Источник / закреплённая редакция

«Жиренше шешен» — Қазақша Уикипедия

Источник пакета kz.corpus.zhirenshe

work
urn:kz:corpus:clir:zhirenshe#ZH_KK_WIKI
вид
urn:kz:corpus:clir:zhirenshe#encyclopedia_article

Ревизия 3559780 (03.03.2026): 215 строк, 17 аңыз

edition
urn:kz:corpus:clir:zhirenshe#ZH_KK_2026
язык
kk
официальность
unofficial
материализация
PINNED_UNOFFICIAL_COPY
жизненный цикл
adopted: 2026-03-03

Публикации

URIТипdocumentHashПолучено
https://kk.wikipedia.org/w/index.php?oldid=3559780&action=rawtext/plain; charset=utf-8sha256:188904ecb81641d76096de4ea8c27964e53471cc5d68fa571f8952b7140eff882026-08-29T15:00:00Z

Фрагменты — 13

kk/lines/172 · line · на него ссылаются: 1

kk-KZ · unofficial · sha256:eac236b0805fdc3d61916700e9a45a2cb976f90f4623e1147852a48eeda30265KK-KZ

Ханды жайғастырып, әйел тамақ жабдығына кіріседі. Жалғыз қалған хан айналасына көз салса, үйдегі нәрсенің бәрі кестелі екен. Жастықта да, көрпеде де, шымылдықта да, орамал, дастарқанда да бәрінде де кестемен тіккен бір жазу бар. Ол "біреудің есігін қолыңмен қақсаң, өз есігіңді біреу аяғымен тебер" деген сөз еді.

Ссылаются нормы: ReciprocityIsTheCorrector

kk/lines/88 · line · на него ссылаются: 3

kk-KZ · unofficial · sha256:caf55a9e51866ed4de67b1fdfdec8fd3ca35f63c6e5e0f1faf7b2d934d6acc0cKK-KZ

- Болмашы нәрсенің өзі адамға әлдеқандай қиын көрінеді екен-ау! Өтірік пен шынның арасы төрт-ақ елі емес пе? Бұрынғылар айтпаушы ма еді "Өтіріктің түбі бір-ақ тұтам жер" деп. Оның мәнісі: көзбен көрген шындық, құлақпен естіген өтірік. Ендеше көзбен көрген анық, кұлақпен естіген танық емес пе? - деді қыз. Жиренше қуанып:

Ссылаются нормы: EyeOverEar, EyewitnessAttests, HearsayDoesNotAttest

kk/lines/77 · line

kk-KZ · unofficial · sha256:2ead26b24ba67b67eed779f56ea1f7f9b4a09f140d090203224a6570de950df1KK-KZ

"Ханда қырық кісінің ақылы болады" деген қағиданы Әз Жәнібек әрдайым есінен шығармайды екен. Ол өз төңірегіндегі би-шешен, уәзірлерін үнемі сол нақылмен сынап, тексеріп отыратын көрінеді. Бір жолы өзінің 40 уәзірінің ақыл-парасатын сынап көрмек болып, оларға "Өтірік пен шынның арасы қанша, соны айтыңдаршы" деп, 40 күн мәулет беріпті. Мұны Жиренше шешен де естіпті. Бұл сөзді біреу білетін шығар, соны іздеп табайын деп жаяу, жалғыз елден-елді кезіпті. Кезіп жүріп, бір үлкен қорғанды шаһарға жетіпті. Намаздыгер шамасында шаһар дарбазасына кіріп келе жатса, темір қоршаудың ішкі жағында астына қара көк ат мінген, басына дулыға, үстіне сауыт киген, белін буынып, найзасын жерге шаншып қойып, ер қаруы бес қаруды асынып алған біреу тұр екен. Кірген, шыққаның бәрі оған сәлем беріп өтеді. Тек Жиренше ғана амандаспай, тіпті мойын бұрмай өте беріпті. Сонда найзасын жерге тіреп, ат үстінде шіреніп отырған жігіт:
kk/lines/93 · line · на него ссылаются: 1

kk-KZ · unofficial · sha256:a8b598e9aefcdfda7906b43cd9a22a8db86ea7f36bbdeeeab0674d7f5d40e399KK-KZ

- Таксыр! Бұларды жазаламайтын болсаңыз, керек қылған сөзіңізді мен айтып берейін, - деп қалыңдығынан естіген сөзді бастан-аяқ айтып береді.

Ссылаются нормы: IntercessionLiftsThePunishment

kk/lines/10 · line

kk-KZ · unofficial · sha256:159ea96ee637cbec49ba8c4390ea9d8052f247fe9844aaf4be840180e29204edKK-KZ

Әз Жәнібектің шамамен 1406-1473 жылдар аралығында өмір сүргені аян. Бір аңызда аң аулап серуен құрып жүрген Жәнібек жігіт кезінде 7-8 жасар шамасындағы аққұбаша жетім балаға кездесіп, танысады. Оны үйіне әкеліп, жуындырып өзіне серік етіп алады. Аққұбаша бала өсе келе сол Әз Жәнібек ханның сарай би-шешені боп кетеді. Сонда Жиренше шешен де Жәнібекпен қатарлас, замандас болып шықпай ма?
kk/lines/1 · line · на него ссылаются: 1

kk-KZ · unofficial · sha256:d60fddbcb12fecba61049f1ceae030c4487eb3f61890d456fc7ff0ab5e749edaKK-KZ

Жиренше (ХІV-ХV) — Әз Жәнібек ханның кеңесшілерінің бірі. Алтын Орданың уәзірі. Аты аңызға айналған дала данышпаны, шешен. Өмірде болған тарихи тұлға, өмірбаяны туралы аз зерттелген.

Ссылаются нормы: assert-h0d6bbe328d923c6e6c37f249e4b516ed51e2480e9d1c3ecff682872b8b58a1bd

kk/lines/4 · line · на него ссылаются: 4

kk-KZ · unofficial · sha256:4d121333c0d4b89027e8d7d1bfd6c0cb5c895db61f4ad4867903337442e0ad54KK-KZ

Жиренше шешен (туған-өлген жылы белгісіз) — Қазақ хандығын құрған Жәнібек хан (15 — 16 ғ-лар) — қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмәр шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шығармаларда Жәнібек ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді. Халық аңыздары бойынша, Жиренше шешен кедей адам болған. Ол дербес Қазақ хандығын құруда ханға көмектескен, оған пайдалы кеңестер айтып, халық бұқарасының атынан сөйлеген. Оның атынан айтылып, халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер көп. Олардың көпшілігі 15 — 16 ғ-лардан басталатын халық шығармасына немесе әлденеше адамның, бірнеше буынның өңдеп, өзгертуінен өткен ортақ мұраға айналып кеткен. Жиренше шешен туралы аңыздарда оның әйелі Қарашаш та ақылды әрі тапқыр жан ретінде суреттеледі. Басқа түркі тілдес халықтар фольклорында да Жиренше шешен туралы ертегі, аңыз, әңгімелер кездеседі. Мысалы, қарақалпақта Жиренше шешен, қырғыздарда Жээренче чээчэн, түрікменде ақылды да тапқыр, әділ Ийкренче туралы аңыздар бар. Жиренше шешен туралы әңгімелерді, негізінен, үш салаға бөлуге болады. Біріншісінде ол Жәнібек ханның уәзірі, ақылшысы, досы ретінде бейнеленеді, екіншісінде ханның кемшіліктерін бетіне айтып, ақыл-парасатымен өзін оған мойындата білген әділ адам ретінде суреттелсе, үшіншісінде оның өз әйелі Қарашашпен, т. б. қарапайым халық бұқарасы өкілдерімен қарым-қатынасы көрсетілген.

Ссылаются нормы: assert-h17bd6bccbf1bad9dfd3e4b852cc1162815fa080a94b7f04b39662b734e703287, assert-h76701beed8977e303c823bd92f763e62c97d2b14ecd35df0c678add8074f28f5, assert-h9bfc065192022ba27e011e82f7c597bf104b9869129991d11e3009765eb8257b, assert-hc2279d8397e29319bfc633299976dd7e085c7be449a50c75248d6774487128a4

kk/lines/174 · line · на него ссылаются: 4

kk-KZ · unofficial · sha256:b927b155eb12451affdf44602476d3e42a3b1c67c51d166cb42f0daa716d742cKK-KZ

Жиреншенің әйелі бір уақытта палау басып, өртүрлі ыдысқа салып әкеліп, ханның алдына қойыпты. Хан палау әр түсті ыдыста болған соң басқа-басқа ғой деп әр қайсысынан бір-бір алып отырады. Бәрінің де дәмі бірдей болған соң, "бұл қалай" деп қайран қалады. "Тақсыр-ау, ыдысымның басқалығы болмаса, бәрі де бір тамақ", - дейді әйел. Ханмен біраз отырып әзілі жарасқан соң: "Тақсыр, ас айныса, не түзейді?" дейді. Хан: "Мұз түзейді", - дейді. Қатын: "Май айныса не түзейді? - дейді. Хан: "Тұз түзейді", - дейді. Қатын: "Тұз айныса не түзейді", - дейді. Хан бәлен дей алмайды. Тағы да әйел: "Халық айныса не түзейді?" - дейді. "Халық айныса, хан түзейді", - дейді. "Хан айныса, кім түзейді?" - дейді. Сонда хан дәнеме дей алмай, ұялғанынан бетінің терін сүрте береді. Ақыры айыбына қолындағы жүзігін сыйлап, хан қайтып кетіпті.

Ссылаются нормы: EverySpoilingThingHasCorrector, LadderLeavesItUncorrected, NamedCorrectorIsACorrector, SilenceMeansNoCorrector

kk/lines/92 · line · на него ссылаются: 1

kk-KZ · unofficial · sha256:12ac8f12c034b73cf657d3627c0aac53e06d4e42e4f25939aa8f44098c4b808fKK-KZ

Бұл жұрттан былай ұзап шыққан соң, Жиренше шешен: "Мен ілгері озып барып, ел-жұртымның аман есендігін білейін" деп жалғыз жүріп кетіп, еліне келсе, Әз Жәнібек сол күні "таптыңдар ма, жоқ па" деп уәзірлерін қысып жатыр екен. Олар таба алмаған екен. Таба алмаған соң жазаланбақ екен. Жиренше тұп-тура осы оқиғаның үстіне келіпті.

Ссылаются нормы: FailureAtTermIsPunishable

kk/lines/71 · line · на него ссылаются: 1

kk-KZ · unofficial · sha256:9e7a82576765eff953d6f7b39bf392a11dbd81c076abdfe0576b60828754e9e9KK-KZ

- Мына саулығың желіндеп туайын деп тұр ғой, бойдақ қойың жоқ па еді? - дегенде, Жиренше:

Ссылаются нормы: PurposivePerformanceFails

kk/lines/74 · line

kk-KZ · unofficial · sha256:7a51c3304de119507055a77459a5a19d4badf0c632811207db3867f946b42a94KK-KZ

- Қой болмас, - деп аттанып кетіпті де, басқа үйге барып қоныпты. Сұрастырып қараса, әлгі "Екі қой жеймін десендер біздікіне түсіндер, бір
kk/lines/72 · line · на него ссылаются: 2

kk-KZ · unofficial · sha256:e46f5d86d1be889d4e6cdba2782bfabd2bf8c10558825c20854316e1d57e59a4KK-KZ

- Бойдақ қойы бар болғыр жоқ еді, - депті. Бағана айтпап па едім, "Екі қой жеймін десеңдер түсіндер, бір қой жеймін десеңдер басқа үйге барыңдар деп".

Ссылаются нормы: LiteralPerformance, PregnantEweCountsAsTwo

kk/lines/69 · line

kk-KZ · unofficial · sha256:363e8750ccc677b53f44a8a2293e5a6acfe1b04d0a228170fb787f601696f7f4KK-KZ

- Екі қой жеймін десеңдер, түсіңдер, бір қой жеймін десеңдер басқа үйге барыңдар! - депті. Қонақтар:

Хэш рядом с текстом — sha256 его точных байтов. Он и есть проверка того, что показанный текст совпадает с закреплённым в пакете: расхождение роняет статику оракула.