Источник / закреплённая редакция
Қазақ тілінің анықтағышы: емле, тыныс белгілері, сөз сазы
Источник пакета kz.grammar.punktuacia_odagai · Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.
- work
- urn:kz:grammar:clir:punktuacia-odagai#ANYQTAGYSH_SYZDYQ
- номер
- Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.
- вид
- urn:kz:grammar:clir:punktuacia-odagai#treatise
ІІ Тарау «ПУНКТУАЦИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІ»: § 1 — § 126 (scope пакета — §§ 61—68)
- edition
- urn:kz:grammar:clir:punktuacia-odagai#ANYQ_PUNKTUACIA
- язык
- kk
- официальность
- unofficial
- материализация
- PINNED_UNOFFICIAL_COPY
- жизненный цикл
- adopted: 2000-01-01
Публикации
| URI | Тип | documentHash | Получено |
|---|---|---|---|
| https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdf | text/plain; charset=utf-8 | sha256:ca06082fcbda87e8feed9a6f49af145224aa1f5e399ec3961c450e5b982ca1db | 2026-08-30T12:00:00Z |
Фрагменты — 8
article/61 · paragraph · на него ссылаются: 1
kk-KZ · official · sha256:df7f1e040f8da187d0fab5f47c1ed2ef6d261039eeeceebf66a242cb5b2664beKK-KZ
§ 61. Одағайлар көбінесе сөйлем басында келеді де, үтірмен
бөлінеді.
Е, Ойке апаны білмеуші ме ең? Өй, Жиренше, жаңағы осы Қодар кім?
(М.Әуезов). Тәй, қылжақты қоя тұр (С.Мұқанов). Апырау, сіздің ауыл
Майқұдыққа қонбаушы еді ғой (Ғ.Мүсірепов). Уа, ата, мына таудың басын
қырау шалғалы неше жыл болды. Әй, сен не айтып келесің!
Егер одағайлар сөйлем ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады,
соңында тұрса, үтір одан бұрын қойылады:
Жүрегім, ойбай соқпа енді...
Бүгінгі дос - ертең жау,
Мен не қылдым, япырмау?! (Абай)
Ссылаются нормы: OdagaiUtirmenBolinedi
article/62 · paragraph · на него ссылаются: 2
kk-KZ · official · sha256:a2c3c1aa0467229c55577a263f8147e58724deeb4c9e881347deb858665d8093KK-KZ
§ 62. О деген одағайдан кейін үтір қойылады: О, жауыз Қодар! О ,
шіркін, шіркін! (Ғ.Мүсірепов). О деген одағайды ықшамдалған о (ол)
есімдігімен шатастырмау керек: әңгіменің о жақ, бұл жағы; о не дегенің; о
заман да, бұ заман.
Ссылаются нормы: ODegenOdagaidanKeyinUtir, OEsimdikpenShatastyrmau
article/63 · paragraph · на него ссылаются: 2
kk-KZ · official · sha256:4a2e2c9594056938544ca9dc2172c89c17aa256671b8d0497c9979723154c855KK-KZ
§ 63. Одағай сөйлемнің басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса,
одан кейін леп белгісі қойылып, келесі сөз бас әріптен басталады:
Пәләй! Мақұл-ақ! Ал ендеше мен нені айттым!? (М.Әуезов). Еһе!
Сен өзің біздің қақпанға бұрын да түскен кәрі қасқыр екенсің ғой
(А.С.Пушкин).
Ссылаются нормы: KoterinkiBasArip, KoterinkiLepBelgisi
article/64 · paragraph · на него ссылаются: 1
kk-KZ · official · sha256:bced5bfb549b823b44c94ac5c94da108d39bf8b142ebd8883f3403e3189a4956KK-KZ
§ 64. Одағай тәріздес бәсе, жә, қош, қой, құп (болады), жай, бәлем,
жарайды (осы мағынадағы жақсы), мақұл, болды, дұрыс, бәрекелді сияқты
сөздер сөйлем ішінде жұмсалған орны мен мағынасына қарай оқшауланып
келсе, өзге сөздерден үтірмен бөлінеді. Мысалдар:
Қой, не де болса қалмайық енді. Жә, тоқтат, ақсақал! Бәсе, Телқара
ғой... Бәлем, Бөжей де осыны сезген болар. Бәрекелді, мына қызықты қара.Мырза, мына аттылар не? - Жай, мына жылқыға отарға шығар алдында
таңба бастырайын деп ем. Соған жиылған ел, - деді Құнанбай (М.Әуезов).
Жарайды, айтам деп әкелгенің екен. Жақсы, сынап берейін (“Аяз би”
ертегісінен). - Болады, оқиын, - деп мен уәде бердім.
Ссылаются нормы: BaseZhaOqshaulanady
article/65 · paragraph · на него ссылаются: 1
kk-KZ · official · sha256:0744195996ed597110f12e1df738ddbf48dc84fe3758315ee9beb958bb57abdfKK-KZ
§ 65. Иә (я), жоқ, мә, мәңіз сөздері де сөйлем ішінде үтірмен
ажыратылады:
Ақтағаны ма? Жоқ, жай шошығаны ма? Иә, етің ыстық, ауырған
жерің бар ма? (М.Әуезов). Павлуша, сен ауырып жүрген шығарсың ? - Жоқ,
денім сау. - Сен жатып ұйықтасаң етті. - Иә, қазір жатам (М.Горький). Мә, мынаны қарай тұр (С.Шәймерденов).
Иә, жоқ дегендер сөйлем басында келіп, ерекше екпінмен айтылса,
олардан кейін леп белгісі қойылады да, келесі сөз бас әріптен басталып
жазылады:
Жоқ, жоқ! Жалғыз емес, мен болармын қасында (Ғ.Мүсірепов).
Кісілер тарап кеткеннен кейін, ол Павелға қарап: - Павлуша, сен
социалиспісің? - деп сұрады. Павел анасының қарсы алдында тура қарап
тұрып: -Иә! Қайтеді? – деді (М.Горький).
Иә, жоқ дегендер оқта-текте сөйлем ортасында да келеді, ондайда
бұлар екі жағынан үтірге алынады:
Осы, ілім дегенің кітаптың бетінде ғана ма, жоқ, мына жер бетінде
де бірдеңе қалды ма? - деді Шығанақ (Ғ.Мұстафин). Мен осыны, иә, осыны
айтып отырмын.
Иә деген сөз я, ие түрінде де, жоқ деген сөз жо. түрінде де айылады
және солай жазылады: Жо бізге барады (М.Әуезов).
Е с к е р т у. Сөйлем басында, кейде ортасында оқшауланып келетін жоқ деген сөз бен
осы сөздің сөйлем мүшесі болып келетін түрін шатастырмау керек. Әдетте жоқ деген сөз
сөйлем мүшесі болып келгенде, сөйлемнің соңында тұрады: Бұл үйде балалар жоқ. Сөйлем
мүшесі ретіндегі жоқ сөзі өлеңдерде және инверсиялы сөйлемдерде сөйлем басында да келуі
мүмкін, бірақ ол үтірмен не леп белгісімен бөлінбейді.
Ссылаются нормы: IaZhoqUtirmenAzhyratylady
article/66 · paragraph · на него ссылаются: 1
kk-KZ · official · sha256:61206ef81799f29a0b79f1391cf86d6b23a80b7d81922969c7d9748d20997311KK-KZ
§ 66. Одағайлар көбінесе қаратпа сөзбен қатар қолданылады.
Мұндайда одағай мен қаратпаның өз араларына да үтір қойылады:
Ей, аққу, сәлем деші жолыққанда (С.Сейфуллин). Пай-пай, бала- ай,
сабырың-ақ соңымнан қалмады-ау (Ғ.Мұстафин). Сыналар, ей, жігіттер,
келді кезің (Абай).
Ссылаются нормы: QaratpamenAralarynaUtir
article/67 · paragraph · на него ссылаются: 1
kk-KZ · official · sha256:30b0467ad724d7dce318ccc2893cc8e7dfa8aa90698de6d9b711c5d3f3db89e3KK-KZ
§ 67. Бірнеше одағай қатар келгенде әрқайсысы үтірмен бөлінеді:
Уа, шіркін, ән деп осыны айт! А, астапыралда, солай ма еді? - деп
Балбалаға қарай қ алды. Япырау, әттегенай, атын сұрамаппын ғой!
( М.Әуезов).
Ссылаются нормы: BirnesheOdagaiArqaisysy
article/68 · paragraph · на него ссылаются: 1
kk-KZ · official · sha256:9ce56d176822d295aa517c54b6f10cd74fb6f6a5fd6c8c075b60e25780bfc9a2KK-KZ
§ 68. Ә деген одағай мен ә дегенше, ә дегенмен тіркестерін, әй, әу
деген одағайлар мен әй (ай) дер ажа, әудем жер деген сияқты тіркестерді
(олардағы ә, әй, әу деген форматтарды) шатастырмау керек: тіркес
құрамындағы ә, әй, әу дегендер өзінен кейінгі сөзден үтірмен бөлінбейді:
Ә дегенше жетіп келді. Оның даусы әудем жерге естіліп тұрды. Мен
оны ә дегеннен тани кеттім.
6. АЙҚЫНДАУЫШ МҮШЕЛЕРДІҢ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ
Ссылаются нормы: AAiAuTirkespenShatastyrmau
ІІІ Тарау «ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ»: § 1 — § 87 (scope пакета — §27, §28, §29)
- edition
- urn:kz:grammar:clir:punktuacia-odagai#ANYQ_TYNYS
- язык
- kk
- официальность
- unofficial
- материализация
- PINNED_UNOFFICIAL_COPY
- жизненный цикл
- adopted: 2000-01-01
Публикации
| URI | Тип | documentHash | Получено |
|---|---|---|---|
| https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdf | text/plain; charset=utf-8 | sha256:e2362c9ed7d0494ff6128d524a3915de5fd1e7dd133a1d06eecbfc8755957f3a | 2026-08-30T12:00:00Z |
Фрагменты — 3
article/27 · paragraph · на него ссылаются: 1
kk-KZ · official · sha256:d97dfc94b32cca4243617a4cd0736306008d5112fdc93c2c4433419716583b23KK-KZ
§ 27. Үтірмен сөйлемдегі одағайлар бөлінеді (II тарау, § 61-67-тарды
қараңыз).
Ссылаются нормы: OdagaiUtirmenBolinedi
article/28 · paragraph · на него ссылаются: 1
kk-KZ · official · sha256:7ac8da9607bc1d9d64a9e581829c8984158e13f1dee0b19b50d3ddece01aaff5KK-KZ
§ 28. Бәсе, жә, қош, құп, жарайды, мақұл, дұрыс сияқты сөздер
үтірмен бөлінеді (II тараудағы § 64-ты қараңыз).
Ссылаются нормы: BaseZhaOqshaulanady
article/29 · paragraph · на него ссылаются: 1
kk-KZ · official · sha256:1d617d28e80ece07efbc010b1a09d7474c00cd627dba53567d7c342480b42254KK-KZ
§ 29. Сөйлемдегі иә, жоқ, мә, мәңіз деген сөздер үтірмен бөлінеді (II
тарау, § 65-ты қараңыз).
Ссылаются нормы: IaZhoqUtirmenAzhyratylady
Хэш рядом с текстом — sha256 его точных байтов. Он и есть проверка того, что показанный текст совпадает с закреплённым в пакете: расхождение роняет статику оракула.