Источник / закреплённая редакция

Қазақ грамматикасы: фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис (академиялық грамматика, 2002)

Источник пакета kz.grammar.ustau · Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Астана, 2002, 784 б. (бас ред. Е. Жанпейісов)

work
urn:kz:grammar:clir:ustau#QAZAQ_GRAMMATIKASY_2002
номер
Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Астана, 2002, 784 б. (бас ред. Е. Жанпейісов)
вид
urn:kz:grammar:clir:ustau#treatise

«Морфология» бөлімінің үзінділері — Тіл білімі институтының оқу корпусы, 134 үзінді

edition
urn:kz:grammar:clir:ustau#QG2002_MORFOLOGIA
язык
kk
официальность
unofficial
материализация
PINNED_UNOFFICIAL_COPY
жизненный цикл
adopted: 2002-01-01

Публикации

URIТипdocumentHashПолучено
https://oqu.qazcorpus.kz/?base=3&learn3-f9=%D0%B0%D0%BA%D0%B0%D0%B4%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B+%D0%B3%D1%80%D0%B0%D0%BC%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0&learn3-f8=2002text/plain; charset=utf-8sha256:801c073f5ce9e92e956e30e282c1831477b844da6a4ccb187daf88c742936e942026-09-03T11:03:00Z

Фрагменты — 12

article/83 · paragraph · на него ссылаются: 2

kk-KZ · official · sha256:3f9e17fd81c58e022f9cafb007944cd5f351fc99ab487fb941d8c257d69de4e4KK-KZ

§ 83. Үстеу Дереккөзі: ҚАЗАҚ ГРАММАТИКАСЫ. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784 б. (545-беттен алынды) Авторы: Ұжымдық еңбек Мәтін типі: академиялық грамматика Жылы: 2002 Мысалы: Биыл абай он үшке толған еді (Әуезов); Кейін баспай, ілгері бас (Шәкәрім). Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер қимылдың, іс-әрекеттің әртүрлі белгісін, жүзеге асу амал-тәсілін, мекенін, себебін, жай-күйін білдіретін және грамматикалық тұлғалармен түрленбейтін сөз табы.

Ссылаются нормы: TurdegiSozUstau, UstauTurlenbeidi

article/84 · paragraph · на него ссылаются: 1

kk-KZ · official · sha256:f5789b4b7d7913992cdb691c1a1864bfbc568b608b18191b2f9a0330b7a2bfd0KK-KZ

§ 84. Негізгі үстеулер Дереккөзі: ҚАЗАҚ ГРАММАТИКАСЫ. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784 б. (545-беттен алынды) Авторы: Ұжымдық еңбек Мәтін типі: академиялық грамматика Жылы: 2002 Мысалы: Негізгі үстеулерге мына сөздер тобы жатады: жылдам, әрең, әдейі, жорта, әзір, әлі, бұрын, қасақана, ұдайы, ақырын, ерте, кеш, үнемі, қазір, дереу, жаңа, енді, шапшаң, бағана, ілгері, әрі, бері, мана, ылғи, әзір, бекер, дереу, кері, әрмен, бермен, нақ, нағыз, дәл, өте, тым, аса, ерекше, мүлде, оқыс, түгел, т.б. Құрамы жағынан түбір және қосымшаға бөлшектеуге келмейтін сөздер негізгі үстеулер деп аталады.

Ссылаются нормы: AshyqTizbedegiUstau

article/85 · paragraph

kk-KZ · official · sha256:1cc7e07722bb2a8bd5716d6c76bd521a78e82ac7fb295de30d62bc1bccc32762KK-KZ

§ 85. Туынды түбір үстеулер Дереккөзі: ҚАЗАҚ ГРАММАТИКАСЫ. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784 б. (546-беттен алынды) Авторы: Ұжымдық еңбек Мәтін типі: академиялық грамматика Жылы: 2002 Мысалы: Қатарлай тіккен киіз үйлер (Әуезов). Сейтенге қазақша ғана айтты, қазақ екен (Мүсірепов). Түнде ақсақалдарды жинап, солардың қолына бірсыпыра мал сақтауға бермекші болыпты (Майлин). Басқа сөз таптарынан сөзжасам жұрнақтарының жалғануы арқылы, кейбір септік жалғауларының көнеленуі, яғни түбірге сіңісіп кетуі арқылы жасалған сөздер туынды ьүбір үстеулер деп аталады.
article/86 · paragraph · на него ссылаются: 1

kk-KZ · official · sha256:a1a0ab128dd8b959e543762fdbbf4c92cdc8885332bed8664fb08b47fe81defaKK-KZ

§ 86. Күшейтпелі үстеулер Дереккөзі: ҚАЗАҚ ГРАММАТИКАСЫ. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784 б. (548-беттен алынды) Авторы: Ұжымдық еңбек Мәтін типі: академиялық грамматика Жылы: 2002 Мысалы: Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғары қасиеті (Мүсірепов). Шешесі әбден таниды екен (Әуезов). Өзге жұрт ойды нетсін, өңкей соқыр (абай). Күшейткіш үстеулер заттың сындық қасиетін және қимыл, іс-әрекеттің белгі, сапасын, мөлшер, көлемін күшейтіп не солғындатып көрсету үшін қолданылады. Күшейткіш үстеулер тобына мына сөздер жатады: ең, тым, өте, аса, орасан, нағыз, әбден, мүлде, кілең, өңкей, дәл, керемет, орасан, өрен, т.б.

Ссылаются нормы: AshyqTizbedegiUstau

article/87 · paragraph · на него ссылаются: 1

kk-KZ · official · sha256:7915d1a1c8ef5bb15067850b154edd063cfb3c5ddc2d7a563f7bf25ba0c86011KK-KZ

§ 87. Мезгіл үстеулері Дереккөзі: ҚАЗАҚ ГРАММАТИКАСЫ. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784 б. (547-беттен алынды) Авторы: Ұжымдық еңбек Мәтін типі: академиялық грамматика Жылы: 2002 Мысалы: Енді бұлардың бар күшін салып жатқаны (Мүсірепов). Әлі де желісі үзілмей, ой соңында келе жатты (Әуезов). Мезгіл үстеулері қимыл, іс-әрекеттің жүзеге асу уақытын, мезгіл, мерзімін білдіріп, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеулеріне мыналар жатады: бүгін, биыл, қазір, ала жаздай, енді, ертең, таңертең, кешке, күндіз, қыстыгүні, әуел-баста, қыстай, жаздай, кеш, әлі т.б.

Ссылаются нормы: AshyqTizbedegiUstau

article/88 · paragraph · на него ссылаются: 1

kk-KZ · official · sha256:de5127b4bf19d28d513a06fc6be836fcbb6791eacd73191f5ba8675d62c0bad2KK-KZ

§ 88. Мекен үстеулері Дереккөзі: ҚАЗАҚ ГРАММАТИКАСЫ. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784 б. (547-беттен алынды) Авторы: Ұжымдық еңбек Мәтін типі: академиялық грамматика Жылы: 2002 Мысалы: Базаралы басын шайқады да кейін қозғалды (Әуезов). Мекен үстеулері қимыл, іс-әрекет, амалдардың мекенін, орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулеріне мына сөздер жатады: төмен, жоғары, ілгері, әрі, бері, әрмен, алға, артқа, тысқары, осында, мұнда, кері, алды-арты, әрі-бері, жолшыбай, жол--жөнекей, т.б.

Ссылаются нормы: AshyqTizbedegiUstau

article/89 · paragraph · на него ссылаются: 1

kk-KZ · official · sha256:9c8cc01a02cf75a516460e50135d4c07d7408b3afc47f328921e41b5b0cff3a5KK-KZ

§ 89. Сын-қимыл (бейне) үстеулері Дереккөзі: ҚАЗАҚ ГРАММАТИКАСЫ. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784 б. (548-беттен алынды) Авторы: Ұжымдық еңбек Мәтін типі: академиялық грамматика Жылы: 2002 Мысалы: ақырын, тез, шалқасынан, әщер, оқыс, дереу, өзінше, зорға, қапыда, лезде, үнемі, бостан-бос, емін-еркін, ерекше, өзгеше, көйлекшең, тікелей, ретімен, жүрісінен, кезекпен, жайымен, астыртын, жасыырн, үстіртін, бірден, біржола, шала-пұла, зым-зия, бетпе-бет, қолма-қол, жападан-жалғыз, т.б. Сын-қимыл үстеулері қимыл, іс-әрекеттің жасалу амал-тәсілін, сынын, бейнесін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді.

Ссылаются нормы: AshyqTizbedegiUstau

article/90 · paragraph · на него ссылаются: 1

kk-KZ · official · sha256:1e4792cadc9ae2e39e91b9c46cf70bee2a4e8926f224750df7ee997eebb1ac19KK-KZ

§ 90. Мөлшер үстеулері Дереккөзі: ҚАЗАҚ ГРАММАТИКАСЫ. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784 б. (547-беттен алынды) Авторы: Ұжымдық еңбек Мәтін типі: академиялық грамматика Жылы: 2002 Мысалы: соншама өкпеледі, недәуір ер жетіпті, анағұрлым өсіпті. Мөлшер үстеулері қимыл, іс-әрекет, амалдың немесе сынның көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіріп, қанша? қаншалық? қаншалап? кейде қалай? қалайша? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулеріне төмендегі сөздер жатады: сонша, осыншама, мұнша, сондайлық, анағұрлым, бірен-саран, онша, едәуір, бірталай, бірқыдыру, біраз, т.б.

Ссылаются нормы: AshyqTizbedegiUstau

article/91 · paragraph · на него ссылаются: 1

kk-KZ · official · sha256:d5365fdd43d40923ac6d369bd7dfff0813ca32e970fa76b870cbcec0dd393585KK-KZ

§ 91. Мақсат үстеулері Дереккөзі: ҚАЗАҚ ГРАММАТИКАСЫ. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784 б. (549-беттен алынды) Авторы: Ұжымдық еңбек Мәтін типі: академиялық грамматика Жылы: 2002 Мысалы: Құнанбай бағанадан әзіл салғанда да, әдейі соған шұқшиған (Әуезов). Мақсат үстеулері қимыл, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіріп, не мақсатпен? деген сұраққа жауап береді. Мақсат үстеулері: әдейі, жорта, қасақана, әдейілеп.

Ссылаются нормы: MaqsatUsteuiTizbeden

article/92 · paragraph · на него ссылаются: 1

kk-KZ · official · sha256:8bdf0fcc95592d9fe49292906474a4fc2ebc17e75275fe37bac44fc7f9368603KK-KZ

§ 92. Себеп-салдар үстеулері Дереккөзі: ҚАЗАҚ ГРАММАТИКАСЫ. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784 б. (549-беттен алынды) Авторы: Ұжымдық еңбек Мәтін типі: академиялық грамматика Жылы: 2002 Мысалы: жандыкен лажсыздан өзінің артықтау кеткенін түсінді ме? (Айымбетов). Себеп-салдар үстеулері қимыл, іс-әрекет, амалдың болу, болмау себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіріп, не себепті? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеулері: бекерге, босқа, текке, лажсыздан, құр босқа, шарасыздан, жоққа.

Ссылаются нормы: SebepSaldarUsteuiTizbeden

article/93 · paragraph · на него ссылаются: 1

kk-KZ · official · sha256:130af5ef709682ac1ca6af0dd7c91376f673a41fad3902081fa13af5a1662b18KK-KZ

§ 93. Топтау үстеулері Дереккөзі: ҚАЗАҚ ГРАММАТИКАСЫ. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784 б. (549-беттен алынды) Авторы: Ұжымдық еңбек Мәтін типі: академиялық грамматика Жылы: 2002 Мысалы: Жұмыскерлер жер барактарынан бір-бірлеп шығып айналаға тітіркене қаарйды (Мүсірепов). Топтау үстеулері қимыл, іс-әрекеттің топтық сипатын білдіреді де, нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау үстеулеріне жататын сөздер: біреулеп, екеулеп, көптеп, қос-қостан, топ-тобымен, он-оннан, бір-бірлеп, т.б.

Ссылаются нормы: AshyqTizbedegiUstau

article/94 · paragraph · на него ссылаются: 1

kk-KZ · official · sha256:caf607c361cd9f50584157992583531f77e7855786e9e9ee3edeeb41925a253bKK-KZ

§ 94. Үстеудің сөйлемдегі қызметі Дереккөзі: ҚАЗАҚ ГРАММАТИКАСЫ. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784 б. (549-беттен алынды) Авторы: Ұжымдық еңбек Мәтін типі: академиялық грамматика Жылы: 2002 Мысалы, Пысықтауыш: Жайнағаның қараңғы түнде құлындай шыңғырған даусы естілді (Мұқанов). Тұра қаштым жалма-жан (Абай). Ерекше бір азап дүниесінен келгендей (Әуезов); баяндауыш: Іркітің де сонда, өлген малдың тері-терсегі де сонда, төлің де сонда (Мүсірепов); бастауыш: Еріншектің ертеңі бітпес (Мақал). Біразы - уылжыған жас, бірқатары - сақалдары күректей мұжықтар (Мүсірепов); анықтауыш: бірталай уақыт өтті, бірен-саран адам көрінеді; осынша өнерді қалай игердің?; толықтауыш: Бірталайымен қолалысып амандасты (Мүсірепов). Талайды осы күні-ақ жүрмін көріп (Торайғыров). 1. Үстеулер сөйлемде, көбіне, етістікпен қарым-қатынасқа түсіп, сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқарады. Ол негізінен пысықтауыш қызметінде жұмсалады. 2. Кейбір үстеу сөйлем аяғында жіктеліп, баяндауыш болады. 3. Кейбірі атау септігінде тұрып, субстантивтеніп, бастауыш болады. 4. Зат есіммен, сын есіммен тіркесіп келіп, кейде анықтауыш қызметін атқарады. 5. Сөйлемде септеліп, заттанып толықтауыш та болады.

Ссылаются нормы: UstauPysyqtauysh

Хэш рядом с текстом — sha256 его точных байтов. Он и есть проверка того, что показанный текст совпадает с закреплённым в пакете: расхождение роняет статику оракула.