Источник / закреплённая редакция

Қазақ тілінің анықтағышы: емле, тыныс белгілері, сөз сазы

Источник пакета kz.grammar.punktuacia_qurmalas_soilem · Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.

work
urn:kz:grammar:clir:punktuacia-qurmalas-soilem#ANYQTAGYSH_SYZDYQ
номер
Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.
вид
urn:kz:grammar:clir:punktuacia-qurmalas-soilem#treatise

«КІРІСПЕ», 3. Кейбір пунктуациялық ережелер жайында

edition
urn:kz:grammar:clir:punktuacia-qurmalas-soilem#ANYQ_KIRISPE
язык
kk
официальность
unofficial
материализация
PINNED_UNOFFICIAL_COPY
жизненный цикл
adopted: 2000-01-01

Публикации

URIТипdocumentHashПолучено
https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdftext/plain; charset=utf-8sha256:4f86533eb6b3a05c19ba724abae75fc4e59ddf2482fb626dca678cd4c72b64c52026-08-30T12:00:00Z

Фрагменты — 5

section/3/paragraph/7 · paragraph · на него ссылаются: 2

kk-KZ · official · sha256:44f9b527860c90526473cf4601e829f32bce7ca05ab36acd587507b1e092a709KK-KZ

Сабақтаса құрмаласқан жай сейлемдердің бастауышы көбінесе екеуіне ортақ болып келеді. Мұндайда бастауыш қай жай сөйлемнің құрамында айтылса, соған жатқызылады да, үтір екі жай сөйлемнің аралығына қойылады. Осы ережені жете білмегендіктен, кейде бірінші жай сөйлеммен келген ортақ бастауышты оның құрамынан үгірмен бөліп тастап, екінші жай сөйлемге жатқызу кездеседі. Мысалы: Мен, окуды бітіріп, Қарағандыға бара жатырмын. Мұндағы тыныс белгісі дұрыс қойылмаған. Бұл жерде оқуды бітірген де мен, Қарағандыға бара жатқан да мен. Сондықтан мен деген бастауыш қай жай сөйлемнің құрамында айтылса, соған кіреді: Мен оқуды бітіріп, Қарағандыға бара жатырмын. Немесе: Оқуды бітіріп, мен Қарағандыға бара жатырмын (Окуды бітіріп мен, Қарағандыға бара жатырмын деп жазу да дұрыс емес).

Ссылаются нормы: OrtaqBastauyshAitylganZhaiSoilemgeZhatqyzylady, OrtaqBastauyshBarQurmalastaUtirAralyqqaQoiylady

section/3/paragraph/5 · paragraph · на него ссылаются: 2

kk-KZ · official · sha256:c4a7ab0da3083153098406e812165e9d5ca860bbeaa4b5537ba1aa510e68b388KK-KZ

Қарсылықты мәнді құрмалас сөйлемдердің жалғаулықтары түсіріліп айтылса, жай сөйлемдердің арасында үтірдің сақталатындығын және түсіп қалған жалғаулықтың орнына сызықша қойылып жазылатындығын есте ұстау қажет. Мысалы: Елге мойнымды созам, - көрінбейді. Маңайға мойнымды созам, - дәнеңе жоқ (С.Мұқанов) деген сөйлемді алсақ, оның жалғаулықты түрі былай болар еді: Елге мойнымды созам, бірақ [ел] көрінбейді. Маңайға мойнымды созам, ал [маңайда] дәнеңе жоқ. Бұл құрылым мақал, жұмбақ сияқтылар мен өлең жолдарында жиі кездеседі: Аяғы жоқ, - жүреді, аузы жоқ, - сөйлейді. Үйде шешен, - дауда жоқ, үйде батыр, - жауда жоқ.

Ссылаются нормы: QarsylyqtyQurmalastaSyzyqshaQoiylady, QarsylyqtyQurmalastaUtirSaqtalady

section/3/paragraph/8 · paragraph · на него ссылаются: 1

kk-KZ · official · sha256:9f3d99bff37b85207a28d5c94e88cbc92c593227227c079af30613956c7c7d6eKK-KZ

Пунктуация ережелерінің бірқатарын сөз еткенде, соларға сәйкес орыс тілінің пунктуация ережелерімен салыстырып отыруға тура келеді. Әрине, екі тілдегі қолданылатын пунктуациялық таңбалар бірдей болғанмен, олардың қолданылатын орындарының әрдайым бірдей болуы мүмкін емес. Осыған қарамастан, орыс тіліндегі сөйлемде қай жерде қандай тыныс белгісі тұрса, соны бұлжытпай қазақ сөйлеміне көшіре салу тәжірибеде кездесіп қалады. Мысалы, орыс тілінде бір жай сөйлемдегі баяндауыш келесі жай сөйлемде (құрмалас сөйлемнің құрамындағы) түсіріліп айтылса, орнына сызықша қойылады: 1) Я читал книгу, а он - газету. 2) В этих случаях из одних физических тел получаются другие физические тела: из стакана - кусочки стекла, из куска парафина - свеча (“Химия” оқулығынан). Қазақ тілінде құрмаласқа енген жай сөйлемдердің соңғысының баяндауышы түсіріліп айтылмайды. Керісінше, алдыңғы сөйлемдер баяндауышсыз қалдырылып, баяндауыш жалпы сөйлемнің соңында айтылады, немесе баяндауыш екі рет қайталанады. Жоғарғы сөйлемдердің аудармаларын қараңыз: 1) Мен кітап, ол газет оқыды. Тіпті дұрысырағы: Мен кітап оқыдым, ал ол газет оқыды (Мен кітап оқыдым, ол - газет деген сияқты сөйлем құрылысы болмайды). 2-сөйлемнің дұрыс аудармасы: Бұл жағдайларда физикалық бір денелерден екінші бір денелер: стаканнан бірнеше шыны сынығы, парафиннің бір кесегінен май шам пайда болады. Қазақша құрылған сөйлемде ешқандай сызықша қойылмайды.

Ссылаются нормы: QazaqshaQurylganSoilemdeSyzyqshaQoiylmaidy

section/3/paragraph/6 · paragraph · на него ссылаются: 1

kk-KZ · official · sha256:4a87a5a6b99a064abc2576d7805db3bfdb4c619e96f1e40242272acd2ea1890fKK-KZ

Кез келген жалғаулықтың түсіп қалған жеріне сызықша қойыла бермейді. Құрмаласқан жай сөйлемдердің арасындағы өйткені, сондықтан, себебі деген жалғаулықтар түсіп қалып айтылса, сол жерге қос нүкте қойылады: Қасқырдың артына алаңдағанына енді ғана түсіндім: оның арт жағында шоқақтап екі бөлтірік кетіп бара жатыр (С.Мұқанов). Маған қиыны екі етігім болды: сазға кірген етіктер әлденеге тістесіп тұрып алады да, қонышынан колыңмен тартпай шықпайды (С.Мұқанов).

Ссылаются нормы: SebeptiZhalgaulyqTusirilseQosNukteQoiylady

section/3/paragraph/9 · paragraph · на него ссылаются: 1

kk-KZ · official · sha256:907dda41a29140b933c7d108148d0b2e18e0b17e3aaa6b733a43e84fb9ca4c89KK-KZ

Сондай-ақ орыс тілінде құрмаласқан жай сөйлемдердің бірі шартты мәнді болса, араларына сызықша қойылғанымен, қазақ тілінде шартты бағыныңқылы сөйлемдерде сызықша емес, үтір қойылады (бұлар жайында ереже толық айтылады). Тыныс белгілерінің қойылуын бұлайша орыс тіліндегі тәртібімен салыстырып отырғанымыз-дың себебі - кейбір әдебиет түрлерінің орыс тілінен аударма болып келетіндігін ескеруге байланысты. Әсіресе коркем әдебиет пен ғылыми әдебиет үлгілерінің, оның ішінде кейбір оқулықтардың орыс тілінен жиі аударылып келе жатқанын ескермеске болмайды. Сол сияқты ағылшын, неміс, француз тілдері сияқты өзге тілдерден де қазақ тіліне тікелей аударма жасаған қүнде де, тыныс белгілері тек қазақ тілінің синтаксистік құрылысына орай қойылуы тиіс екенін жақсы білу қажет.

Ссылаются нормы: SharttyBagynynqylySoilemdeSyzyqshaEmesUtirQoiylady

Хэш рядом с текстом — sha256 его точных байтов. Он и есть проверка того, что показанный текст совпадает с закреплённым в пакете: расхождение роняет статику оракула.