Источник / закреплённая редакция
Қазақ грамматикасы: фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис (академиялық грамматика, 2002)
Источник пакета kz.grammar.septik · Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Астана, 2002, 784 б. (бас ред. Е. Жанпейісов)
- work
- urn:kz:grammar:clir:septik#QAZAQ_GRAMMATIKASY_2002
- номер
- Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Астана, 2002, 784 б. (бас ред. Е. Жанпейісов)
- вид
- urn:kz:grammar:clir:septik#treatise
«Морфология» бөлімінің үзінділері — Тіл білімі институтының оқу корпусы, 134 үзінді (scope пакета — § 12 — § 20 септіктер, § 132 жеміс-і-н)
- edition
- urn:kz:grammar:clir:septik#QG2002_MORFOLOGIA
- язык
- kk
- официальность
- unofficial
- материализация
- PINNED_UNOFFICIAL_COPY
- жизненный цикл
- adopted: 2002-01-01
Публикации
| URI | Тип | documentHash | Получено |
|---|---|---|---|
| https://oqu.qazcorpus.kz/?base=3&learn3-f9=%D0%B0%D0%BA%D0%B0%D0%B4%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B+%D0%B3%D1%80%D0%B0%D0%BC%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0&learn3-f8=2002 | text/plain; charset=utf-8 | sha256:801c073f5ce9e92e956e30e282c1831477b844da6a4ccb187daf88c742936e94 | 2026-09-03T11:03:00Z |
Фрагменты — 10
article/12 · paragraph · на него ссылаются: 1
kk-KZ · official · sha256:5e1bb9e81d5dc8c3837f3f163d5a0e1b57d309f261263eac7f7e4dcb22321c96KK-KZ
§ 12. Грамматикалық септік жалғаулары
Дереккөзі: Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. -Астана, 2002. -784 б. (456-беттен алынды)
Авторы: Ұжымдық еңбек
Мәтін типі: академиялық грамматика
Жылы: 2002
Мысалы: кітаптың беті, ол мына кітапты кеше сатып алды;
Грамматикалық деген топқа атау,ілік, табыс жалғаулары жатқызылады. Грамматикалық деп атап отырған топқа жататын жалғаулардың негізгі қызметі - бастауышты (атау септігі), тәуелділікті (ілік септігі), істің, қимылдың объектісін білдіру.Ссылаются нормы: TabysTy
article/13 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:4004869aa4bdc895004ea8d785e7fbe6197878c7b6924c788150565c5303a31cKK-KZ
§ 13. Кеңістікті білдіретін септік жалғаулары
Дереккөзі: Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. -Астана, 2002. -784 б. (456-беттен алынды)
Авторы: Ұжымдық еңбек
Мәтін типі: академиялық грамматика
Жылы: 2002
Мысалы: Түзде мырзаң, үйде сырдаң (Абай).
Кеңістікті білдіретін жалғаулар істің, қимылдың қайда бағытталғанын (барыс септік), қай жерден басталғандығын (шығыс септік), қай жерде және қалай, не арқылы болып жатқанын (жатыс, көмектес септігі), бір сөзбен айтқанда, істің, қимылдың бағытын, мекенін білдіреді.article/132 · paragraph · на него ссылаются: 1
kk-KZ · official · sha256:6f5f40502ab53f31442e4fdfc4a6f9e02e69452718f07cf7349a283b7b4d386cKK-KZ
§ 132. Синтетикалық тәсіл
Дереккөзі: ҚАЗАҚ ГРАММАТИКАСЫ. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784 б. (420-беттен алынды)
Авторы: Ұжымдық еңбек
Мәтін типі: академиялық грамматика
Жылы: 2002
Мысалы: су-ға, біт-пес, ет-кен-ге, күл-е-міз, жыла-п, дәме ет-кен-ге, жаса-ма-й-мын, еңбек-тің, жеміс-і-н, көз-бен, көр-е-мін, кейінгі-ге, бер-е-мін сөздерін алып қарайық. Су (жалпы зат атауы, дееркті т.б.) түбірге -ға қосылу арқылы жанама объект, қимылдың бағыты, орны мағынасы үстелген. Сондай-ақ, біт қимылының -пе болмайтынын, орындалмайтынын, -с шақтық мағына, өт қимылына -кен өткен шақтық мағына, -ге себептік-мақсаттық мағына т.б .
Синтетикалық тәсілдің қазақ тілінде ең жиі кездесетіні -қосымша арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. Әсіресе, форма тудыратын сөзтүрленім қосымшалары арқылы неше алуан грамматикалық мағына беріледі: көптік жалғау арқылы көптік, тәуелдік жалғау арқылы тәуелдік, жақтық мағыналар, жіктік жалғауы арқылы жақтық, жекешелік-көптік мағыналар, септік жалғаулары арқылы қимыл, іс-әрекеттің иесі, меншіктілік, тура және жанама объектілік, мезгілдік, мекен-бағыттық, құралдық-амалдық сияқты мағыналар, шырай жұрнақтары арқылы біртектес сынның салыстырмалы я күшейтпелі сипаты, етіс жұрнақтары арқылы қимыл, іс-әрекеттің субъекті мен объекті арасындағы әртүрлі қатынасты білдіру, болымсыздық жұрнағы арқылы сол қимылдың болмауы, шақ жұрнақтары арқылы сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болып кеткенін, я болып жатқанын, я әлі болмағанын (шақтық мағыналарды) білдіруі, рай тұлғалары арқылы қимылдың болу-болмау шартын, тілек-ниетін, біреуге бұйыруын, т.б. білдіруін көрсетуге болады.Ссылаются нормы: TabysUshinshiZhaqN
article/14 · paragraph · на него ссылаются: 2
kk-KZ · official · sha256:16827c552af2ebfdf57de21b39420b52f1fb15352d52c2bbde9598b3105e468cKK-KZ
§ 14. Атау септік
Дереккөзі: Қазақ грамматикасы. -Фонетиа, сөзжасам, морфология, синтаксис. -Астана, 2002. -784 б. (456-беттен алынды)
Авторы: Ұжымдық еңбек
Мәтін типі: академиялық грамматика
Жылы: 2002
Атау септігінің арнаулы жалғауы жоқ. Дұрысында, атау септік деп отырғанымыз - сөздің септік жалғауын қабылдамай тұрған күйі. Оны атау септік деп септік жалғауларының басына қою аса қажет, өйткені заттың кім, я не екенін білдіретін сөзбен жақ жағынан қиысып, субъектілік-кординаттық қатынаста байланысып, сөйлем құрайды.Ссылаются нормы: ShygysUshinshiZhaqDanZhengedi, ShygysUshinshiZhaqNan
article/15 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:8186f6ca3c53227dbda1efe120649fc77f614231b3f1f3f22776774afb905969KK-KZ
§ 15. Ілік септік
Дереккөзі: Қазақ грамматикасы. -Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. -Астана, 2002. -784 б. (456-беттен алынды)
Авторы: Ұжымдық еңбек
Мәтін типі: академиялық грамматика
Жылы: 2002
Мысалы: баланың, есіктің.
Бұл зат есім сөзге -ның,-нің, -дың, -дің, -тың, -тің жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. Ілік септік жалғауының сөзге қосылған кезде беретін бірден бір мағынасы иелік, меншікті білдіру. Ілік септігі арқылы көрінетін грамматикалық тәуелдіктің басты-басты түрлері деп оның меншік иесін (жолдасымның үйі), туыстық жақындықты (егіздің сыңары), табиғи бірлікті (сиырдың мүйізі), нәрсенің бөлшегін (есіктің тұтқасы), дерексіз ұғымдардың байланысын (істің нәтижесі), логикалық субъектіні (желдің ызыңы), сапалық ерекшелікті (сараңның сараңы) білдіруін атауға болады.article/16 · paragraph
kk-KZ · official · sha256:2b0770be068dd44ad4ff76ec27bb06401c37225b1239c61dbcb0eb4d2787a610KK-KZ
§ 16. Барыс септік
Дереккөзі: Қазақ грамматикасы. -Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. -Астана, 2002. -784 б. (457-беттен алынды)
Авторы: Ұжымдық еңбек
Мәтін типі: академиялық грамматика
Жылы: 2002
Мысалы: Ол ауылға кетті.
Барыс септігінің зат есімге жалғанатын жалғаулары -ға,-ге, -қа,-ке, -а, -е, -на,-не. Мұның -а, -е, -на,-не түрі тәуелденген зат есімге, қалғандары тәуелдеусіз зат есімге жалғанады. Барыс септіктегі сөз, негізінен, істің, қимылдың кімге, неменеге, қай жаққа бағытталғандығын білдіреді. Барыс жалғаулы зат есімнің басты-басты мағыналары іс-қимылдың бағытын (үйге кетті), мақсатын (білуге кетті, көруге кетті), мөлшерін (екі айға созылды), немесе арналғанын (үрерге иті жоқ) білдіру.article/17 · paragraph · на него ссылаются: 13
kk-KZ · official · sha256:d95c0d0cd829801895713d48dc61cf9bf057dd00e1d48b5a20a8719f3497426eKK-KZ
§ 17. Табыс септігі
Дереккөзі: Қазақ грамматикасы. -Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. -Астана, 2002. -784 б. (457-беттен алынды)
Авторы: Ұжымдық еңбек
Мәтін типі: академиялық грамматика
Жылы: 2002
Мысалы: хат жазды, кино көрді, кітап оқиды.
Зат есімге жалғанатын табыс септігінің жалғаулары -ны,-ні, -ды, -ді, -ты, -ті және тәуелдік жалғаудың 3-жағынан кейін -н. Табыс септік - тек тура толықтауыш қызметінде жұмсалатын септік. Ол сөйлем ішінде әрдайым сабақты етістікпен синтаксистік қатынасқа түсіп, іс-қимылдың тура объектісін көрсетеді. Табыс септігі жасырын түрде де айтылады.Ссылаются нормы: ShygysUshinshiZhaqDanZhengedi, ShygysUshinshiZhaqNan, TabysDiUndi, TabysDiZhZ, TabysDyUndi, TabysDyZhZ, TabysNi, TabysNy, TabysTi, TabysTy, TabysUshinshiZhaqN, TabysUshinshiZhaqNiZhengedi, TabysUshinshiZhaqNyZhengedi
article/18 · paragraph · на него ссылаются: 10
kk-KZ · official · sha256:0415ad49ee6dea4e5bdb5fc9850fee02e63f4c30ab44541a916251775ae8d283KK-KZ
§ 18. Жатыс септік
Дереккөзі: Қазақ грамматикасы. -Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. -Астана, 2002. -784 б. (457-беттен алынды)
Авторы: Ұжымдық еңбек
Мәтін типі: академиялық грамматика
Жылы: 2002
Мысалы: Түзде мырзаң, үйде сырдаң (Абай).Тауда болар тарғыл тас, Тарықса шығар көзден жас (Халық жырынан).
Зат есімнің жатыс септігінде септелуі оған -да//-де, -та//-те қосымшаларының жалғануы арқылы болады. Тек тәуелдік жалғаудың үшінші жағындағы сөзбен келгенде жатыс септік жалғау өзінің алды -н дыбысын қосып, -нда, -нде болып жалғанады. Септіктің бұл түрінің мағынасы іс-қимылдың орнын, мекенін білдіру.Ссылаются нормы: ZhatysDaDauystyUndi, ZhatysDaZhZ, ZhatysDeDauystyUndi, ZhatysDeZhZ, ZhatysTa, ZhatysTe, ZhatysUshinshiZhaqDaZhengedi, ZhatysUshinshiZhaqDeZhengedi, ZhatysUshinshiZhaqNda, ZhatysUshinshiZhaqNde
article/19 · paragraph · на него ссылаются: 20
kk-KZ · official · sha256:a54ff878770d046d8a17e8ca80be499442f318099820ba61dc48498fe7589215KK-KZ
§ 19. Шығыс септік
Дереккөзі: Қазақ грамматикасы. -Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. -Астана, 2002. -784 б. (457-беттен алынды)
Авторы: Ұжымдық еңбек
Мәтін типі: академиялық грамматика
Жылы: 2002
Мысалы: ауылдан келе жатыр, көзден ұзату, көктен түскендей
Шығыс септігінің жалғаулары -дан//-ден, -тан//-тен, -нан//-нен. Септіктің бұл түрі іс-әрекеттің, қимылдың қай жерден, неден басталғандығын білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, іс-қимылдың бір объектіден қашықтап, ұзап, алыстап бара жатқанын көрсету.Ссылаются нормы: ShygysDanDauysty, ShygysDanL, ShygysDanR, ShygysDanY, ShygysDanZhZ, ShygysDenDauysty, ShygysDenL, ShygysDenR, ShygysDenZhZ, ShygysNanM, ShygysNanN, ShygysNanNG, ShygysNenM, ShygysNenN, ShygysNenNG, ShygysTan, ShygysTen, ShygysUshinshiZhaqDenZhengedi, ShygysUshinshiZhaqNan, ShygysUshinshiZhaqNen
article/20 · paragraph · на него ссылаются: 3
kk-KZ · official · sha256:4b3b8e2062bf5fc2ff181e218c640300f2f1e6c683599e4cec111f685ee90d41KK-KZ
§ 20. Көмектес септік
Дереккөзі: Қазақ грамматикасы. -Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. -Астана, 2002. -784 б. (458-беттен алынды)
Авторы: Ұжымдық еңбек
Мәтін типі: академиялық грамматика
Жылы: 2002
Қазақ тіліндегі көмектес септігінің жалғаулары -мен, -бен, -пен, -менен, -бенен, -пенен. Көмектес септікті сөздердің негізгі мағыналары: іс-қимылдың қандай құралмен атқарылғанын білдіреді: пышақпен кесті, балтамен шапты, поезбен келді. Іс-қимылға ортақ субъектіні білдіреді. Мысалы: Асқармен сөйлесті, жаумен алысты. Кейде іс-қимылдың амалын білдіреді. Мысалы, сөзбен жеңді, ынтамен істеді, ісімен көрінді. септіктің бұл түрінің істің мақсатын көрсететін кезі де бар. Мысалы: Ол мұнда бір оймен келді. Іс-қимылдың қай жерде жүзеге асқандығы да кейде осы септіктің мағынасынан көрініп тұрады. Мысалы: жолмен жүріп келеді; арықтың жиегімен жүріп келеді.Ссылаются нормы: KomektesBenZhinishke, KomektesMen, KomektesPen
Хэш рядом с текстом — sha256 его точных байтов. Он и есть проверка того, что показанный текст совпадает с закреплённым в пакете: расхождение роняет статику оракула.