Источник / закреплённая редакция

Қазақ тілінің анықтағышы: емле, тыныс белгілері, сөз сазы

Источник пакета kz.grammar.singarmonizm · Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.

work
urn:kz:grammar:clir:singarmonizm#ANYQTAGYSH_SYZDYQ
номер
Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.
вид
urn:kz:grammar:clir:singarmonizm#treatise

І Тарау «ОРФОГРАФИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІ»: § 1 — § 129 (scope пакета — §§ 25, 27—31)

edition
urn:kz:grammar:clir:singarmonizm#ANYQ_EMLE
язык
kk
официальность
unofficial
материализация
PINNED_UNOFFICIAL_COPY
жизненный цикл
adopted: 2000-01-01

Публикации

URIТипdocumentHashПолучено
https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdftext/plain; charset=utf-8sha256:79042dc1b49fea1561c824d787861d0f3193bf3a19ba3f65f4facd20982f37532026-08-30T12:00:00Z

Фрагменты — 8

article/20 · paragraph · на него ссылаются: 5

kk-KZ · official · sha256:9d7439b6a07047fb9845271628a59c1a8e0e6b181f5229d994876a7240b5af7eKK-KZ

§ 20. Көп буынды тубір сөздер, көбінесе, бірыңғай жуан не жіңішке болып келеді: бала, жылқы, табан, тұрмыс, өмір, терезе, тебен, қыдыр, кідір(у). Мұндайда сөз бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке дауысты дыбыс әріптерімен жазылады. Көп буынды түбір сөздер аралас (жуан және жіңішке) буынды болып та келеді, мұндайда бір сөз ішінде жуан-жіңішке дыбыс әріптері жазыла береді: қызмет, мұғалім, кітап, қадір, тарих. Аралас буынды сөздер, негізінен, араб-парсы тілдерінен енгендер.

Ссылаются нормы: AralasBuyndyBirynggailyqtyZhengedi, AralasBuyndyEkiArippenZhazylady, AralasBuyndySozderArabParsy, BirynggaiBuyndyArippenZhazylady, KoepBuyndyBirynggaiBoladyPresumption

article/25 · paragraph · на него ссылаются: 11

kk-KZ · official · sha256:b271fa9f54dd0c67486f046d358e5c713cc94867ae3948eaddecc55c05e950b7KK-KZ

§ 25. Қосымшалар, негізінен, сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың әуеніне қарай буын үндестігі бойынша я жуан, я жіңішке жалғанады да, естілуінше жазылады: ең-бек + ші + лер + іміз + дің, жұ-мыс + шы + лар + ымыз + дың, кі-тап + тың, мұға- лім + нің, га-зет + ке, ки-но + ға, ко-нус + ты. Соңғы буынында (бір буынды сөздің өзінде) у дыбысы бар орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары жуан жалғанады: ксурс-қа, авто-бус +қа, инсти-тут +қа, кани-кул +ға, тай-фун + ның, шу-руп + ты. Бұл ережеге г дыбысына аяқталатын сөздер мен жіңішкелік белгісіне аяқталатын бір буынды сөздер және бль, ль дыбыстарына аяқталатын сөздер бағынбайды, оларға қосымша жіңішке жалғанады: ок-руг-ке, руль-ге, пат-руль +ге, ансамбль +ге, ансамблі. Соңғы буынында (не бір буынды сөздің өзінде) и дыбысы бар орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары жіңішке жалғанады: кассир + ге, синтак-сис + тік, маг-нит + тік, каль-ций + дің, маг-ний +ге, Горький+ге, Маяков-ский +ге.

Ссылаются нормы: QoldanylatynUndestikBirBuyndyBelgi, QoldanylatynUndestikBlL, QoldanylatynUndestikG, QoldanylatynUndestikNegizgi, QoldanylatynUndestikOrysI, QoldanylatynUndestikOrysU, UndestikBirBuyndyBelgiZhengedi, UndestikBlLZhengedi, UndestikGZhengedi, UndestikOrysIZhengedi, UndestikOrysUZhengedi

article/26 · paragraph · на него ссылаются: 15

kk-KZ · official · sha256:2aff50666502e8eacb6f952ccc680e9930390f1600c7640c059eb1ed4afdea29KK-KZ

§ 26. Фамилия жасайтын -ев (-ева), -ов (-ова), -ин (-ина) қосымшалары буын үндестігіне бағынбайды: ев (-ева) қосымшасы сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамастан й және ш дыбысына аяқталған жалқы есімдерге жалғанады. Бұл қосымша жалғанғанда, түбірдегі й әрпі түсіріліп жазылады: Тәжібай +ев + Тәжібаев, Жабай+ев-Жабаев, Имашев, Рашев, Мұқашев, Мұқашева, Жақашева. Дауысты дыбыстарға аяқталған кісі аттарына да -ев (-ева) қосымшасы жалғануы мүмкін. Мұса+ев - Мұсаев, Абдолла + ев, Бөке + ев - Бөкеев. Түбір сөздің соңғы дыбысы ы, і болса, -ев (ева) қосымшасы жалғанғанда, ол дыбыстардың орнына и әрпі жазылады: Сары- +ев-Сариев, Жұмалі+ев-Жұмалиев, Аққозы+ев – Аққозиев. Й мен ш дыбыстарынан басқа барлық дауыссыздардан кейін -ов (-ова) қосымшасы жалғанады, мұнда да сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігі есепке алынбайды: Мұ-рат+ов, Ме-дет+ов, Сұл-тан+ов, Жү-ніс+ов, Сейіт + ов. Дауысты дыбысқа аяқталған кісі аттарынан, әдетте фамилия -ин (-ина) қосымшасы арқылы жасалады, мұндайда соңғы дауыстылар түсіріліп, түбірге -ин (-ина) қосымшасы тікелей жалғанады және сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігі есепке алынбайды: Нұралы+ин - Нұралин, Алтынсары+ин - Алтынсарин, Дербіса- лы+ин - Дербісалин, Ғайса+ин Ғайсин. -ин (-ина) жұрнақтары жалғанғанда, кейде түбірдегі ұ, ү, о, о дыбыстары у болып өзгеріп айтылуы және солай жазылуы мүмкін (ал -ов, ова жұрнақтарымен жасалғандарында түбір өзгермейді). Мысалы: Мұса+ин - Мусин (ал Мұса+ев - Мұсаев), Жұма+ин - Жумин (ал Жұма+ев - Жұмаев), (Абдолла+ин - Абдуллин) (ал Абдолла+ев), Бөке+ин - Бөкин (ал Бөке- +ев Бөкеев). Сонымен қатар Абдоллин деп түбірін сақтап жазу да орын ала алады. -ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша бастапқы түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады: Аймановка, Тәжібаевқа дегенде Ай-ман, Тәжі-бай түбірлерінің соңғы буындары жуан болғандықтан, қосымша да жуан жалғанып тұр. Ал Жүнісовке, Әйтиевке дегендерде түбірдің соңғы буындарында жіңішке дауысты дыбыс болғандықтан (Жү-ніс, Әй- ти), қосымшаның да жіңішке варианты жалғанып тұр. Е с к е р т у л е р . 1. -мен (-бен, -пен), -паз, -қор, -қой, -нікі, -тікі, -гер, -кеш, -гөй,-хана, -тал, -дар қосымшалары сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай, осы көрсетілген түрлерінде ғана жазылады: кесемен, қасықпен, мақтампаз, өнерпаз, әсемпаз, жеңімпаз, пайдақор, әзілқой, саудагер, жүлдегер, арбакеш, әзілкеш, ақылгөй, шайхана, шеберхана, ұғымтал, сезімтал, өсімтал, хабардар, діндар, ауылдікі, мемлекеттікі. 2. Ә әрпіне аяқталған немесе сонғы буынында ә әрпі жазылған сөздерге қосымшалар жуан жалғанады: кінә+лау (кінәлеу емес), күнә+сыз (күнәсіз емес), күнә+ға (күнәге емес), күмән+дану (күмәндену емес), Күлән+ға (Күләнге емес).

Ссылаются нормы: AtalganQosymshalarOzgermeidi, EvZhalgangandaIArpiTusiriledi, EvZhalgangandaYIOrnynaIArpi, FamiliaEvDauystyga, FamiliaEvIDybysyna, FamiliaEvShDybysyna, FamiliaInDauystyga, FamiliaOvBasqaDauyssyzga, FamiliaQosymshasyUndestikkeBagynbaidy, InZhalgangandaSongyDauystyTusiriledi, InZhalgangandaTubirdegiDauystyU, OvEvFamiliagaQosymshaBastapqyTubirBoiynsha, OvZhalgangandaTubirOzgermeidi, QoldanylatynUndestikAArpi, UndestikAArpiZhengedi

article/27 · paragraph · на него ссылаются: 3

kk-KZ · official · sha256:754bf73c9a010e97ed65310c5f590c852986a4216b9c5a506fccfa95279e39caKK-KZ

§ 27. Орыс тілінен енген к, г дыбыстарына аяқталған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары буын үндестігіне қарай, яғни сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың әуеніне қарай жалғанады: фи-зик+тер, лак+тың, га-мак+тың, по-ляк+тар, ма-як+қа, бам-бук- +тың. Е с к е р т у. ог, уг дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішке жалғанады: педагогке, педагогі, педагогтік, округке, округі, округтік.

Ссылаются нормы: QoldanylatynUndestikNegizgi, QoldanylatynUndestikOgUg, UndestikOgUgZhengedi

article/28 · paragraph · на него ссылаются: 2

kk-KZ · official · sha256:cfeb401dc15abad78b198f946e0cb351ddb88b07515d814db27bb5ef1aeda49cKK-KZ

§ 28. Орыс тілінен енген рк, рг, ск, кт, кс, нк, нг, лк, нкт деген дыбыстар тізбегіне аяқталған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жіңішке жалғанады: паркке, парктер, Омскіге, Омскіден, киоскіге, киоскісі, фактіге, фактісі, танкіге, танкілер, полкке, полктер, полкі, пунктке, пункті.

Ссылаются нормы: QoldanylatynUndestikTizbek, UndestikTizbekZhengedi

article/29 · paragraph · на него ссылаются: 5

kk-KZ · official · sha256:65abe0803b649df4440cf3982a37cb49dc3426c98da6be7b754e021e47079695KK-KZ

§ 29. Жіңішкелік белгісіне аяқталған көп буынды сөздерге қазақ тілі қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады, яғни сөздің соңғы буыны жуан болса, қосымша жуан, соңғы буында жіңішке дауысты дыбыс болса, қосымша да жіңішке жалғанады: ла-герь+ге, ла-гер+і, банде-роль+ға, фести-валь+ға. Е с к е р т у. Жіңішке ль дыбысына аяқталатын сөздерге тәуелдік жалғаулары (яғни дауыстыдан басталатын қосымшалар) сөздің соңғы буынының жуан- жіңішкелігіне қарамай, тек қана жіңішке жалғанады: дизель+і - дизелі, дизеліміз, фестиваль+і - фестивалі (бірақ: фестивальга, фестивальдан, фестивальдық), магистраль+і - магистралі (бірақ: магистральға, магистральдық) Соңғы екі дауыссыздың арасында жіңішкелік белгісі бар сөздерге де қазақ тілі қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады. Мысалы: вальс+ка, валвс+ты, вальс+ы, асфальт+қа, асфальт+ы ,рельс- +ке, рельс+і. Кль, брь, бль тәрізді дауыссыз дыбыстар мен жіңішкелік белгісіне аяқталған сөздерге және жіңішкелік белгісіне аяқталатын бір буынды сөздерге қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанады: ансамбльге, тюльді, тюлі, оське, осінің, ткань (биология термині), тканьге, ткані, княздік, князі, верфьке. Орыс тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі л әрпінен кейін жазылатын сөздерге қазақ тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі жазылмайды: материальный-материалдык, феодальный - феодалдық, коммунальный - коммуналдық, патриархальный - патриархалдық. Ал жұрнақтар жалғанбай-ақ түбірдің өзінде л-дан кейін жіңішкелік белгісі келетін сөздерде бұл белгі сақталады: моральный - моральдық, артельный - артельдік, акварельный - акварельді.

Ссылаются нормы: QoldanylatynUndestikKlBrBl, QoldanylatynUndestikLDauystyQosymsha, QoldanylatynUndestikNegizgi, UndestikKlBrBlZhengedi, UndestikLDauystyQosymshaZhengedi

article/30 · paragraph · на него ссылаются: 2

kk-KZ · official · sha256:1294f34b55947ee30b84de6ca165ee8eeaee16226a325ef6bf52666d9797fc93KK-KZ

§ 30. Соңғы буынында ю, ё, э дауысты дыбыстар келетін орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары жіңішке жалғанады: полюс-ті, полюс-ке; шлюз-ді, шлюз-ге; дюйм-ге, дюйм-і, велюр-ге, велюр-ді, парашют-ке, парашют-тер, парашют-і, актёр+лер, актёр-ге, дуэль-ге, дуэльі, дуэт-ке, дуэт-і.

Ссылаются нормы: QoldanylatynUndestikYuYoE, UndestikYuYoEZhengedi

article/31 · paragraph · на него ссылаются: 1

kk-KZ · official · sha256:a65ee0be4a906a41cc097f4797eecd9ff11402bfd34ef1155f03d76023fd4df9KK-KZ

§ 31. Қосымшалар дыбыс үндестігі бойынша не қатаң, не ұяң, не үнді дауыссыздан басталып жалғанады: а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді (м, н, р, л, ң, у, й) я ұяң (ж, з) дауыссыз дыбыс болса, қосымша үнді не ұяң дауыссыздан басталады: терезе+ге, терезе+нің, терезе+ден, шам+ды, шам- +нан, шам+ға, шам+ның, қаз+ды, қаз+ға, қаз+бен, мұқтаж+дық . Е с к е р т у. Бұл ережеге с, ш қатаң дыбыстарынан басталатын қосымшалар: -сыз, -сіз, -са, -се, -сың, -сің, -шы, -ші, -шыл, -шіл, -ша, -ше, -шаң, -шец, -шық, -шік т.б. бағынбайды. Мысалы: бала+сыз, бала+сың, көйлек+шең, сөз+шең, көп+шіл, ұран+ шыл. ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыздардың және в, б, г, д ұяң дауыссыздарының бірі болса; дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы қатаң болады: кітап+тар, кітап+қа, хат+ ты, клуб+қа, педа-гог+тер, араб+тар. б) Сөздің соңғы дыбысы с, з болып, оған с, ш дыбыстарынан басталатын қосымша жалғанғанда, оның соңғы дыбысы өзгертілмей жазылады: жұмыс+шы (айтылуы - жұмышшы), бас+шылық (айтылуы башшылық), ауыз+ша (айтылуы - ауұшша), жаз+саң (айтылуы жассаң), сөз+сіз (атылуы-сөссүз), орыс+ша (айтылуы - орұш- ша). в) Ш дыбысына бітетін сөздерге с дыбысынан басталатын қосымша жалғанғанда, қосымшаның басқа дыбысы өзгеше айтылуына қарамастан, өзгертілмей жазылады: іш+сең (айтылуы - ішшең), ұш+саң (айтылуы ұшшаң), күш+сіз (айтылуы - күшшүз), көш+сін (айтылуы - көшшін). г) Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болса, жалғанатын қосымшалар дауыстыдан басталғанда, қ, к дыбыстары ұяңдап, ғ, г дыбыстарына, ал п дыбысы б, кейде у (қосымшада тағы бір п дыбысы болған күнде) дыбысына айналады да, естілуінше жазылады: күрек+і - күрегі, тарақ+ы - тарағы, тік+у - тігу, тап+у - табу, тап+ып - тауып, кеп+у - кебу, кеп+іп - кеуіп, блок+ы - блогы, ток+ы - тогы, бак+ы - багы. Е с к е р т у л е р . 1. П, х дыбыстарына аяқталатын орыс тілінен енген сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда, п, х дыбыстары ұяңдамайды: прин-ңип+і - принңипі, тип+і - типі, окоп+ы - окопы, грипп+і - грипі (жұқты), телескоп+ы - телескопы, цех+ы - цехы, алманах+ы - алманахы, шах+ы - шахы. 2. “Қатар” мағынасындағы сап сөзі мен тарап сөзі де тәуелдік жалғауын жалғағанда, соңғы қатаң дыбысын сақтайды: сап+ында - сапында, сап+ымызға + сапымызға (тұрды,), тарап+ында - тарапында, өз тарап+ымыздан - өз тарапымыздан. 3. Қазақ, қалмақ деген сөздерге сын есім жасайтын -ы жұрнағы жалғанғанда, сөз соңындағы дыбыстар ұяңдамайды: қазақы ер, қалмақы ат. Ал бұл сөздерге тәуелдік жалғаулары жалғанғанда, сөз соңындағы қатаң дыбыстар жалпы заңға бағынып, ұяндайды: Ол кісі - Сыр бойының қазағы. Менің жолдасым - Еділ бойының қалмағы. ғ) Сөздің соңғы дыбысы н болса, оған жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б дыбыстарынан басталғанда, н дыбысы өзгеріліп, ң, м болып айтылады. Бірақ бұл өзгеріс еске алынбай, н әрпі жазылады: түн+гі – түнгі (айтылуы түңгү), бұрын+ғы – бұрынғы (айтылуы - бұрұнғы), сән+қой – сәнқой (айтылуы - сәңқой), көн+беді - көнбеді (айтылуы - көмбеді), көрін+беді – көрінбеді (айтылуы - көрүмбеді).

Ссылаются нормы: QoldanylatynUndestikNegizgi

«КIРIСПЕ»: қазақ орфографиясының принциптері туралы кіріспе очерк

edition
urn:kz:grammar:clir:singarmonizm#ANYQ_KIRISPE
язык
kk
официальность
unofficial
материализация
PINNED_UNOFFICIAL_COPY
жизненный цикл
adopted: 2000-01-01

Публикации

URIТипdocumentHashПолучено
https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdftext/plain; charset=utf-8sha256:4f86533eb6b3a05c19ba724abae75fc4e59ddf2482fb626dca678cd4c72b64c52026-08-30T12:00:00Z

Фрагменты — 1

kirispe/fonetika/1 · paragraph · на него ссылаются: 1

kk-KZ · official · sha256:ede543ff1c1119dcc6c5141031eec60bd3e25090ca20d6020cd46a3ee0c0151eKK-KZ

1) Қазақ тіліндегі септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары, сондай-ақ жұрнақтардың көпшілігі сөздің соңғы буынының жуан-жіңішке әуеніне қарай және ең соңғы дыбысына қарай түрленіп жалғанады: қала +лар, көше +лер, ат + тар, ит + тер, қаз + дар, із + дер; қала+ ның, көше + нің, ат + тың, ит + тің, қаз + дың, із + дің; қалам+ ым, дәптер + ім, әнші + мін, оқушы + мын. Бұларда жалғаулар естілуінше жазылып тұр.

Ссылаются нормы: QoldanylatynUndestikNegizgi

«ОРФОЭПИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР. СӨЗ САЗЫН КЕЛТІРУ ҚАҒИДАЛАРЫ»: § 1 — § 36

edition
urn:kz:grammar:clir:singarmonizm#ANYQ_SOZ_SAZY
язык
kk
официальность
unofficial
материализация
PINNED_UNOFFICIAL_COPY
жизненный цикл
adopted: 2000-01-01

Публикации

URIТипdocumentHashПолучено
https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdftext/plain; charset=utf-8sha256:9a5c6abb0dd3e608f36b432129b7f556e5dae67a91b7d11130dd4746da4248f32026-08-30T12:00:00Z

Фрагменты — 4

article/20 · paragraph · на него ссылаются: 2

kk-KZ · official · sha256:eaab0b1ca8da181dcd9308cf711dd423cce27b9e4dd5c318c88fbd3bf6628bb3KK-KZ

§20. Қазақ тілінде сөз соңында екі дауыссыз қатар келетін сөздер бар. Бірақ кез келген дауыссыздар сөз соңында қатар келе бермейді. Тек алғашқысы л, р, м, н, ң деген сонор дыбыстар, соңғысы т, с, п, ш, қ, к деген қатаң дыбыстар болып тіркесіп келеді. Мысалы: жалт, қалт-құлт, қарт, қант, ант, қарс (қарс айрылды дегендегі), күмп (суға күмп берді), қаршқарш, дүңк (дүңк етті), қарқ-қарқ (қарқ- қарқ күлді) т.б. Мұндай сөздердің басым көпшілігі жалт-жұлт, қарқ- қарқ, күңк (етті) сияқты еліктеуіш сөздерде екі дауыссыз қатар айтылып, қатар жазылады. Бұл сөздерді айтуда сөз соңындағы екі дауыссыз күрт, шұғыл дыбысталады, яғни араларына ы, і сияқты дауыстыларды салмайды: жалт (жалыт емес), күрт-күрт (күріт-күріт емес), жалт-жұлт (жалыт-жұлыт емес) т.т. Қазақ тілінде сөздің үш дауыссызға аяқталуы - мүлде жоқ құбылыс. Сондай-ақ жоғарыда көрсетілгендей, сонорлар мен қатаңдардың қабаттасуынан өзге дауыссыздардың қатар келуі де орын алмайтын құбылыс. Қазақ тіліне енген орыс және интернационалдық сөздер, әсіресе жер-су, қала аттары қатарынан бірнеше дауыссыз дыбысқа аяқталып келе бермейді. Мысалы: пункт, Омск, фонд, митинг, штамп, шланг, факт, рецепт, экспромт, киоск, лифт. Бұл сездер қазақ тілінде жеке айтылғанда, соңғы қатар келген екі-үш дауыссыздың не сондарынан, не орталарында ы, і дәнекер дыбыстар салып айтылады: пункіт, Омскі, фонды, митингі, штампы, шлаңгі, факті, рсцепті, экспромты, киоскі, лифті. Бұлардың ішінде қатаң дыбыста [факт, рецепт, киоск, лифт), сонор мен қатаң да (шланг, штамп, экспромт), сонор мен ұяң дыбыс та (фонд, митинг), тіпті үш дыбыс та (алдыңғысы сонор, қалған екеуі қатаң - пункт) қатар келген. Қазақ тілі үшін үйреншікті емес (яғни фонетикалық жүйесіне сай келмейтін) дыбыстарға аяқталатын мұндай сөздердің бірқатарына, атап айтқанда: нд, мп, кт, нк, нг, мб, ск, фт, пт, мт дыбыстарына аяқталатындарына қазақ тілінің қосымшалары жалғанғанда, сөз бен қосымшаңың аралығына дәнекер ы, і дыбыстары қосылып айтылады және солай жазылады. Мысалы: киоск+ке - киоск+і+ге (киоскке емес), бұл жерде дәнекер ы, і болғандықтан, қосымшалар ұяңдап кетеді (-ке емес, -ге, -тар, тер емес, -лар, -лер деген сияқты), митинг+тер - митинг+і+лер (митингтер емес), Омск+тен - Омск- +і+ден (Омсктен емес), сол сияқты фактілер, фактіге, фактісі (факттер, фактке, факті емес), штампылар, штампыны, штампысы, штампыға (штамптар, штампты, штампы, штампқа емес), объектілер, объектіге, объектісі (объектер, объектке, объекті емес). Үш дауыссызға аяқталған сөздер қазақ қосымшаларын дәнекер ы, і дыбыстарынсыз қабылдайды, өйткені айтуда алдыңғы дауыссыз бір буынға кетеді де, соңғы екі дауыссыз айтуда өздері бір буын болып айтылады: пунк(і)т, пункітке, пункіттер, пункіті (пунктіге, пунктілер, пунктісі емес), сфинкіс, сфинкістер, сфинкістің (сфинксілер, сфинкісінің емес). Ал бұлардың жазылуы: пункт, пунктке, пункттер, сфинкс, сфинкске, сфинкстің. Ал тр, зм, рг, рд, лк, кс, дж, фр, рв, кт, дз, фм сияқты дауыссыз дыбыстар тіркесіне аяқталған кірме сөздерде айтылуда соңғы екі дауыссыздың арасына ы, і дыбыстары қосылып айтылады: метір, оркестір, альпинизім, колледіж. Соңғы екі-үш дауыссыздың біреуі к, г дыбыстары болып келсе, ол сөзге қазақ қосымшалары тек қана жіңішке жалғанып, жіңішке айтылады (түбірдегі дауысты мейлі жуан болсын, мейлі жіңішке болсын). Мысалы: пунктке (айтылуы: пунктке), паркке, парктер, паркі (айтылуы: парікке, паріктер, паркі), митингіге, митингілер, киоскінің, киоскілер. Ал к, г дыбыстары жоқ жерде қосымша сөз түбірінің немесе түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанып, сол жалғанған түрінде айтылады. Мысалы: лифтілер, лифтісі, лифтіге (мұнда қосымша жіңішке, өйткені түбірдің дауысты дыбысы и - жіңішке), штампыға, штампылар, штампысы (мұнда түбірдсгі дауысты а жуан болғандықтан, қосымша да жуан жалғанып тұр). Осы ережеге сай етіп мына сөздерге қазақша қосымшалар (септік, тәуелдік, көптік жалғауларын) жалғап көріңдер де, дұрыс айтып беріңдер: Антракт, металлург, анонс, бланк, контракт, бумеранг, почтамт, дифирамб, интеллект, катафалк, комплекс, комплект, конспект, кзендз, лаборант, ландшафт, логарифм, манускрипт, медпункт, моллюск, пакт, прейскурант, раунд, рецепт, рислинг, такт, экспромт, цифр.

Ссылаются нормы: QoldanylatynUndestikKG, UndestikKGZhengedi

article/24 · paragraph · на него ссылаются: 4

kk-KZ · official · sha256:dccc653ea31494dc48431841307ae0491ce4a84a8b4886765176b9788501971bKK-KZ

§24. Жіңішкелік белгісіне аяқталатын көп буынды кірме сөздерге қазақ тілі қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады, яғнн сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыс жіңішке болса, қосымша да жіңішке, жуан дауысты дыбыс болса, қосымша да жуан болып айтылады және солай жазылады, ль дыбысына аяқталған кірме сөздерге тек қана тәуелдіктін ІІІ жағында жіңішке қосымша жалғанып, жіңішке айтылады. Мысалы: фестиваль+ға - фестивальға, бірақ фестивалі, календарь+ға - календарьға, календары. Кль, брь, бль тәрізді дауыссыз дыбыстар мен жіңішкелік белгісіне аяқталған сөздерге және жіңішкелік белгісіне аяқталған бір буынды сөздерге қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанады, яғни сөздің соңғы буыны тұтас өзі жуан болса да, қосымша буын үндестік заңына бағынбай жалғанады және жіңішке айтылады (әрі солай жазылады). Ансамбілге (жазылуы: ансамбльге), ансамбілдер (жазылуы: ансамбльдер), ансамбілі (жазылуы: ансамблі, мұнда сөз түгелімен жуан, тек соңғы дауыссызы жіңішке ль), бинокльдің (айтылуы: бинокілдің), биноклім (айтылуы: бинокілім), бинокльдер (айтылуы: бинокілдер). Мұнда сөздің соңғы буыны нокль жуан. Тюль, тюльдің (айтылуы: тюлдің), тюльге, тюлі (сөз бір буынды, бірақ жіңішке ль дыбысына аяқталған), князьдің, князьдер, князі (сөз зь дыбысына аяқталған және бір буынды болғандықтан, қосымша жіңішке жалғанып тұр). Бұл сияқты дауыссыз дыбыстары, әсіресе сөз соңындағы дауыссызы орыс тілінде жіңішке айтылатын сөздердің қазақша дыбысталуында дауыстылардың ыңғайы (жуан-жіңішкелігі) емес, дауыссыздардың айтылу ыңғайы шешуші рөл атқарады. Осы ережені ескеріп, мына сөздерге қазақша қосымша жалғап, дұрыс айтып көріңдер: Капсюль, бандероль, ноябрь, верфь, автомобиль, акрополь, бронь, водевиль, виолончель, вестибюль, вымпель, госпиталь.

Ссылаются нормы: QoldanylatynUndestikKlBrBl, QoldanylatynUndestikLDauystyQosymsha, UndestikKlBrBlZhengedi, UndestikLDauystyQosymshaZhengedi

article/25 · paragraph · на него ссылаются: 2

kk-KZ · official · sha256:fa3cdf0f88fa00ee44104f6d50fb3707224127251d544eaaf239eb920ba0fe21KK-KZ

§25. Соңғы буынында е, э, ю дыбыстары бар кірме сөздерге қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанып, солай айтылады әрі жазылады. Мысалы: актерлер, актерге, актері, дирижерлер, дирижері, Петрге, Петрден, дуэтке, дуэті, полюске, полюстер, парашютке, парашюті, дуэльге, дуэлі, велюрдің, велюрі, дебютке, дебюті.

Ссылаются нормы: QoldanylatynUndestikSongyBuyndaE, UndestikSongyBuyndaEZhengedi

article/26 · paragraph · на него ссылаются: 3

kk-KZ · official · sha256:0dfe8f40d039fddc00611dc8228457b4b450ba68c3ee1d54182cbdde00090894KK-KZ

§26. Ер адамның фамилиясы -ов, -ев, -ин жұрнақтары арқылы жасалған болса, -ов, -ев жұрнақты фамилияларға қазақ тілінің қосымшалары түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жуан не жіңішке түрде жалғанып айтылады (және солай жазылады). Мысалы: Омаровтың, Омаровқа (сөз түбірі О-мар, соңғы мар буыны жуан), Әуезовтің, Әуезовке (сөз түбірі Ә-уез, соңғы уез буыны жіңішке), Мұсаевқа, Мұсаевтан (сөз түбірі Мұ-са, соңғы буыны жуан), Құдайбердиевке, Құдайбердиевтен (сөздің соңғы буыны ді жіңішке). Ал -ин жұрнағымен жасалған фамилияларға қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанып, жіңішке айтылады: Оразалинге, Дербісалинге, Сембинге.

Ссылаются нормы: OvEvFamiliagaQosymshaBastapqyTubirBoiynsha, QoldanylatynUndestikInFamilia, UndestikInFamiliaZhengedi

Хэш рядом с текстом — sha256 его точных байтов. Он и есть проверка того, что показанный текст совпадает с закреплённым в пакете: расхождение роняет статику оракула.