Источник / закреплённая редакция §194
«Қонақ» — Қазақша Уикипедия
Источник пакета kz.corpus.aldar_kose
- work
- urn:kz:corpus:clir:aldar-kose#AK_QONAQ_WIKI
- вид
- urn:kz:corpus:clir:aldar-kose#encyclopedia_article
Ревизия 3562952 (12.03.2026): 22 жол, қонақтың үш түрі мен қонақ құқығы
- edition
- urn:kz:corpus:clir:aldar-kose#AK_QONAQ_2026
- язык
- kk
- официальность
- unofficial
- материализация
- PINNED_UNOFFICIAL_COPY
- жизненный цикл §31
- adopted: 2026-03-12
Публикации
| URI | Тип | documentHash | Получено |
|---|---|---|---|
| https://kk.wikipedia.org/w/index.php?oldid=3562952&action=raw | text/plain; charset=utf-8 | sha256:16860a30e27b079e4174df4087148a63d022a16fbfb2b7a094490cc852f02f68 | 2026-08-30T09:00:00Z |
Фрагменты — 22
qonaq/lines/1 · line · на него ссылаются: 4
kk-KZ · unofficial · sha256:ce1dcaaa41dba922801396472af717a874d33fe01417812b0b02b5f3113b02dc
Қонақ — жолаушылып келе жатып, үйге түскен бейтаныс жан, немесе сый-сияпат көрсету үшін арнайы шақырылған сыйлы адам; сондай-ақ, ауыл арасын қыдыра келген адамдардың бірі деген ұғымның атауы. Аталмыш ұғымның мазмұнынан қонақтың қазақ салтында "құдайы қонақ"; "арнайы қонақ"; "қыдырма қонақ" деп аталатын үш түрі бар екені байқалады. Қазақ танымында қонақ ұғымының этикеттік, құқықтық, діни-мифологиялық қырлары бар.
Ссылаются нормы: ArnayyQonaq, QudayyQonaq, QydyrmaQonaq, SpecialHonoursOwed
qonaq/lines/10 · line
kk-KZ · unofficial · sha256:94a9a53646e55b614411f13994962e1e07afc974d214753c91930d567abdeddf
Арнайы қонақ күтуде дәстүрлі мәдени ортада қонақтардың тұрғаластығына ерекше көңіл бөлінеді. Тұрғаластық дегеніміз – «қонақтың жоғары әлеуметтік беделі, қоғамдағы алатын айрықша орны». Тұрғаластығы тең, жолы қатар қонақтарға бірінен-бірі кем болмайтын ақ боз үйлер тігіледі, бірыңғай киімді күтушілер қойылады. Жасалатын сый-сияпатта қонақтардың өзара тұрғаластығы мықтап ескереледі. Тұрғаластығына қарай сый-сияпат көрмеуі қонақтың ренішіне, той аяқталмай аттанып кетуіне себеп болады.
qonaq/lines/11 · line
kk-KZ · unofficial · sha256:dc822127212fb2a4104870a2abc65379e1ee7004dc63c4e64769b19725ed3732
Қыдырма қонақ
qonaq/lines/12 · line · на него ссылаются: 3
kk-KZ · unofficial · sha256:a47de4d8a7158a60082f9990f5b329e642b881f74ee61ab6ad948731bb6ba013
Қыдырма қонақ – «ауыл үй, ауыл арасындағы қонақ» деген ұғымды аңғартады. Ұғымның өз атауы айтып тұрғандай үй иесі қыдырма қонаққа күнделікті көріп жүрген ауыл адамы деп қарайды. Қыдырма қонақ құдайы қонақ, арнайы қонақтай мәртебелі болмайды, ерекше сый-сияпат көрсетілмейді. Бірақ қалыптасқан этикеттік норма бойынша «өзімсініп» келген қонақты сыртқа теппейді «келіңіз, төрлетіңіз; дайын асқа дәл келдіңіз, мақтап жүреді екенсіз» т.б. дегендей ілтипат сөз айтылады. Қонақ күтуді, қонаққа баруды, келген қонақтан әңгіме, хабар-ошар естуді қазақтар қызық көріп қатты ұнатады. Бұл – қазақтың қонағуарлық мінезін көрсетеді. Қыдырма қонақ осындай қонағуарлық мінездің бір көрініс іспетті. Оны тек «қазан аңду» деп түсінуге болмайды. Қыдырма қонақтың қазақ тұрмыс-салтында қонақ ретіндегі беделі пәлендей дерлік жоғары болмайды, өйткені ол шақырусыз келген ауыл адамы, осы себептен кейде оны әзілмен Атырау өлкесінде қоңсы қонақ деп те атаған.
Ссылаются нормы: NoSpecialHonoursForWanderer, QydyrmaQonaq, WandererOverGeneralHonours
qonaq/lines/13 · line
kk-KZ · unofficial · sha256:dd107d3c70455402534726b4e9312651cdddd4a3e26734d2f0e133c26b5a3ccf
Әдетте қоңсы ауыл, қоңсы қолаң атауы ел ішіндегі әлеуметтік мәртебесі төмен қауымға қарата айтылады. Шақырусыз қаумалап келген ауыл арасының «қонақтарын» қоңсы қонақ деген әзіл түріндегі тұспалмен айтылуы образды мән алған. Бұдан қыдырма қонақтың қазақтың тұрмыстық санасындағы бейнесін айқын аңғаруға болады.
qonaq/lines/14 · line
kk-KZ · unofficial · sha256:cd035ec302e73f3c9dde1f4e818bc64879044be87208b82337fbb6c84af45e95
Этикеттік норма, қонақ құқығы
qonaq/lines/15 · line · на него ссылаются: 19
kk-KZ · unofficial · sha256:3c02a1141b3bb326380feb4066dd6bd3dc505e222b7958f735fc24f569b96a3b
Этикет бойынша қонақ ауылға аяңдап келеді. Өйткені шауып келу ертеде қайғылы жағдайда, жау келгенде, мал барымталағанда т.б. жайсыз кезде ғана болады. Құдайы қонақ жолаушылап келе жатып, түсетін үйінің сыртынан келіп, қалыптасқан этикеттік формула бойынша «әу, кім бар-ау үйде?» деп дауыстайды. Сыртқа шыққан үй иесіне өзінің құдайы қонақ екенін айтады. Жолаушы мен үй иесі «ауыз толтырып» сәлемдесуден соң, қонақтың аттан түсіп, үйге кіруін өтінеді, қонақ үй кісісіне (әйеліне) есенсіз бе деп сыпайырақ сәлемдеседі. Қонақты төрдің оң жағына таман қонақ көрпе төселіп, жастық тасталған жерге жайғастырады. Қонақтың атын отағасы аулақтау жердегі атағашқа (мама ағаш) байлатады. Ат көлігінің күтімін де мойнына алады. Ертедегі салт бойынша қорадан немесе ауыл маңынан қой алдырып, босағаға байлап, союға алақан жайып құдайы қонақтың ризалығын сұрайды. Қонажатар қонақ болса, батасын береді, ал түстеніп аттанар қонақ болса, жайын айтып, пышақ қандатпайды. Үй иесі мен құдайы қонақ өзара жөн сұрасып, өздерінің кім екенін, қай ауыл, қай әулет, қайсы рудан екенін айтады. Отағасы қонаққа тамағы, ас-суынан бере отырып, жылы шырай танытады, қонағының көңілін көтеруге тырысады. «Қонақ табаққа емес, қабаққа; етке емес, ниетке қарайды» деп ескертеді қазақ мақалы. Бұл – біріншіден, бұзуға болмайтын қатаң этикеттік норма, екіншіден, қазақ жерінде қонақ құқығы заңмен қорғалады. Қой сойып, қол қусырмаса, тартылған сыйтабақта өзіне лайық кәделі мүше (бас, жамбас т.б.) болмаса, аткөлігіне қарамаса, қонақ ауыл ақсақалына, биге шағымдана алады. Ондай үйдің иесі ата-баба жолын бұзғандық деп, заң бойынша ат-шапан айып тартады. Аға буын этнограф Х.Арғынбаев: «Үйінде отағасысы болмаса да қазақ әйелі құдайы қонақты үйге түсіріп күтуге міндетті болған. Сондықтан әйелдің жақсысы күйеуінің жоғында да оның жоқтығын білдірмей үйге түскен қонақты күтіп, жолынан жығылмайтын әйелдер бүкіл әйел қауымына үлгі ретінде ел аузында мақтаныш болатын. Күйеуі жоқта қонаққа жөндеп қонағасы бере алмаған әйелдер де ел аузында сөз болып, сараңдығымен аты шығатын» – дейді.
Ссылаются нормы: ArbiterIsAulElder, ArbiterIsBi, AyypFollowsComplaint, ComplainToArbiter, DutyOfHonorificPortion, DutyToPayAyyp, DutyToSlaughterAndServe, DutyToTendTheMount, GroundNoHonorificPortion, GroundNoMountCare, GroundNoSlaughter, GuestMayComplainToArbiter, PayAtShapanAyyp, ReceiveAndFeedInHostsAbsence, ServeHonorificPortion, SlaughterAndServe, SpecialHonoursOwed, TendTheMount, WifeBearsDutyWhenHostAbsent
qonaq/lines/16 · line
kk-KZ · unofficial · sha256:3c505f88c21b5b39acef82d87d46f00a45c38175c656bbcc4d48fd5dbb3a7224
Құдайы қонақты байырғы қазақтардың жігжаппар болып күту себебі, үшіншіден, қонақ ұғымы діни – мифологиялық түсінікпен ұштасап жатады. Қонақты Құдай жібереді; Қонақты қондырмасаң құт кетеді; Құтты қонақ келсе, қой егіз табады, құтсыз қонақ келсе, қойға қасқыр шабады; Қырықтың бірі Қыдыр т.б. Қыдыр, Құт және қонақ ұғымының бір-бірімен байланысты айтылу себебі бар. Діни-мифтік санада Қыдыр баба (Қызыр баба) – қысылған адамға жәрдем беруші қасиетті, киелі күш иесі.
qonaq/lines/17 · line
kk-KZ · unofficial · sha256:3e795a55d763dafc17bef9c8fd379990c8aa863d7c728b4c60bf745bdaf8cf04
Қонақ күтудегі аймақтық ерекшеліктер
qonaq/lines/18 · line
kk-KZ · unofficial · sha256:65ad9667e373cf9cd48c904dc3af7a2a13070e638402a5352b94d3b44e2405c6
Қонақ күту дәстүрі күллі қазаққа ортақ болғанмен, ішінара аймақтық ерекшеліктер де байқалады. Қазақ елінің шығыс өңірінде сыйтабақ тартылғанда қонақ етті өзі турап, басқаларға ұсынып отырады, түстік аймақта қонаққа үй иесінің өзі немесе қызмет жасап жүрген ағайыны ет турайды. Сыр бойы өңірінде қонаққа тартылған қой басының оң құлағын кесіп алып, балаларының кішісіне берген, басты оң құлақсыз тартқан, бұл ерекшелік «ырысым үйде қалсын» деген ырыммен байланысты. Кез-келген қонаққа арнап қазанға ет салғанда алдымен кәрі жілікті салған, бұл малдың бар етін кәрі жілік ұстап тұрады, деген сенімге байланысты. Үлкен тамақтан соң, дастарқанға бата беру дәстүрі барлық жерде «ас қайыру» деп аталады. Ас қайыру кезіндегі үй иесі, отбасының басқа мүшелері батаны екі қолын жайып, ал, кей өңірде түрегеліп тұрып қабылдайды.
qonaq/lines/19 · line
kk-KZ · unofficial · sha256:35eb31b30f0a68fc37ea1c734b95bbf10488d5ed6bf6826126a67d62b0a7e5c2
Қонағуарлықтың ақпараттық және тәрбиелік мәні
qonaq/lines/2 · line
kk-KZ · unofficial · sha256:a0be04dcc7b57cba7c27932479fe2d674e2370672d35566519b1d022ed488e4b
Құдайы қонақ
qonaq/lines/20 · line
kk-KZ · unofficial · sha256:8c575bea7cab71afe01e25c85404602065b23bc41f81e314600957e5ff9429b9
Қазақтың қонағуарлық мінезі ежелден қалыптасқан. "Атаң барда ел таны еріп жүріп, атың барда жер таны желіп жүріп" деген мақал қонағуарлықтың қағидасы іспетті. Қонағуарлық қазақы ортада ел ахуалы, жер жағдайы жайында ақпарат алудық тиімді бір көзі болған. Төңкеріске дейінгі көшпелі қазақ өмірінде қонағуарлық дәстүрдің ерекше сипатының болуына әсерін тигізетін жағдайдың бірі – құдайы қонақтың айналада болып жатқан үлкенді-кішілі оқиғалардың бірден-бір хабаршысы болғандығында. Қазақтың ұшы қиыры жоқ кең сахарасында көшіп жүретін ауылдар ел ішіндегі жаңалықтардың бәрін ең алдымен ел аралап жүрген жолаушылардан ғана еститін. Сондықтан да болар қонақ түскен үйге ауыл адамдары шақыртпай-ақ келіп әңгіме тыңдап, алуан түрлі жаңалықтарды еститін.
qonaq/lines/21 · line
kk-KZ · unofficial · sha256:5887bfb96646f8d6c571d16245d5df9561ffed45850d7ac18c5568b734e08a95
Мұндай хабарлар бір ауылдан екінші ауылға өте тез тарайтындықтан, қазақ оны «ұзын құлақ» атандырғанын» атап айта келіп Х. Арғынбаев әсіресе қазақ қонағуарлығының тәрбиелік мәнін аша түседі: «Қазақ отбасында балалар жастайынан қонағуарлыққа тәрбиеленеді. Өйткені халық дәстүрі бойынша қонақасы берілген соң, қонақтан әңгіме сұрайды, өнерлі болса ән салғызып, күй тартқызады. Қонақ әңгімесіне балалар әрқашан құмар болады. «Адам болар бала қонаққа үйір» деп те қазақ тегін айтпаған. Өйткені әр қонақтан естіген жаңалықтарын есіне сақтай білген жастың өмірді білуі, түсінуі кеңейіп, дүниеге көзқарасы қалыптасады. Көптеген нақыл сөздерді, пайдалы кеңестерді үйренумен бірге, жаманшылықтан жиренуге де үйретеді. Олай болса қонағуарлықтың тәрбиелік мәні де аз болмаған» - деп пікір түйеді.
qonaq/lines/22 · line
kk-KZ · unofficial · sha256:508d14297d09747e062f1e1b708ac5ba58e85143cd5bcdb97c200715cabcdf82
Сонымен қатар қонақ күту, қонаққа бару, яғни қонақшылау дәстүрі халықты мәдени-этникалық жақтан бірегейлендіруші (идентификатор) маңызды факторлардың бірі болған. Сондай-ақ, қонаққа шақыру, қонақ күту, қонақ аттандыру тәрізді халықтың ең бір абзал қасиеті ғасырлар бойы қоғамдағы зтикалық ұстанымдар мен этикеттік нормаларды жалғастырып, жаңғыртып, жетілдіріп отырған.
qonaq/lines/3 · line · на него ссылаются: 1
kk-KZ · unofficial · sha256:30368be72eaa1f08a75f1f773683dd07ca97dc566d337548672c14372433f1e3
Құдайы қонақ — ат арылтып алыстан келе жатып үйге түскен, шаңырақ иесіне ешбір таныстығы, туыстығы, жекжаттығы жоқ бейтаныс жолаушы. Байырғы салт-дәстүрінде құдайы қонақты зор құрметпен күту сияқты абзал қасиеттің пайда болу себебін халық ел ішінде айтылатын Алаш хан туралы аңызбен байланыстырады.
Ссылаются нормы: QudayyQonaq
qonaq/lines/4 · line
kk-KZ · unofficial · sha256:41a8c57149d1096f39812007ab2b0d807c8b930d064127e4e45cab8b8b670388
Н.И. Гродеков жазып алған аңызда, қонақасы беру дәстүрі қазақ руларының түпатасы Алашқа тірелетіні айтылады. Аңыз бойынша Алаш қартайған шағында малының бір бөлігін өзіне қалдырып, қалған бөлігін Үш жүз болып тараған үш ұлына бөліп береді және әрқайсысына берілген мал-мүлікті енші, яғни әрқайсысының жеке басының игілігі (мүлкі) деп атайды. «Сендердің көшпелі өмір жағдайларыңа айналысатын ата кәсібің мал өсіру болғандықтан базары бар саудамен айналысатын отырықшы өмір сендерге жат». Кез-келген жолаушы ақысын төлеп, ішіп-жеміне, тамағына керегін сатып ала алады. Ал сендердің қолда бар мүліктерің мал болғандықтан, жейтін азықтарың ретінде оны бір жерден екінші жерге алып жүру қиын болар. Өз қойыңды, тіпті басқа да малды ат үстінде жүріп алыс жолға алып жүре алмассыңдар. Сондықтан менің сендерге айтар өсиетім: бір-біріңе қонаққа барғанда ас-су үшін ақы сұрамаңдар, бір-біріңе үнемі шақырылған қонақтай болыңдар; бір-біріңе қонақасы немесе сый-сияпат беретіндей сыйлас болыңдар. Бұл үшін менен тағы да өзімде қалған мүліктің төрттен бірін алыңдар және де оны өздеріңнің игіліктерің емес, ортақ игілік деп, әрі өз араларыңда өмір бақи бөлінбеген енші деп санаңдар» – деген екен. Парасатты ру басы Алашқа балалары сонда: «иә, біз сенің қамқорлығыңды ұмытпаймыз», – деп жауап берген екен.
qonaq/lines/5 · line · на него ссылаются: 2
kk-KZ · unofficial · sha256:f41ff9abcb3a246d60b558a4d22620728732d533fa6318cbd28ba11c33078b61
Сөйтіп, өзінде қалған төртінші бөлікті Алаш қонақ сыбағасы болсын деп, үш ұлының ортақ меншігіне беріпті. Ал осы үш ұлы – үш Жүздің баласы – жолаушыға, қандай қазақ болмасын, тегін тамақ, жылы орын т.б. қажетті қамқорлықтар жасап тұруға міндетті болса керек. Осы салт Алаш ханның ұрпақтары болып саналатын қазақтар үшін айнымас дәстүрге айналған деседі.
Ссылаются нормы: DutyOfFoodAndShelter, GiveFoodAndShelter
qonaq/lines/6 · line
kk-KZ · unofficial · sha256:ca3e5fb0d85ead902803b46333981f04e642883e47fbadcfc3185ddd853b26e7
"Қонақ таңдап қонады" дейді халық мақалы. Шынында, қонақ ауылдағы ауқатты, дәулетті үйдің бірін таңдау мүмкін. Бірақ бұлай етуі өз басының «жайлы» болуын ойлағандық емес, қоңторғай, жоқ-жітік үйді аяқ асты састырып, ұялтпайын дегені. Қонақ тарапынан мұндай этикалық ұстанымды «ет піседі, ет болмаса бет піседі» деген мақалдың мазмұнынан аңғаруға болады.
qonaq/lines/7 · line
kk-KZ · unofficial · sha256:3e8c4ce086adefd7da224e2269e5711b9356536044b549bba6a6c0f29aa8cd7e
Арнайы қонақ
qonaq/lines/8 · line · на него ссылаются: 1
kk-KZ · unofficial · sha256:65c9da2b36785370671547daf6f3658f55bdeb384945c162cade297f709b4de6
Арнайы қонақ – қыз ұзату, келін түсіру, құда түсу тәрізді т.б. дүбірлі тойға, ас беру сияқты торқалы тойға арнайы шақырылған қонақ. Әдетте шақырушы жақ той болатыны жөнінде ауыл-аймаққа, ел-елдің құрметті, сыйлы адамдарына арнайы ат шаптырып, хабаршы жібереді. Егер ат бәйгесі, палуан күрес, ақындар айтысы тәрізді тойдың сәнін келтіретін, тойшы ауылдың абырой - атағын шығаратын гедонистік шаралар өткізілетін болса, той жөнінде сауын айту (хабар айту) ең аз дегенде үш ай бұрын айтылуға тиіс. Өйткені тойға шақырылған қонақтар өз руластарының ішінен бәйгеге қосар атын баптатады, белдесетін палуандарын, өнер сайысына түсетін ақын-жырауларын таңдайды. Ал сайысқа түсетін ақын кіммен айтысқа түсетінін біліп отырады. Қарсыласының қапысын табуды іздейді.
Ссылаются нормы: ArnayyQonaq
qonaq/lines/9 · line
kk-KZ · unofficial · sha256:b2c730d0a1fcaa74aea48f9f7c17631609f935baa78270d7fb1a94a49f1d15de
Арнайы қонақ күту тойшы қауымға ерекше сын. Шақырылған мәртебелі, сыйлы қонақтардың бас-басына үй тігіліп, арнайы күтушілер бөлінеді. Тойға шақырылған қонақтарды тойшы ауыл сонадайдан, қозыкөш жерден, күтіп алады. Ол үшін төрт тарапқа жеті-сегіз, он адамнан күтіп алушыларды жібереді. Олардың ішінен біреуі жеделдете келіп, мәртебелі қонақтардың келе жатқанын, кімдер екенін той иесіне немесе басқарушыға хабарлап тұрады. Қонақтарды арнайы тігілген үйге әкеліп түсіреді.
Хэш рядом с текстом — sha256 его точных байтов (§194). Он и есть проверка того, что показанный текст совпадает с закреплённым в пакете: расхождение роняет статику оракула кодом LDC-E5201.