Источник / закреплённая редакция

Қазақ тілінің анықтағышы: емле, тыныс белгілері, сөз сазы

Источник пакета kz.grammar.dauysty_arip · Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.

work
urn:kz:grammar:clir:dauysty-arip#ANYQTAGYSH_SYZDYQ
номер
Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, 532 б.
вид
urn:kz:grammar:clir:dauysty-arip#treatise

І Тарау «ОРФОГРАФИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІ»: § 1 — § 129 (scope пакета — §§ 1—4, 6—9)

edition
urn:kz:grammar:clir:dauysty-arip#ANYQ_EMLE
язык
kk
официальность
unofficial
материализация
PINNED_UNOFFICIAL_COPY
жизненный цикл
adopted: 2000-01-01

Публикации

URIТипdocumentHashПолучено
https://qazcorpus.kz/_oqu-ishorpus/Sauattik/pdf/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%88%D1%8B.pdftext/plain; charset=utf-8sha256:79042dc1b49fea1561c824d787861d0f3193bf3a19ba3f65f4facd20982f37532026-08-30T12:00:00Z

Фрагменты — 8

article/1 · paragraph · на него ссылаются: 2

kk-KZ · official · sha256:7c11f05b365ced2995de104d4a4c48073ed256d815d4e879d804aaac065ac98eKK-KZ

§ 1. А, е әріптері сөздің барлық буындарында жазылады: ал, ала, алақан, аспан, мақала, сарымсақ; ер, ереже, ерік, елгезек, имек. Сөз басындағы ж, ш дыбыстары мен й дыбысының ортасында келген жуан дауысты а дыбысы көбінесе ә болып айтылады, бірақ а әрпі жазылады: жай (барлық мағынада да: жай жүр, жай сөйлем, жай отыр, жай түсу, дастарқанды жай, жайма шуақ т.б.) және осы түбірден өрбіген сөздер (жайбарақат, жайғасу, жайғызу, жайдан-жай, жай-жағдай, жайжапсар, жай-күй, жайлы, жайсыз, жайлап т.б.); шай, шайы (көйлек).

Ссылаются нормы: AKezKelgenBuynda, ZhShIOrtasyndagyAAripA

article/2 · paragraph · на него ссылаются: 8

kk-KZ · official · sha256:2b22964c9595dbd9bcac742682690db747dda6f3227f037fe96af50579c9e544KK-KZ

§ 2. Ә әрпі көбінесе сөздің бірінші буынында және бір буынды сөздерде жазылады: ә-сем, ә-леумет, ә-демі, тәр-тіп, кә-сіп, Сәу-ле, дәу-рен, ән, әл, әр, жә (одағай). Сөздің алғашқы буынындағы (не алғашқы буындарындағы) жіңішке дауыстының әуенімен келесі буында жіңішке айтылатын (естілетін) ә дыбысының орнына, негізінен, а әрпі жазылады: тәкаппар (айтылуы тәкәппар), ләззат (айтылуы - ләззәт), рәсуа (айтылуы - рәсуә), Жәмила (айтылуы - Жәмилә), Сәбира (айтылуы - Сәбирә), Кәмила (айтылуы - Кәмилә) және тағы осы сипаттас жалқы есімдер. Е с к е р т у л е р . 1. Мына сөздердің екінші буындарында естілуінше ә өрпі жазылады: сірә, куә, күнә, кінә, іңкәр, зәмзәм (суы), жүдә, күмән, мүсәпір, дүдәмал, шүбә, мәмпәси (бұлардың жазылуын емле сөздіктерінен қарап білу керек). 2. Бірінші буыны жіңішке ү дыбысымен келген жалқы есімдердің (көбінесе кісі атгарының) екінші буынында да естілуінше ә әрпі жазылады: Күлән, Күләнда, Күләш, Күләй, Мүтән. 3. Біріккен сөздер мен қос сөздердің соңғы буындарында (яғни олардың екінші сыңарының алғашкы буынында) ә әрпі жазыла береді: ендігәрі (ендігіден// әрі), әжептәуір (әжеп//тә-уір), Гүлжәмила (Гүл//жә-мила), Бейсенәлі (Бейсен// ә-лі), әлсін-әлі (әлсін//ә-лі), кәпкәрі (кәп//кә-рі), әп-әсем (әп//ә-сем).

Ссылаются нормы: AeBirinshiBuynda, AtalganSozdiyngEkinshiBuynyndaAe, AtalganSozdiyngEkinshiBuynyndaAeZhengedi, BirikkenSozdiyngSongyBuynyndaAZhengedi, BirikkenSozdiyngSongyBuynyndaAe, KelesBuyndagyAeOrnynaA, UeZhalqyEsimniyngEkinshiBuynyndaAZhengedi, UeZhalqyEsimniyngEkinshiBuynyndaAe

article/3 · paragraph · на него ссылаются: 4

kk-KZ · official · sha256:6da741da7fc96c519009fbb5071ee51a504157cc40099bafca87f6fb876066d3KK-KZ

§ 3. О, ө әріптері қазақтың көп буынды сөздерінің алғашқы буынында және бір буынды сөздерде ғана жазылады: о-рамал, о- тын, торы, до-лана, ө-сімдік, ө-кімет, кө-леңке, ол, от, ор, оқ, он, өс, өр, өн, тор, төс, төр, төрт. Алғашқы буындағы еріндік ө дыбысының әсерімен екінші буындағы езулік е дыбысы ө болып естіледі (айтылады), бірақ жазуда е әрпі жазылады: бөрене (айтылуы - бөрөне), көбелек (айтылуы - көбөлек), жолжөнекей (айтылуы - жолжөнөкей). Ескертулер. 1. Орыс тілінен енген сөздердің соңғы буындарында о әрпі жазыла береді: кино, динамо, аккорд, паспорт, синоним. 2. Біріккен сөздер мен қос сөздердің соңғы буындарында (яғни олардың екінші сыңарларының алғашқы буынында) о, ө әріптері жазыла береді: көркем- өнер (көркем//ө-нер), кәсіпорын (кәсіп//о-рын), алабота (ала//бо-та), Айнамкөз (Айнам//көз), оқтын-оқтын (оқтын//оқтын), төсек-орын (тесек//о-рын).

Ссылаются нормы: BirikkenSozdiyngSongyBuyndaO, OAlgashqyBuynda, OeAserimenEZhazylady, OrysSozindegiSongyBuyndaO

article/4 · paragraph · на него ссылаются: 4

kk-KZ · official · sha256:64ec76a3f8ca52b328ae12eaa6cc5914a20c586e718579f6eddf9934a21005a0KK-KZ

§ 4. Ұ, ү әріптері, негізінен, сөздің бірінші буынында және бір буынды сөздерде жазылады: ұ-лы, ұ-зын, ұлан, құ-лақ, жұ-дырық, құ- мыра, үл-кен, тү-йініиек, түй-реуіш, ұн, ұл, үн, үш, құн, күн, күрт. Алдыңғы буындағы еріндік ұ, ү, о, ө дыбыстарының әсерімен келесі буында естілетін (айтылатын) ұ, ү дыбыстарының орнына ы, і әріптері жазылады: құндыз (айтылуы – құндұз), құрық (айтылуы - құрұқ), бүгін (айтылуы - бүгүн), күбір (айтылуы - күбүр), орын (айтылуы - орұн), өңір (айтылуы - өңүр), домбығу (айтылуы - домбұғұу). Е с к е р т у л е р . 1. Мына тәрізді түбір сөздердің екінші буындарында естілуінше ұ, ү әріптері жазылады: бұлбұл, байғұс, мазмұн, мақұл, мағлұмат, дүлдүл, мәжбүр, дәстүр, марқұм, нақұрыс, әңгүдік (бұлардың жазылуын орфографиялық сөздіктерден қарап білуге болады). 2. Біріккен сөздер мен қос сөздердің соңғы буындарында (яғни олардың екінші сыңарында) ұ, ү әріптері жазыла береді: көкқұтан (көк//құ-тан), Аққұдық (Ақ//құ-дық), қыстыгүні (қысты//гү-ні), мал-мүлік (мал//мү-лік), күп-күрең (күп// кү-рең).

Ссылаются нормы: AtalganTubirdiyngEkinshiBuynyndaUx, AtalganTubirdiyngEkinshiBuynyndaYZhengedi, ErindikAserimenYZhazylady, UxBirinshiBuynda

article/6 · paragraph · на него ссылаются: 1

kk-KZ · official · sha256:d71e083ea5f246592842b67797b6d86435595a88d2f91eff96eea2f83c337697KK-KZ

§ 6. Л, э әріптері орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады: пулемет, Петр, Семен, этажерка, эпос, поэма, эволюция, экономия.

Ссылаются нормы: LEhOrysSozinde

article/7 · paragraph · на него ссылаются: 4

kk-KZ · official · sha256:4250adef391a285a1e2cf0de62ea002964d369c0a848f1be07b2535e141f9819KK-KZ

§ 7. Я, ю әріптері қазақ сөздерінде й + а, й + у қосар дыбыстарын таңбалап, дауысты әріптен кейін ғана (я әрпі бірен-саран қазақ сөздерінің басында да) жазылады: аю (айу), үю (үйу), қою (қойу), аян (айан), қоян (қойан), баяндауыш (байандауыш), яғни, яки, япырмай. Бұл әріптер орыс тілінен енген сөздерде қосар йа, йу дыбыстарының да (каюта, маяк), жалаң а, у дыбыстарынын да таңбасы ретінде қолданылады. Соңғы жағдайда дауыссыз дыбыстан кейін келеді де, оны жіңішкертіп тұрады: октябрь- окт’абрь, поляр - пол- ’ар, бюджет- б’уджет, бюллетень- б’уллетень, полюс - пол’ус. И дыбысына біткен етістіктер мен сый, тый деген етістіктерге - у, -а жұрнақтары жалғанғанда, олар ю, я болып жазылады (сый, тый деген сөздерде й әрпі түсіп қалады): қи + у - қию, қи + а - қия, ки +у - кию, и + у ию, сый + у - сыю, сый + а + ды - сыяды, тый + у - тыю, тый + ады - тыяды. Ю әрпіне аяқталатын сөздерге дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда, ю таңбасы сақталады да, үш дауысты әріп қатар жазылады: баю+ ы - баюы (Біз ауылдың баюын әнгімеледік); кею + і - кеюі (Ол кеюін койды). Е с к е р т у. Мына сөздерде қатар келген йу әріптерінің орнына ю әрпі жазылмайды, сол таңбаларының өзі сақталады: айуан, хайуан, бейуақ, кейуана.

Ссылаются нормы: AtalganIuSozderindeU, AtalganIuSozderindeYuZhengedi, IEtistikkeUAZhurnagy, YaYuDauystydanKeiin

article/8 · paragraph · на него ссылаются: 1

kk-KZ · official · sha256:9985524ffd2fbb28c2c1add4981c0fb9d45c5925ceea30de7423d3dbc751f9b4KK-KZ

§ 8. У әрпі үш түрлі қызмет атқарады: 1) жуан айтылатын ұу дауысты дыбысын таңбалайды: су (сұу), суық (сұуық), туыс (тұу- ыс), бару(барұу), жу (жұу), жуық (жұуық); 2) жіңішке айтылатын үу дауысты дыбысын таңбалайды: гу (гүу), гуледі (гүуледі), келу (келүу), жүру (жүрүу); 3) сөз басында дауысты дыбыстан бұрын тұрса (уақ, уыс, уақиға, уылдырық, уілдеу) және сөз ішінде дауысты дыбыстан кейін не екі дауыстының арасында тұрса, у әрпі үнді (сонор) дауыссыз дыбыстың таңбасы болады да, жеке бір өзі буын жасай алмайды. Мысалы: уа+қыт, уыл-ды-рық, уыс (у-ыс емес), тау (та-у емес), қашау (қа-ша-у емес), та-уық (та-у-ықемес), тыр-на- уыш (тыр-на-у-ыш емес). Е с к е р т у л е р . 1 . И, й-лерден кейін тұрған у дыбысы үнді (сонор) дауыссыз дыбыс болады да, өз алдына буын құрай алмайды: ай -уан (ай- у-ан емес), бей -уақ (бей-у-ақ емес), кейуа-на (кей-у-а-на емес), ми-уа (ми-у-а емес). 2. Екі дауыстының ортасында келген у дыбысы сөзді буындағанда, соңындағы дауыстымен бірігіп, келесі буынның басқы дыбысы болады: та-уық, (тау-ық емес), жа-уын (жау-ын емес), та-ра-уы (тар-ау-ы емес), ба-ян-да-уыш (ба-ян- дау-ыш емес). 3. Түу алыста, түу баста деген тіркестердегі түу сөзі жөне түуһ одағайы, шүу дегенде, айт-шүу, шүу-шүулеу тіркестеріндегі шүу сөзінде жіңішке у дыбысы үу арқылы таңбаланады. У дыбысына аяқталатын етістіктерге -у жұрнағы жалғанғанда, екі уу әрпі қатар жазылады: (жүкті) бу + у - буу, (қоянды) қуу, (сиырды) сауу. Бұларға дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда, үш дауысты әріп қатар жазылады: Ол сиырды саууын (сау + у + ы + н) тоқтатты. Біз қоянды қууын (қу + у + ы + н) қуып едік, - жете алмадык.

Ссылаются нормы: TuuShuuUeArqyly

article/9 · paragraph · на него ссылаются: 4

kk-KZ · official · sha256:954ab9c473604ac5c812b0f8548939c3a8c878cab4d04c05f9dae3aa7a371e65KK-KZ

§ 9. И әрпі жалаң и дыбысын және қосарлы ый, ій дыбыстарын таңбалайды да, сөздің барлық буынында жазыла береді: ине, имек, иіс, Иса, Иманбай, иық, бидай, тиын, тиін, қиын, киін, сирақ, сирек, жиналыс, тарихи, саяси, яғни, ылғи, қағида, ақиқат, Қани, Ғали, Сағира, Қалима, кино, комиссия. Я, ю қосар дыбыстарының алдынан естілетін ы, і дыбыстары да и әрпімен таңбаланады: тақия, дүрия, дария, жария, кқрия, мия, сия, Әсия, Ғалия, кию, жию, тию (үлестің тиюі). Е с к е р т у. Тый-, сый-, сыйла-, сыйын- деген етістіктер мен сый деген есім сөз түбір тұлғаларында да, оларға қосымша жалғанғанда да, ый әріптерімен жазылады: тыйым, тыйды, тыяды, тыю, тыятын, тыяр, тыйған, тыйса, тыймақ; сыйымды, сыйғызу, сыяды, сыю, сыймақ, сыйса, сыйғалы; сыйлау, сыйынатын, сыйынғыш; сыйлық, сый-сияпат т.т.

Ссылаются нормы: IKezKelgenBuynda, TyiSyiTubirlerindeIZhengedi, TyiSyiTubirlerindeY, YaYuAldyndagyYIeIArqyly

Хэш рядом с текстом — sha256 его точных байтов. Он и есть проверка того, что показанный текст совпадает с закреплённым в пакете: расхождение роняет статику оракула.