359f2a8e5d3a7b530bKK-KZ
§ 82. Адамның аты-жөні (көбінесе өз есімі мен әкесінің аты)
қысқартылып, бас әріппен белгілегенде, әр әріптен кейін нүкте қой-ылады:
А.С.Пушкин, М.Горький, М.О.Әуезов, С.Мүканов.
9. ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫarticle/83 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:7b6f258d0c58edd0e0285d32649b34108a5aca2872cfb8a3f072506ecb5e7887KK-KZ
§ 83. Шылаулар, негізінен, бөлек жазылады: Қалам да, қарындаш та
үстел үстінде жатыр. Қалам мен карындаш үстел үстінде жатыр. Мен әрі
қаламмен, әрі қарындашпен жазамын.
Бөлек жазылатын шылаулар мыналар (алфавит тәртібімен): ал,
алайда, әйткенмен, әрі, әлде, басқа, бері, бұрын, бірақ, біресе, бірде, гөрі,
ғана (қана), ғой, дағы (сен дағы), да (де, та, те), деген мен, дейін, және,
жуық (жүзге жуық), екеш (бала екеш бала да түсінеді), кейін, қабат, қарай,
қаралы (жүз қаралы), қатар, құй, құйт, ма (ме, ба, бе, па, пе), мен (бен, пен),
менен (бенен, пенен), мейлі, не болмаса, немесе, онда да, өйткені, сайын,
себепті, сондыктан, сиякты (секілді, сыкылды), сон, сынды, ту- ралы, түгіл,
шақты, шамалы, иле, шейін, үшін, я, я болмаса, яки.article/84 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:d65ad60c5a32929d3aa4ac9721b107fa3a0450c39f74054eca5a536398497d24KK-KZ
§ 84. Да (де, та, те) шылауы бірақ, әлі, тағы, сондықтан, сонда,
әйтсе, сөйтсе, және, қандай, сірә деген сөздермен жанаса қолданылғанда,
олардан бөлек жазылады: бірақ та; әлі де (болса), тағы да (айтарым),
сондықтан да, сонда да, әйтсе де, және де, қандай да болса, сірә да (Сірә да,
бұл сөзіңіз естен кетпес. М.Әуезов).article/85 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:4f3421eb1be6a229b1a39defda41f04b1ef142783d843108c26ae2c4e48ba653KK-KZ
§ 85. Сұраулық ше шылауы шы, ші болып айтылғанмен, ше түрінде
жазылады: Мен он төрттемін, ал сен ше? (айтылуы - сен ші). Үлкендер
жиналып болды, ал балалар ше ? (айтылуы - балалар шы).article/86 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:6068e70a80df4da3788c80630d98f3231461153883019d71d675042d9ce0766dKK-KZ
§ 86. Ақ, ай, ау, мыс (міс), ды (ді, ты, ті) шылаулары өзінен бұрынғы
сөзбен дефис арқылы жазылады: жақсы-ақ, жүрісін-ай, қарағым-ау,
айтыпты-мыс, келіпті-міс, болған-ды, келген-ді.
Ойпырай, ойпырмай, япырау, япырмай, япырмау сияқты одағайлардың
құрамындағы ай, ау шылаулары сөзбен бірге жазылады.article/87 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:2022fd043b30827262fc62c9f2b6e8fc19c683946c6c942004fd60faecc9813aKK-KZ
§ 87. Әдетте шылаулар жалғаулардан кейін келеді: Сен үйде
қаласың ба, әлде киноға барасың ба? Әңгімені келістіріп айтасың-ақ. Мен
осы үйдің ұлымын да, кызымын да.
Ма (ме, па, пе, ба, бе) сұлулық шылаулары және ақ, да шылаулары
кейде жалғаулардан бұрын келеді. Ондайда бұл шылаулар қосылып
жазылады. Ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулары мы, мі, бы, бі, пы, пі болып
өзгереді: Сен үйде қаламысың, әлде киноға барамысың. Әңгімені келістіріп
айтадыақсың. Мен әңгіме айтуға жоқақпын. Мен осы үйдің ұлыдамын,
қызыдамын.article/88 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:20d9ecf6c1219d2ea836dc229c67daaad66f505a6019e20ab1bc006e3ea99230KK-KZ
§ 88. Да (де, та, те) шылауын осы тұлғалас септіктің жалғауымен; ма
(ме, ба, бе, па, пе) шылауын осы тұлғалас болымсыздықты білдіретін
жұрнақпен; мен (бен, пен) шылауын осы тұлғалас көмектес септік
жалғауымен; ше шылауын үстеудің осы тұлғалас жұрнағымен шатастырмау
керек: да (де, та, те) тұлғасы жалғанып тұрған сөз кімде? неде? қайда?
қашан? қайткенде? неткенде? деген сұрақтарға жауап берсе, жалғау
болады да, сөзбен бірге жазылады. Басқа жағдайда шылау болады.
Шылауды түсіріп айтқанмен, сөйлемнің жалпы мағынасы бұзылмайды.
Жалғауды түсіріп айтып көргенде, сөйлем түсініксіз болып шығады.
Мысалы: Ол менің жанымда (қасымда) келе жатыр (қайда келе жатыр? жанымда). Менің жаным да алма ағаштай гүлдеді (Жамбыл). Не гүлдеді? жаным гүлдеді. Ал алдыңғы сөйлемді Ол менің жаным келе жатыр деп, да I
тұлғасын түсіріп айтуға болмайды.
Ма (ме, ба, бе, па, пе) тұлғасы бар сөйлем ішінде сұраулық мән болса, ол
тұлға шылау болады. Бұл шылау есімдермен де, етістікпен де, үстеумен де
қолданыла береді: Мынау тау ма, төбе ме ? Бүгін күн жылы ма, суық па?
Сен мына кітапты оқыдың ба? Оның келер күні ертең бе? Ал ма (ме, ба, бе,
па, пе) тұлғасы тек қана етістіктермен тіркесіп, болымсыздық мағына беріп
тұрса, ол жұрнақ болады да, сөзбен бірге жазылады: Жалған сөзді айтпа.
Сен бүгін киноға барма.
Мен (бен, пен) тұлғасын және деген сөзбен алмастырғаннан
(сөйлемдегі сөздердің орнын қозғамай) немесе мүлде алып тастағаннан
сөйлем мағынасы бұзылмаса, ол шылау болады: Қалам мен қағаз үстел
үстінде жатыр - Қалам және қағаз үстел үстінде жатыр - Қағаз, қалам
үстел үстінде жатыр. Бұл тұлғаны алып тастауға немесе оны және
шылауымен алмастыруға болмайтын болса, ол жалғау болады: Ол қаламмен
жазды - Ол қалам жазды немесе Ол қалам және жазды деуге болмайды.
10. ОДАҒАЙЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫarticle/89 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:563f3aab3468b5c5eb14fc31e569ad3ecd472300969248ceeaeaa5c58b5427afKK-KZ
§ 89. Одағайлар, көбінесе, естілуінше жазылады. Сондықтан бір
одағай екі-үш түрлі болып жазылуы мүмкін: ойпырай, ойпырой, ойпыр- о-ой,
ойпырмай, ойпырмау; япырмау, япырау; уа, аһ, уай, уау, уа-а-а, уһ.article/9 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:3d4ec9e8f38581338c979953f6f0bf503bea2ed2790280306128932b2c686b74KK-KZ
§ 9. И әрпі жалаң и дыбысын және қосарлы ый, ій дыбыстарын
таңбалайды да, сөздің барлық буынында жазыла береді: ине, имек, иіс, Иса,
Иманбай, иық, бидай, тиын, тиін, қиын, киін, сирақ, сирек, жиналыс, тарихи,
саяси, яғни, ылғи, қағида, ақиқат, Қани, Ғали, Сағира, Қалима, кино, комиссия.
Я, ю қосар дыбыстарының алдынан естілетін ы, і дыбыстары да и
әрпімен таңбаланады: тақия, дүрия, дария, жария, кқрия, мия, сия, Әсия,
Ғалия, кию, жию, тию (үлестің тиюі).
Е с к е р т у. Тый-, сый-, сыйла-, сыйын- деген етістіктер мен сый деген есім сөз түбір
тұлғаларында да, оларға қосымша жалғанғанда да, ый әріптерімен жазылады: тыйым, тыйды,
тыяды, тыю, тыятын, тыяр, тыйған, тыйса, тыймақ; сыйымды, сыйғызу, сыяды, сыю, сыймақ,
сыйса, сыйғалы; сыйлау, сыйынатын, сыйынғыш; сыйлық, сый-сияпат т.т.article/90 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:96271f9ac3449de973cfde712c993f66364a807e6710d5f4c8610909663d02dcKK-KZ
§ 90. Бір сөздің екі-үш (кейде төрт рет) қайталанып айтылуы
одағайларда жиі кездеседі, ондайда араларына дефис қойылады: әй~ әй, жәжә, беу-беу, ха-ха-ха, ай-ай-ай, моһ-моһ, шөре-шөре.
Түбір сөз тұтасымен қайталанбай, жеке дыбыстары қайталанып
айтылуы да (созып айту) одағайларға тән құбылыс, мұндайда да
қайталанған дыбыстар дефис арқылы жазылады: еһе-һе-һе, қа-а-п, бәрекелдіі, ура-а-а, ә-ә-й.
11. БАС ӘРІПТІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫarticle/91 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:d316acea22b697535a770a018786f0ee31b9038206927ffa665da8e298c08814KK-KZ
§ 91. Сөйлем соңына қойылған нүкте, көп нүкте, сұрау белгісі және
леп белгісінен кейінгі келесі сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып
жазылады:
1) Үш жыл өтті. Жаз күні. Қас қарайған уақыт. Ворошилов
атындағы колхозда ұйықтамаған үй кемде-кем (Ғ. Мұстафин).
2) Япырау, мынау Тоғжан, Тоғжаным ғой мынау! Ербол-ау, мен қайда
тұрмын осы? Мынау үйде мені шақырып отырған Тоғжан ғой
3) Абай жүрегі өзгеше бір еміреніп келеді. Кеуде де талай ыстық.
толқын сезімдер сыя алмай, сығылысқандай... Өлең әнге оралып, еркеленіп
келеді... Үзіле алмай ырғалады (М.Әуезов).article/92 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:e2fa3d355f4465a33d3f383147d2eca0b9e3e8ccb580598162f338bdb9de45e4KK-KZ
§ 92. Қаратпа сөздер мен одағайлардан және жоқ, иә деген сөздерден
соң қойылған леп белгісінен кейінгі сөз бас әріппен басталып жазылады:
Қозы! Жаттан жақын, қастан дос, ашудан ақыл тауып әкеле жатырмын!
Жоқ! Бетің түзу!Аһ! Арманда кеттім-ау, Баян! (Ғ.Мүсірепов).
Е с к е р т у л е р . 1. Төл сөздегі сөйлемге қойылған сұрау, леп белгілерінен және көп
нүктеден кейінгі автор сөзі кіші әріптен басталып жазылады. Мәкіш:
-Абай, осы сен ақынсың-ау! - деді де, күліп жіберді.
Абай әуелі үркіп қалғандай қысылып қалып:
- Е, оны кайдан білдің? - деді (М.Әуезов).
- Көңіл көтерейік, өлең айтайық... Билейік... - деді Быков жинала бастаған
жұмыскерлерге (Ғ.Мүсірепов).
2. Көп нүкте сөйлеушінің қысылып, тұтығып не басқа себептермен бөліп-бөліп айтқан
бір сөйлем ішіндегі сөздерінің арасына қойылған болса, одан кейінгі сөз кіші әріппен
жазылады. Мысалы:
- Дүние... дүние қалай еді? Дүниеде... сірә, сендей маған жар жоқ, саған жар... менен
артық табылса да... - деп қалды (М.Әуезов).article/93 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:358e3e528858e2b36864f9d1bab69ec13c15108c71b6611de890217276b7f87cKK-KZ
§ 93. Төл сөз және цитаттар бас әріптен басталып жазылады.
Мысалы:
1) Тарасенко менің қағаздарымды аударыстырып отырды да:
- Жолдас аға сержант, командирлер курсына барасың! - деді
(Ғ.Мүсірепов).
Біржан ақырын ғана үн қатып:
- Ән салса, Әйгерім ғана салсын да! - деді (М.Әуезов).
2) Осымен байланысты әр сөздің жалпылаушы қасиеті
болатындығын көрсетіп, В.И.Ленин: “Сезімдер шындықты көрсетеді: ой
мен сөз жалпы болады’’, - дейді (К.Аханов. “Қазақ тілі лексикасы
мәселелері”).
Кейде цитат автор сөзінің жалғасы немесе ажыратылмас бөлігі
ретінде жымдастырыла келтірілуі мүмкін. Ондайда тырнақшаға
алынғанмен, цитат кіші әріптен басталып жазылады және алдынан не
соңынан төл сөзге (цитатқа) тән тыныс белгілері қойылмайды.
Мысалы:
Ел қамы үшін емес, өз қамы үшін, елді бірлестіру үшін емес,
араздастыру үшін оқитын, ойында “я тілмаш, я адвокат болу "жүрген
қазақ балаларына Абай дұшпан. Бірақ бұлардың “қаны бұзық сұм-сұрқия
болуына ” орыстың оқуы айыпты емес, өскен ортасы, сол ортаның бұзық
мінезін қабылдаған өздері айыпты (С.Мұқанов). Мұнда тырнақшаға
алынған бөліктер Абайдан келтірілген цитаттар.
Жақша ішіне алынған ремаркалар, өзге де сілтемелер аяқталған
сөйлемнен кейін келтірілсе, бас әріптен басталып жазылады. Мысалы,
жиналыс стенограммасынан: Сөйтіп, жолдастар, жаңа оқу жылын
мектептің жаңа үйінде бастап отырмыз. Ол үшін құрылысшыларға мың да
бір алғыс айтамыз (Қол шапалақтау). Пьесадан:
Жантас (шыға кеп). Е, жүр олай болса! (Тысқа шығып айғайлап).
Мына жақта, мына келеді! Шегіне, шегіне ат! (Өзі атып-атып жібереді)
(М.Әуезов).article/94 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:2f42a2ed1382b27f2f3009e8adb8088a65fb94396311ebf4ae309caaa1c2a966KK-KZ
§ 94. Адамның өз аты, әкесінің аты және фамилиясы, сондай-ақ
лақап аты (псевдонимі), ныспысы (туып-өскен жеріне, руына г.б. қарай
аталған көбінесе тарихи есімдер) бас әріптен басталып жазылады: Шоқан
Шыңғысұлы Уәлиханов, Владимир Владимирович Маяковский, Максим
Горький, Қадырғали Жалайыри, әл-Фараби (Әбу-насыр Фараби), Қоңыр,
Жаяусал (М. Әуезовтің алғашқы кездегі лақап аттары).
Кісі аттарының алдынан не соңынан адамның белгілі бір қылығын,
қасиетін, кемістік-жетістігін т.б. көрсететін сын есімдер - тұрақты
эпитеттср қосылып, ел атап кеткен жалқы есімге айналады. Ондай сөздер
жалқы есімнің алдынан келсе, бас әріппен жазылады, соңынан келсе, кіші
әріппен жазылады. Мысалы: Ер Төстік, Қыз Ақжелең, Қыпшақ Сейітқұл (Ы.
Алтынсариннен), Кішкене молда (М.Әуезовтен), Тентек Ояз (бұл да сонда),
Сумұрын Сүкең (С.Мұқановтан), Судыр Ахмет (Ә.Нұрпейісовтен), Ұлы
Петр, Ақсақ Темір, Шықбермес Шығайбай; Баян сұлу, Қамар сұлу, Қамбар
батыр, Жиренше шешен, Ақан сері, Біржан сал, Игілік би (Ғ.Мүсіреповтен ).
Е с к е р т у. Мұндай тұрақты эпитеттерді жалпылама айқындауыш анықтауыштармен
шатастырмау керек. Айқындауыштар да бөлек, бірақ кіші әріппен жазылады: ақын Абай, ғалым
Шоқан, Ыбырай педагог, әнші Күләш, мұғалім Мұрат, Мұрат мұғалім, агроном Оспан, Оспан
агроном, етікші Жүсіп.
Дефис арқылы жазылатын екі сөзден құралған фамилиялардың екеуі
де бас әріптен басталып жазылады: Жолио-Кюри, Книппер-Чехова, СергеевЦенский, Семёнов- Тяньшанский.
Үш бөлімнен тұратын қытай аттарының бірінші, екінші сөздері бас
әріппен бөлек жазылып, үшіншісі екіншімен қосылып жазылады: Шу
Цинчунь, Го Тайци, Фэн Цзицан, Сунь Иминь, Лу Вэньтин. Ал екі бөлімнен
құралған қытай аты-жөндерінің әр компоненті бас әріппен дефиссіз
жазылады: Ляо Шэ, Чень И, Ван Мэн, Шэнь Жун.
Корей,
индонезия,
бирма,
Таиланд,
ВN 9965-06-023-1ьетнам,
шриланка
халықтарының аты-жөндерінің әрбір сөзі бас әріппен дефиссіз жазылады:
Хо Ши Мин, Те Дян Хен, Ким Чон Тхе, Цой Дор Сан.
Орыс халқының кісі аттарьг орысша орфографиясы сақталып
жазылады. Ше жұрттық халықтар өкілдерінің есімдері, негізінен, орыс
тіліндегі жазылуынша таңбаланады: Александр Дюма, Джек Лондон, Джон
Голсуорси, Эмиль Золя, Абэ Кобе, Маргарет Митчелл т.б. Монғол есімдері де,
негізінен, орысша жазылуынша таңбаланады. Бұлардың ішінде қазақша
қалыптасқан кейбір тарихи есімдер сол қалыптасқан түрінде жазылады:
Шыңғыс хан, Жошы, Бати, Үкетай, Қалдан-Церен, Қонтайшы т.б.article/95 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:d929b6ed21a94b84f6af80d8b6951135ac86282160f214ab671081feb6022282KK-KZ
§ 95. Әр алуан мифологиялық “иелердің”, “құдайлардың”,
“әулиелердің” аттары бас әріппен жазылады: Антей, Зевс, Геркулес, Иусус
Христос, Мұхамбет пайғамбар, Будда, Зеңгібаба, Ойсылқара, Қамбарата,
Шопаната, Бифатима, Әзіреті Әли, Бабатүкті Шашты Әзиз, Бабата.article/96 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:e009500a41098930c8613fd844402be011fa211a8cdedd5a211d038a780c5c42KK-KZ
§ 96. Ру аттары кіші әріппен жазылады. Мысалы: Бұнда отырған
ауылдар - борсық, жексен аулы. Ол Жиренше бір Шыңғыс болысы емес,
көршілес көкше, мамайға да, керей, уаққа да білікті жігіт болған
(М.Әуезов). Жұман - алтай-қарпыққа мәлім тапал адам. Е, сексен аулының
жігіттері ме? (Ғ.Мүсірепов).
Ру аттарынан жасалған туынды сөздер де кіші әріппен жазылады:
Өзінің бөкеншілік, ағайындық сөзін қосып, Дәркембайды сәл кінәлағандай
сөйлеген еді (М.Әуезов). Жалқы есімдерден жасалған туынды тұлғалар да
кіші әріппен жазылады: қожанасырлық, қарабайлық, судырахметшілеу.article/97 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:be122645bd6f98d79cd03b680570abe14aa7e016e5a246432ce6629b2bca0763KK-KZ
§ 97. Халық, ұлт, тайпа аттары және адамның тұрған жеріне
(қаласына, өлкесіне) қарай -лық (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік) жұрнағы
жалғанып жасалған атауы кіші әріппен жазылады: қазақ, орыс, румын,
қытай, итальян; мәскеулік, киевтік, семейлік, алтайлық.article/98 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:ddb6502245f29414df0468ce635b2fca53a4f4eebe7fecb7f33d9146a35adaf4KK-KZ
§ 98. Мал құс, ит т.б. қойылған аттар бас әріппен жазылады:
Төрткөз, Жолбарыс, Бөрібасар (иттер), Қараторғай, Ұябасар (бүркіт аттары),
Ақбоз, Буданкөк, Көкжорға (жылқы аттары).article/99 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:ffc9d42af1238b1e6e01cef624f03da15d300b62fb047f8f6c045db5160ebf23KK-KZ
§ 99. Географиялық атаулар (жалқы есімдер) бас әріппен
жазылады: Алматы, Алатау, Іле, Балқаш, Сібір, Каспий теңізі, Тынық
мұхит, Кеңқияқ, Нарын, Қосшағыл, Өскемен.
Орыс тілі арқылы енген географиялық атаулар (жалқы есімдер) орыс
тіліндегі түрінде жазылады: Орехово-Зуево, Великие Луки, Лос-Анжелос, Риоде-Жанейро, Бомбей, Куала-Лумпур.
Аталуы бұрыннан қазақша қалыптасқан кейбір жер-су, мемлекет,
қала т.б. аттары сол қазақша қалыптасқан түрінде жазылады: Қытай
(Китай емес), Қырым (Крым емес), Омбы (Омск емес), Шыңжаң (Синьцзянь
емес).«КIРIСПЕ»: қазақ орфографиясының принциптері туралы кіріспе очерк
- edition
- urn:kz:corpus:clir:emle#ANYQ_KIRISPE
- language
- kk
- officiality
- unofficial
- materialisation
- PINNED_UNOFFICIAL_COPY
- life cycle
- adopted: 2000-01-01
Publications
| URI | Type | documentHash | Retrieved |
|---|---|---|---|
| https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdf | text/plain; charset=utf-8 | sha256:4f86533eb6b3a05c19ba724abae75fc4e59ddf2482fb626dca678cd4c72b64c5 | 2026-08-30T12:00:00Z |
Fragments — 1
kirispe/fonetika/1 · paragraph · referenced by: 6
kk-KZ · official · sha256:ede543ff1c1119dcc6c5141031eec60bd3e25090ca20d6020cd46a3ee0c0151eKK-KZ
1) Қазақ тіліндегі септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары,
сондай-ақ жұрнақтардың көпшілігі сөздің соңғы буынының жуан-жіңішке
әуеніне қарай және ең соңғы дыбысына қарай түрленіп жалғанады: қала
+лар, көше +лер, ат + тар, ит + тер, қаз + дар, із + дер; қала+ ның, көше +
нің, ат + тың, ит + тің, қаз + дың, із + дің; қалам+ ым, дәптер + ім, әнші +
мін, оқушы + мын. Бұларда жалғаулар естілуінше жазылып тұр.Referencing norms: KoptikZhinishkeDauysty, KoptikZhinishkeQatan, KoptikZhinishkeUyan, KoptikZhuanDauysty, KoptikZhuanQatan, KoptikZhuanUyan
«ОРФОЭПИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР. СӨЗ САЗЫН КЕЛТІРУ ҚАҒИДАЛАРЫ»: § 1 — § 36
- edition
- urn:kz:corpus:clir:emle#ANYQ_SOZ_SAZY
- language
- kk
- officiality
- unofficial
- materialisation
- PINNED_UNOFFICIAL_COPY
- life cycle
- adopted: 2000-01-01
Publications
| URI | Type | documentHash | Retrieved |
|---|---|---|---|
| https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdf | text/plain; charset=utf-8 | sha256:9a5c6abb0dd3e608f36b432129b7f556e5dae67a91b7d11130dd4746da4248f3 | 2026-08-30T12:00:00Z |
Fragments — 36
article/1 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:16ba880ff6437a7a18ee6c21975c8a5e14629924ab7f200bb1bc5915e0c9f77fKK-KZ
§ 1. Қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, өзара үйлесетін,
үндесетін тұстарының бірі - қатаң дыбыстардың ұяңдайтын жерлері.
Ырғақтық топ құрайтын сөздердің алғашқысы дауысты а, е, ы, і, у
(ұу, үу), и (ый, ій) дыбыстарының біріне аяқталса, екінші сөз қ, к
дыбыстарынан басталса, соңғылар ұяңдап, ғ, г болып айтылады.
Мысалдар: 1) Сөйлеу үстінде ырғақтық топ құрайтын анықтауыш
пен анықталғыштардың қатаң қ, к дыбыстарының ұяңдауы:
Жазылуы
Айтылуы
бала кезде
ала көлеңке
ата қоныс
жаңа қала
ескі киім
қысқы киім
қыли көз
балагезде
алагөлеңке
атағоныс
жаңағала
ескігійім
қысқыгійім
қылигөз
Мәтінмен келтірілген мысалдың айтылуы (оқылуы):
Білектей / арқасында / өргенбұрұм /
Шолпұсұ / сылдырғағып / жүрсақырын //
Кәмшәтбөрүк / ақтамақ / қарағасты /
Сұлұуғыздың / көрүппең / мұндайтүрүн //
(Абай)
Мұнда өрген бұрым, кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты, сұлу қыз,
мұндай түр деген сөздер анықтауышты тіркестер, бұлар бір ырғақпен
айтылады. Осылардың ішінде жоғарғы ережеге мысал болатындары
сұлуғыз, қарағасты болып айтылады.
2) Қатар келіп ырғақтық топ құрайтын т о л ы қ т а у ы ш п е н
баяндауыш, пысықтауыш пен баяндауыш, бастауыш
п е н б а я н д а у ы ш т а р д ы ң араларындағы қатаң дыбыстар ұяңдап
айтылады. Мысалы: мен киноға бармай, үйге келдім; ол кітап оқығанды
жақсы көреді; ол шақыртпай өзі келді деген сөйлемдердегі курсивпен
көрсетілген сөйлем мүшелері бір ырғақтық топ құрайды, сондықтан олар
үйгөгелдім, жақсыгөрөд, өзүгелд(і) болып айтылады.
3) Біріккен сөздердің бөліктері (компоненттері) де бір ырғақпен
айтылады, сондықтан бұлардың екінші бөлігінің басындағы қ, к дыбыстары
алдыңғы компоненттің соңы дауысты дыбыстарға аяқталып тұрса, ұяңдап
айтылады:
Жазылуы
Айтылуы
Талдықорған
Талдығорған
қаракүйе
қарагүйө
қарақұрт
қарағұрт
алакөз (құс атауы)
алагөз
Меңдіқыз
Мендіғыз
Сарыкөл
Сарыгөл
4) Қос с ө з д е р д і ң сыңарлары да осы заңға бағынады:
Жазылуы
баса-көктеп
қара-құра
келе-келе
қора-қопсық
Айтылуы
басагөктеп
қарағұра
келегеле
қорағопсұ
5) Сөйлем ішінде сөз дауысты дыбыстарға аяқгалып, оған қатысты
шылаулар қ дыбысынан басталса, шылаудың басқы дыбысы ұяң айтылады:
Жазылуы
Айтылуы
желге қарсы
желгеғарсы
үйге қарай
үйгөғарай
елу қаралы
елүуғаралы
екі қайтара
екіғайтара немесе
екқайтара
үй қасында
үйғасында
1-баптағы (параграфтағы) ережеге қарап мына өлең шумағының
дұрыс айтылуын (оқылуын) көрсетіндер, ол үшін, әрине, мұндағы сөздерді
ырғақтық топтарға бөліңдер; бұл мәтінде ырғақтық топтардың қайсысының
айтылуы берілген ережеге қатысты екенін айтыңдар.
Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген,
Қыз қайда құдашадай көзі күлген.
Алыстан ат арытып келгенімде,
Шақыртпай еш адамға өзі келген.article/10 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:b87b2b3503b31ce929e2f22a3e22490b5d33b6f25f8057a001053b337bdf22f7KK-KZ
§10. Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ұ, ү, о, ө
дыбыстары және екі дауыстының ортасында келген у дыбысы (тауық,
бауыр сияқты сөздерде) келесі буындағы ы, і дыбыстарын өзгертіп, ұ, үлерге жуықтатып естіртеді (ашық буын дегеніміз кұ-, кү-, қо-, бұ, бү- сияқты
дауысты дыбысқа бітетін буындар). Мысалы, құ-лын, бү-гін, о-рын, кү-ліп, өмір деген сөздер кұлұн, бүгүн, орұн, күлүп, өмүр болып айтылады. Еріндік
дыбыстардың ықпалы үшінші, төртінші буындарда біртіндеп әлсірей
береді. Мысалы, күмістің деген сөздің екінші буыны ү-ге ұқсап, соған
жуық айтылса, үшінші буында і-ге жуықтау айтылады: күмүстің.
Сол сияқты сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ө, ү
дыбыстары келесі буындағы е дыбысын өзіне жуықтатыңқырап естіртеді,
бұл әсердің де күші үшінші, төртінші буындарда әлсірей түседі. Мысалы:
өнер, кө-ре-ді, ө-сер, кө-бе-лек, жү-рек, кү-рек деген сөздер өнөр, көрөді,
көбөлек, жүрөк, күрөк болып айтылады.
Қазіргі кезде бұл сияқты ерін үндестігі байқалатын сөздерді
жазылуынша оқу орын алып барады, әсіресе екінші буындағы е дыбысын э
етіп, өнэр, үлэс, өрэн түрінде айтушылық байқалады, бұл, әрине, қате.
Осы ережеге сай етіп, мына шумақтарды дұрыс айтып көрелік:
Жігітке / өлеңдөнөр / өнөрдөнөр //
Шынжүйрүк / өргөшапса / өршөлөнер //
(Халық Өлеңі)
Қазақтың / өзгөжұрттан / сөзү / ұзұн /
Бірінің / бірішапшаң / Ұқпассезүн //
Көздүңжасы / жүрөктің / қаныменен /
Ерітуге / болмайды / ішкімұзұн //
(Абай)
Бірінші буын бітеу не тұйық болса (бітеу буын дауысты мен
дауыссыздан тұрады: өр, ұр, ұл, үс, өс деген сияқты, ал тұйық буынның
алды-арты бірдей дауыссызға бітеді: қол, көр, көз, түн дегендей) келесі
буындағы ы, і, е дыбыстарының ұ, ү, ө-ге қарай бейімделуі сәл бәсеңдеу
болады, дегенмен таза өздерінің дыбысталуын да сақтамайды. Мысалы,
қолтық, қойдыр, құлдық, көркем, көзде, бөрте сияқты сөздердің екінші
буындарындағы ы, і, е дыбыстарының езулік болып айтылуы сәл солғындау
(күмүс, өнөр дегендерге қарағанда).
Осы ережелерге және бұдан басқа көрсетілгендеріне орай етіп, мына
үзінділерді дұрыс оқып және жазып көріңдер. Соңғы ережеге сай
дыбыстары үндесіп айтылатын сөздердің астын сызыңдар не атаңдар.
...Өсер...өсер...не өсер? Тек зұлымдық өсер нөсер болып сенен!
Сор өсер, ар өшер!... Өскенде тек зар өсер сенің лағынет табаның
астында! (М. Әуезов).
Қ а р а б а й. Құтылдым ба, құтылмадым ба? Көзім көрмес, қолым
жетпес жерге кеттің бе, кетпедің бе?! Қараң батып болды ма, болмады ма?
Уа, қайда әлгі қатын-баласы? Жық үйді, арт жүкті! Айдат жылқыны! (Ғ.
Мүсірепов).
Бүгін сүйсем, сені алсам - ертең жалқып,
Суып қайтар көнілім желше шалқып,
Қуантып, қайғыменен суалтамын
Біреудің қызыл гүлін тұрған балқып,
Құдайдың толып жатыр күні бүгін,
Жігіттің тани алмай кемшілігін.
Бір алып қадірлемей, тастап кеткен
Тартып жүр қиянатшыл ер күйігін.
(Абай)article/11 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:869cdf5b68db6e568a3d5ade5e46bf7bb170ac4cc3426c67c57d98feb2d62b12KK-KZ
§11. Қазіргі қазақ орфографиясы бойынша жіңішке буыннан
басталатын сөздердің екінші, үшінші буындарында ә әрпі сирек жазылады.
Сірә, ірә, кінә, күнә, куә, жүдә, шүбә деген сияқты бірқатар сөздерде болмаса,
қалған сөздерде ә естілгенмен, а әрпі жазылады. Мысалы: ләззат, тәкаппар,
рәсуа, діндар, Сәбира, Жәмила. Мұндай сөздерде алдыңғы жіңішке буынның
әсерімен келесі буындар да жіңішке айтылады: ләззәт, тәкәппар, рәсуә,
діндәр, Сәбирә, Жәмилә.
Бірақ бұл сөздердің алдыңғы тобына да (екінші буынында ә
жазылатын), соңғы тобына да қосымшалар жуан түрде жалғанады: күнәға
(күнәге емес), Күләшқа (Күләшке емес), Жәмиләға (Жәмилеге емес),
діндарлық. (діндәрлік емес). Айтылуда да қосымша жуан айтылады.
Осы ережеге сай етіп және өзге ережелерді де ескере отырып, мына
үзінділерді дұрыс айтып (оқып) көріңдер:
Талақ етіп бұл ғаламды
Болды мәлім кеткенің.
Кінәсы жоқ жас адамды
Қатты соққан не еткенің...
Ғашық-ақпын еш күмәнсыз,
Ырыс емес, сор үшін.
Көрісуге шыдамаспыз,
Айрылалық сол үшін.,.
(Абай)article/12 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:28fae79a6680f3132c1452b64fd8246a6ad4fd80157a5f964be461a4b2f4ce4eKK-KZ
§12. Қазақ тілінде жай, шай сияқты сөздер қосымшасыз тұрғанда,
жіңішке айтылады: жәй, жәйт, шәй. Бірақ бұл сөздерге де қосымша жуан
болып жалғанады да, сөз тұтасымен жуан болып айтылады. Мысалы:
жайсыз (жәйсіз емес), шайға кел (шәйге кел емес). Бірінші буыны жай, шай
болып келетін өзге сөздер де осындай. Қысқасы, ж, ш дыбысы мен й
дыбысының ортасында келген а дыбысы сәл жіңішке айтылады. Мысалы,
жайылым, жайлау, жайнау, шайпау, шайлығу, шайы (жібек) сөздері
жәйылым, жәйлау, жәйнау, шәйпау, шәйлығу, шәйы болып айтылады.
Ж, ш дыбыстары мен өзге дауыссыздардың ортасында келген а
дыбысы жуан болып айтылады (және а жазылады): жарғақ (жәрғақ емес),
жануар (жәнуар емес), жақтау (жәқтау емес) т.т.
Осы ережеге сай етіп айтсақ, Абайдың “Оспанға” деген олеңі былай
оқылар еді:
Жәйнағантұуұң / жығылмай /
Жасқаныбжаудан / тығылмай/
Жасаулұжаудан / бұрұлмай /
Жаужүрөк / жомарт / құбұлмай /
Жақсөмүрүң / бұзұлмай /
Жасқұуатың / тозұлмай /
Жалынжүрек / сұуұмай /
Жамбіткеннен / түңүлмөй /
Жағалайжәйлау / дәулетің /
Жарқырабжатқан /өзөнің /
Жасылшөбү / құуармай /
Жайдақтартып / сұуалмай /
Жәйдарыжүзүң / жабылмай /
Жәйдақтапқашып /сабылмай /
Жақсөлүпсің / йапырмай //
Бұл өлеңнің барлық жолы жа деген дыбыс тіркесінен басталады
және барлығы да а әрпі арқылы жазылады, ал айтылуда бірінші буыны
жіңішке естілетін сөздер: жәйнаған, жәйдақ, жәйдары, жәйдақтап, өйткені
бұларда а дыбысы ж мен й дыбыстарының ортасында келген.
Өздеріңіз мына үзіндінің дұрыс оқылуын жазып көрсетіңдер.
Жан қысылса / жайтаңдап /,
Жанды еріткен / жайдары-ау.
Жан жай тапса, / сен неге /
Жат мінезсің / жабырқау?
(Абай)
Ойландым да / толғандым,
Ойландым / ойға толмадым.
Жанды қидым / жалындым,
Жайланып, сірә, қоймадым.
(Бернияз Күлеев)article/13 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:9e498bd1e37b07c405a353a8a0189bbd796f9fec2362c6ec98191c3448d723d4KK-KZ
§13. Кейбір екі буынды сөздерге тәуелдік жалғаулары жалғанған
кезде, екінші буындағы ы, і дыбыстары сусып түсіп қалады. Бұл құбылыс
сөздердің айтылуында да, жазылуында да ескеріліп, түсіп қалған дыбыс
түсіріліп айтылады және солай жазылады. Мысалы, халық, ерін, ауыл,
нарық, бөрік деген сөздерге I, II, III жақтық тәуелдік жалғауларын
жалғағанда, екінші буындағы ы, і дыбыстары сусып түсіп қалады: халқы
(халықы емес), халқым, халқың, халқымыз, ернім, аулым, нарқы, бөркі.
Мұндайда қ, к дыбыстары ұяңдамайды: бөркі (бөрігі емес).
Ал жалпы заңдылық бойынша қ, к дыбыстарына аяқталған сөздерге
дауысты дыбыстардан басталатын қосымшалар жалғанғанда, олар ұяңдауға
тиісті: балық+ы - балығы, күрек+ім - күрегім.
Кейбір сөздерде ы, і дыбыстарының түсу-түспеуі сөз мағынасын
ажыратуға қатысады. Мысалы, жоғарғы көрік сәзі екі түрлі мағынаға ие,
егер “адамның көркі” болса, тәуелдік жалғауы жалғанғанда, і дыбысы түсіп
қалады (көркім, кәркің, көркі), ал ұстаның темір балқытатын көрігі болса,
түспейді де соңғы к дыбысы ұяңдап кетеді. Сол сияқты “көпшілік, қауым,
жұрт” мағынасындағы халық сөзі тәуелденгенде, халқым, халқың, халқы,
халқымыз болып, соңғы к дыбысы ұяңдамайды, ал Халыксөзі жалқы есім
болса, Сәрсенбайдың Халығы болып, ұяңдап айтылады.
Соңғы буынындағы қысаң ы, і дыбыстары сусып қалатын сөздер
кейде өлең ішінде буын санына орай түсірілмей айтылуы да мүмкін.
Тіпті о баста құрамында ы, і дыбыстары жоқ бұлт, кілт, жалт
сияқты сөздер де өлеңде буын саны жетпей тұрса, бұлұт, кіліт, жалыт
болып айтыла береді. Мысалы, ауыл, бауыр сөздері тәуелдік жалғаулармен
құбылған кезде, мына шумақтардың біреуінде қысаң дыбыстарын түсіріп,
екіншісінде түсірмей айтылады:
Аулұмоңған / Сырымбет / саласына - 11 буын
Болдұмғашық / ақсұңқар / баласына - 11 буын
Егер мұнда ауұлұм болып айтылса, өлең жолы бір буынға артып
кетер еді. Ал мына өлеңде буын саны 11 болу үшін, керісінше, ы, і
дыбыстары түсірілмей айтылуға тиіс болып тұр:
Атымның / қақтұрады / сауұрұна - 11 буын
Қостепкі / салыпкелем / бауұрұна - 11 буын
Қолұнан / шәйғұйдұрұп / ішейіндеп - 11 буын
Келемін / Айтпайсұлұу / ауұлұна - 11 буын
Осы ережені сақтай отырып және берілген басқа да ережелерді еске
алып, мына үзінділерді дұрыс айтып көріңдер (кей сөздерде емле ережесі
әдейі бұзылып жазылды, оларды көрсетіңдер). Өлеңнің буын санын
көрсетіп, түсіріліп айтылатын дыбыстарды түсіріп, түсірілмейтіндерін
қосып жазыңдар.
Созады Біржан дауысын қоңыр қаздай,
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай.
Жиылысы жандаралдың болады деп,
Жанбота, тынышымды алдың ала жаздай.
(Біржан)
Қамшы бастым асыға буырылтайға,
Өткел бермей тоқтатқан терең сай ма?
Жұрт жаңғыртып орынынан бір күн түнде
Қалқатайдың ауылы кетті қайда?
(Біржан)
Қонады бір күн жас бұлыт
Жастастың төсін құшақтап.
Жонелді ертең, қалды ұмыт
Көк жүзіне ойнақтап.
(Абай)
Суырып кокте қылышын
Нөсерлі қара төнді бұлыт.
Тарылтып жердін тынысын
Тапа-тал түс болды ымырыт.
Өрістен қашты төрт түлік,
Асыға үйге енді жұрыт.
Салатындай бір бүлік.
Ақырды бейне долы бұлыт.
(Қасым Аманжолов)article/14 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:115a4c9f6c18ad0ef0d964bff47ec336039bea7d255b9ab67c68c3d3b27b3425KK-KZ
§14. Қысаң ы, і дыбыстары көптеген үш буынды сөздердің ортаңғы
буындарында көмескілеу естіледі, бірақ олардың түсірілмей сақталып
айтылғаны жөн (емледе де көбінесе ы, і әріптері сақталып жазылады).
Мысалы: ықылас, жапырақ, топырақ, тебіренді, күңіренді.
Ал өлеңдерде буын санына қарай мұндай сөздерде дыбыстарды
түсіріп те айтуға болады. Мысалы:
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай,
Қайыршы шал - кемпірдей түсі кетіп.
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай, деген Абайдың шумағында соңғы тармақтағы жапырақ, айырылған,
сөздері жапрағынан, айрылған болып айтылуы керек, өйткені өлең жолы 11
буынды болу үшін жап-ра-ғы-нан 4 буын болып, ай-рыл-ған 3 буын, а-ғаш,
қу-рай 4 буын болып айтылуы қажет.
Мына өлең шумақтарындағы курсивпен терілген сөздердің дұрыс
оқылуын (айтылуын) көрсетіңдер және себебін айтыңдар.
Қалдың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі.
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
(Абай)
Уа дариға, алтын бесік - туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гор.
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
(Қасым Аманжолов)
Әлі есімде бұлтсыз әлем аспаны,
Арман бізді алға апарып тастады.
Қара шашың мойныма оралып,
Жерге тамған мөлдір көздің жастары.
(Н. Әлімқұлов)article/15 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:8227950653ddc473758872e4a2bd09a85282213e21db4b71d14a23c8102887d7KK-KZ
§15. Бір ырғақтық топта айтылатын сөздердің алдыңғысы дауысты
дыбысқа аяқталса, екіншісі дауысты дыбыстан басталса, қатар келген екі
дауыстының біреуі (алдыңғысы) “жұтылып” кетеді де, бір ғана дауысты
айтылады. Мысалы, торы ат, қара ала, келе алмадым, барып па еді,
Қараадыр, Сарыөзек, айта-айта сияқты сөздер торат, қарала, келалмадым,
барыппедің, қарадыр, сарөзек, айтайта деп айтылады. Бұл заңға біріккен
сөздер де, жеке сөздер де, сөз бен шылаулар да, қос сөздер де бағынады.
Қазақ тілінің бұл орфоэпиялық заңдылығын ақындар шебер
пайдаланады, яғни жазуда буын саны артық шықса да, айтуда (оқуда) дәл
шығатын болғандықтан, сөздерді ақындар еркін қолданады. Мысалы:
3
4
4
Бі-лек-тей / ар-қа-сын-да / өр-ген-бұ-рұм /
3
4
4
Шол-пұ-сұ / сыл-дыр-ға-ғып / жүр-са-қы-рын /
4
3
4
Кәм-шәт-бө-рүк / ақ-та-мақ / қа-ра-қас-ты /
4
3
4
Сұ-лүу-ғыз-дың / кө-рүп-пең / мұн-дай-тү-рүн //
Мұнда жүрсе ақырын, көріп пе ең деген сөздері бар жолдар жазылуда
12 буын болғанмен, айтылуда жүрсақырын, көріппең болып кірігетіндіктен,
өлең өлшеміне ешбір нұқсан келтірмей тұр.
Қатар тұрған сөздердің кез келгенінің екі аралығындағы дауыстылар
бірін-бірі “жұта” бермейді. Егер ондай екі сөз екі ырғақтық топта тұрса,
аралық дауыстылар өз орындарында анық айтылады:
Аласыз / қара гөзү / айнадайын /
Жүрекке / ыстықтійіп / салғансайынт /
Үлбүрөген / ағетті / ашығжүздү /
Тісәдемі / көріппең / қыздыңжайын //
(Абай)
Мұнда көзі айнадайын, жүрекке ыстық, етті ашық деген сөздер
қатар тұрғанмен, екі аралықтарындағы дауыстылар кірікпейді, өйткені
бұлар әр бөлек ырғақтық топта тұр.
Осы ережені ескеріп, мына өлең шумақтарын ырғақтық топтарға
бөліп, дұрыс айтып көріңдер. Дауысты дыбыстардың кірігетін және
кірікпейтін жерлерін дәлелдеңдер.
Жас қыз бен жас бәйтерек - бәрі бірдей,
Жапырағы тұра ма жылда өзгермей?
Менен гөрі сөзіңді жақсы ұғушы
Кетер деме ер жігіт бір кез келмей.
(Абай)
Жас дәурен, қызығыңа тоя алмаспын,
Ән мен күй, өлең, сені қоя алмаспын.
Тірлікте тербелейін, тебіренейін,
Бір күні кетсем ұйықтап оянбаспын.
(Қ. Аманжолов)
Жел желпиді кейде есіп,
Көк жайлауда жатырмын.
Жұлдыздармен сөйлесіп,
Астында аспан-шатырдың.
(С. Мәуленов)
Ұшады аққу көлден байпаңдаған,
Қалқаға бір сөзім бар айта алмаған.
Су құйып сырлы аяққа тұндырғандай,
Көзіңнен айналайын жаутаңдаған.
(Халық өлеңі)article/16 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:3c6a4e3024377540692fdad3f7c585ff8f382462f6b2d8851a059dbcd758d014KK-KZ
§16. Қазақ тілінің қазіргі емле ережелері бойынша қосар ый, ій
әріптерінің орнына бір ғана и әрпі жазылады. Мысалы: ки (дұрысында кій
болу керек), қи (қый болу керек), сол сияқты: би (бій), биыл (быйыл), жиі
(жійі), жиналыс (жыйналыс), ти (тій), тиын (ақша, тыйын), тиін (аң, тійін)
т. т.
Ал и әрпі - жіңішке дыбыстың таңбасы, бірақ жазуда жуан ый
дыбысын да таңбалайтын болғандықтан, оны жіңішке де, жуан да етіп
айтуға тура келеді. Ішінде а, ы, ұ, о сияқты жуан дауысты дыбыстары бар
сөздерде и таңбасын ый деп жуан айту керек. Мысалы: жыйналыс
(жазылуы: жиналыс), қыйыңғыстау (қиын-қыстау), быйыл (биыл), сый -
сыйапат (сый-сияпат).
Сөз ішіндегі и дыбысының жуан не жіңішке екенін ондағы өзге
дауыстыларға қарап айыруға болады. Мысалы, дидар, миғұла, мизам, бидай,
мирас, миық, мия, қыдию, қалқию деген сөздерде и - жуан, өйткені бұлардағы
өзге дауыстылар жуан, сондықтан айтылуда бұлар дыйдар, мыйғұла,
мыйзам, быйдай, мыйрас, мыйық, мыйа, қыдыйу, қалқыйу болуы керек. Ал
ми, жи, қи үш-төрт сөздің жуан айтылуға (мый, жый, қый) тиіс екенін есте
ұстау кажет, өйткені бұл сөздерге жалғау- жұрнақтар жуан вариантта
жалғанады: миы ашыды (мийі емес), мисыз (мисіз емес), жина (жине емес),
қиды (қиді емес).
Есте оңай сақтауға болатын ереже, ол - қ, ғ дыбыстары бар сөздердегі
и дыбысының әрдайым ый болып жуан айтылатындығы:
Жазылуы
Айтылуы
қырғи қабақ
қилы-қилы
қалқиған
қыли (көз)
шиқ етті
шиқан
жан қиярлық
қағида
қырғыйғабақ
қыйлығыйлы
қалқыйған
қылый (гөз)
шыйқетті
шыйқан
жаңғыйарлық
қағыйда
Мұндай сөздердің ішінде сый, тыйдеген екі сөз түбір күйінде де, әр
алуан қосымшалар жалғанған тұлғасында да жалаң и әрпімен емес, қосар
ый-мен естілуінше жазылып жүр. Оның себебі осы буындардың жіңішке
варианттарында айтылатын сөздермен (ти, си) мағынасын шатастырмауға
байланысты. Алдыңғыларын айтқанда, үнемі жуан ый етіп айту керек:
тый, сый. Бұлардың туынды, қосымшалы түрлері де әрдайым жуан
айтылады: сыйлау, сыйлық, сыйды, сыймады, сый-құрмет, сыйымсыз, сыйысу,
тыйғызу, тыйылу, тыйымсыз. Бұл сөздер осы тұлғада ый арқылы
жазылады.
С мен т-дан басталатын және осылардан кейінгі дыбысы и болып
келетін сөздердің қалғаңдарында жалаң и жазылады, бірақ сөз жуан болса,
и әрпін жуан ый етіп айту керек. Мысалы: сияқты (айтылуы: сыйақты),
сидаң қағу (айтылуы: сыйдаңғағу), сидиды (айтылуы: сыйдыйды), сиқыр
(айтылуы: сыйқыр), сипақтау (айтылуы: сыйпақтау), сипаң-сипаң (айтылуы:
сыйпаңсыйпаң), сипат (айтылуы: сыйпат), бұл сөздің сыпат түрі де
айтылады, әйтеуір сійпат деп бірінші буыннан жіңішке айтпау керек, сипау
(айтылуы: сыйпау), сирақ (айтылуы: сыйрақ), сиыр (айтылуы: сыйыр), сия
(айтылуы: сыйа), сиыну (айтылуы: сыйыну), типыл (айтылуы: тыйпыл),
тиын (айтылуы: тыйын), тиянақ (айтылуы: тыйанақ).
И дыбысының жуан не жіңішке айтылуы өзінің алдындағы дауыссыз
дыбыстың айтылуына үлкен әсер етеді. Мысалы, ти және тый деген
сөздерді айтып көріңдер: алғашқысында т дыбысын айтқанда, тілдің ұшы
тіске тиіп, едәуір ілгері созылады да, соңғы жуан сөзде т дыбысын
айтқанда, тіл сәл артқа қарай тартыңқы болады. Өзге дауыссыздар да
осындай азын-аулақ өзгеріспен айтылады. Ол үшін жиі және жиын, би
және быйыл, тиінжэне тыйын, шикі және шыйқыл деген сөздерді айтып
көріңіздер де, басқы дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктерді
аңғарыңыздар.
Қазіргі кездегі орфоэпиялық қателіктердің көзге түсетін тұстарының
бірі - жуан сөздердегі и дыбысын жазылуынша жіңішке айту (оқу).
Мысалы, жиналыс, ми, дидар сөздерін жійналыс, мій, дійдар түрінде
жіңішке айтушылық кездеседі. Бұл - дұрыс емес.
Кейбір үш-төрт буынды создерде и дыбысынан басқа әрі жуан, әрі
жіңішке дауыстылар аралас келеді. Ол сөздер көбінесе араб, парсы, орыс
және интернационалдық сөздер болып келеді. Мысалы: қасиет, қиямет
(қыйамет), Сәлима, антитеза, архипелаг, дебитор, артезиан. Мұндайда араб,
парсы сөздеріндегі и дыбысы іле-шала қ дауыссызынан кейін тұрса, ый
болып айтылады: қыйамет, қыйсап (есеп-қисап), ал қалған жағдайда
жіңішке айтылады: Сәліймә, қасійет.
Осы ережені сақтап және өзге қағидаларды да ескеріп мына үзіңділерді дұрыс
айтып көріңдер, ол үшін транскрипциялап жазып көріңдер, яғни естілуінше
(айтылуынша) жазыңдар.
1) Зым-зия, зымиян, тиянақ, жария, биялай, тиесілі, қияқ, Сұлуқия,
қиқар, киім-кешек, қоқиланды, қомпиды, қария, зиянкес, Зікірия, Рәшида,
Рахила, Рахима, Бәлия, Қапия, Халима, Кәрима, Бәтима, Фәтима, Қали,
Ғали, Уәли.
2) Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын.
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кетпесе, енді өз ырқың.
(Абай)
3) Біз бұлбұл қызыл гүлге тартқан сада,
Нәркес көз, қалам қасты лағыл бала.
Иранның Құсни-зия тотысындай,
Гәухардан шыққан нәсіл тудың зада.
Топ көрсе, қырындайтын біз бір тұлпар,
Бұлбұл құс қызыл гүлге болып іңкәр.
Сіздерді неге ұмытсын көрген сұңқар.
(Ақан сері)
4) Сүйе алмадық, қия алмадық, қимадық,
Неге біздер от құшаққа сыймадық?
Екеуміз де екі айрылған өзендей,
Махаббатты басқа жанға сыйладық.
(Т. Молдағалиев)article/17 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:664b728bcb7322b3be00c75934b9c3b585f43387aabb80853da6cdbfc1cf0a45KK-KZ
§17. Қазіргі емле ережелеріміз бойынша қосар ұу, үу әріптерінің
орнына жалаң у әрпі жазылады. Бұл дыбыстың да айтылуының жуанжіңішке екендігін (ұу немесе үу екендігін) сөз ішіндегі өзге дауыстыларға
қарап айыру керек. Екі, үш не одан да көп буынды сөздерде өзге
дауыстылар жуан (а, о, ы) болса, ұ әрпімен келген тұс ұу болып, ал жіңішке
(е, ә, ө, ү, і) болса, үу болып айтылады.
Ал бір буынды сөздерді (олар сан жағынан өте аз) сөйлемнің
мағынасына қарай қай сөз екенін ажыратып, жуан не жіңішке айтуға тура
келеді. Мысалы, Үйдің төбесінде ту желбірейді деген сөйлемде ту сөзі жуан
тұу болып айтылады. Ту дегенде түкірігі жерге түспейді деген сөйлемде ту
сөзі жіңішке болғандықтан, түу деп айту керек. Сол сияқты: Шу, жануар,
шу деді дегенде шу сөзін жіңішке шүу деп айту керек те, Көшеде айғай-шу
естілді дегенде шу сөзінің жуан екенін, сондықтан шұу деп жуан айту керек
екенін контекстен, яғни сөйлемнің мазмұнына қарап ажырату керек.
Тәжірибеде у дыбысын жуан не жіңішке айтуда қиындық
байқалмайды, сондықтан орфоэпиялық қателіктер де бұл ретте онша
сезілмейді, дегенмен ту және түу, шу және шүу, гүугууледі (жазылуы: гугуледі) және гудок, су және сүурет (жазылуы: сурет) сияқты бес-он сөздің
жуан-жіңішке айтылуынан жаңылыспаған абзал.
Осы айтылғандарға сәйкес Абайдың мына жолдарын дұрыс оқып көріңдер. И
дыбысы жуан және жіңішке айтылатын сөздерді ый, ій арқылы жазып көрсетіңдер.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып, іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды,
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
(Абай)
Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып бұраңдап ағады су.
(Абай)article/18 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:3c8b47c60f3f212ddd01ec41f9227c84316b1efc78d102b0a1a75eef21bdf3e0KK-KZ
§18. Бірқатар сөздер мен қосымшалар жазылуда түбірі
сақталатындықтан, аралас буынды болып келеді, яғни жуан сөзге жуан
варианты жоқ -кер, -гер, -кент сияқты жұрнақтар жалғанады немесе жіңішке
түбірлі сөзге жіңішке варианттары жоқ -қой, -паз, -қор сияқты жұрнақтар
жалғанады. Мысалы: сауда+гер, Шым+кент, бал+гер, Таш+кент, әсем+паз,
сән+қой, шәй+қор (жазылуы: шайқор) т.б,
Осылардың ішінде -кер, -гер, -кент жұрнақтары жалғанған кейбір
жуан сөздер айтылуда осы жұрнақтардың әсерімен тұтасынан жіңішке
айтылады. Мысалы: сәудегер, Шімкент, Тәшкент. Бірақ бұл жұрнақтар
жалғанған кез-келген жуан түбірлі сөз жіңішке айтыла бермейді. Мысалы:
қаламгер, жауапкер, айыпкер, Құмкент сияқты сөздер жазылған түрінше
айтылады. Ал жуан жұрнақтар жіңішке түбірді жуандата алмайды,
сондықтан олар жуанды-жіңішкелі аралас буынды болып, жазылған
түрінше айтылады. Мысалы: әсемпаз, өнерпаз, сәнқой, әзілқой.article/19 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:2fe483d39c5ffd313fab95c3c71aac80d59f83a7e82713fe22446a6413e6c05eKK-KZ
§19. Соңы к, г деген жіңішке дауыссыздарға аяқталатын кірме
сөздерге жалғанған ІІІ жақтағы тәуелдік жалғауын жіңішке айтқан дұрыс.
Мысалы: педагог- педагогі, ток - тогі, монолог – монологі т.б.
Тегі, сөз соңындағы к, г дыбыстарының қазақ тілінде жіңішке
айтылуының әсері күшті, сондықтан айтуда көбінесе қазақ қосымшаларын
жіңішке жалғауға бейім тұрады. Мысалы: педагокке, педагоктік, участокке,
участогтер, участогі, рояльдің т.б. Өйткені қазақтың өз сөздерінде к, г
дыбыстары еш уақыт жуан а, ы, о дыбыстарымен келмейді (айтылмайды).article/2 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:f2458f4b9725aabc7513bf24bae3ed49da53e29a7c76f6461a40ab65682cfd03KK-KZ
§ 2. Ырғақтық топ құрайтын екі сөздің алдыңғысы з, ж, р, л, м, н, ң,
й, үнді у (тау, бау деген сөздердегі) дыбыстарына аяқталса, келесі сөздің
басындағы қ, к дыбыстары ұяңдап, ғ, г болып айтылады.
Ырғақтық
топтар
жез қазған
өнер кәсіп
бал қаймақ
тай келтір
аман келді
қаз қатар
азан қазан
жылан көз
сонымен қатар
қой көз
қай қайдағы
Жазылуы
Айтылуы
Жезқазған
өнеркәсіп
бал қаймақ
Тайкелтір
Амангелді
қаз-қатар
азан-қазан
жылан көз
сонымен қатар
қой көз
қай-қайдағы
Жезғазған
өнөргәсіп
балғаймақ
Тайгелтір
Амаңгелді
қазғатар
азаңғазан
жылаңгөз
сонұмеңғатар
қойгөз
қайғайдағы
Бұл ережеге мысал ретінде мына үзінділердің дұрыс айтылу түріне
назар аударыңыз:
Қарағым / айналайын / келдіңғайдан //
Алүйрек / алмамойұн / ұшарсайдан //
Ейғалқа / мекеніңді / айтыпқойшұ //
Адамның / жатполмағы / осұндайдан //
(Халық өлеңі)
Мына шумақтарды ырғақтық топтарға ажыратып, дұрыс айтылуын
көрсетіңдер, жоғарғы ережеге сай келетін сөздерді табыңдар:
Салмасам, Айнамкөзге ән болмайды,
Кимесем екі бешпент сән болмайды,
Ойнасаң, өзің теңдес жаспен ойна,
О дағы алғаныңнан кем болмайды,
Айнамкөз, сен қайдағы, мен қайдағы,
Біреудің мен де өзіңдей боз тайлағы.
Есіме, беу қарағым, сен түскенде,
Қайнайды зығырданым қай-қайдағы.
(Мұхит)article/20 · paragraph · referenced by: 2
kk-KZ · official · sha256:eaab0b1ca8da181dcd9308cf711dd423cce27b9e4dd5c318c88fbd3bf6628bb3KK-KZ
§20. Қазақ тілінде сөз соңында екі дауыссыз қатар келетін сөздер
бар. Бірақ кез келген дауыссыздар сөз соңында қатар келе бермейді. Тек
алғашқысы л, р, м, н, ң деген сонор дыбыстар, соңғысы т, с, п, ш, қ, к деген
қатаң дыбыстар болып тіркесіп келеді. Мысалы: жалт, қалт-құлт, қарт,
қант, ант, қарс (қарс айрылды дегендегі), күмп (суға күмп берді), қаршқарш, дүңк (дүңк етті), қарқ-қарқ (қарқ- қарқ күлді) т.б. Мұндай сөздердің
басым көпшілігі жалт-жұлт, қарқ- қарқ, күңк (етті) сияқты еліктеуіш
сөздерде екі дауыссыз қатар айтылып, қатар жазылады.
Бұл сөздерді айтуда сөз соңындағы екі дауыссыз күрт, шұғыл
дыбысталады, яғни араларына ы, і сияқты дауыстыларды салмайды: жалт
(жалыт емес), күрт-күрт (күріт-күріт емес), жалт-жұлт (жалыт-жұлыт
емес) т.т.
Қазақ тілінде сөздің үш дауыссызға аяқталуы - мүлде жоқ құбылыс.
Сондай-ақ жоғарыда көрсетілгендей, сонорлар мен қатаңдардың
қабаттасуынан өзге дауыссыздардың қатар келуі де орын алмайтын
құбылыс. Қазақ тіліне енген орыс және интернационалдық сөздер, әсіресе
жер-су, қала аттары қатарынан бірнеше дауыссыз дыбысқа аяқталып келе
бермейді. Мысалы: пункт, Омск, фонд, митинг, штамп, шланг, факт,
рецепт, экспромт, киоск, лифт. Бұл сездер қазақ тілінде жеке айтылғанда,
соңғы қатар келген екі-үш дауыссыздың не сондарынан, не орталарында ы,
і дәнекер дыбыстар салып айтылады: пункіт, Омскі, фонды, митингі,
штампы, шлаңгі, факті, рсцепті, экспромты, киоскі, лифті. Бұлардың ішінде
қатаң дыбыста [факт, рецепт, киоск, лифт), сонор мен қатаң да (шланг,
штамп, экспромт), сонор мен ұяң дыбыс та (фонд, митинг), тіпті үш дыбыс
та (алдыңғысы сонор, қалған екеуі қатаң - пункт) қатар келген.
Қазақ тілі үшін үйреншікті емес (яғни фонетикалық жүйесіне сай
келмейтін) дыбыстарға аяқталатын мұндай сөздердің бірқатарына, атап
айтқанда: нд, мп, кт, нк, нг, мб, ск, фт, пт, мт дыбыстарына
аяқталатындарына қазақ тілінің қосымшалары жалғанғанда, сөз бен
қосымшаңың аралығына дәнекер ы, і дыбыстары қосылып айтылады және
солай жазылады. Мысалы: киоск+ке - киоск+і+ге (киоскке емес), бұл жерде
дәнекер ы, і болғандықтан, қосымшалар ұяңдап кетеді (-ке емес, -ге, -тар, тер емес, -лар, -лер деген сияқты), митинг+тер - митинг+і+лер (митингтер
емес), Омск+тен - Омск- +і+ден (Омсктен емес), сол сияқты фактілер,
фактіге, фактісі (факттер, фактке, факті емес), штампылар, штампыны,
штампысы, штампыға (штамптар, штампты, штампы, штампқа емес),
объектілер, объектіге, объектісі (объектер, объектке, объекті емес). Үш
дауыссызға аяқталған сөздер қазақ қосымшаларын дәнекер ы, і
дыбыстарынсыз қабылдайды, өйткені айтуда алдыңғы дауыссыз бір буынға
кетеді де, соңғы екі дауыссыз айтуда өздері бір буын болып айтылады:
пунк(і)т, пункітке, пункіттер, пункіті (пунктіге, пунктілер, пунктісі емес),
сфинкіс, сфинкістер, сфинкістің (сфинксілер, сфинкісінің емес). Ал бұлардың
жазылуы: пункт, пунктке, пункттер, сфинкс, сфинкске, сфинкстің.
Ал тр, зм, рг, рд, лк, кс, дж, фр, рв, кт, дз, фм сияқты дауыссыз
дыбыстар тіркесіне аяқталған кірме сөздерде айтылуда соңғы екі
дауыссыздың арасына ы, і дыбыстары қосылып айтылады: метір, оркестір,
альпинизім, колледіж.
Соңғы екі-үш дауыссыздың біреуі к, г дыбыстары болып келсе, ол сөзге
қазақ қосымшалары тек қана жіңішке жалғанып, жіңішке айтылады
(түбірдегі дауысты мейлі жуан болсын, мейлі жіңішке болсын). Мысалы:
пунктке (айтылуы: пунктке), паркке, парктер, паркі (айтылуы: парікке,
паріктер, паркі), митингіге, митингілер, киоскінің, киоскілер. Ал к, г
дыбыстары жоқ жерде қосымша сөз түбірінің немесе түбірдің соңғы
буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанып, сол жалғанған түрінде
айтылады. Мысалы: лифтілер, лифтісі, лифтіге (мұнда қосымша жіңішке,
өйткені түбірдің дауысты дыбысы и - жіңішке), штампыға, штампылар,
штампысы (мұнда түбірдсгі дауысты а жуан болғандықтан, қосымша да
жуан жалғанып тұр).
Осы ережеге сай етіп мына сөздерге қазақша қосымшалар (септік, тәуелдік,
көптік жалғауларын) жалғап көріңдер де, дұрыс айтып беріңдер:
Антракт, металлург, анонс, бланк, контракт, бумеранг, почтамт,
дифирамб, интеллект, катафалк, комплекс, комплект, конспект, кзендз,
лаборант, ландшафт, логарифм, манускрипт, медпункт, моллюск, пакт,
прейскурант, раунд, рецепт, рислинг, такт, экспромт, цифр.Referencing norms: QoldanylatynUndestikKG, UndestikKGZhengedi
article/21 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:ce9a59c06a0d2129a692623663f98100d73c2592b8ff6ec2a2517ef6b2dc98aeKK-KZ
§21. Кірме сөздердің ішінде ст, сть, зд, кст, вт, сс, лл, мм, тт, пп
дыбыстарына аяқталғандарына қазақ тілінің қосымшалары жалғанғанда, ең
соңғы дауыссыздар түсіріліп айтылады және солай жазылады. Мысалы:
коммунист+тер - коммунистер (коммунисттер емес), коммунист +ке коммуниске (коммунистке емес), коммунист+тік - коммунистік
(коммунисттік емес), съезд+ге - съезге (съездге емес), съезд+дің - съездің
(съезддің емес), съезд +і - съезі (съезді емес), ведомостъ+қа - ведомосқа
(ведомостьқа емес), металл +дар - металдар (металлдар емес),
терапевт+ке - терапевке (терапевтке емес).
Осы ережені ескеріп, мына сөздерге қосымшалар жалғап айтыңдар және
жазыңдар.
Кросс, грамм, гимнаст, грипп, киловатт, эхинококк, хлорофилл,
фармацевт, авиапост.article/22 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:af701171a5fa9cab1f89d1cede7c58dd745d20bce87508f238a18b40491d6f6aKK-KZ
§22. Орыс тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі (ь)
жазылатын және л дыбысына аяқталатын сөздерге қазақ тілі жұрнақтары
жалғанғанда, жіңішкелік белгісі жазылмайды жэне л дыбысы жуан
айтылады. Мысалы:
Орысша
жазылуы
материальный
феодальный
коммунальный
Қазақша жазылуы
әрі айтылуы
материалдық (материальдық емес)
феодалдық (феодальдық емес)
коммуналдық (коммунальдық емес)
Ал жұрнақтар жалғанбай-ақ түбірдің өзінде л дыбысы жіңішке
сөздерде (яғни түбірдің өзінде жінішкелік белгісі жазылатын сөздерде) ь
ццбасы сақталып жазылады және л дыбысы жіңішке айтылады: моральный
– моральдық (сөз түбірі - мораль), артельный - артельдік (сөз түбірі артель). Мұндайда көбінесе сөздердің қазақша айтылуы жазылуына сай
келеді: ь тұрса, л дыбысын жіңішке айту керек те, ь жоқ болса жуан айту
керек.
Осы ережені ескеріп, мына сөздерді дұрыс айтып көріңдер:
Патриархалдық, акварельді, спектакльдік, артельдік, номиналдық,
вассалдық, вокальды.article/23 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:9377814d64a0b8b4b3b420692da7deba538102bf71318e4e5fba0db377843966KK-KZ
§23. Қазақ тілінде қ, к, п деген қатаң дауыссыз дыбыстарға
аяқталған сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымшалар жалғанған
кезде, сөз соңындағы қатаң дыбыстар ұяңдап, ғ, г, б (кейде у) дыбыстарына
айналатыны мәлім. Бұл өзгеріс жазуда да, айтуда да секеріледі. Мысалы:
тарақ+ым - тарағым, күрек+і - күрегі, доп+ы- мыз - добымыз, тап+ып тауып, кеп+у - кебу, кеп+іп - кеуіп т.б.
Бұл ережеге орыс тілі арқылы енген сөздердің де бірқатары
бағынады: ток - тогы (айтуда тогі), блок – блогы (айтуда блогі). Ал п, х
дыбыстарына аяқталатын бірқатар кірме сөздер бұл ережеге бағынбай,
соңғы қатаң дыбыс ұяңдамай айтылады және солай жазылады. Мысалы:
принцип+і - принципі (принцибі емес), грипп+і - грипі (оның грипі жұқты,
грибі емес), тип+і - типі (тибі емес), кинескоп+ы – кинескопы (кинескобы
емес), цех+ы - цехы (цеғы емес), шейх+ы - шейхы (шейығы емес), шах+ы шахы (шағы емес).article/24 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:d6a16b6e7f5fe0e0501cde5388afbb0f7e35452395929747e01c05e7d870824eKK-KZ
§24. Жіңішкелік белгісіне аяқталатын көп буынды кірме сөздерге
қазақ тілі қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады, яғнн сөздің
соңғы буынындағы дауысты дыбыс жіңішке болса, қосымша да жіңішке,
жуан дауысты дыбыс болса, қосымша да жуан болып айтылады және солай
жазылады, ль дыбысына аяқталған кірме сөздерге тек қана тәуелдіктін ІІІ
жағында жіңішке қосымша жалғанып, жіңішке айтылады. Мысалы:
фестиваль+ға - фестивальға, бірақ фестивалі, календарь+ға - календарьға,
календары.
Кль, брь, бль тәрізді дауыссыз дыбыстар мен жіңішкелік белгісіне
аяқталған сөздерге және жіңішкелік белгісіне аяқталған бір буынды
сөздерге қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанады, яғни сөздің
соңғы буыны тұтас өзі жуан болса да, қосымша буын үндестік заңына
бағынбай жалғанады және жіңішке айтылады (әрі солай жазылады).
Ансамбілге (жазылуы: ансамбльге), ансамбілдер (жазылуы: ансамбльдер),
ансамбілі (жазылуы: ансамблі, мұнда сөз түгелімен жуан, тек соңғы
дауыссызы жіңішке ль), бинокльдің (айтылуы: бинокілдің), биноклім
(айтылуы: бинокілім), бинокльдер (айтылуы: бинокілдер). Мұнда сөздің соңғы
буыны нокль жуан. Тюль, тюльдің (айтылуы: тюлдің), тюльге, тюлі (сөз бір
буынды, бірақ жіңішке ль дыбысына аяқталған), князьдің, князьдер, князі
(сөз зь дыбысына аяқталған және бір буынды болғандықтан, қосымша
жіңішке жалғанып тұр).
Бұл сияқты дауыссыз дыбыстары, әсіресе сөз соңындағы дауыссызы
орыс тілінде жіңішке айтылатын сөздердің қазақша дыбысталуында
дауыстылардың ыңғайы (жуан-жіңішкелігі) емес, дауыссыздардың айтылу
ыңғайы шешуші рөл атқарады.
Осы ережені ескеріп, мына сөздерге қазақша қосымша жалғап, дұрыс айтып
көріңдер:
Капсюль, бандероль, ноябрь, верфь, автомобиль, акрополь, бронь,
водевиль, виолончель, вестибюль, вымпель, госпиталь.article/25 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:11ee51a40c7aaa216dc74462292f231cd9e19d3d16dac85ad25b7f154d7023f7KK-KZ
§25. Соңғы буынында е, э, ю дыбыстары бар кірме сөздерге қазақ
тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанып, солай айтылады әрі
жазылады. Мысалы: актерлер, актерге, актері, дирижерлер, дирижері,
Петрге, Петрден, дуэтке, дуэті, полюске, полюстер, парашютке, парашюті,
дуэльге, дуэлі, велюрдің, велюрі, дебютке, дебюті.article/26 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:5e340b79523bc0977ad2d44ce72c94fa70df83baa49ae788b353a4cd13327f59KK-KZ
§26. Ер адамның фамилиясы -ов, -ев, -ин жұрнақтары арқылы
жасалған болса, -ов, -ев жұрнақты фамилияларға қазақ тілінің
қосымшалары түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жуан не
жіңішке түрде жалғанып айтылады (және солай жазылады). Мысалы:
Омаровтың, Омаровқа (сөз түбірі О-мар, соңғы мар буыны жуан),
Әуезовтің, Әуезовке (сөз түбірі Ә-уез, соңғы уез буыны жіңішке), Мұсаевқа,
Мұсаевтан (сөз түбірі Мұ-са, соңғы буыны жуан), Құдайбердиевке,
Құдайбердиевтен (сөздің соңғы буыны ді жіңішке). Ал -ин жұрнағымен
жасалған фамилияларға қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке
жалғанып, жіңішке айтылады: Оразалинге, Дербісалинге, Сембинге.article/27 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:de372b47f1ca101077b1011f22d1bbdf02e11347ab8a65a3961eb210cbc0b7c6KK-KZ
§27. Кейбір өлшем атаулары жазылуда шартты түрде қысқартылып
беріледі. Ал қысқартулар не әріптерден, не арнайы алынған өзгеше
белгілерден тұрады. Мысалы:
10 см, 5 га, 3 мм, 10°, 40м, 100%, 220v, 70w. Бұларды ауызша
айтқанда қысқартылып берілген әріптерді емес, сол әріптер білдіріп тұрған
сөзді толық айту керек: он сантиметр, бес гектар, үш миллиметр, он градус
жылы, қырық метр, жүз пайыз, екі жүз жиырма вольт, жетпіс ватт.
Бұларға жалғанып тұрған қосымшаларды (олар дефис арқылы жазылып
беріледі) оқығанда, белгілерге тіркеп емес, тұтас сөзге тіркеп айту керек.
Мысалы: көйлегімнің етегін 5 эсэмге немссе сымыға ұзарттым деп емес,
бес сантиметрге ұзарттым деп айту керек. Сол сияқты: машина сағатына
бОкм-ден жүріп отырды деп жазылғанды алпыс километрден (алпыс каэмнен немесе алпыс км-нен емес) жүріп отырды, комбайыншы 400
гектардай (га-дай смсс) жердің егінін орды деп айту керек.article/28 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:3b7bb6eae923a4ddc2288f688dc9b5f2f69c9c3cb29af0b1688683a9ac22982dKK-KZ
§28. Жекеше II жақтағы жіктік жалғауы тек қана -сың, -сің түрінде
(яғни соңғы дыбысы ң болып) айтылады және солай жазылады. Мысалы:
есімдерге жалғанған жіктік жалғаулары (жекеше түрі):
І жақ мен мұғаліммін, диктормын
ІІ жақ сен мұғалімсің, дикторсың
ІІІ жақ ол мұғалім, диктор.
Етістікке жалғанған жіктік жалғаулары (жекеше түрі):
І жақ мен білемін, айтамын, барғанмын, барармын
ІІ жақ сен білесің, айтасың, барғансың, барасың,
ІІІ жақ ол біледі, айтады, барған, барар.
Кейде ауызекі сөйлеу тілінде бұл жалғау -сын, -сін түрінде (сен
мұғалімсін, дикторсын) де келеді және солай жазылып та кетуі мүмкін.
Бірақ әдеби нормада сөйлегенде, тек -сың, -сің түрінде дыбыстау керек. Ал
-сын, -сін қосымшасы етістіктің
III жақтағы - бұйрық қалау рай деген түрін білдіреді. Мысалы:
І жақ мен барайын, біз барайық
ІІ жақ сен бар, сендер барыңдар
ІІІ жақ ол барсын, олар барсын.
Сондықтан әр түрлі қызмет атқаратын қосымшалардың тұлғаларын
да шатастырмай, бірін -сың түрінде, екіншісін - сын түрінде айту керек. Бұл
екеуін айыру қиын емес: егер жіктік жалғаулы сөз сен деген есімдікпен
айтылуға тиіс болса, -сың түрі, ол деген есімдікпен айтылуға тиіс болса, сын түрі жалғанады: сен барасың, ол барсын.
Мына шумақтардағы үш нүкте қойылған сөздерге мағынасына қарай
-сың немесе -сын қосымшасының қайсысы жалғанып айтылатынын
көрсетіңдер:
Адамзат - бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап, алдар бірақ.
Ертең өзің қайда..., білемі...,
Өлмек үшін туған..., ойла, шырақ.
(Абай)
Досты қайдан табар...
Кеңесерге адам жоқ.
Әрлі-берлі шабар...
Жалғыздықтан жаман жоқ.
(Абай)
Өзгеге, көңілім, тояр...
Өлеңді қайтіп қояр...
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жояр...
Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оян...
Жыла..., көзден жас ақ...
Омырауым боял...
Тыңдамаса еш адам
Өз жүрегім толған...
Әр сөзіне қара...
Іштегі дертім қозғал...
(Абай)
Баса... аяғыңды ырғаң-ырғаң,
Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң.
Жай жүріп шаттана... әсерленіп,
Әсем... жүйрік аттай мойның бұрып.
(Халық өлеңі)article/29 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:498b1716e5cc84da50eab1127102cb920d86164468babe6dc3d9cc20b05249faKK-KZ
§29. Кейбір шылаулардың дыбыстық қатарлары болады, яғни өзіне
қатысты алдыңғы сөздің аяқталар дыбысының әуеніне қарай шылау сөздің
басқы дыбысы да не ұяң, не қатаң болып құбылып айтылады (және солай
жазылады). Мысалы: Ол өлең айтып қана қоймады, домбыра да тартты.
Жақып қана жаңа келді, өзгелер әлдеқашан келген-ді. Тек қана бір тілегім
бар деген мысалдарда шылау қатаң к дыбысынан басталады және солай
жазылады, өйткені шылаудың алдындағы сөздер (айтып, Жақып, тек) п, к
деген қатаң дыбыстарға аяқталып тұр. Ал мына сөйлемдерде шылау ғана
түрінде айтылады (және жазылады): жалғыз ғана тілегім бар; жаңа ғана
келдім; ол радиодан ғана сөйледі. Бұларда шылаулардың алдындағы сөздер
не дауысты дыбысқа (жаңа), не ұяң, сонор дыбыстарға (жалғыз, радиодан)
аяқталып тұр.
Осы сияқты мен, бен, пен (домбыра мен қобыз, қобыз бен домбыра,
дауыс пен үн), да/де, та/те (барса да, барып та келді), дағы, тағы (барса
дағы, айтып тағы үлгерді), ғой, қой (айттың ғой, хат қой менің күткенім),
құрлы, ғұрлы (жат құрлы, бала ғүрлы) деген шылаулар да өздерінің
алдындағы сөздің соңғы дыбысына қарай бірде ұяң, бірде қатаң
дыбыстармен айтыла береді (және солай жазылады). Сондықтан бала құрлы
ақылың жоқ, айтарың осы қана ма, келіп де үлгердің бе деген сияқты етіп
айтуға, дыбыстауға болмайды. (Бала ғұрлы, келіп те деп айтылуы керек).article/3 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:cc8cfe643141c8b37209c6d7bfcc584cf66004b2beacd87180813cd99d17ff7fKK-KZ
§ 3. Ырғақтық топқа енетін сөздердің бірінші сыңары қ, к, п деген
қатаң дыбыстарға аяқталса, келесі сөз дауысты дыбыстардың біреуінен
немесе ж, з сияқты ұяң дыбыстардан және р, л, м, н, й, у деген сонорлардан
басталып тұрса, алдыңғы қатаң дауыссыздар ұяңдап ғ, г, б болып
айтылады. Мысалы, шекара, сатып алды, қонақ үйі, кәсіподақ, келіп еді,
қашық жер, бекзат, көк орамал деген сөздер айтылуда: шегара, сатыбалды,
қонағұйү, кәсібодақ, келібеді, қашығжер, бегзат, көгорамал болып
дыбысталады.
Бұл ережеге мысал ретінде мына шумақтардың дұрыс оқылуына
назар аударыңыздар және жазылуын көрсетіңіздер:
Атеді / бұләнімнің / Жонұбалды //
Алғандай / сұлужонұп / ерімталды //
Жасымнан / сүйібайтқан / ән болған соң //
Жаңылмай / әлігүнге / естеғалды //
Жанедім / әсемәнді / сүйүбайтқан //
Жағымды / көпкебірдей / жұрт ұнатқан //
Келетін / нақысына / жүзғұбұлүп //
Кейдөрлеп кейдешалқып / баяулатқан //
(Біржан)article/30 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:138b331219cca2569b8d25d91e0c7c31b9f02c3d51fe498055aba76a3aeeb6beKK-KZ
§30. Кейбір сөздердің дыбыстық екі вариантының қатар айтыла
беруі әдеби тіліміздің орфоэпиясына қайшы келмейді. Бірақ мұндай сөздер
онша көп емес. Мысалы: мұның - бұның, мұнда - бұнда, шейін - дейін,
нажағай - найзағай, уану - жұбану, разы - риза, жаздың күні - жаздыгүні. Бұл
сөздердің варианттылығының басты себебі орфоэпияға байланысты емес,
өзгеде.
Сол сияқты шайтан - сайтан, үкімет - өкімет, айқай - айғай, құдай құдая, заман - замана, ашық – ғашық сияқты бірқатар сөздер де екі вариантта
қолданылады. Бұлардың орфоэпиясы жазылған түрінде болуы керек.
Өйткені бұл сөздерді екі түрлі етіп қолдануда қазіргі тіліміз белгілі бір
мақсатты көздейді. Мысалы, өкімет пен үкімет (екеуінің түбірі бір сөз)
деген сөздердің алғашқысы “государство” дегеннің баламасы ретінде
қалыптасты; шайтан ~ сайтан сөздерін ақын - жазушылар көбінесе
стильдік мақсатта ажыратып қолданады: шайтаны- “кәдімгі жыншайтанды” білдірсе, сайтаны - көбінесе “өжет, өзгені билеп алатын сиқыр
қылықты”
деген
жақсы
мәнде
жұмсалады.
Мысалы,
Жұбан
Молдағалиевтың мына жолдарына назар аударыңыз, мұнда сайтан сөзі
“жын-шайтан” мәнінде емес, жақсы мәнде:
Мен қазақпын, қара көз сайтан қызбын,
Сөйлей қалсам, тілімнен бал тамғыздым.
Сүйе қалсам, өмірдей өле сүйдім,
Қас батырмен айқасқам балтам жүзін.
Ашық (асық) - ғашық, құдай - құдая, заман - замана сияқты
параллельдерді ақындар буын санының артық-кемі қажет болған сәттерде
кезек таңдап қолдана береді. Олар сол қолданылған түрінде айтылады
(дыбысталады). Мысалы, Абай:
Сорлы асық сарғайса да, сағынса да,
Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да –
дегенінде асық вариантын алады, өйткені дауыстыдан басталған
асық сөзі алдындағы сөздің соңғы буынымен кірігіп, сор-ла-сық түрінде үш
буын құрайды, егер ғашық вариантын алса сор-лы ға- шық болып 4 буын
болып кетер еді де, 11 буынды тармақтың өлең өлшемі дұрыс шықпас еді.
Ал өзге сәттерде Абай “ғашыктың тілі - тілсіз тіл” немесе “сен шошыдың
ғашығыңнан” деп ғашық вариантын жұмсайды. Міне, бұл тәрізді бір сөздің
белгілі бір мақсатпен әдейі қолданылған екі вариантының екеуі де әдеби
нормаға жататындықтан, олардың айтылуы да екі түрлі (яғни қалай берілсе,
сол түрінде) болуы керек.article/31 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:4151bca6c38c919136bb2e2bf79694c7cd47dfc08270d8252dc8e19e32341327KK-KZ
§31. Бір сөздің екі түрлі дыбысталып айтылатындарының ішінде
жергілікті ерекшеліктеріне (диалектизмдерге) қатыстыларын жоғарғы
көрсетілген вариантты сөздермен шатастырмау керек. Яғни көптеген
сөздердің әр жерде әр түрлі дыбыстық өзгерісі болғанмен, әдеби тілдегі
түрінше айту - орфоэпиялық норма болады. Мысалы: маңдай - маңлай,
шаңырақ - шаңғырақ, киіз - кигіз, ие - еге (үйдің иесі), шатақ - чатақ, саяқты сиықты, аула - әулі, жоңышқа - жоңырышқа, қабырға - қабыртқа, жоқ джоқ, масқара - машқара, бес тиын - беш тиын, ас пісті - ас пысты, мысық мышық, балалар - баладар сияқты параллель сөздердің алдыңғы сыңарлары
әдеби норма да, екіншілері - жергілікті (диалектілік) варианттары.
Бұлардың айтылуында әдеби нормадағы тұлғасын ұстау қажет. Олай дейтін
себебіміз - кейде автордың не кітап, журнал шығарушылардың
салақтығынан я болмаса білместігінен кейбір сөздердің әдеби варианты
емес, жергілікті қолданыстағы тұлғасы жазылып кетеді. Мұндайда сөзді
түзетіп оқыған (айтқан) абзал. Ал пьесаларда немесе фельетон, сықақ
әңгімелерде автор сөздің жергілікті не қарапайым сөйлеу тіліндегі
варианттарын әдейі берсе, оларды, әрине, сол берілген тұлғасында айту
(оқу) керек екендігі белгілі.article/32 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:71821c586090461719d39974b9d7941cbff64903d66ce85ea34727f831c9dcc6KK-KZ
§32. Қазақ тілінде одағай сөздер де дыбыстық, тұлғалық
варианттары бар сөздер тобына жатады. Бірақ бұлардың барлығында қалай
берілсе (жазылса), солай айтуға (оқуға) болады. Мысалы: япырау - япырмау
- ойпырмау - ойпырмай - ойпырым; ойбой - ойбай, ах - аһ - еһ - ех, аһ-аһ - еһеһ, аха-қа - еһе-һе, уа -уау -уай, па - паһ, бәлі - пәләй, әй - ей, астапыралла астағыпыралла т.б.
Жалпы одағай дегендер - дыбысталуы жағынан өте құбылмалы
тұлғалар. Сондықтан жазушы өзінің қалауынша бір одағайды бірнеше түрлі
құбылтып, қатарлап, дыбыстарын созып бере береді. Мысалы: Ә-ә, солай
де! Ой-қой, дүние-ай! Бәрекелді-і, жігіт-ақ екен! Паһ- паһ-паһ, мьша сұлудың
кербезін-ай! Осы сөйлемдерді: Е, солай-де! Ой, дүние-ай! Бәрекелді, жігіт-ақ
екен! Паһ, мына сұлудың кербезін-ай! деп те беруі мүмкін.
Одағайлар адамның түрлі сезім дүниесін білдіретін ишараттар
болғандықтан, актер немесе фельетон оқушы пьесалардағы, сықақфельетондардағы одағайларды өзгертіп, бірінің орнына екіншісін
айтпағанмен, образдың ыңғайына қарай, дыбыстарын созып немесе келте
қайырып, бір одағайды екі-үш рет кайталап немесе бір-ақ рет айтып
дегендей, құбылтуына болады. Мысалы, пьесадағы снтуацияға қарай: жә,
болды! түрінде де, жә-жә-жә, болды! түрінде де айтылуы мүмкін.
Алғашқысында өктем бұйырып, тұжыртып тастау реңкі болса, одағайды
екі-үш қайталап айтуда сәл өзгеше реңк пайда болады.article/33 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:8bd87c0cc075c330ef66aea98ed0771bd540cd52317b0e79db5cf4169e8d1b9aKK-KZ
§33. Кейбір етістіктердің толық және ықшам варианттары, сондай-ақ
олардың қосымшалы, шылаулы қолданыстарының да түрлері жарыса келе
береді. Олар сол қолданылған түрінде, ықшам да, толық та айтылады.
Мысалы, келіп қалды, болып отыр деген тұлғалар кеп қалды, боп отыр
түрінде келуі мүмкін.
Сондай-ақ барамын, келемін, айтамын деген тұлғалар барам, келем,
айтам түрінде айтыла береді. Барғаннан соң, келгеннен соң деген тұлғалар
қысқарып, барған соң, келген соң түрінде, тіпті одан ары ықшамдалып,
барғасын, келгесін түрінде де айтылуы жиі ұшырайды. Немесе барғанмын,
келгенмін дегендерді ақын, жазушы не драматург барғамын, келгемін
тұлғасында қолдануы да әбден ықтимал. Едім, едің деген етістік тұлғалары
ем, ең түрінде, бармаймын, алмаймын деген тұлғалар барман, алман түрінде
ықшамдалып келе береді. Ықшам тұлғалар әсіресе поэзияда кобірек
ұшырасады. Мұндайда тұлғаларды қалай берілсе (ықшам не толық), солай
айту керек. Кеп, барам, барғасын, барғамын деп жазылғанды келіп, барамын,
барғаннан соң, барғанмын деп айтуға (оқуға) болмайды немесе керісінше:
толық түрінде беріліп тұрса, оны қысқартып айтуға болмайды.
Осы ережеге байланысты сөздерді тауып, мына үзінді шумақтарды
дұрыс оқып (айтып) көріңдер.
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын,
Түбін ойлап уайым жеп айтқамын.
Ақылдылар арланып, ұялған соң,
Ойланып, түзеле ме деп айтқамын.
(Абай)
Сен үшін әлі босқа жанам, күйем,
Көңіліңе қайырым салсын мейірімді ием,
Өзің біл танам десең уағдадан,
Өмірімше ұмытпаймын, мен шын сүйем.
(Бернияз Күлеев)
Сенің алма бағыңа
Шыбық шаншып кетіп ем.
Алдағы емір бағына
Соны белгі етіп ем.
Келдім қайтып майданнан,
Таптым іздеп сені алғаш.
Сол шыбықтан жайқалған
Өсіпті бір алма ағаш.
Тұр жайқалып бағыңда,
Қызығамын, тамсанам.
Өзің де бұл шағыңда
Кем емессің дәл сонан.
Неткен жақсы жер еді
Жас шыбығым жайқалған!
Бір сез айтқым келеді,
Тіл жетпейді, айта алман.
(Қасым Аманжолов)
Ей, халайық, барым ең сен,
Зарыңа зар қосып ем.
Жатың емес, досың ем мен,
Дос бейілін тосып ем!
Бауырым жара, сөзім нала,
Дертпен келем мен бүгін.
Аямас жау мені айнала
Салды салмақ сұмдығын!
Алдыңа кеп жар саламын,
Тап жауымды жабылып.
Өш аламын, өш аламын
Қанды кекті жамылып!
(Мұхтар Әуезов)article/34 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:eab8ec49494bb3512f48efb97f7810030bd63c960bbd75a7d567f6a19430eebdKK-KZ
§34. Әдетте грамматикалық норма бойынша етістіктің ауыспалы
шағының ІІІ жақтағы жалғауы ды/ді түрінде келеді. Өлең тілінде, кейде
қара сөзде де өлең өлшемі, ұйқасы сияқты шарттарға орай бұл жалғау
ықшамдалып, жалаң -д түрінде қолданылуы мүмкін. Мұндай тұлғалар тіпті
т дыбысымен де айтылады. Мысалы, Әсет ақынның “Iнжу-маржан” деген
өлеңінің бірінші шумағы:
Әуелетіп ән салса әнші Әсет,
Аққуменен аспанда жер тілдесет.
Дауылдатып тұнықтан шыққан даусы
Жүрегінен күңіреніп желдей есет –
деп келеді. Мұндағы етістіктер әрі ұйқас үшін (бірінші жолдағы
Әсет сөзімен ұйқасу үшін), әрі өлшем үшін (өлең жолдары 11 буыннан
аспауы керек) тілдесед, есед (тілдеседі, еседі деудің орнына) болып
қолданылып тұр.
Екінші мысалға “Ақан сері - Ақтоқты” драмасынан Ақтоқтының
сөзін алуға болады:
Саған көнсем, сүйгенім бе ед?
Кеңілім құлағанын қашан көріп ең?
Ақаннан безсем, шыным ба еді?.
Жүрегімді жерге төсеп,
Әрең айтпап па ем “ие” деп?
Ақан жаққан от бар да,
Сен қатырған мұз бар...
Отым қашан сөніп ед,
Мұзым қашан еріп ед!...
Осы жолдардың дұрыс айтылуы:
Сағаң кеңсөм / сүйгөнүмбет /
Кеңүлүм / құлағанын / қашаң гөрүбең //
Ақаннанбессем / шынымбет//
Жүрөгүмді / жергетөсеп /
Әрең / айтпаппем / иедеп /
Ақан жаққан / отбарда /
Сеңғатырған / мұзбар /
Отұмғашан / сөнүбет /
Мұзұмғашан / ерібет //article/35 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:e6ecde543e0b421f1094f3dc0cb567a8c8f35eb25c688334b0089758a62131a5KK-KZ
§35. Қазақ тіліне өзге тілдерден енген сөздердің дұрыс айтылуы
жөнінде мына жайттарды ескерген жөн:
1) Қазақ тіліне енген араб, парсы сөздері сол тілдердің дыбысталуын
сақтамай, “қазақшаланған”, яғни қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне
бейімделіп қалыптасқан тұлғада айтылады. Олардың кейбіреулерінің күні
бүгінге дейін бір тұлғада орнықпай, екі-үш түрлі болып айтылып (және
жазылып) жүргені байқалады. Мысалы: үрдің қызы - хордың қызы - һүрдің
қызы; ыждағат - еждиғат, бихабар - бейхабар; үкімет - өкімет, ақиқат хақиқат, есеп - қисап, уәде - уағда; шәр - шаһар; әрдайым - әрдәйім, мәлімет мағлұмат, мақұлық - мақлұқ, мәліғұн - мәлғұн, несіп - нәсіп т.т. Бұндай
жарыспалы тұлғалардың бірсыпырасы “бас-басына отау тігіп”, екеуі екі
мағынадағы сөздің баламасы ретінде қолданылып жүр. Мысалы: үкімет “правительство”, өкімет - “власть”, мәлімет - “сообщение, справка ”,
мағлұмат - “сведение ”, есеп- “счет ”, қисапсыз, қисабы жоқ дегендерде
қисап тұлғасы “өте көп, мол” дегенді білдіреді. Ал енді бірқатарының бір
ғана тұлғасы орфографиялық және өзге де сөздіктерде әдеби норма ретінде
ұсынылып жүр. Мысалы, болымсыздықты білдіретін бей (би) элементімен
келген сөздерді бей-мен жазуды (және айтуды) жөн деп табамыз: бейкүнә,
беймаза, бейтарап, бейуақ, беймезгіл т.т. Сол сияқты мақлұқ ~мақұлық,
мәлғұн ~мәліғұн, мәкрүк ~мәкүрік деген параллельдердің екі буынды тұлғасы
(мақлұқ, мәлғұн, мәкрүк) әдеби норма деп ұсынылады. Бірақ айтуда бұларды
мақұлұқ, мәліғұн, мәкүрүк деп үш буынды етіп айту керек. Әрдайым,
тәкаппар, дүдамал сияқты 2-3 буындары жуан жазылатын араб, парсы
сөздерін де айтуда алғашқы жіңіщке буынның әуенімен тәкәппар, әрдәйім,
дүдәмал деп айту керек болады.
2) Орыс тілінен енген орыс сөздері мен интернационалдық сөздер,
негізінен, орыс тіліндегі дыбысталуынша айтылу дағдыға айналды, яғни
сөздің орыс тілінде айтылудағы екпін тұрған орнын сақтап, қазақ тілінде
жоқ в, ч, щ, ц, э сияқты дыбыстарын сақтап айтылады. Мысалы: вицепрезидент (битсе емес), республика (респөблике емес), парламент
(пәрламент емес), экономика (економике емес). Тек, ертеректе еніп,
“қазақша” қалыптасқан самауыр, қамыт, доға, жәшік, сіреңке (сырянка),
білте (фитиль), пәтер (квартира) сияқты сөздер ғана сол қалыптасқан
тұлғасында айтылады. Кейінгі дәуірде енген сөздерден газет (газета-ның
орнына), цифр (орысша цифра дегеннің орнына), минут (минута-ның
орнына) сияқты
5-10 сөздің соңғы дауысты дыбысы түсіріліп қолданылады (солай
айтылады әрі жазылады).article/36 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:be356878c30164ff2210e808e77a488f2f473d9de4263ba4303b9317c71e936dKK-KZ
§36. Кейбір дыбыстарды дұрыс айту жөнінде мына жайттарға көңіл
аудару кажет:
1) Қазақ сөздерінің басында келген е дыбысы йе түрінде айтылады.
Мысалы, ер, елек, екі, ет деген сөздердің дұрыс айтылуы: йер, йелек, йекі,
йет. Әрине, бұл жерде й (йот) дыбысы толық и түрінде емес, “жартылай”
(болар-болмас) естілуге тиіс. Егер бұл сөздерді йот элементінсіз айтсақ, эр,
элек, экі, эт түрінде айтылар еді. Бұл заңдылықты анығырақ байқау үшін
орыс тіліндегі ель (ағаш) сөзі мен қазақша ел (жұрт) сөзіндегі е дыбысының
айтылуына назар аударыңыз: орыс сөзі эль түрінде, қазақ сөзі йел түрінде
дыбысталады.
2) Сөз басында келген о, ө дыбыстарының алдынан да у дыбысының
элементі естіледі: уотан (жазылуы: отан), уорак (орақ), уөрүк (өрік). Бұл
жердегі у да толық емес, “сәл-пәл” айтылуы керек.
3) Сөз басында келген р, л дыбыстарының алдынан ы, і, ұ, ү (сөздің
жуан-жіңікелігіне қарап) дыбыстары қосылып айтылады. Жазуда ы, і
әріптері жазылмайды. Мысалы:
Жазылуы
рет
рас
рай
ру
рұқсат
леген
лаж
лақ
лайық
Айтылуы
ірет
ырас
ырай
ұрұу
ұрұқсат
ілеген
ылаж
ылақ
ылайық
4) Қазақтың төл сөздерінде ч, дж дыбыстары айтылмайды.
Қазақстанның кейбір өлкелерінде жергілікті ерекшелікке байланысты
ауызекі сөйлеу тілінде ш, ж дыбыстары келетін сөздерді ч, дж
дыбыстарымен айту дәстүрі бар. Мысалы: чатақ, чырақ, малчы, джақсы,
джоқ. Бірақ әдеби тіліміздің орфоэпиялық нормасы бойынша, қазақ
сөздерін тек ш, ж дыбыстарымен айту керек болады. Ескертетін нәрсе
дыбыс жүйесін зерттеушілер ж дыбысының қазақ сөздерінде, әсіресе сөз
басында айтылуына сәл-сәл “д” элементі қатысатынын айтады.
5) X әрпімен жазылатын араб, парсы создерінде ауызекі тілде бұл
дыбыс қазақша қ дыбысына жуықтаңқырап айтылады. Мысалы: қабар
(хабар дегеннен гөрі), қат (хат дегеннен гөрі), Ақымет (Ахмет дегеннен
горі), Қадыйша (Хадиша дегеннен гөрі), тарыйқ (тарих дегеннен гөрі),
қалық (халық дегеннен гөрі).
6) һ әрпі жазылған сөздерде осы дыбыстың өзінің айтылуын сақтау
қажет. Мысалы: гәуһар (гәуқар емес), қаһарман (қахарман емес), жиһан
(жиқан немесе жихан емес), аһ-аһ, еһе.
7) Екі дауыстының ортасында келген б дыбысы қазақ сөздерінде жеке
тұрғандағы айтылуынан сәл өзгешелеу болып естіледі. Мысалы, Абай,
таба, көбелек сөздеріндегі б дыбысын айтқанда, екі еріп бір-біріне тиіп
қатты жуыспайды (осы дыбысты жеке айтқандағы дай немесе орысша
дыбыстағандай). Мұны байқау үшін Абай деген сөзді орысша (орыс тілінде
сөйлеп тұрғандай) және қазақша айтып көріңдер. Не болмаса баба деген
орыс сөзі мен баба (“ата” мағынасындағы) деген қазақ сөзін айтып, екінші
буындағы б дыбысының естілуіндегі (айтылуындағы) айырмашылығына
назар аударыңдар.
Орыс тілін жақсы білетін қазіргі жастардың қазақша сөйлеу
тәжірибесінде қазақ сөздеріндегі б дыбысын орыс тіліндегідей етіп, екі
ерінді бір-біріне қатты жабыстырып айтушылық байқалады. Бұл қазақ
тілінің орфоэпиялық нормасына қайшы келеді.
8) Қазақ фамилияларында келетін в дыбысын ф деп, ал, -ев, ов,жұрнағын -ыф, -іф, -ева, -ова жұрнағын -ыва, -іва деп айтқан жөн.
Мысалы: Кұнанбайыф, Ілекеріф, Құнанбайыва, Ілекеріва, Шәрійпыф. Өзге ұлт
өкілдерінің аты-жөндерін жазылған түріне жуықтау етіп айтқан абзал.
Өйткені қазақша Болат болып келетін жалқы есім өзбекше Пулат, Пулад
деп берілсе, оны қазақшаламаған жен. Ал орыс адамдарының аты-жендерін
орыс тіліндегіше дыбыстау керек. Мысалы: Николай (жазылуынша Николай
емес), Канстантин (Константин емес), Лэф Талстой.
Шетелдік адамдардың аты-жөндері мен қазақша жер-су аттарынан
езге географиялық атаулар негізінен орыс тіліндегі айтылуынша
дыбысталғаны жөн. Мысалы: Вильям Шекспир, Моцарт, Лондон. Олардың
ішінде тілімізге ертеден еніп, қазақша қалыптасқандарын сол дәстүрлі
түрінде айту қажет. Мысалы: Қырым (Крым емес), Мысыр (Миср емес),
Бағдат (Багдад емес).article/4 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:c218df3de3e72df5e57022aa533bb8e66c602cf25848c5b41ac0dbe6d7150897KK-KZ
§ 4. Бір ырғақпен айтылатын сөздердің алдыңғы сыңары с, ш
дыбыстарына аяқталса, келесі сөз ж, ш дыбыстарынан басталса, екі сөз
аралығында қос шш дыбысы айтылады. Мысалы, Досжан, сөзшең, бос
шылбыр, жас жаным деген сөздердің айтылуы: Дошшан, сөшшең,
бошшылбыр, жашшаным. Сол сияқты алдыңғы сыңар з дыбысына аяқталса,
келесі сыңар ж дыбысынан басталса, қос жж айтылады. Мысалы, ғазиз
жан, тоғыз жерде дегендердің айтылуы: ғазижжан, тоғұжжерде.
Осы ережеге байланыстырып, “Абай” операсындағы Абай мен
Ажардың арияларынан алынған мына шумақтардың орфоэпиясын талдап
көрелік:
Жазылуы
Айтылуы
Бауырым жара, сөзім нала,
Дертпен келем мен бүгін.
Аямас жау мені айнала
Салды салмақ сұмдығын.
Қараңғыда жалғыз жарық
Әлсіз қолда өшер ме?
Айдарым жоқ, жеке қалып,
Зұлмат жаншып өтер ме?
Бауұрұмжара / сөзүмнала/
Дертпеңгелем / мембүгүн/
Айамашшау / менайнала //
Салдысалмақ / сұмдұғұн //
Қараңғыда / жалғыжжарық /
Әлсізғолда / өшерме //
Айдарымжоқ / жекеғалып
Зұлматжаншып / өтөрме //
Бұл заң екі сөздің аралығында ғана емес, түбір мен қосымшаның
түйіскен жерінде де болады. Мысалы, жұмысшы, қосшы, басшы деген
сөздер айтылуда жұмұшшы, қошшұ, башшы болып естіледі.
Осы ережені ескеріп, мына сөздердің дұрыс айтылуын жазып және
оқып көрсетіңдер.
ҚызЖібек, Бозжігіт, ауызша, орысша, көзсіз (батыр), құшсаң,
көшсін, қас жақсы, қас жаман, жас жарым, Көзжақсым, еш жұмысы (жоқ),
бес жылдық (оқу), үш жылдық жоспар, қазша (мамырлаған), қасша
(дұшпанша), жазшы, тас жер.article/5 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:14da4515276032c2c0ee438b2dc16d173bc0378c23dea79d3fd082406233c645KK-KZ
§ 5. Бір ырғақпен айтылатын сөздердің алғашқысы з деген ұяң
дыбысқа аяқталса, келесі сөз с деген қатаң дыбыстан басталса, айтылуда
қос сс болып естіледі. Бұл заң түбір мен қосымшаның аралығына да тән.
Мысалдар: жүз сом, жаз сайын, сөзсіз, бұлардың айтылуы: жүссом,
жассайын, сөссүз.
Бұл ережеге жаттығу ретінде “Айман - Шолпан” пъесасынан
Жарастың мына сөзін келтірейік:
Жазылуы
Құдаға кел, жамағат, көз
салайық,
Жарасқан сән-тұрманын
біз санайық.
Маржаны құмалақтан,
Айтылуы
Құдағагел / жамағат / көссалайық /
Жарасқан / сәнтұрманын /
біссанайық //
Маржаны / құмалақтан /
құрымжелек,
Қамшыны жібек бауға
шамалайық.
құрұмжелек
Қамшыны / жібекпауға /
шамалайық //article/6 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:dfa6c295f3d6bb1e6339de5481b04410fd1a9146a08980081271465072607815KK-KZ
§ 6. Бір ырғақпен айтылатын сөздердің алдыңғы сыңары н
дыбысына аяқталса, келесі сыңары қ, к, ғ, г дыбыстарының бірінен
басталса, н өзгеріп, ң болып айтылады. Мысалы: Аман+келді, айтылуы
Амаңгелді (бұл жерде ілгерінді-кейінді ықпал болып тұр: ілгергі н дыбысы
кейінгі к дыбысын г дыбысына айналдырса, г дыбысы н дыбысын ң-ға
айналдырып тұр). Осы сияқты бөкен қабақ, жан қалқа, Айманкүл, Боранғали
деген сөздердің айтылуы: бөкеңғабақ, жаңғалқа, Аймаңгүл (бұл Аймаңкүл
болып та айтылады), Бораңғали.
Бұл ереже түбір мен қосымшаның арасындағы дыбыстар өзгерісіне
де жатады. Мысалы: қашанғы (қашан+ғы), түнгі (түн+гі), зиянкес
(зиян+кес), құйынға (құйын+ға) сияқты қосымшалы сөздер қашаңғы, түңгі,
зыйаңкес, құйұңға болып айтылады.
Мына мәтінді дұрыс оқып көрелік:
Жазылуы
Ішім өлген, сыртым сау,
Көрінгенге деймін-ау.
Бүгінгі дос - ертең жау,
Мен не қылдым, япырмау?!
Жан қысылса, жайтаңдап,
Жанды еріткен жайдары-ау.
Жан жай тапса, сен неге
Жат мінезсің, жабырқау.
Айтылуы
Ішімөлген / сыртымсау /
Көрүңгеңге / деймінау //
Бүгүңгүдос / ертеңжау //
Меннеғылдым / йапырмау //
Жаңғысылса / жайтаңдап /
Жандеріткен / жайдарау //
Жанжайтапса сеннеге //
Жатмінессің / жабырқау //
(Абай)
Бірінші сөз н дыбысына аяқталып, келесі сөз қ, к, ғ, г
дыбыстарынан басталып тұрған сәттің кез келгенінде мүндай өзгеріс бола
бермейді, яғни олар бір топқа енбей, екі белек топта тұрса, бір- біріне әсер
етпейді. Мысалы, “Қарақыпшақ Қобыланды” пьесасынан Қобыландының
мына бір сөзінің дұрыс айтылуын көрелік:
Жазылуы
Ұлын құл ғып, қызын күң, \
Қақсатып болған қызылбас.
Айтылуы
Ұлын / құлғып / қызын / күң/
Қақсатыпполған / қызылбас//
Мұнда н - қ, н - к дыбыстары қатар келгенмен, бір-біріне әсер
етпейді, өйткені қатар тұрған сөздер екі бөлек ырғақта тұр, сондықтан бұл
жерде қ дыбысы ғ-ға, н дыбысы ң-ға айналмайды.
Осы ережеге сай етіп, әрі алдыңғы қағидаларды ескеріп, мына
мәтіндерді дұрыс айтып көріңдер. Ол үшін топтарға бөліп алыңдар.
Анталаған жауың көп
Қас қамауда біз қалсақ,
Жан көке, кімге тапсырдың?
Тоғай толған жылқың бар,
Қора толған қойың бар,
Жан көке, кімге тапсырдың?
(М. Әуезов)
Жаңа жыл мың тоғыз жүз қырық бесінші,
Құйшы, дос! Қыран көңіл, бір желпінші!
Қан қырғын, қызыл соқта толастар ма?
Жаңа жыл, айт та маған, ал сүйінші!
(Қ. Аманжолов)article/7 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:ad995a909426a5a61e98153ad2c7ddbd2e899ad1cf6ecb2e017674719441707fKK-KZ
§ 7. Бір ырғақты топқа енетін сыңарлардың алдыңғысы н дыбысына
аяқталса, келесісі б, п дыбыстарынан басталса, н дыбысы м болып
айтылады. Бұл заң түбір мен қосымшаның аралығында да болады.
Мысалы, сен бе едің, Құрманбек, Дүйсенбай, Жанпейіс, күнбатыс,
күнбағар, жылан бауыр (трактор) деген сөздер сембедің, Құрмамбек,
Дүйсембай, Жампейіс, күмбатыс, күмбағар, жыламбауыр болып айтылады.
Кейбір адам аттары айтылуынша жазылып жүр: Жампейіс, Бейсембай.article/8 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:f49a2ca206188c3312eb0b589827e8e001dc9e3a7ff570059785809ef0c3e424KK-KZ
§ 8. Бір ырғақтық топтағы компоненттердің алғашқысы с, т, қ, к, п,
ш деген қатаң дауыссыз дыбыстарға аяқталса, келесісі б дыбысынан
басталса, б дыбысы қатаң п-ға жуықтау болып айтылады: тас бұлақ
(айтылуы: таспұлақ), Сәтбай (Сәтпай), ақ. берен (ақперен), айтын берді
(айтыпперді), кеш бойы (кешпойұ).
Осы ережені және алдыңғыларын ескеріп, мына халық өлеңдерін
дұрыс айтып көріңдер. Ырғақтық топтарға бөліңдер және дыбыстары
өзгеріп айтылған сөздерді көрсетіңдер.
Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген,
Қыз қайда құдашадай көзі күлген?
Алыстан ат арытып келгеніңде,
Шақыртпай еш адамға өзі келген.
Баянауыл басында балалы құр,
Бір сөз айтам, қалқатай, мойныңды бұр.
Аулыңның тұсынан аттанғанда,
Ақ боз үйге сүйеніп қара да тұр.article/9 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:921255b1b38d31bea8559f9e665b1030df11b34208064db79572fb4ae889dbe8KK-KZ
§ 9. Орыс тілінен енген сөздердің соңында келетін ұяң б, в, г, д
дыбыстары айтылуда қатаң п, ф, к, т болып естіледі. Фамилия соңындағы ов, -ев жұрнақтары да оф, еф, ыф, іф бсшып айтылады.
Мысалы: клуп (клуб), педагок (педагог), устаф (устав), Иваноф
(Иванов), Жұмашыф (Жұмашев). Бұл сөздердің дыбыстары қатаң естілетін
болғандықтан, қатаң дауыссыздан басталатын қосымшалар жалғанады.
Мысалы: наградтау (айтылуы: награттау), клубқа (клупқа), Ивановтар
(Иванофтар). Араб, парсы тілдерінен енген жад, араб тәрізді бірен-саран
сөздер де жат, арап болып айтылады, бұларға да қатаң дыбыстан
басталатын қосымшалар жалғанады: жадқа айтты (жазылуы да, айтылуы
да: жатқа), арабтар (айтылуда: араптар).The hash beside the text is the sha256 of its exact bytes. It is the check that the text shown matches the one pinned in the package: a divergence fails the oracle’s static analysis.