Источник / закреплённая редакция

Қазақ тілінің анықтағышы: емле, тыныс белгілері, сөз сазы

Источник пакета kz.grammar.taueldik · Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.

work
urn:kz:grammar:clir:taueldik#ANYQTAGYSH_SYZDYQ
номер
Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.
вид
urn:kz:grammar:clir:taueldik#treatise

І Тарау «ОРФОГРАФИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІ»: § 1 — § 129 (scope пакета — § 5, § 31, § 32)

edition
urn:kz:grammar:clir:taueldik#ANYQ_EMLE
язык
kk
официальность
unofficial
материализация
PINNED_UNOFFICIAL_COPY
жизненный цикл
adopted: 2000-01-01

Публикации

URIТипdocumentHashПолучено
https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdftext/plain; charset=utf-8sha256:79042dc1b49fea1561c824d787861d0f3193bf3a19ba3f65f4facd20982f37532026-08-30T12:00:00Z

Фрагменты — 3

article/31 · paragraph · на него ссылаются: 1

kk-KZ · official · sha256:a65ee0be4a906a41cc097f4797eecd9ff11402bfd34ef1155f03d76023fd4df9KK-KZ

§ 31. Қосымшалар дыбыс үндестігі бойынша не қатаң, не ұяң, не үнді дауыссыздан басталып жалғанады: а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді (м, н, р, л, ң, у, й) я ұяң (ж, з) дауыссыз дыбыс болса, қосымша үнді не ұяң дауыссыздан басталады: терезе+ге, терезе+нің, терезе+ден, шам+ды, шам- +нан, шам+ға, шам+ның, қаз+ды, қаз+ға, қаз+бен, мұқтаж+дық . Е с к е р т у. Бұл ережеге с, ш қатаң дыбыстарынан басталатын қосымшалар: -сыз, -сіз, -са, -се, -сың, -сің, -шы, -ші, -шыл, -шіл, -ша, -ше, -шаң, -шец, -шық, -шік т.б. бағынбайды. Мысалы: бала+сыз, бала+сың, көйлек+шең, сөз+шең, көп+шіл, ұран+ шыл. ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыздардың және в, б, г, д ұяң дауыссыздарының бірі болса; дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы қатаң болады: кітап+тар, кітап+қа, хат+ ты, клуб+қа, педа-гог+тер, араб+тар. б) Сөздің соңғы дыбысы с, з болып, оған с, ш дыбыстарынан басталатын қосымша жалғанғанда, оның соңғы дыбысы өзгертілмей жазылады: жұмыс+шы (айтылуы - жұмышшы), бас+шылық (айтылуы башшылық), ауыз+ша (айтылуы - ауұшша), жаз+саң (айтылуы жассаң), сөз+сіз (атылуы-сөссүз), орыс+ша (айтылуы - орұш- ша). в) Ш дыбысына бітетін сөздерге с дыбысынан басталатын қосымша жалғанғанда, қосымшаның басқа дыбысы өзгеше айтылуына қарамастан, өзгертілмей жазылады: іш+сең (айтылуы - ішшең), ұш+саң (айтылуы ұшшаң), күш+сіз (айтылуы - күшшүз), көш+сін (айтылуы - көшшін). г) Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болса, жалғанатын қосымшалар дауыстыдан басталғанда, қ, к дыбыстары ұяңдап, ғ, г дыбыстарына, ал п дыбысы б, кейде у (қосымшада тағы бір п дыбысы болған күнде) дыбысына айналады да, естілуінше жазылады: күрек+і - күрегі, тарақ+ы - тарағы, тік+у - тігу, тап+у - табу, тап+ып - тауып, кеп+у - кебу, кеп+іп - кеуіп, блок+ы - блогы, ток+ы - тогы, бак+ы - багы. Е с к е р т у л е р . 1. П, х дыбыстарына аяқталатын орыс тілінен енген сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда, п, х дыбыстары ұяңдамайды: прин-ңип+і - принңипі, тип+і - типі, окоп+ы - окопы, грипп+і - грипі (жұқты), телескоп+ы - телескопы, цех+ы - цехы, алманах+ы - алманахы, шах+ы - шахы. 2. “Қатар” мағынасындағы сап сөзі мен тарап сөзі де тәуелдік жалғауын жалғағанда, соңғы қатаң дыбысын сақтайды: сап+ында - сапында, сап+ымызға + сапымызға (тұрды,), тарап+ында - тарапында, өз тарап+ымыздан - өз тарапымыздан. 3. Қазақ, қалмақ деген сөздерге сын есім жасайтын -ы жұрнағы жалғанғанда, сөз соңындағы дыбыстар ұяңдамайды: қазақы ер, қалмақы ат. Ал бұл сөздерге тәуелдік жалғаулары жалғанғанда, сөз соңындағы қатаң дыбыстар жалпы заңға бағынып, ұяндайды: Ол кісі - Сыр бойының қазағы. Менің жолдасым - Еділ бойының қалмағы. ғ) Сөздің соңғы дыбысы н болса, оған жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б дыбыстарынан басталғанда, н дыбысы өзгеріліп, ң, м болып айтылады. Бірақ бұл өзгеріс еске алынбай, н әрпі жазылады: түн+гі – түнгі (айтылуы түңгү), бұрын+ғы – бұрынғы (айтылуы - бұрұнғы), сән+қой – сәнқой (айтылуы - сәңқой), көн+беді - көнбеді (айтылуы - көмбеді), көрін+беді – көрінбеді (айтылуы - көрүмбеді).

Ссылаются нормы: Taueldik3ZhaqY

article/32 · paragraph · на него ссылаются: 2

kk-KZ · official · sha256:b21d86f0926361fd8c39d109501678f1be12f78f7b3b2903f1affdfbef66a851KK-KZ

§ 32. Нд, нз, нк, нг, мп, мб, мт, кт, ск, вт, фт, пт дыбыстарына аяқталатын орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары ы, і дәнекер дыбыстары (әріптері) арқылы жалғанады: фонд+ы+сы, фонд+ы+ны, ценз+і+ге, ценз+і+сі, штам+ы+ны, штамп+ы+лау, танк+і+ге, танк+і+лер, франк+і+сі, митинг+і+ге, митинг+і+сі, шланг+і+ге, шланг+і+сі, ромб+ы+ға, ромб+ы+сы, объект+і+ге, объект+і+сі, киоск+і+ге, киоск+і+сі, киоск+і+лер, Омск+і+ден, Омск+і+ге, лифт+і+мен, факт+і+сі, факт+і+лер, рецепт+і+нің, рецепт+ті+ге, мануск-рипт+і+ге, почтамп+ы+ға, экспромт+ы+ны, фармацевт+і+ге, ямб+ы+ны. Қатар келген дауыссыз дыбыстар тіркесінің қалған түрлеріне (нс, рс, рт, рш, нт, рд, рм, фр т.б.) аяқталған кірме сөздерге қазақ тілі қосымшалары ы, і дәнекерінсіз, буын үндестігі бойынша тікелей жалғанады: финанс+қа, финанс+ы, аванс+ы (авансысы емес), цемент+ке, цемент+ті, фермент+тік, цифр+ға, цифр+ы (цифрысы емес); хлороформ+ға, хлороформ+нан, хлороформ+ы, фунт+қа, фунт+ы, формант+тар, формант+ы.

Ссылаются нормы: Taueldik3ZhaqSi, Taueldik3ZhaqSy

article/5 · paragraph · на него ссылаются: 3

kk-KZ · official · sha256:d8c8344b5ab8314c12b6dd516c8c7148c2c6da263464cc2b14ab45782881dfd0KK-KZ

§ 5. Ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады: ыс, ыстық, ыдырау, қыдырыс, қыртыс, торы, іс, кіріс, ірі, кідіріс. Ү ш буынды сөздердің ортасында дүдәмалдау естілетін қысаң ы, і дыбыстардың әріптері көбінесе түсірілмей жазылады: абырой, адыраспан, адыраю, ажырау, азына, айырым, ақымақ, аңызақ, аңырау, атырап, атырау, әсіресе, бадырақ (көз), бадыраю, бытыра, дәрігер, едірею, ежірею, елегізу, жадырау, жайылым, жапырақ, жауырын, жұдырық, көбінесе, көкірек, қабілет, қағілез, қазына, қапырық, қасірет, қатынас, қоңырау, құбылыс, құдірет, құжынау, құмыра, құрылыс, мағына, маңырау, мәжіліс, мәлімет, мәміле, мейірім, меңіреу, мөңіреу, омырау, өкімет, саңырау, сүмірею, тамызық, тебірену, тоқырау, топырақ, төңірек, ұмыту, ұмытылу (“естен шығу” мағынасында), үзіліс, үкімет, шекірею, шұғыла, ыдырау, ықылас, ысырап. Е с к е р т у. Мына сияқты сөздердің ортасында ы, і әріптері жазылмайды: баурай, баурау, лоблу, мәжнүн, малғұн, медресе, сахна, яғни (бұлардың жазылуы емле сөздігі бойынша реттеледі). Кейбір сөздердің соңғы буындарындағы ы, і дыбыстары сол сөздерге белгілі бір қосымшалар жалғанғанда, айтылуы да, жазуда да сусып түсіп қалады. Мысалы: орын + а - орна /ды/, ойын + а - (>ойна/ды/ (бірақ ойын + ым - ойыным, ойын + ы - ойыны), бұйыр+ ық - бұйрық, жиын + а + лыс жиналыс, қорық+ ыт - қорқыту, қорық + а + атын - қорқатын, үрік +ек үркек, ауру + у (адам) (бірақ етістік ауыру), ерін + еу - ернеу, қырық + ыншы - қырқыншы, айыр + ық + ша (айрықша. Е с к е р т у л е р . 1. Айыр-, қайыр-, майыр-, шойыр-, үйір-, шүйір- сияқты етістік түбірлеріне етіс жұрнақтары (-ыс, -ыл т.б.) жалғанғанда й-ден кейінгі ы, і әріптері түсірілмей сақталып жазылады: айырылу, айырысу, қайырылу, қайырысу, үйірілу, шүйірілу. 2. Соңғы буынындағы ы, і әріптерін түсіріп не түсірмей жазу бірқатар сөздердің мағынасын айыру үшін пайдаланылады. Мысалы: ауыру – етістік (көп ауыруға болмас) және ауру - зат есім (Ауру адам жазылып келеді; Ауруды асқындырмау керек); ұмтылу - талпыну және ұмытылу - естен шығу. Соңғы буындарында ы, і дыбыстары бар сөздерді тәуелдегенде, көбінесе соңғы буындарындағы ы, і әріптері сақталып жазылады: киіМ + і - киімі, бауыр + ы- бауыры, бақыт + ы - бақыты, бұйым + ы бұйымы, дәуір + і - дәуірі, пейіл + і - пейілі, рақым + ы - рақымы, уақыт + ы- уақыты, уыт +ы - уыты, ырыс + ы - ырысы, иіс + і - иісі, ғылым + ы - ғылымы. Е с к е р т у. Тәуелдегенде соңғы қатаң дауыссыз дыбысы ұяңдап кететін сөздерде ы, і әріптері түсірілмейді: көрік + і - (ұстаның) көрігі, білік + і - (арбаның) білігі, Халық + ы (Мұсабайдың) Халығы. Бірақ бұған қарап кез келген сөзге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, соңғы буынындағы ы, і дыбыстарын сақтап жаза (беруге болмайды. Мына сияқты сөздерді, яғни соңғы буынындағы қысаң ы, і дыбыстары үнді (сонор) дыбыс пен қатаң дыбыстың ортасында келген сөздерді тәуелдегенде, қысаң дыбыстар сусып түсіп қалады және түсіріліп жазылады: бөрік +і - бөркі, көрік + і - көркі (“ажар, келбет” мағынасында), мойын + ы - мойны, мұрын + ы мұрны, халық + ы - халқы, ерік + і - еркі, әріп + і - әрпі т.т. Ы, і дыбыстарына аяқталатын сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанғанда, ы, і әріптері түсіріліп жазылады. Мысалы: алты + ау - алтау, жеті + еу - жетеу, екі + еу - екеу. Ы, і дыбыстарына аяқталатын етістіктерге -у жұрнағы жалғанғанда, ы, і әріптері түсіріліп жазылады: оқы + у- оку, тоқы + у - тоқу, кемі + у кему, жібі + у - жібу, иі + у - ию, кейі + у- кею. Л, р дыбыстарынан басталып, одан кейін а, ә, е, у, ұ, и дыбыстары келетін түбір сөздердің басында ы, і әріптері жазылмайды: лаж, лайық, лас, лай, лайсаң, лақ, леген, рай, рас, лауазым, лашын, лашық, лақа (балық), лақап, лезде, леп, лепіру, лоблу, рақат, рақым, рет, ренжу, рең, реңк, ру, рух, рухани, рұқсат, риза, рия, ризық, рәсуа. Л, р дыбыстарынан басталып, одан кейін қысаң ы, і дыбыстары келетін сөздердің басында (л, р әріптерінен бұрын) ы, і әріптері жазылады: ырыс, ырым, ырық, ырылдау, іріту, ілігу. Сөз р немесе л дыбыстары мен қатаң дауыссызға аяқталып, шұғыл айтылатын жағдайда бұлардың арасына ы, і әріптері жазылмайды. Мысалы: ұлт, жұрт, кілт, бұлт, қарт, төрт, құрт, күрт, жалт- жұлт, тарс-тұрс, бырт-бырт, жарқ-жұрқ, салт, қалт (етті). Е с к е р т у. Шұғыл айтылмайтын соңғы сонор мен қатаң дауыссыздың арасына ы, і қойылып жазылады: жарық (сәуле), қарыс (бір қарыс сақалы бар), қарыт (аязға бетін қарытып алды), тұрыс (бұл тұрысың маған ұнамайды).

Ссылаются нормы: Taueldik1ZhaqYm, Taueldik3ZhaqI, Taueldik3ZhaqY

«КIРIСПЕ»: қазақ орфографиясының принциптері туралы кіріспе очерк

edition
urn:kz:grammar:clir:taueldik#ANYQ_KIRISPE
язык
kk
официальность
unofficial
материализация
PINNED_UNOFFICIAL_COPY
жизненный цикл
adopted: 2000-01-01

Публикации

URIТипdocumentHashПолучено
https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdftext/plain; charset=utf-8sha256:4f86533eb6b3a05c19ba724abae75fc4e59ddf2482fb626dca678cd4c72b64c52026-08-30T12:00:00Z

Фрагменты — 1

kirispe/fonetika/1 · paragraph · на него ссылаются: 2

kk-KZ · official · sha256:ede543ff1c1119dcc6c5141031eec60bd3e25090ca20d6020cd46a3ee0c0151eKK-KZ

1) Қазақ тіліндегі септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары, сондай-ақ жұрнақтардың көпшілігі сөздің соңғы буынының жуан-жіңішке әуеніне қарай және ең соңғы дыбысына қарай түрленіп жалғанады: қала +лар, көше +лер, ат + тар, ит + тер, қаз + дар, із + дер; қала+ ның, көше + нің, ат + тың, ит + тің, қаз + дың, із + дің; қалам+ ым, дәптер + ім, әнші + мін, оқушы + мын. Бұларда жалғаулар естілуінше жазылып тұр.

Ссылаются нормы: Taueldik1ZhaqIm, Taueldik1ZhaqYm

«ОРФОЭПИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР. СӨЗ САЗЫН КЕЛТІРУ ҚАҒИДАЛАРЫ»: § 1 — § 36 (scope пакета — § 13)

edition
urn:kz:grammar:clir:taueldik#ANYQ_SOZ_SAZY
язык
kk
официальность
unofficial
материализация
PINNED_UNOFFICIAL_COPY
жизненный цикл
adopted: 2000-01-01

Публикации

URIТипdocumentHashПолучено
https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdftext/plain; charset=utf-8sha256:9a5c6abb0dd3e608f36b432129b7f556e5dae67a91b7d11130dd4746da4248f32026-08-30T12:00:00Z

Фрагменты — 1

article/13 · paragraph · на него ссылаются: 7

kk-KZ · official · sha256:9e498bd1e37b07c405a353a8a0189bbd796f9fec2362c6ec98191c3448d723d4KK-KZ

§13. Кейбір екі буынды сөздерге тәуелдік жалғаулары жалғанған кезде, екінші буындағы ы, і дыбыстары сусып түсіп қалады. Бұл құбылыс сөздердің айтылуында да, жазылуында да ескеріліп, түсіп қалған дыбыс түсіріліп айтылады және солай жазылады. Мысалы, халық, ерін, ауыл, нарық, бөрік деген сөздерге I, II, III жақтық тәуелдік жалғауларын жалғағанда, екінші буындағы ы, і дыбыстары сусып түсіп қалады: халқы (халықы емес), халқым, халқың, халқымыз, ернім, аулым, нарқы, бөркі. Мұндайда қ, к дыбыстары ұяңдамайды: бөркі (бөрігі емес). Ал жалпы заңдылық бойынша қ, к дыбыстарына аяқталған сөздерге дауысты дыбыстардан басталатын қосымшалар жалғанғанда, олар ұяңдауға тиісті: балық+ы - балығы, күрек+ім - күрегім. Кейбір сөздерде ы, і дыбыстарының түсу-түспеуі сөз мағынасын ажыратуға қатысады. Мысалы, жоғарғы көрік сәзі екі түрлі мағынаға ие, егер “адамның көркі” болса, тәуелдік жалғауы жалғанғанда, і дыбысы түсіп қалады (көркім, кәркің, көркі), ал ұстаның темір балқытатын көрігі болса, түспейді де соңғы к дыбысы ұяңдап кетеді. Сол сияқты “көпшілік, қауым, жұрт” мағынасындағы халық сөзі тәуелденгенде, халқым, халқың, халқы, халқымыз болып, соңғы к дыбысы ұяңдамайды, ал Халыксөзі жалқы есім болса, Сәрсенбайдың Халығы болып, ұяңдап айтылады. Соңғы буынындағы қысаң ы, і дыбыстары сусып қалатын сөздер кейде өлең ішінде буын санына орай түсірілмей айтылуы да мүмкін. Тіпті о баста құрамында ы, і дыбыстары жоқ бұлт, кілт, жалт сияқты сөздер де өлеңде буын саны жетпей тұрса, бұлұт, кіліт, жалыт болып айтыла береді. Мысалы, ауыл, бауыр сөздері тәуелдік жалғаулармен құбылған кезде, мына шумақтардың біреуінде қысаң дыбыстарын түсіріп, екіншісінде түсірмей айтылады: Аулұмоңған / Сырымбет / саласына - 11 буын Болдұмғашық / ақсұңқар / баласына - 11 буын Егер мұнда ауұлұм болып айтылса, өлең жолы бір буынға артып кетер еді. Ал мына өлеңде буын саны 11 болу үшін, керісінше, ы, і дыбыстары түсірілмей айтылуға тиіс болып тұр: Атымның / қақтұрады / сауұрұна - 11 буын Қостепкі / салыпкелем / бауұрұна - 11 буын Қолұнан / шәйғұйдұрұп / ішейіндеп - 11 буын Келемін / Айтпайсұлұу / ауұлұна - 11 буын Осы ережені сақтай отырып және берілген басқа да ережелерді еске алып, мына үзінділерді дұрыс айтып көріңдер (кей сөздерде емле ережесі әдейі бұзылып жазылды, оларды көрсетіңдер). Өлеңнің буын санын көрсетіп, түсіріліп айтылатын дыбыстарды түсіріп, түсірілмейтіндерін қосып жазыңдар. Созады Біржан дауысын қоңыр қаздай, Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай. Жиылысы жандаралдың болады деп, Жанбота, тынышымды алдың ала жаздай. (Біржан) Қамшы бастым асыға буырылтайға, Өткел бермей тоқтатқан терең сай ма? Жұрт жаңғыртып орынынан бір күн түнде Қалқатайдың ауылы кетті қайда? (Біржан) Қонады бір күн жас бұлыт Жастастың төсін құшақтап. Жонелді ертең, қалды ұмыт Көк жүзіне ойнақтап. (Абай) Суырып кокте қылышын Нөсерлі қара төнді бұлыт. Тарылтып жердін тынысын Тапа-тал түс болды ымырыт. Өрістен қашты төрт түлік, Асыға үйге енді жұрыт. Салатындай бір бүлік. Ақырды бейне долы бұлыт. (Қасым Аманжолов)

Ссылаются нормы: Taueldik1ZhaqIm, Taueldik1ZhaqKopsheYmyz, Taueldik1ZhaqYm, Taueldik2ZhaqAnaiIng, Taueldik2ZhaqAnaiYng, Taueldik3ZhaqI, Taueldik3ZhaqY

Хэш рядом с текстом — sha256 его точных байтов. Он и есть проверка того, что показанный текст совпадает с закреплённым в пакете: расхождение роняет статику оракула.